«ҚАЗАҒЫМНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ» (27)

 

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ» (27)

 

«ҚАРА ЖОРҒА» БИІ ТУРАЛЫ

Құрметті оқырмандар!

«Наурыз мейрамы» күніне орай, сайтымның осы тақырыптық бөлімінде назарларыңа «ҚАРА ЖОРҒА» биі туралы танымдық жазбалар ұсынылып отыр.

Танысыңдар! Көңіл-күйлерің көтеріңкі болсын!!

 

 

Алдымен біраз бейнежазбаларды тамашалап алыңдар!

* * *

ҚҰТТЫ болсын әз-НАУРЫЗ! ҚАРА ЖОРҒА

 

 

* * *

Халық биі «ҚАРАЖОРҒА»

 

* * *

«Қара жорғаны» АҚСУдың жастары биледі

 

2011 жылы, өзім, Ақсу ауданының (Алматы облысы) мәслихат хатшысы қызметін атқарып жүргенімде, ғасырлар бойы ұмыт қалған қазақ биі делінетін осы «Қара жорғаны» аудан аумағында насихаттау, үйрету мақсатында бастама көтерген едім. Содан ары, сол уақыттағы аудандық оқу бөлімінің басшысы Күляйқан Дәулетбекова мен аудандық мәдениет бөлімінің жетекшісі Айна Елубаевамен бірлесе ұйымдастыру шараларын атқардық.

Алдымен, оқу жылы басталысымен 3 ай бойы мектеп оқушылары арасында, сабақтары алдында және одан тыс уақыттарда үйрету жаттығулары өткізілді. Оларды ауылдардағы мәдениет үйлерінің қызметкерлері жүргізді. Нәтижесінде ауданның жастары форумында барлық ауылдардан дайындықпен келген 500-ге жуық балаларымыз бір мезетте осы биді билеп шығып, жұртшылықты қатты селпіндіріп тастады.

Бұл республика аумағында өткізілген осындай шаралардың алғашқыларының бірі еді. Одан ары жастарымыз облыс орталығында өткен бірнеше мерекелік шараларға арнайы шақырылып, қатыстырылды...

 

* * *

«Коронавирус індеті» кезеңінде

 

 

 

 

Қара жорға биі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қара жорға болмаса, бидің сәні келе ме?

«Қара жорға» немесе буын биінің, халқымыз бен қайта табысқанына көп уақыт болған жоқ. Алайда, бугінгі ұрпақ енді ғана қызыға қабылдап жатқан бұл би ежелден-ақ емдік құралы болған екен. Бүгінп күні де «қара жорғаның» денсаулыққа пайдалылығы айқын болып отыр. Бақсылар өздеріне біткен тылсым кұшпен ғана адам емдемеген. Жалпы, бақсылықтың екі турі бар. Бірі -диуаналық, екіншісі— наукастарды бимен, домбырамен емдеу. Осы екінші түрінде, бақсылардың «жынын» домбырада ойналатын белгілі бір күймен шақырады екен. Ол адам естісе тұра алмайтын, «Қаражорға» деп аталатын күй екен. Яғни, баксы күйді тыңдағанда, оның бойындағы «жыны» қозып, билей бастаған. Сөйтіп, бойындағы «жын» науқастың жан дүниесіне еніп, қай жерінің ауырып тұрганын иесіне сездіретін болса керек. Бір кызығы, оның күдіреттілігі сол «Каражорғадан» өзге бірде-бір күй бақсының «жынын» қоздыра алмаған. Сондықтан, бұл би алғашында «Бақсы биі» деп аталыпты. Бақсылар ауруы асқынған жанға ғана «жынын» шақырған. «Қара жорға» күйі шертіле басталғаннан-ақ олар «баска адамға айналып», тұла бойында кенетген жойқын кұш пайда болып, кекке «ұшып», темір жалайды, пышакты өздеріне ұрады. Жалпы, салауатгы өмір салтын сақтай білетін кез-келген адам өз денсаулығы үшін спортпен, иогамен және тағы баскаларымен айналысатынындай, бұл биді билеу де адам денсаулығына аса пайдалы. Өйткені «Қаражорға»-буын биін билеген кезде, саусактың ұшынан бастап, кақ төбе, кара бакайдағы буындардың барлығы да кимылдайды. Бұл өз кезегінде буынды ширатып, денені сергітуге үлкен ықпал етеді. Ал, қозғалыс кезінде бөлінетін бақыт эндорфині жаныңызға да, тәніңізге де қуат береді. Ендеше, күніне 4-5 минутгык «Қаражорға», сіз үшін нағыз дене шынықгыру сабағына айналмак. Деніміздің сау болуы үшін спортпен шүғылданумен қатар, «қара жорға» биін де билеп тұру пайдалы екен.

 

«Қара жорға» қазақтың биі ме?

Әмина ҚҰРМАНҒАЛИҚЫЗЫ

3 мамыр 2017 жыл

«Ұлт» Тәуелсіз интернет— басылым

 

Осы сұрақ сан рет көтерілді, бірақ бір мәмілеге келе алмадық. Себебі «қазақтікі» дегендер де, «емес» дегендер де ұтымды уәж айта алмады.

 

 

«Қара жорға» - ата-бабамыздан қалған би. Атажұрттағы қазақтар «орыстанып, мәңгүрттеніп» кеткендіктен, бұл биді ұмытқан. Ата-бабамыздың мұрасын біз ұмытпай, жоғалтпай әкеліп, қазаққа табыстадық» дейді Қытайдан келген қандастарымыз. Ағайынның ниетінде алалық жоқ. «Қазақтың бір жоғын таптық» деп қуанып жүр. Бір жағынан, «ел-елдің бәрінде өздерінің ата-бабасынан қалған «меншікті» биі болғанда, қазақта неге болмайды?» деп соған намыстанатын да сияқты.

Қазақтың қазақтығы да сол билемеуінде жатқанын, ата қазақ үшін билемегені намыс емес, билегені намыс екенін бұл бауырлар ойламаса керек. Сонымен қатар «өзі қара жорға болса, ол қалай қазақтікі болмайды» дейді ғой баяғы «қазақ қана ат мінген» деген ұғыммен. Анығына келсек, ат жалында туып, ат құлағында ойнаған ел көп екенін енді біліп жүрміз. Біле білсек, «Қара жорға» – қазақтың ата-бабасынан қалған би» дегенді айтқан адам – қазақтың ұлт ретіндегі нағыз таза қанды қасиетін, ерекшелігі мен құндылығын, тектілігін, ірілігін, қазаққа ғана тән салт-дәстүр, әдеп-ибасын білмейтін, білсе де мойындағысы келмейтін, арғы қазақты бергі қазақтың өлшемімен өлшеп жүрген адам. Ақылға салып ойлайықшы: атасы келініне, әкесі қызына, ағасы қарындасына айтатын сөзін тіке айтпай, араға шешені, жеңгені салып қана сөйлесетін қазақ; әйел заты ата-ене түгіл, ерінің бетіне тік келіп сөйлемеген, сөзін бөлмеген қазақ; әйел заты ер-азаматының алдын кеспей, қашан өтіп кеткенше төмен қарап күтіп тұратын қазақ; үйге қонақ келсе, қыз баласын бөтен үйге жөнелтетін қазақ; қыз баласы адымдап жүрсе, adıraŋdap талқылауы, қарқылдап күлсе «көргенсіз» деген қазақ; махаббаттан өртеніп бара жатса да, ата-ананың көзінше өз әйеліне «көз салып» қараған жігітті «жетесіз» санаған қазақ енді келіп кемпір, шалы, келіні, қызы, жігіті – бәрі мидай араласып, бөкселерін бұраңдатып, кеуделерін селкілдетіп, бір-біріне итіне төніп билейді екен ғой, тегі. Қазақтың өстіп есірткі ішкендей есіріп жүргенін қай ғасырда кім көріпті?! Көрмек түгіл, естіген адам бар ма екен? Қыз-келінімен жағаласып, бір еңкейіп, бір шалқайып, қара терге түсіп жүрген қазақ шалын көрген бар ма екен? Кимешегі желпілдеп, кеңкілдеп жүрген кемпір неткен сүйкімсіз?! Қазақтың ақсақалы әулиеге баланушы еді, қазақ кейуанасы қасиетке теңелуші еді. «Қара жорға» тәрк етті бәрін...

Қазақтың тарихы, шежіресі, дастаны, оның өмірінің айнасы – ауыз әдебиеті.

Арыға бармай-ақ, ХVIII-XXI ғасырлар аралығы – үш ғасырға шолу жасап қарайықшы. Ертегі, аңыз, Саги, жыр, мақал-мәтел, шешендік сөз, айтыс. Бәрінде қазаққа тән сипаттар: жекпе-жек, күрес, атыс, жамбы ату, асық ойнау, қол күресі, көкпар, аударыспақ, жарыс, жаяу жарыс, ат бәйгесі, айтыс, шешендік өнер сайысы, өтірік өлең, тіпті қатын жарыс бар. Бірақ үш ғасыр қойнауына сүңгісең де, «биледі» дегенді кездестірмейсің. Өте көне ертегілерде «жын-перінің қыздары билеп жүр екен» деген кездеседі. (Көрдіңіз бе, жын-шайтанның қыздары ғана билеп жүр. Отбасы, үйелменімен билеп жүрген жоқ).

Сонан соң үш ғасырда қазақ жерінен қаншама жиһангез, саяхатшы өтті. Қанша шежіре, жылнама жазылды. Қазақтар (не түркілер) «Қара жорға» билеп жүр» деп неге Марко Поло, Махмуд Қашғари, әл-Фараби жазбаған? Неге қытайдың, моңғолдың жырнамасында, Орхон жазбаларында жоқ? Арыны қояйық: қазақтың 101 әнін жазып алған Затаевич неге бір биін білмеген? Неге Шоқан Уәлихановтың зерттеулерінде айтылмаған?

Жақсы, Қазақстанның қазақтары аласапырандар тұсында «байтал түгіл, бас қайғы» боп ұмытты, жоғалтты, оларға айтқызбады, оралман қазақтардың ғана «лайланбаған» ес-жадында сақталды дейік. Онда неге Түркия, Өзбекстан, Қарақалпақстан т.б. шетелдерден келген қазақтар білмейді? Тек қытай қазақтарының ғана есінде қалған қандай би ол?

«Қара жорғаны» ата-бабадан қалған қазақ биі деуге келмейтін бірнеше себеп бар:

Біріншіден, жоғарыда айтып кеттік. Қазақы менталитетке жат. Ұлттық, қазақи қасиетімізді жоққа шығарады.

Екіншіден, әні, сарыны. Біресе күй, біресе ән. Шегенің ариясы.

Үшіншіден, би қимылдары қазаққа келмейді. Моңғолдың, қалмақтың, якуттың билеріне келеді. Қытайда әлі күнге дейін солаң, дағұр деп аталатын аз ұлттар бар. Арғы тектері қалмақ, әлде моңғол. Солардың «буын биі» деп аталатын биі бар. «Қара жорға» – тура сол бидің көшірмесі. Қытай түсірген «Шыңғыс хан» киносында моңғол сарбаздары тура осылай билейді.

Төртіншіден, лекілдеген ырғақпен білінбей тұрғаны болмаса, сөздері көркемдіктен жұрдай. «Кемпірлер жүр кеңкілдеп, шалдар да жүр қаңқылдап». Не деген сұрықсыз сөздер! «болды, болды, жігіттер, шыққанынша тұнық тер». О заман да бұ заман, тердің тұнық болғанын кім көрген? Тер деген организмнен шығарылатын артық-ауыс керексіз, зиянды, тіпті улы заттар емес пе? Сол үшін оның жағымсыз иісі болады. Сол үшін қазақ сасық тер, Арам, және, жабысқақ тер, жылбысқа тер, ащы тер, қара тер, қалау тер, суық тер десе де, тұнық тер деп айтпаған. Осындай құрақ-құрақ арзан сөзді ата-бабамыздан қалды деу қай қисынға сыяды?

Енді осы «Қара жорға» биін анда-санда жарнамалап жүрген Арыстан ақсақал жөнінде бірер сөз: Арыстан ақсақал шекесіне үкісін тағып алып эфирден бірнеше рет «Қара жорғаны» билегені рас. Ол кісі билеп қана қоймай, былай деді:

- Мен қазақтың биін тірілттім. Біз келгенше еш қазақ билемеуші еді. (Мәселе сол еш қазақтың билемегенінде болып тұр ғой). Президент маған марапат беруіне болады.

Au, ақсақал-ау, оралман боп опық жеген жеріңіз бар ма? Алатаудың баурайына ақбоз үйді тіктіңіз. Алдыңыздан шыққан жан болды ма? Шалғынға бие байлатып, сапырып сары қымыз жұттыңыз. Бәйбіше-тоқал – қос қатынды тұттыңыз. Мұның қалай дедік пе? Осының өзі Қазақ елінің, президенттің сізге марапаты емес пе? Сахнаға шығып бес минут бұраңдаған сіз түгіл, қан майданда жан беріп, жан алып келген майдангер қарттардың марапат алмай өмірден өткені қаншама?!

Қысқасы, «Қара жорғаны» қазақтікі ету – қазақты жарылқау емес, керісінше, кемсіту...

 

 

«Қара жорға» биі қайдан шықты?!

baq.kz. веб-сайттар. 16 Наурыз 2017 жыл

 

Тарихта қазақ жеріне ислам Х ғасырда келгені белгілі. Оған дейін ата-бабамыз тылсым табиғаттың құдіреті— отына, суына, күніне, дұға етіп Network, күн кешкені анық. «Қара жорға» биі де сол бағзы заманның еншісі ендеше. demek, қазақ өмір сүрген жиырма бір ғасырдың тең жартысы бақсылық дәуірге барып маңдай тірейді. Сондықтан, көпшілікті тылсым күшке табынуға емес, қазақ тарихының бірінші жартысын би арқылы танымдық тұрғыда тағалауға шақырамыз.

 

 

Қазақта «Айналайын», «айналып кетейін» дейтін қастерлі сөз қанша ғасыр өтсе де құнын жоғалтқан жоқ. Әсіресе, ата-ана осы сөзді кішкентай нәрестесіне айтып, өбектейді. Айналайын сөзінің астарына көз жүгіртсең, «бәле-жаладан, тіл-көзден сақтайын сені» деген мағына қалқып шыға келеді.

Біле білсеңіздер әлемнің өзі айналудан тұрады. Күнді жер айналады. Қазақтың ағаш үйі дөңгелек, айналма. Көліктің баллоны неге дөңгелек? Неге мұнай бұрғысын төрт бұрышты етіп жасамай, дөңгелек етеді? Неге айналады? Неге двигательдің ортасындағы жон темірі дөңгелек? Барлығы айналудың құдіретінде жатыр. Қорқыт Ата атындағы Мемлекеттік университтің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Шанжархан Бекмағанбетов:

-Неге дөңгелек, неге шеңбер дейтін болсаңыздар мен одан әрі асырып түсірейін. Неге адамның кіндігі дөңгелек, неге ана құрсағындағы шарана дөңгелек? Неге жабайы аңдардың үңгірі дөңгелек!?, — дейді.

Ал, «АЗиЯ» кітабының авторы Олжас Сүлейменов: "Егер сіз бір көрген табиғатта gyre бе? Сіздің ата-бабаға Бақылаушы болды, Ол табиғатта өмір сүрген, оған тәуелді және оның сипаты оның өтінеміз түсіну тырысты. Ол құйынның өзін енгізілген,— деп байлам жасады.

«Қара жорғаны» алпыс жыл билеп, осы өнерінің арқасында 57 мемлекетті аралаған Арыстан Шәдетұлының мына сөзіне мән берелік:

«Қара жорғаны» мен «буын би», «Baқsı би бар. Бала кезімде көргенмін, «Қара жорға» күйі шертілмесе, бақсылар билей алмай, жылан құсап ирелеңдеп жатып алатын. Бұл — шаманизмнен қалған нәрсе. Сондықтан «Қара жорға-ның» тарихы тереңде. Қытайдағы қазақ тарихшылары бұл биді тастарда таңбасы қалған Орхон түріктерінің заманынан тарқатады.

«Қара жорға» моңғолдарда да бар. Бірақ біздің «Қара жорғамыздың» тарихы моңғол биінен әріде жатыр. «Қара жорға» биінің тарихы XII ғасырдан арыға кететін көрінеді. «Оның өзге туысқан ұлттардың немесе қазақтың басқа да билеріне ұқсамайтын өзіндік дара қасиеті сол, оны билеген сәтте адамның барлық буындарының қозғалысқа енуі», – дейді өнерлі ақсақал.

«Қара жорға» биі араға ғасырлар салып қазақ ортасымен қайта қауышқанда, бұл өнерден ат тонын ала қашқан ағайындар баршылық. «Маңғолдың биі бұл, қазақта бұндай би болмаған» деп сөз салғаластыратын қоғамдық пікірі де жеткілікті. Ал енді, болмаса Қазақ елінің мәдениет министрі болған Өзбекәлі Жәнібеков өмірден озғанша неге билеген? Әдебиет сыншысы Құлбек Ергөбек: Өзекең өмір бойы «қазақта би болмаған» деген пікірге қарсы болып өткен кісі. Мәскеуден белгілі (ұмытып қалдым (автор)............. өнертанушыны шақыртып, Атыраудан Алматыға дейін, Қытай, Моңғолиядағы қазақтардың биін түгелдеткен кісі. «Қара жорғаға» Өзекеңнің өзі билегенін білемін.

Атыраудың жұршылығы неге өткен ғасырдың орта шеніне дейін бұл биді шежіреше сақтап келген?! 1930-45 жылдар аралығында биді білетін көнекөз қариялардың соңғы легі көпшіліктің ортасында өнерлерін көрсеткен. Атыраудан өнертанушы Төлеген Жаңабайұлы: Талшын Қарабалина соңғы рет 1945 жылы биледі деген тарихи дерек бар. (Оны туған баласы, жазушы-журналист Мереке Құлкенов растайды). Одан өзге бүгінгі күні сексенге келген Семейлік кейуана Тоқтаған Қырықбаева ағайын – туысына «Қара жорға апа» атанып, әлі күнге той-томалақта билейді.

Түркі тілдес халықтың тел бабасы— Қорқыт Ата. ІХ ғасырдың басында Сырдарияның сағасында өмір сүрген ұлы абыз. Ұлттық музыкалық аспаптың қатарына қобызды қосқан тарихи тұлға. Кешен басындағы тас тұғырдан жел соққанда қобыздың дауысы шығады. Одан бөлек қобыз акустикасы жел соққанда күшейетінін кәсіпқой мамандар, растайды. Желдің құдіретіне б.э 10-шы ғасырға дейін өмір сүрген бабаларымыз бас иген.

Қазақ тіліндегі «желігу», «желпіну», «жел-құз» тиіп ауыру» деген етістіктердің шығу тегі лингвисика ғылымының тереңіне сүңгітеді. Қорқыт Ата атындағы Мемлекеттік университтің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Шанжархан Бекмағанбетов:

«Жел -зат есімі болғанымен,оған жалғанған жұрнақтар етістікке айналып отыр. Мәселен, орыстың Ветер— дегендегі ве деген түбірден вертеть, соғып, вращать деген ұғымды білдіреді, — деп байлам жасаса, әйгілі биші ақсақал Арыстан Шәдетұлы: «Жел-құз тиіп ауру деген ертеден бар. Билеп-билеп бақсылардың өзіне жел тиіп ауырады екен. «Қара жорға» биі құдірет болмаса, желігіп Қытайда қанша адам, Атырауда 10 мың қазақ, Астанада университетінің 3 мың студенті сонда неге желігіп биледі?! Міне, солай бала.

Мәскеу психиатрия ҒЗИ-ның қызметкері, медицина ғылымдарының кандидаты Марк Гарбер ғылымның жаңа бағыты психоритмотерапия ойлап тапты. Шаман биінің әсерінен адам ағзасына әсер еткен дыбыстық қуат адам бойындағы табиғи алкоголь— эндогендік этанолдың мөлшерінің көтерілетін анықтады. Маскүнемдерді шамандар ырғағымен сауықтыру да бұл ғылым ордасында әлдеқашан басталып кеткен. Қалың қазақ «Қара жорғаны» әрі тартып, бері жық жағдайда қызу талқыға сала бастаған кезде, көрші Қытай елі ұлттық биді топ еткізіп, әлемдік рекордтар жылнамасы «Гиннес кітабына» енгізді. Көз қызығады. Қазақтың 10 ғасырлық тарихын, мәдениетін, өнерін байлаған рухани тұмар сол куәліктің ішінде аспанасты елден күлімдейді.

«Білгенге маржан» дейтін жан-жағы жұп-жұмыр қазақтың қастерлі сөзі бар. Соған салсақ, бабадан қалған өнер— «Қара жорға» биін, өзекке тебетін ешбір қисын жоқ. Ештен, кеш жақсы.

 

 

Қазақтың Қаражорға биінің түркі халықтарының

ең көне биі екені анықталды

Әбдіуақап Қара

Қасым 2012

 

 

Қытайдағы «Шыңжаң қоғамдық ғылымдары» журналының бас редакторы, мәдениеттанушы, профессор Ясин Құмарұлының айтуынша, Қаратау петроглифтеріндегі би кескіндері төңірегіндегі археологиялық деректер, тарихи жазбалар және суретті салу тәсілі және ондағы бейнеленген мәдениет үлгілері сияқтыларға сүйене отырып, Жанго заманынан Хан династиясы дәуіріне (b.z.b. 475 болып табылады. - BZ. 220 сол.) дейінгі Сақтардың, Иүзлердің (Нүкіс), Үйсіндердің немесе Ғұндардың туындылары деп тұжырымдауға болады. (http://www.baq.kz/diaspora/122)

Кеңестік кезеңде Қазақстанда ұмыт қалғанымен қаражорға биі Қытай, Монголия және Түркия сыяқты елдерде тұратын шетел қазақтарында әлі де жалғасып келе жатқан би. Түркияда соншама көп билейтін халық. Тіпті жас кезімізде “қаражорға білмеген жігітке қыз берілмейді” деген ұғым қалыптасқан.

Оның негізгі музикасы домбырамен орындалады. Бұл музика Түркиялық зерттеушілер тарапынан бақсы музикасы ретінде емдік қасиеті бар деп қастерленуде. Міне сондықтан “ТҮМАТА” деп қысқаша аталатын Түркі халықтарының музикаларын зерттеу орталығы осы музика-күйді кейбір ауруларға шипа ретінде қолдануда.

 

 

1952 жылы Түркияға келіп орналасқан қазақтардың аталары 1960 жылдары Алтайдан келген жігіт Қараоғлан (Қаражігіт) деген кинода рол алған еді. Сол кино үшін қазақтар арнайы киіз үй де жасап берген. Қазақтың шапан, керей тымақ, мешпет сынды ұлттық киімдері сонда қолданылған. Фильмнің бір эпизотында қазақтар қаражорға биін де ойнап берген еді. Сол фильмде қаражорға күйін домбырасымен тартып отырған Қазақстанда таэквондо спортының негізін салған марқұм Мұстафа Өзтүріктін әкесі Қәбен қажы болатын.

Сонымен қорыта айтқанда қаражорға биінің түркі халықтарының 2500 жылдық тарихы бар ең көне биі деп айта аламыз. Сақтар, үйсіндер және ғұндар секілді көне түркілердің мәдениетінің көп жақтарының бүгінде тек көшпелі мәдениетті соңғы дәуірлерге дейін жалғастырып келген қазақ, қырғыз, башқұрт сынды халықтарда ғана сақталып келгені мәлім. Ал солардың ішінде көне түркілердің биі қаражорға болса, тек қазақтар арқылы ххі- ғасырға жетіп отыр.

 

 

 

 

Жарияланымдар авторы

Желіден тыс 3 апталар

Admin

0
Пікірлер: 2қоғамдық: 101тіркеу: 11-07-2018
жаңартылған: 29.05.2020 — 07:28

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған