Delden

Басқа WordPress сайты

«Қазағымның салт-дәстүрлері» (7)

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ» (7)

КІНДІК ШЕШЕ ДЕГЕН КІМ? (жалғасы)

 

Бүгінгі парақта осы тақырыппен өткен жолы сайтымда жарияланған жазбаларды біршама толықтыратын, қазағымыздың осы дәстүрінің қазіргі заманда атқарылуы туралы ой-пікірлер берілген және қазақ жұртына танымал біраз өнер иелерінің кімдердің «кіндік шешелері» болғандығы туралы айтылған мақалалар беріліп отыр. Танысыңдар!

Ал, алдыңғы парақ жазбаларын мына сілтеме арқылы оқи аласыңдар: HTTP://bit.ly/30y4rpm

 

 

Қазақ кіндік ана міндетін қалай атқарған?

Tengrinews.kz ПОРТАЛЫ

17 Шілде 2019 болып табылады

 

Қазақстан, Семей облысы, 1899 жыл. © Дудин S.М.

 

Қазақ бала мінезі кіндік кескен «кіндік анасына» тартады деп ырым етеді. Жаңа туған сәбиді кіндік бауымен жерден кім көтеріп алса, аялы алақанына салса, кіндігін киелі қолымен кессе, жөргегінен көтерсе, бала сол адамға тартады дейді. Кіндік анасының бойындағы барлық қасиет сол балаға жұғады. Кіндік ананың мінезіндегі артықшылықтар мен кемістіктер бала есейгенде бойынан көрініс табады. Сол баланың іс-әрекеті, қимыл-козғалысы, түр-тұлғасы, сөйлеген сөзі, қараған көзі бейне кіндік кескен анасынан айнымайды екен.

Tengrinews.kz тілшісі этнограф Болат Бопайұлының ертедегі «кіндік ананың» негізгі қызметі мен дәстүрлеріне қатысты еңбегінен деректер келтіреді.

 

♦ «Қарын той» деген не?

Кіндік кесу — жақсылық. Жағымды әрекет. Кіндік ананың жолы мен рөлі қазақ арасында осындай үлкен беделге, берекеге ие болмаса кіндік ана қадірлі, қасиетті болмаса, бостан-босқа оған кім таласар еді. Сол таласып жүрген ауыл әйелдерінің ішінде балаға «кіндік ана бола алам-ау, ел маған сенеді, жұрт мені біледі» деп өзіне сеніммен қарайтын бір пысық әйел жүкті әйелді үйіне дәмге шақырып, «Қарын той» жасайды. Ат шаптырым дастархан жаяды. Көрші-қолаңдарын шақырып, әлі туылмаған балаға кіндік аналық уәкіл болғандығына куәлік етеді.

Міне, кіндік ананың құрметі осында жатыр. Бұлай істеудің де өзіндік қажеті, мұқтажы бар. Кіндік ана болғысы келген ана ауыр аяқ келіншекке ерте көмектесе бастайды. Жерік астарын тауып береді. Тамақ істеп, кір-қоңысын жуып береді. Рухани жақтан жебеп, желпіп жүреді. Босанғанша көзінің қарасын үзбей, қадағалап қарап жүреді. Қазақ кіндік жолы — үлкен жол, Saga, кәделі салт деп біледі. Оған ерекше жауапкершілікпен қарайтын, көпті көрген, тәжірибелі, ақылды-арлы, ел ішінде бет-беделі бар бір ананы таңдап, баланың кіндігін кескізеді. Екінің біріне бала кіндігін кескізсе баланың болашағы жақсы болмайды деп ырым етеді.

 

♦ Кіндік ана қатерлі қырық күннен өткенше,

баланың басы-қасында болады

Кіндік ана кіндік баласын тұзды суға шомылдырады. Ит көйлегін кигізеді. Кіндік баласы мойны бекіп қатайғанша баланың басы-қасында болады. Бір күн тұзды суға, бір күн сабынды суға, бір күн иісті өсімдіктердің суына шомылдырады. Нәрестенің қол-аяғын созғылап, массаж, сылап-сипап қарасады. Сәбидің жауырыны жабысып қалмауы үшін «кек, кек»деп қол-аяғынан тартып, керіп, жауырынын уқалап тұрады.

Бесікке салу ырымын өтеседі. Жөні болғанда, орайы келгенде, қолы тисе баланың анасына қырық күн бойы тамақ жасап береді. Ол ана қашан бір қол-аяғын бауырына алғанша қызмет етеді. Баланы құттықтап шашу шаша келген ауыл әйелдеріне де дастархан жаяды. Оларды да жылы жүзбен күтіп алады. Қазақта «Қуыс үйге құр кірме, қуыс үйден құр қайтарма» деген кәде бар. Қайтарында дастархандарына шашу түйіп беріп, ырым жасап аттандырады.

 

♦ «Қыдырма дастархан» дәстүрі

Ауыл әйелдері арасындағы «қыдырма дастархан» арқылы араларына дәмді дәнекер етіп, ананың ақ дастарханында әңгіме-дүкенін шертіп, бірін-бірі құттықтап, сыйласып, сырласып, ой бөлісіп, баланың келешегі үшін кеңестер құрып, жарасымды тіршілік өткізу әдеті бар. Оның ар жағында тағы да қазақы ұғым, ырым мен ғылым бар.

Жаңа туған баланың өмірі думанмен басталса, жақсылықпен қарсы алса, кейінгі ғұмыры да сондай қуаныштан қол үзіп қалмайды, несібеден тарықпайды, қайда барса да сыбағалы-сыйлы болып жүреді деген жағымды ойдан туған ұғым бар. Бұл ғана емес. Кіндік ананың атқарар қызметі толып жатыр. Кіндік баласын әр күні суға шомылдырудан сырт, баланың бесігін құрғақтайды, түбек-шүмек, жаялықтарын жуып тазартады, ауыстырып тұрады. Көрпешелерін күн қақтырып, кептіріп тұрады. Иісті шөптермен аластайды, жын-перілерден тазартады.

Жөні болғанда баланың бесігінің басына бала қорқып қалмауы үшін пышақ, қайшы, қамшы сияқты заттар жастайды. Сөйтіп кіндік ана қырық күн бойына тыным таппай, бала бақыты үшін тікесінен тік тұрып қызмет етеді. Сол кіндік баласының «шілде тойы», «бесік тойы», «сүндет тойы», қыз бала болса «сырға тойы», «тұсау кесу тойы», «ұзатылу тойы», «тілашар тойы», «ат мінгізу тойы» тағы да басқа толып жатқан қауыммен ұйымдастырылатын той-қимылдарының бәріне атсалысады. Қазақта той болғанда «Баланың кіндік анасы тойда бар ма екен? Тойға келді ма екен?» деп ең алдымен кіндік ананы тойға шақырады. Тойға кіндік ана келіп қатыспаса, тойда береке болмайды деп ырым етеді.

 

Дудин С.М.Қазақстан, Семей облысы, 1899 жыл

 

♦ Кіндік анаға да үлкен құрмет көрсетіледі

Кіндік ананың мейірімді де қайырымды, ақ көңіліне риза болған баланың ата-анасы кіндік анасына үлкен құрмет көрсетеді, сый жасайды. Кіндік анаға ат мінгізеді, болмаса бұзаулы сиыр береді, саусағына алтын сақина, жүзік, білезік сыйлайды. Асыл жібектен көйлек кигізіп, шапан жабады. Аз дегенде қозылы қой, лақты ешкі тарту етеді. Не ақшалай, не заттай сыйлық ұсынады.

Баланың кіндік анасын қалай да риза етуді ойлайды. Бұл жерде де тағы бір ырымның ұшқыны көрінеді. Баланың кіндік анасы ренжіп қайтса не өкпелесе онда кіндік баласы «қыңыр мінезді» болады, өкпешіл болады, ел арасында берекесі кетеді деп ырымдайды. Кіндік ана баланың кіндігін кескен күннен бастап кіндік жолын алады. Өзіндік кәдесін жасайды. Кіндік анаға дастархан толы тәтті, пісірілген дән түйіп, шашу шаша келеді. Астау толы ет пісіріп, майлы дастарханға түйеді. Оған қоса бауырсақ, шелпек, құрт-ірімшік, тәтті қант, шай сияқты дәмдерді де әкеледі. Босанған әйелге арнап, асыл кездемеден көйлек кигізеді. Жаңа туылған нәрестеге, яғни кіндік баласына «ит жейде» емес «Көйлектер» тігіп алып келеді. Есік алдына келгенде есіктен төрге дейін тәтті бауырсақ, құрт-ірімшік, қант сияқты дәмдерден ішіне күміс теңге араластырып, шашу шашады. Оны үйде отырған әйелдер, балалар теріп жейді. Шашу - баланы құттықтау сыйы, қуаныштың белгісі.

 

♦ Бала кіндігін қалай кескен?

Бала кіндігін ұзындау етіп ұстап, астына оқтау қойып, айбалтамен кеседі. Осылай еткенде баланың кіндік жолындағы қандар, сарысулар, әртүрлі ұйыған бөртік харамдар ұзын кесілген кіндікке ағып, құйылады да, кіндік ерте түседі. Баланың ішкі ағзасы тазарады. Қан айналысы жақсы болады. Осылай істегенде бала «әшетпе», «ілме», «Kearney» сынды дерттерге ұшырамайды. Бұл— қазақтың бағзы заманнан күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан, кіндік кесу салтында бар, қазіргі ғылым мойындаған, қазақта ғана бар, жақсы салттарымыздың бірі.

♦ Кіндікті көрінген жерге көмбейді

Қазақ аналары бала кіндігін кескеннен кейін ол кіндікті беталды жерге бейберекет тастай салмайды. Оны таза ақ шүберекке орап, түйеді. «Бала батыр болсын», «Отбасында ошақ аңдып отырмасын», «Әйелінен аспай жүрмесін», «Ез болмасын, ер болсын» деп ол кіндікті таза топыраққа көмеді. Жөні болғанда үстіне шөп ұрығын төгеді. Бала кіндігін таза топыраққа көмудің де өзіне тән сыры бар, жолды ырымы бар. Бала есейе келе ер жүрек батыр болады. Елін жаудан, даудан қорғайды. Кіндік қаны тамған жерге ерлігі байланып тұрады. Елін, жерін сүйген ер болады деп ырым етеді. Шөп ұрығын тастағаны бала көгерсін, жолы ашылсын, жақсылығы жансын, шөптей қаулап өссін деген арман-тілегі.

Ал қыз баланың кіндігін оттың басы, ошақтың қасына көмеді. Онысы «Қыз бала от басына опадар болсын, ошақ отын сөндірмесін», «Қыз— үйдің құты, үй құтын қашырмасын», «Үйдің шырағы сөнбесін», «Дала безер болмасын» деген ойынан туған ырымы.

 

♦ Байырғы қазақта бала кіндігін ырымдап ер адамдарға кестірген

Мұнда бір ерекшелік бар. Үнемі түсік тастап, балаға зар болып жүрген болса, ол адам бір кезекте аман-есен босанса, сол баласының кіндігін ер адамға кестіреді. Ер адам кіндігін кескен балаға шайтан жуымайды, жын-жыпыр араласпайды, бала көзден, тілден, сұқтан аман болады деп ырым етеді. Оның үстіне ол баланың мінезі ер көңіл, жомарт, ештеңеден тайсалмайтын, қорықпайтын, батыл, батыр болады деп ұйғарады. Ал әйел адамдар нәзік, жұмсақ мінезді, құбылмалы көңілді болғандықтан «жар дегендегі жалғыз балам, жасқаншақ, ұялшақ, тартыншақ болып қалмасын» деп ырымдағаны.

Бала мінезі кіндік анасына тартады деп бекер айтпаған. Қазақта «туған ана», «кіндік ана», «сүт ана», «тұсау ана», «баққан ана», «қайын ана» деген аналар болады. Бала мінезі осы аналарымен араласа жүріп, солардың тәрбиесін көре жүріп, соларға тартады. Солардан мінез жұқтырады. Біреуінің сөз сөйлесін, біреуінің көз қарасын, біреуінің әрекетін кішкентай күнінен бойына қалыптастырып алады да, есейгенде де соны жоғалта алмай жүреді. Сондықтан жас баланың өмірінде кіндік ана ең маңызды таңдаулардың бірі болып саналатыны сөзсіз.

Дайындаған: Дон Сатыбалдинаның

file:///C:/Users/1/Desktop/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%20%D0%BA%D1%96%D0%BD%D0%B4%D1%96%D0%BA%20%D0%B0%D0%BD%D0%B0%20%D0%BC%D1%96%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D1%82%D1%96%D0%BD%20%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%B9%20%D0%B0%D1%82%D2%9B%D0%B0%D1%80%D2%93%D0%B0%D0%BD_%20-%20%D1%84%D1%80%D0%B0%D0%B3%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%82%D1%8B%20%D0%B8%D0%B7%20%D0%B6%D0%B8%D0%B7%D0%BD%D0%B8%20_%20Tengrinews.html

 

Қазаққа кіндік шешемен қатар «крестный» әке керек пе?

Қазақ халқында баланың бойынан иненің жасуындай жақсылық көрсе «кіндік шешесіне тартқан ғой» деп әспеттеп отырған. Өз кезегінде баланы кіндік шешесін сыйлауға, құрметтеуге, үйреткен.

 

Бүгінде осы алтын желі үзіліп қалғандай. Кейінгі буын кіндік шешелерінің кім екенін білмейді де. Шындығында, кіндігіңізді кім кесті? Перзентханада… орыс, еврей… Кім кескенін білмейсіз. Білуді шарт деп те ойламайсыз. Өйткені бүгінде бұрынғыдай үйде босану деген жоқ қазір.

«Алаш айнасы» басылымы қазаққа етене жақын кіндік шеше туралы өз ойын ортаға салады.

Ауылдағы ақ самайлы әжелеріміз бүгінде өздерінің кезінде талайларға «кіндік шеше» болғанын күрсініспен еске алады. Әрине, технология қарыштап дамыған заманда қатаң медициналық бақылауда босанғанды жоққа шығара алмаймыз.

Дана халқымыз ежелден кіндік шешеге аса құрметпен қараған. Дүние есігін ашқан нәрестенің кіндігін кім кессе, бала есейгенде мінез-құлқы жағынан кіндік шешесіне тартады деген ұғым бар. Оған баланың екінші анасындай қарап, сый-құрмет көрсеткен.

Халқымыз баланың құлағына «кіндік шешеңді сыйла» деп құйып отырған. Ондай құрметке анау-мынау емес, көп балалы, сөзі де, ісі де үйлесімді сыйлы аналарды таңдап тартқан. Кіндік шеше де сәбиді өз баласынан кем көрмеген.

 

Ал, бүгінде біз осы құрметтің мәнін кетіріп алғандаймыз. Баланы перзентханадан шығарғаннан кейін көңіліне жаққан жанды «кіндік шеше» деп атай салады. Оның міндеті балаға қоларба, киім-кешек, ойыншық сатып әперу ғана сияқты.

 

Кіндік шешенің қадірі қашқан заманда енді «кіндік әке» деген термин үрдісімізге еніп келеді. Жақын жора-жолдастарының арасынан таңдап алынған әлгі атаудың иесі де аз-маз сыйлық жасаудан арыға аса алмайды. Балаға әкесіндей қарап тәрбиелеу деген екінші планға сырғып кеткен.

Тек осының өзін сән көріп «Өкіл әке» деп қысқартып, қызықтап жүргендер баршылық. Әрине, мұның бәрі де батыстың бітіп болмайтын телесериалдарынан жұққан «ауру».

Ұрпақ жалғастығы, ұлт болашағы, балаңызды ұлттық дәстүрмен сусындатып өсіру өз қолыңызда. Сондықтан да кірме салт-дәстүрге бой алдырмай, ұлттық нақышты ұстансақ ұтылмаспыз.

 

Аманжол Найманбай, ҚР Мәдениет қайраткері, сәулетші, дизайнер: Бұл дәстүрге өз басым ерекше құрметпен қараймын. Бала тәрбиесіне, болашағына әсер ететін бұл үрдістің ұмытылып бара жатқаны өкіндіреді.

Менің кіндік шешем өте бір мінезі жайдары, ақкөңіл адам болған екен. Аты – Бибіайым. Әкемнің бөлесінің әйелі. Он саусағынан өнері тамған шебер кісі екен. Кейде мінезімнің кейбір қырлары, қолымның ісмерлігі сол кісіге тартқан ба деп ойлаймын.

Кіндік шешемді өз анамнан кем сыйлаған емеспін. Ол кісінің де маған деген ілтипаты ерекше болатын. Өз баласындай көрді десем артық айтқандық болмас. Кіндік шешелердің барлығы осындай болса деп ойлайтынмын.

Бұл үрдісті ұмыт қалдырмай әлі де жандандыруға болады. Тек ниет дұрыс болса болғаны. Бірақ әлгіндей «крестный» деп бұрмаламау қажет. Кіндік шеше деп айтылуы да керемет емес пе? Дұрыс түсінген адамға кіндік шеше деген атаудың өзі қандай әсер етеді? Бауырмалдыққа, мейірімділікке жетелейтіндей.

 

Бибіхан Байбақова, ұстаз: Бар қазақтың түп қазығы ауыл ғой. Сол ауылдарда әліге дейін небір жауһар дәстүрлеріміздің қаймағы бұзылмай сақталған. Кіндік шеше деген ұғымды жастайымыздан естіп өстік.

Өкінішке қарай, өзім кіндік шешемнің кім екендігін білмеймін. Заманына қарай ғой, мен қатарлылардың бәрі де перзентханада дүниеге келген. Ал ол жерде қай акушерканың кезекшілігі келсе, сол босандырады емес пе? Енді бұны қалыпқа салып кіндік шеше деп атауға болады дей алмас едім.

 

Ауылға барсақ үлкен апаларымыз «кіндік шешелері» туралы небір әңгіменің тиегін ағытады. Қызығасың. онда Өkinesiң. Өзіңнің кіндік шешеңнің кім екенін білмейтініңе өкінесің.

 

Осындай керемет дәстүрді ғасырлар қойнауына лақтырып, тарс ұмытқанымыз мүлдем дұрыс емес ау. Оны қалыпқа келтіреді дейтін үлкендеріміз «арғы жағалауда» тұр. Ал жастарымыз тым «жаңарып» барады. Оларды ұлттық дәстүрлеріміз емес, батыстың қаңсығы көбірек қызықтырады. Өкінішті әрине.

 

Құралай Сәтмұхамбетова, композитор: Менің кіндік шешем Кәмпит деген кісі болған екен. Мен ол кісіні көрген жоқпын. Отбасылық жағдайымызға байланысты біз ол жақтан көшіп кеттік те кіндік шешемнің тәрбиесін көре алмадым.

Бұл үрдісті ұмытылып бара жатыр дегенге өз басым қосыла алмаймын. Қайта жыл өткен сайын түрленіп, басқа қырынан дамып келеді.

Қазір перзентханаларда босану үстінде өзіне жақын бір адамды қасында тұруға рұқсат беріпті ғой. Ол адамның баланың кіндігін кесуге де мүмкіншілігі бар көрінеді. Осылайша кіндік шеше атанғандар жайлы естідім. Көрдім де. Баланың анасы «қыз болғанда сіздің атыңызды қояр едім» деді. Бұл әлі жаппай үрдіске айнала қойған жоқ. Алайда ары қарай жалғастырып алып кетуге әбден лайық ақ емес пе?

 

Әншейінде елеуге тұрмайтын болмашы бірдеңелерді жарнамалап жатамыз. Ал бұл сонау көнеден келе жатқан жақсы салт дәстүрдің жаңаша сипатқа енген түрі ғой. Сондықтан да қолдап, насихаттасақ әрі қарай жалғасын тауып кетер еді.

 

Әрине, мұндай абыройлы атқа ие болу да оңай емес. Оған ата ананың сын-елегінен өткендер ғана ие болады. Ал енді перзентханада босанғандардың кейбірі босандырған акушердің де атын қойып жатады ғой.

Жақсы дәстүр қай заманда да өз тінінен ажыраған емес. Бұл дәстүр де ұмыт қалады деп ойламаймын. Тек сәл ғана назар салып, насихаттап жіберсек, ары қарай дөңгеленіп жүре берер, бәлкім?!

HTTPS://qazaquni.kz/2014/07/03/26298.html

 

 

Жұлдызды кіндік шешелер мен оларға жүктелетін жауапкершілік

вулкандар Мырзабаева |

Comode.kz, Әйел ақпараттық-ойын-сауық порталы.

қайнар көз:http://comode.kz/post/zvezdnye-semi/zhldyzdy-kindik-shesheler-men-olara-zhkteletin-zhauapkershilik/

 

Сәби дүниеге келгенде өзгеше қуанатын халқымыздың бала өскенше жасалатын жөн – жоралғылары көп. Және әрқайсының мағынасы тереңде. Олардың бірі де бірегейі кіндік шеше таңдау. Алайда, бұл дәстүр заманның ағымымен біраз өзгеріске ұшыраған. қолайлы бүгін кіндік шешенің кім екендігі және қандай қызмет атқаратындығы туралы сіз естімеген ақпараттарды ұсынады.

 

Жұлдызды кіндік шешелер мен оларға жүктелетін жауапкершілік

 

1. Көпшілік «кіндік шеше» мен «өкіл ананың» қызметі бір деп санайды. Алайда, бұл үлкен қателік. Өкіл ананы – бір сәбиде болса, өзгесіне таңдалмаған болуы мүмкін. Ал, кіндік шеше – барлық перзентте болады. Ол – бала дүниеге келген кезде кіндігін кесіп анасынан ажыратып алатын «ақ қолды ана».

 

2. Ырымшыл қазақ сәбидің кіндігін кім кессе, соған ұқсайды деп санаған. Сондықтан да, кіндік кесу мәртебесіне тек беделі бар, ақжарқын, мінезі жайсаң, қолы жеңіл, жолы ашық аналар таңдалған. Бұл екінің біріне бұйыра бермейтін бақыт. Тіпті, кейде кіндік кесу жолы менікі деп таласатын да аналар болады.

 

 

3. Кіндік кескен апасы баланы қырқынан шыққанша көмектесіп, әр жетістігіне ата – анасымен бірге қуанып бөліседі. Баласының әр үлкен – кіші жеңісі мен қадамдарына арнайы сыйлықтарын да беріп, ілтипат көрсетеді. Бұл ретте әрине, сөзсіз баланың туған әке – шешесі де кіндік шешеге төрден орын беріліп, бағалы кәдесін сыйлайды.

 

4. Қазақта тағы бір кіндік шешенің түрі бар. Ол – екі жас үйленетін кезде кіндік шеше болуды қалап, сұрап алатын әйелдер. Мұндай «кіндік шеше» мәртебесін алу үшін екі жасты арнайы қонаққа шақырып, дастарханнан дәм татқызып, өз ниетін білдіреді. Осыдан кейін екі жақтың қарым-қатынасы жиілеп, сыйластығы артады. Және жас келіннің жүкті кезіндегі жауапкершілік толықтай кіндік шешеге жүктеледі. Бүгінгі қоғамда Жамбыл облысының кей өңірлерінде ер бала үйленетін кезде кіндік шешені өзі таңдайды. Осылайша, тойдың жауапкершілігі мен жүгі екі ата – анасына теңдей бөлінеді.

 

5. Салт–дәстүрге берік ұлтымызда «кіндік әке» деген ұғым болмаған. Себебі, айы – күні жеткен әйел бөлек киіз үйге көшіріліп, арнайы күтімде болады. Бұл үйге тек ең жақын ақжаулықты аналар мен асыл жеңгелері кіре алған. Ал, жүкті әйелдің босанғанға дейінгі, және одан кейінгі қырық күндік күтімі— толықтай енесі мен кіндік шешенің міндеті. Босану процесіне ешқашан еркектер қатыспаған. Десе де, заманның ағымы мен өзгерісіне орай бүгінгі таңда күйеуі әйелімен бірге перзентхана барып, серіктес бола алады. Және бірінші болып ұрпағын көріп, кіндігін де кесу мүмкіндігі бар.

 

 

6. Қазір «кіндік әке–шеше» сөз тіркесі бірге қолданылады. Себебі, кіндік шеше ретінде баланың кіндігін кеспесе де, сыйластық пен қарым–қатынасты арттыру мақсатында ата–ананың таңдауымен бір отбасы тағайындалады. Олардың міндеті – перзентханадан салтанатты түрде шығарып алу және есейгенше әр қуанышын бірге бөлісу.

 

7. «Кіндік шешені» таңдауға қазақ өнерінің майталмандары да ерекше мән береді. Ендеше, жұлдызды «кіндік шешелерге» шолу жасап өтейік.

 

Димаш Құдайбергеновтің кіндік әке–шешесі танымал сазгер Ұлықпан Жолдасов пен Айғаным ханым. Димаштың ата – анасы Қанат пен Света өнерде де, өмірде де адал достары, кәсібилігі жоғары, аққөңіл отбасын арнайы таңдаған. Тіпті, Алматыға ат басын бұрған кезде Димаштың бірінші баратын шаңырағы Жолдасовтар әулеті. Шетелде ел намысын қорғап жүрген кіндік балаларының әр жетістігін жұлдызды кіндік әке–шеше де ерекше мақтан тұтып, бағыт–бағдар беруден шаршаған емес.

 

 

Мақпал Жүнісова да Сиви Махмудидің кенже қызының кіндік шешесі. Перзентханада бірге болып, кіндігін кеспесе де, қазақтың ерке қызы кіндік қызын ерекше жақсы көреді. Әр қуанышында бірге болып, бөліседі. Тіпті, тұсаукесер рәсіміне де арнайы барған – ды. Жүнісова ханымды Махмудидің немересі өзі таңдап, ұсыныс жасаған. Бала кезінен Мәкеңнің әнімен өскен Сиви тек өнерде емес, өмірде де сыйластық пен жақындықтарының артуын мақсат етіпті.

 

 

Сазгер Бауыржан Есебаевтың да өнерде жүрген кіндік баласы бар. Хиттерді шулатып жазып, кейін жоқ болған «Жебе» тобының экс–мүшесі Көркем Сейсенбек Жамбыл облысының тумасы. Аталмыш өңірдің салты бойынша үйленетін кезінде сері өзінің кіндік шешесін таңдады. Өнерге келген кезде бірінші болып қолдау көрсетіп, әр қадамына ақыл айтып, жол сілтеген Бауыржан ағасымен туыстық қатынасты жалғастыру мақсатында сол үйдегі жеңгесін таңдаған. Есебаевтар әулеті мұндай ұсынысты қуана қабылдағандарын жасырмайды.

 

 

Ерлан мен Баянның қос ұлының да кіндігін батыр әкенің өзі кескен. Отағасы жан–жары мен болашақ ізбасарларын қиындықта жалғыз қалдыра алмаған. Сондықтан, перзентханаға бірге барып, өзі серіктес болып, тіпті, ұлдарының кіндігін де кескен.

 

Арман мен Аша да кіндік шешеге ерекше мән берген. Кіндік әке болмайтынын ескерген Аша Асылымға қос кіндік шеше тағайындаған. Оның бірі дизайнер Әсем Нұрсейтова болса, екінші отандық әшекейлер дүкенінің негізін қалаушы Ольга Ким.

 

 

Жанболат пен Жазираға да кіндік әке–шеше болу туралы ұсыныс жиі түседі. Алайда, жұлдызды жұп бұл қадамға үлкен жауапкершілікпен қарап, көп кезде бас тартады екен. Әрине, олардың да кіндік балалары өте көп. Солардың бірі де бірегейі «Өнер қырандары» пародия театрындағы отбасылық жұп Мадияр мен Дананың ерке қыздары.

 

 

Нұржан Керменбаев тұңғышы Мүсілімге кіндік әке ретінде әріптесі, жерлесі, досы Медициналық Köjekbaevtı таңдаған. Ол кезде бойдақ болған Медетке Нұрекеңнің жақсы ниеті жұғысты болып, бүгінде өзі де әке атанды.

 

 

Философ да кіндік шеше болудың жүгі ауыр екенін білсе де, ешқашан бас тартқан емес. Бүгінгі таңда үш кіндік баласы бар. Оның ең кенжесі «Асу» тобының экс-мүшесі Талғат Жаппастың ұлы Ибраһим.

 

 

 

Индира Расылхан кіндік шеше міндетін қаншалықты біледі?

HIT TV, 21 Қараша 2017 болып табылады.

 

Жарияланымдар авторы

Желіден тыс 4 апталар

Admin

0
Пікірлер: 2қоғамдық: 104тіркеу: 11-07-2018
жаңартылған: 18.07.2019 — 07:37

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

рұқсат
*
*
тіркеу
*
*
*
Құпия сөз ұрпақ