«Қазағымның салт-дәстүрлері» (2)

 

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ» (2)

 

 

Ең алдымен, осы тақырыптағы тағы да бір әсем әнді тыңдап алайық:

«Қазағымның дәстүрлері-ай»

Gülnұr Orazımbetova

Ақ адал тілек қайсарлы
Намыстан жаралған
Елім бар менің баһәдүр
Қонақжай саналған
дәстүрге бар оның ананың
Сүтімен таралған
Жасанып бүгін жаңарған...еееей
Арғымақ мініп, қамшылап
Аруағын шақырған
Аламан көрсе оқ болып
Қиқулап атылған
Қыз қуу бірге теңге алу
Қызыққа батырған
Көп арта бермес тақымнан... eyyy
Ақындары жыр ескен,
Палуандары күрескен
Қазағымның осындай
Дәстүрі бар... eeeyy

Қайырмасы:
Мақтанамын, шаттанамын
Елімменен-ай.
Әр қонаққа жүрегімнің
Төрін берем-ай.
Салтымыз бар, даңқымыз бар
Әлем таныған
Ер қазақтан ешқашан да,
Бөлінбеген-ай.

Бесікке бөлеп сәбиін
Қызықтап сүйінген
Табиғат билеп тұрады
Ән менен күйімен
Серілер шырқап, беташар
Ақ келін келгенде
Сәлемін салып иілген...еееййй
Төс қағысып құдалар
Туыстасып қуанар
Қазағымның осындай
Дәстүрі бар еоның

Қайырмасы.

 

 

ХАБАРЛАМА РЕТІНДЕ

 

Өткен жолы сайтымда «ҚАЗАҒЫМНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ» атты ТАРАУ ашылғаны, онда тақырыпқа сай әр мазмұндағы танымдық жазбалар беріліп тұратыны айтылып, алғашқы жазбалары берілген болатын.

Енді, оларды ары қарай жүргізу-жалғастыру жөнінде ойыммен бөліспекшімін. Иә, жазбалар алдағы уақыттарда, біріншіден, әр тақырыптар (салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптары, ырымдар, бата беру сияқты) бойынша жүргізіледі. Соның ішінде «САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР» тақырыбы, өз кезегінде, өмірге жас СӘБИДІҢ–АДАМНЫҢ «шыр етіп» дүниеген келгенінен бастап, ғұмыры бойында қуанышты түрде атап өтетін сәттері мен кезеңдерін, оларды мерекелеудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі-салты және де жаңарған өмір жағдайына қарай жаңғырған-жетілдірілген мазмұны туралы рет-ретімен, әр форматтағы жазбалар түрімен жариялап отыруды жөн көрдім. (Қазақтың салт-дәстүрлерінің үлкен тізімі алғашқы парақта көрсетілген болатын).

 

Сондықтан да, бұл ТАРАУ жазбаларын ӨМІРГЕ СӘБИ КЕЛУ ҚУАНЫШЫН ТОСЫП ЖҮРГЕН ЖАНДАРМЕН бірге бастамақшымын! Соған орай, келесі парақтардан ары қарай салт-дәстүріміздің «Балаға ат қою», «Кіндік кесер», «Қалжа беру» сияқты тақырыптардағы жазбалар жариялау басталатын болады! Тосыңыздар! Қабыл алыңдар! Бірге болайық!

 

* * *

 

Сонымен, егер осы ТАРАУДЫҢ жүргізілуін дұрыс және қажетті деп санасаңдар, қолдасаңдар:

  1. Жарияланымдармен тұрақты түрде танысып отыратын сайттың оқырманы болып жазылыңдар! Ол үшін осы парақтың астындағы «терезеге» Есімің мен электронды поштаң адресін енгізсең болды;
  2. Сайт мақалалары туралы өз ой-пікірлеріңді, ұсыныстарыңды «комменттер» ретінде жазып отырсаңдар (оның орны да парақтың астында)! Олар сайт тарауының мазмұнды, дұрыс және қызықты жүргізілуіне үлкен көмек болар еді;
  3. Жеріміздің кеңдігіне байланысты оның әр өңірінде ұлттық салт-дәстүрлеріміздің өзіндік ерекшеліктері болатыны белгілі. Соған орай, солар жөніндегі мақалаларды толықтыратын жазбаларды да «комментке» жазып немесе хат ретінде жіберіп отырсаңдар! Оларды жинақтап-талдап жеке жариялап отыруға дайынмын;
  4. Сайт туралы, оның жазбаларын өortaңda бар, таныс-әріптестеріңмен, әлеуметтік желілердегі «достарыңмен» бөлісіп, насихаттауға қолдау көрсетсеңдер!

 

Айтылғандарға қоса, еліміздің әр түкпірінде жұртшылықтың осындай қуаныштарын, мерекелік шараларын ұйымдастырып-өткізіп және өнерлерімен қатысып жүрген Азаматтар мен оларға қызмет көрсетушілер (Мейрамханалар, той көліктері, сән салондары, ...) туралы деректерді жинақтайтын сайтымның «TOЙ-базар. «KZ деп аталған екінші, үлкен БӨЛІМІ жұмысын да қатарластыра қолға алып отырмын. (Ол жөнінде осы сайттан немесе мына сілтемемен таныса аласың: HTTP://bit.ly/2KoN7z0)

Сондықтан да, қажеттілік болғанда сайтымның Өздеріңе де көмегі тиюі әбден мүмкін!

 

 

* * *

Ал бүгінге төмендегі осы тақырыптағы өлеңмен танысып, әсем әнді тыңдаңдар және Тұрсынбек Қабатовтың қалжыңдық бейнетүсірілімін тамашалаңдар!

Серікбек ағаларың!

 

 

Өз отыңды сөндірме...

Дидар Қуаныш

Сүйдің, күйдің, үйлендің.
Ерекше бір күйге ендің.
Жанын бағып жарыңның,
Жағынуды үйрендің.

Бауыр бастың, ірімшік астам.
Арман қуып, қыр астың.
Ол қуанса, қуанып,
Мұңайса, бірге жыластың.

Айлар өтті, күн жетті,
Сәбиге енді сен де епті.

Табыс табу, асырау –
Ол бір жақтан сенделтті...

Уайым басып санаңды,
Тірлік қинап, жан.
Оймен батып кештерің,
Оймен атты таң алды.

Ренжістің, ренжідің.
Қыл үстінде ендігің.
Қайда сол бір сезімің,
Қайда көңіл кеңдігің?

Біле білсең, бәрі – сын,
Өз қолыңда әр ісің.
Сабыр етсең сәл-пәл-ақ,
Алла oңdar әrisin.

Сондықтан, бұлт төндірмей,
Өз санаңды көндір де,
арнаға бұр жолыңды...
ӨЗ ОТЫҢДЫ СӨНДІРМЕ...

 

Сәби болғым келеді

Мұқағали МАҚАТАЕВ

 

 

«Аяғы ауыр әйел»

Тұрсынбек ҚАБАТОВ

 

 

Жарияланымдар авторы

Желіден тыс 1 күн

Admin

0
Пікірлер: 2қоғамдық: 93тіркеу: 11-07-2018
жаңартылған: 15.07.2019 — 16:29

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған