«Қазағымның салт-дәстүрлері» (22)

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ» (22)

 

Құдалықтағы алыс-берістер туралы

 

Құрметті оқырмандар!

Осы бөлімнің бүгінгі парағында өткен жолы әңгіме етілген қазақ халқының «ҚҰДА ТҮСУ» салтын атқаруда бірге жүргізілетін «Бір шағын», КИІТ БЕРУ, «ҚҰДАЛЫҚ ҚОРЖЫНЫ», «ҚАЛЫҢ МАЛ», «ҚЫЗ ЖАСАУЫ», «АНА СҮТІ» сияқты алыс-берістік ғұрыптары туралы мақалалық және бейнелік жазбалар беріліп отыр. Танысыңдар!

 

КІРІСПЕ ОРНЫНА

Алдымен әдеттегідей тақырыптық әсем ән тыңдап алыңдар:

"Қазақ осы"

Сөзі: Қадыр Мырза Әлінікі

Әні: Ә.Телғозиевтікі

 

Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,

Дос келді деп, жасап жатыр анық той.

Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,

Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.

Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған,

Сүйетұғын қазақ осы, қараңдар.

Қазақ осы күй шығарып, ән салып,

Көкпар тартып, қыз қууға жаралған.

Қазақ осы— aytatұғın Бриз ірімшік,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы— аңғал-саңғал жабусыз,

Қазақ осы— ағыл-тегіл, көл-көсір.

Aikhai!

Қазақ осы— ағыл-тегіл, көл-көсір.

E-болып-ден астам!

Қазақ осы— дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы— «Өнер алды— тіл» дейтін.

Қазақ осы— қарасың ба, aqsың,

Qoңыrsың, жатырқауды білмейтін.

Қазақ осы— көргенінен танбайтын,

Той-думансыз оты түзу жанбайтын.

Қазақ осы— алудай-ақ алатын,

Ал беруден алдына жан салмайтын.

Қазақ осы— ашық жарқын қабағы,

Қонақ келсе шабылып бір қалады.

Байқа да тұр, саған да ол кетерде,

Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.

Aikhai!

Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.

E-болып-ден астам!

Қазақ осы— құда бол деп қинайтын,

Құдаларын құдайындай сыйлайтын.

Қазақ осы— Әлемдік және аң,

Оңды-солды шашу үшін жинайтын.

Қазақ осы— жайып жатқан қанатын,

Батыр халық, ақын халық— дәл аты.

Қазақ осы— өзімсінген адамға,

Насыбайға бола өкпелеп қалатын.

Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,

Дос келді деп, жасап жатыр анық той.

Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,

Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.

Aikhai!

Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.

* * *

Осы тақырыпты бөлімнің өткен парағында қазақ халқының жастарды үйлендірудегі «құда түсу» салты, оның түрлері мен ғұрыптық жолдары туралы әңгіме бастаған болатынбыз. Солардың әрқайсысында ұлтымыздың ағайынды сыйлау, бауырмашылдық, қонақжайлық сынды ерекше асыл қасиеттерін айқындайтын өзіндік кәделік мазмұнға ие алыс-берістік, сый-сияпаттық рәсімдері бірге сіңіскен. Ras, олардың талайының атаулары мен мазмұны ғана халық жадында сақталып, өздерінің қажеттілігі ескіргендіктен заман көшінде артта қалып жатты.

Солай десек те, әр уақыт кезеңдеріне сай, ауқымдық көлемдері мен бағалық құндылықтары ғана өзгере отырып, ал мән-мазмұндығы еш жоғалмай бүгіндері қолданыста барлары да жеткілікті. Солар туралы сөз жалғасады.

 

 

«Бір шағын»

Құдалықтың рәсімдік шараларын атқаруда, ең алдымен, басты кәделік сый тартуы ретінде «Бала» жүреді. Оның осылай аталуы мен қолданылуы қазақтың бұрынғы тұрмыстық тіршілігіне байланысты екені бәрімізге түсінікті. Атқарылар рәсімнің маңыздылығына және екі жақтық құдалардың ауқаттылықтарына қарай, «Жануарлар» қойдан бастап жылқы, тіпті түйеге дейін аталатын және жетектеліп әкелінетін. Олар қоңды, семіз, болуы тиіс болған, әйтпесе, орталарында сөзге қалып жатады.

Қазіргі кезде көбінесе «той малының» ақшалық баламасы қолданылады.

 

KYIT. «ҚҰДАЛЫҚ ҚОРЖЫНЫ».

Құдалықты атқаруда мүлтіксіз орындалатын кәделік рәсімдеріне киіттер мен қоржындық дүниелерді әкелу жатады.

Kyit құдаласу тойларында екі жақтың бір-бірімен берісіп-алысып жататын әртүрлі құндылықтағы кәделік сый-сияпаттар.

Kyit - бас киіт және аяқ киіт болып бөлінеді. Бас киіт әр кезде бас құдаға беріледі де, аяқ киіттер құдаларымен бірге келген туыстарының жасына, дәрежесіне, беделіне қарай жеке-жеке арнап дайындалады. Киіт кигізу қандай жағдайда болса да, мәселен, қызға “қалың мал” төленбесе де, не ол «көңілден шықпай» жатса да, міндетті саналған.

Дайындалған киіттер мен сый-сияпаттар құдалық қоржынына салынып әкелінеді. (Қоржын— заттар салатын матадан не теріден жасалған екі қалтасы бар үй бұйымы). Құдалыққа апарылатын қоржынның өзінің де сәнділігіне, матасының құндылығы мен сапасына, әдемі безендіруіліне үлкен мән беріліп, оны шебер адамдарға арнайы дайындатқан. Қоржынның сырты сақина, білезік, моншақтармен және оюлармен көмкеріледі. Қазіргі кезде де қоржынды тапсырма беріп жасатады, не сатып алады.

Бұрындары, әкелінетін қоржында қымбат киімдер, шапан, көйлектік киімдер ер-тоқым, жігіт жарақтары, Mata, әртүрлі бұйымдар болса, қазіргі таңда, бас құда мен қыздың әке-шешесіне кигізетін жағалы да бағалы киімдер және басқаларына арналған костюмдер, алтын бұйымдар, маталар, орамалдар салынады. Оларға әртүрлі сыйлықтар, әшекейлер, кептірілген жемістер, тəттілер, арақ-шарап қосылады және үй тұрмысына арналған жабдықтар аталады.

Қоржындағы заттардың ең үстіне қоржын аузын сөккен адамның сыбағасы ретінде жеке бір киімдік және басқа да маталар, орамалдар қойылады. Оларды құдалыққа қатысушы әйелдер «қыздарымызға жұғысты болсын» деген ырыммен таратысып алады. Қоржын тағамынан тойға жиылғандардың бәрі дәм татады.

 

Картинки по запросу құдалық

 

Кей жағдайларда, қыздың анасына делінетін «ана сүті» ақысы, осы киітпен бірге, жеке аталып, беріліп жатады.

Әкелінген киіттер мен «қоржындық» дүниелер ауқымы келген құданың ауқаттылығы мен мырзалығына байланысты болады. Күйеудің абыройы да осы кəделермен бағаланады. Алушылар жағы әкелген заттардың құндылығына өз «бағаларын» айтады.



ҚАЛЫҢ МАЛ

 

Қалың мал – екі жақтың құдаласу келісімінен кейін күйеу бала жағының

қалыңдығы отбасына беретін мал-мүліктік төлемі.

Бұл қазақтың көнеден бері маңызы мен ережелік мәні бұлжымаған, атқарылуы міндетті саналатын ұлттық дәстүрі. Алайда, өткен кеңес дәуірінде оны «қызды сатып алу» делініп, ескіліктің қалдығына саналды, тіпті, оны қолдануға тыйым да салып көрді.

Сондықтан да, бүгінгі ел үлкендеріне, әр ата-анаға жастарымыз мен кейінгі заман ұрпағының санасына қалыңмал беруді:

  • Қыз баланы аялап-мәпелеп өсірген, бөтен жұртқа болашақ келін етіп дайындаған ата-анасына арналған құрмет, сый-сияпаттық тарту;
  • Жаңа отау құрған екі жастың аяқтарына тұрып кетуіне, шаңырақтарының берік болуына, тату-тәтті өмір сүруіне көмектесу мақсатындағы алғашқы қаржылық көмек;
  • Екі жақ құдалары арасында өзара жақсы сыйластық қарым-қатынасты орнықтыруға бағытталған ұлттық дәстүр екенін терең ұғындырғаны қажет етіледі.

Яғни, қалыңмал түгелдей қыз үйінде қалмайды, ол негізінен, қалыңдықтың жасауына, жануарларға арналған мереке,, кәделі алыс-берістеріне жұмсалады.

Бұрындары қалыңмал есебіне шартты түрдегі қара малдардың саны мен бағалық өлшемдері негіз болған. Әркімнің шама-шарқына қарай, олардың орта төлемі саны бір жиырмадан бес жиырмаға дейін ірі қарадан (21-25 жылқыға) тұратын. Солардың ең қомақтысы «Бас жақсы» деп аталатын, оған мылтық, сауыт, бөрік, сәйгүлік, ұлық мал саналатын түйе кіретін. Олардың әрқайсысының құны бес ірі қара мен бағаланады. Одан кейінгілері «орта жақсы», «аяқ жақсы» делінетін бағалы кәделер боп жалғасады.

Бүгіндері қалыңмал мөлшері ақшалық түрде анықталып, оны қолма-қол ақшаман, не тұрмысқа қажет үй жабдықтары мен мүліктері, қымбат бағалы дүниелер берілуіне уағдаласып жатады. Олардың жалпы мөлшері мен құндылығы еліміздің әр өңірі-аймақтарында орныққан ерекшеліктеріне, құда болушылардың қоғамдық ортадағы дәреже-беделіне, отбасыларының ауқаттылығына, өзара қарым-қатынастарының жақындығына сай әрқалай бағаланады. Бұл жерде, тіпті, жігіт пен қалыңдықтың біліміне, мамандығы мен лауазымына дейін ескеріледі.

 

 

ҚЫЗ ЖАСАУЫ

Жасау – құдалардың екінші жағының ұзатылатын өз қыздарына арналып берілетін мал-мүліктік дүниелер.

Қазақтарда қызды ешқашан жасаусыз ұзатпаған, ол әр ата-ананың міндеті және борышы болып есептелген. «Жасаусыз қыз болмайды, жабдықсыз үй болмайды». Жасау — қыздың еншісі болғандықтан оған айырықша көңіл бөлінеді. Қыз шешесі келешекте ұзатылар қызының барған жерде абройлы болуы мақсатында оның тұрмыс-тіршілігіне қажет саналатын көрпе-төсектер, кілем және әшекей бұйымдары, және т.б.. заттарды, оның дүниеге келген кезінен бастап-ақ ойластырып, жинақтай бастайды. “Жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді” делінген

Жасауға берілетін мүлік түрлері заманның әр кезеңіне, әр өңірде орныққан дәстүрлік тәртіптерге сай жабдықталған. Жалпы қай кезде де болмасын, қыз жасауының, ең басты дүниесі— төсек-орын болған. Оларға аталып дайындалатын әдемі оюлы, сырылған маталық және қосымша құрақ көрпелер, жастықтар мен төсеніштер жатқызылады. Сандық жағынан келгенде олар 9-11, кем дегенде 7 санынан құралады.

Бұрындары оларға, ата-анасының жағдайлық мүмкіншіліктеріне қарай сәукеле, кілем, тұскиіз, текемет, үй құрал-жабдықтары, әшекейлі сыйлық бұйымдары қосылған. Олардың молды болуына және тыңғылықты дайындалуына жақын туыстары да қолдарынан келгенше көмектесетін. Ауқаттылар қызына жеке ақ отау тігіп, жанында, тойдың сойыс малдарын қосып аттандыратын.

 

 

Қазіргі кездегі қыз жасауы осы айтылған дүние-мүліктерден басқа, толық бір үйдің жиһаздық және тұрмыстық техникалық жабдықтарынан тұрады. Бүгіндері де оны қалыптастыруға жақын туыстары мен достары ақшалай немесе тұрмыстық заттар беріп үлестерін қосып жатады. Оюлы, сырылған көрпелер арнайы тапсырыспен тіккізіледі. Соның бәрін есептегенде, қыз жасауы кей жағдайда, жігіт жағынан келген қалыңмал мөлшерінен асып түсіп те жатады.

 

* * *

Бейнежазбалар

«Қыз жасауы»

«Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы

* * *

Астана телеарнасы


Құдалық сыйлықтардың ішінде орындалуы міндетті саналатын «жәнеЛу «, «сүтақы» (кей жерлерде ана сүті) беру және «жігіт түйе» (ата еңбегі) аталатын ғұрыптары тағы бар.

* * *

Ілу –күйеу жігіт қалыңдығына алғаш барғанда қыз отбасына әкеп беретін төлемі.

 

Екі жақтың құдаласу келісімінен кейін, күйеу бала алғаш рет қалыңдығы еліне аттанады. Ата-аналары құдаларына қымбатты сыйақы kәdelerіn – жылқы малдарын бірге айдатып жібереді. Байлар мен ауқаттылар үшін оның саны 30-70 аралығында болған. «Ілудің» құндылық көлемі молынан болса, ол кейін төленетін қалың малдан шегертіліп жатады. Бұл қыз жағының берген киітіне жауап та болып есептеледі. «Ілуге» барғанда сол жердің әйелдеріне таратылатын бағалы маталар қоса беріліп жібереді, Бұл кәде «жыртыс» деп аталады.

 

* * *

«Сүт ақы — күйеу жігіт тарапынан қыздың анасына тартылатын кәделі сыйлық».

 

Қызын әлдилеп, ақ сүтін беріп өсірген анасына деген үлкен ықыласы ретінде, келген құдалар осындай сый-сияпат көрсетіп, батасын алады. Бұрындары сүтақысының өлшемі 1-2 түйе немесе соның құнындағы малдар болған. Бүгінгі таңда, малдардың орнына ақша, мүліктік дүниелер, бағалы бұйымдар ұсынылады. Ол еліміздің әр аймағына байланысты ерекшеленеді. Бір жерлерде «ана сүті» ақысы «қалың малдың ішінде» жүрсе, біреуінде жеке ақшалай беріледі, тағы бір жақтарда «қалың малдың» өзі болып саналады.

 

* * *

«Жігіт түйе» — қыз әкесінің еңбегін бағалау ретінде күйеу баласы беретін сыйы.

 

Оған сол «түйемен» бірге, жағалы киім немесе қымбат бұйымдар, соңды- тұрман да қосылып жатады. Атасы риза болған жағдайда қол жайып, батасын береді.

 

Сөз етілген kyit пен қоржындық дүниелерді дайындауда, қалыңмал мен жасау беруге байланысты алыс-берістік салт ғұрыптарын атқаруда, мүмкін болар қаржылық шығындар, айтылып жатқандай, әркімнің өз тұрмыстық жағдайларына, дәулетінің шама-шарқына қарай белгіленеді және екі жақтың өзара ақылдасуымен, ортақтаса келісуімен де шешіліп жатады. "Екі бай құда болса— арасында жорға жүреді, Екі жарлы құда болса— арасында дорба жүреді, Бай мен жарлы құда болса— айырылыса алмай зорға жүреді. " делінеді.

Негізінде, бұл істе екі жақ бір-бірін тым қыйнамағаны оңды саналады, мәдениеттілік, қанағаттылық сияқты адами қасиеттер алға шығуы тиіс. Басты назарда, жас үйленген жастардың алдағы тұрмыстағы өмірінде қиыншылықтардың аз болуы, олар ешкімге кіріптар болмай, аяқтарын тұрып кетуі тұруы керек.

Солай десек те, өмір болған соң, кей кездерде құдалардың ауқатты жағы өздерінің байлығы мен қоғамдағы дәрежесін, дәулеті мен мырзалығын айшықтау мақсатында артып түсуге ынталы болады да, жастарға жеке үй, қалада пәтер, автокөлік сияқты аса құнды дүниелерді арнайы сыйлап жатады. Ондай әркімнің өз ауқаты мүмкіншіліктеріне сай жасалғандықтан, еш сөкет саналмайды, керісінше оңдылық жағынан бағаланады, Алайда, кейбір байшікештер тарапынан ол мақтанудың, масаттанудың, асқан-тасқандықтың көрінісі болып көзге ұрып тұрады. Оның өкініштісі сол, қарсы құдалары олардан кемшін болмауға, ұялмауға барынша тырысып бағып, «тыраштанып» қалады.

Ал негізі, қалыңмал төлеу, жасау беру, той атқару мәселелерінің дұрыс шешілуі, құдалар арасында сыйластық қарым-қатынасының орнауына және екі жастың келешек отбасылық өмірлерінің жарасымдылығына айтарлықтай сеп болады. Ендігі жерде де өнегесі зор осындай ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпаққа барынша жеткізе білгеніміз жөн.

* * *

Жалғасы болады. Келесі жолы «Қыз ұзату» салты әңгіме етіледі

 

 

 

Жарияланымдар авторы

Желіден тыс 1 ай

Admin

0
Пікірлер: 2қоғамдық: 104тіркеу: 11-07-2018
жаңартылған: 05.11.2019 — 16:25

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған