«Қазағымның салт-дәстүрлері» (5)

 

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ» (5)

 

«ЖАРЫС ҚАЗАН» САЛТЫ ТУРАЛЫ

Тараудың бүгінгі жазбаларының тақырыбы - қазақ салты бойынша жас нәрестенің енді өмірге келіп жатқан уақытында жасалатын «ЖАРЫС ҚАЗАН» ырымы туралы.

Сол жөніндегі мақалалар мен бейнежазбалар топтамасын қабыл алыңдар!

 

 

«Жарыс қазан»

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған.

 

«Жарыс қазан–екіқабат әйелдің қиналмай босануы үшін жасалатын ырымдар.

Ол үшін әдейі сақтап жүрген сүр етті асады. Осы ет піскенше әйел де жарыса тез босанады деген сенім қалыптасқан.[1]

Ай-күні жеткен жүкті әйел қатты толғатып, толғақ жилей бастағанда, сол ауылдағы пысық әйел отқа, ошаққа жарыс қазан асады да, қуырдақ қуыра бастайды. Жарыс қазан асудағы себеп қазанмен бірге толғақ жилейді, тамақтан бұрын бала туылады деп ырымдағаны. Егер әйел босана алмай одан ары қиналса, жарыс қазан асып отырған әйел қолына қара пышақты алып «қара қазан бұрын пісе ме, қара қатын бұрын туа ма?» деп, қолындағы пышақты қазанға жанып-жанып зіркілдейді. Қазақ мұны «жарыс қазан» деп атайды»

 

Жарыс қазан қай кезде асылады?

Заира САБИТОВА

ktk.kz сайттар, 01.06.2019

 

Бұрынғы кездері әйелді қалай босандырған? Дүние есігін ашқалы тұрған сәбиге дайындық қалай жүргізілген? Жарыс қазан қашан асылған? Жарыс қазанның мән-мағынасы қандай? Жарыс қазанмен қатар қандай ас берілген?

Бар тапқанының ұзынын ұлының, қызылын қызының үстіне жапсырып, өзі қара итшекпенмен жүрсе де разы болатын біздің қазақ екі адамнан ешнәрсесін аяған емес. Басқаны былай қойып, құдайы қонақтың өзіне жалғыз қойын сойып береді. Мұндай жомарттық жер бетінде қазақта ғана бар. Бұл – бірі.

Екіншісі – әйел босанып бала тапқанда астындағы жалғыз атын жайратып, баладан ешнәрсесін ірікпейді. Босанған әйелдің қалжасына кемінде ісек қой сойып, оны әйеліне аққұла жегізеді. Май қуырдақ пен жас сорпаны қашан белі бекігенше аузынан үзбейді. Босанған әйел бойын жиып, терлеп-тепшіп, омырауына сүтін жиып болғанша көп қозғалмайды. Босанардың алдында толғақтың ұйқысына да жеріктің асына да көп көңіл бөледі. Әйелдің толғағы жиілей бастағанда ауыл үйдің әйелдері үй ішіне қарала арқан кереді, оған босанғалы отырған әйелді мықтап ұстатып, өздері етектеріне сүрініп айналасында болады. Кемпірлер толғатып отырған әйелден барлық тәжірибелерін, көмегін аямайды.

 

 

 

Танымал қаламгер Ахмет Жүнісов көзі тірісінде бұны былай түсіндірген: «Бибәтима пірлеріне мінажат етіп, жалынып медет сұрайды. Бір екі бала келсаппен босанғалы отырған әйелдің айналасын төпештеп, «түсті ме, түсті ме?» деп үйді басына көшіреді«. Қалған әйелдер дүние есігін ашқалы отырған баланың игілігіне деп сойылған малдың етінен жиылғандарға ет әзірлейді. Мұның аты – Жарыс қазан. Жарыс қазан аталатыны: мұндайда ірку, мөлшерлеу, аяу деген болмау керек. Қазан неше жерден қайнап, ет неше жерде бір-бірімен жарыса асылып жатуы керек. Сонымен іңгәләп бала жерге түсісімен сырттағы екі көзі төрт болып отырған әкеге, қалған туыстарға бір желаяқ бала жүгіріп барып сүйінші сұрайды. «Жылқышы ма?«, «Kesteshі маған?« деп, ұл мен қыздың қайсысы екенін сұрайды. Сүйіншіні тез бере қоймаса, отырған бала біреулерінің тымағын, біреулерінің кимешек-шылауышын ала қашып, жалаң бас қалдырады. Олар тоқырайып отырғаннан ұялып, сүйіншіні тез береді. Осы күні бір әйел нәрестеге кіндік шеше болады да, ол босанған әйелге қалжа әкеледі. Жарыс қазанның бір жағына оның да қазаны қайнап, сол күнгі күтімнің бір жағын, босанған әйелдің бабын сол көтереді. алдағы шілдехананың жүгіне де ол ортақ болуға міндетті. Мұның есесіне баланың әке-шешесі оның қалағанын береді. ..."

HTTPS://www.ktk.kz/kz/blog/article/2019/06/01/120536/

 

«Жарыс қазан салты»

Оңтүстік TV / Оңтүстік телеарнасы

17 қаңтар 2016 болып табылады.

 

 

«Жарыс қазан»

Нурмухамед Алдабергенов
Massaget.kz сайттар, 25 қаңтар 2013 болып табылады,

 

(Құдайға жағам десең азаның болсын, халқыңа жағам десең қазаның болсын)
Қазақ екі адамнан ештеңені аямайды. Бірі – қонақ, бірі – жас босанған келін. Біздің қазақ баяғыда құдайы қонақтың өзіне жалғыз қойын сойып береді екен. Жалғыз атын түсіп беру мақтанышқа айналған. «Біреудің бақыты үшін өмір сүр» деген дін талабын қазақтан асырып ұстанған халық жоқ! «Құдайы қонақ» деген сөздің өзі «Құдай қонақты сынақ үшін жібереді» деген сөз. Ештеңе аямайтын екінші адамы – бала тапқан келін. Толғақ басталғанда есіткен әйелдің бәрі Бибәтимә (Мұхаммед ғ.с.у. қызы Фатима анамыз) пірлеріне жалбарынып, Құдайдан келіншектің аман-есен босануын сұрайды. Сол кездегі қазақ әйелдері біреу үшін қиналатын, өзіндей біреу үшін шын жүрекпен жалбарынатын. Сөйтіп, дүниеге келгелі тұрған бір мұсылманның игілігі мен келіннің тез босануы үшін әр қатын жер-жерден қазан асады. Irku, ayau, мөлшерлеу болмайды. «Жарыс қазан»— осы. Қазан қайнаса бала түсе қала ма деп күлмеңіз... Бұл біреу үшін тілектестікті тірлікте көрсетудің жолы, бірер сағаттан кейін басталатын тойдың дастарқанына, яғни біреудің несібесіне үлес қосу ниеті. Құдай берекесін, мейірімін сылтауға береді, әйелдер Құдайға ниетінің түзу екенін, қолының ашық екенін өстіп көрсетеді. Тіпті толғақты телефон арқылы естіген алыстағы әжелер де Бибәтимә піріне жалынып, келіні үшін Алладан медет тілейді. Қызды-қыздымен алыстағы жарысқазанға қосылып та кетеді, қазан асып жібереді. Шүйінші хабар жеткен бетте жүрегімен шын қуанған әже, бұл қуанышты айту үшін, ел басының өсіп жатқанын айтып мақтану үшін сол күні кісі шақырады. Келін босанғанда абысынның біреуі енесіне жүгіреді. Қуанған ата-әже шүйіншіге не сұраса да береді.

Бірақ, қазақта кім ибалы— келін ибалы. Енесінен ешкім көп сұрай қоймайды. Қалжаға кемінде ісек (үлкен) қой сойылады. Осы күні бір әйел нәрестенің кіндігін кесіп, кіндік шеше болады. барлық қалжа әкеледі. Немесе босанған келіннің күтімі соған жүктеледі. Бұл салттар адамдарды жақындатып, бір-біріне тілекші, қамқор қылады. Әсілі, дәстүр деген дінді күнделікті тұрмысқа сіңіріп жіберу үшін жасалған. Қалжаға күйі жоқ үйге жегжат-жамағаты жиылып кейде қалжа әпереді. Қалжаны босанған әйел түгел жеп тауысуға тиіс. Қазақ қуырдақ пен жас сорпаны қашан белі бекігенше келіннің аузынан үзбейді. Босанған әйел терлеп-тепшіп, омырауына сүтін жиып болғанша көп қозғалмайды. Қайын сіңлі, қайын апайлары асты-үстіне түсіп, жан-жақтан күтімге алады. Мұсылмангершілік деп осыны айтады.

Енді құрметті қыз-келіншектер! Сіз қазір жарыс қазан неге керек деп ойламаңыз. Дін мәдениетін адамның өн бойына сіңіріп тастайтын атадан қалған асыл ғұрыптарды ұмытуға болмайды. «Жарыс қазанды» жасауға болады. Бір жақыныңыздың жұбайы босанып жатса баяғыдай қазан қайнатып қажеті жоқ. Оның орнына елмен ақылдасып, босанған келін аяқ-қолын бауырына тез жинауы үшін құнарлы тағамдарды шама келгенше алып, кезектесіп пұшпағы қанап перзент тапқан келіншектің үйіне барып тұруға болады. «Жарыс қазанды» осылай көркем жолдармен жалғастырып кете беруге болады. Бұл иманыңыздың бекіп, жүрегіңіздің жұмсаруына әсер ететін бір ғана көркем салт. Дін ұстанған мейірімді мұсылман екеніңізді мәнді мәдениетпен жамағатқа жайып, іс жүзінде әрекет етудің жолы осындай діни дәстүрлермен ғана іске асады.

https://massaget.kz/blogs/4484/

 

ҒИБАДАТ. ЖҮКТІЛІК. ҚҰРСАҚ ШАШУ. ТЫЙЫМДАР.

Динара және.

28 сәуір 2016 болып табылады.

 

 

 

Жарияланымдар авторы

Желіден тыс 1 ай

Admin

0
Пікірлер: 2қоғамдық: 104тіркеу: 11-07-2018
жаңартылған: 12.07.2019 — 16:23

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған