«Қазағымның салт-дәстүрлері» (20)

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ» (20)

«ҚЫЗ АЙТТЫРУ»

 

Құрметті оқырмандар!

Сайтым бөліміндегі бүгінгі, кезекті әңгіме тақырыбы қазақ халқының бала үйлендіру салт-дәстүрлерінің ішіндегі алғашқы ретте атқарылатын ғұрыптарының бірі – «Қыз айттыруға» арналды. Осы дәстүр туралы энциклопедиялық мәліметтер және тақырыптық бейнежазбамен танысасыңдар.

 

Сонымен бірге, сайтымның осы бөлімі тақырыбы мен таяуда ғана дайындап, сайт оқырмандарына ұсынған «ТАЛ БЕСІКТЕН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІН» атты электронды кітабыммен мазмұндас болғандықтан, белгілі тележурналист Нұртілеу ИМАНҒАЛИҰЛЫНЫҢ «Бай-қуатты болайық» деген авторлық бағдарламасының таяу күндерде ғана қонағы болған, қазақ елінің аяулы аналарының бірі, жазушы, ұлтымыздың өнегелі салт-дәстүрлерін талмай насихаттап жүрген Зейнеп АХМЕТОВА апамызбен жұргізген сұхбат-әңгімесін қоса беріп отырмын. Мұнымен «иісі қазақ» әр азаматтың танысқаны жөн болады! Қабыл алыңдар!

 

БАҒДАРЛАМА ҚОНАҒЫ— ЗЕЙНЕП АХМЕТОВА

Нұртілеу ИМАНҒАЛИҰЛЫ

«Бай-қуатты болайық» бағдарламасы

«Жетісу» телеарнасы

 

 

КІТАППЕН ТАНЫСЫҢДАР!

Таяуда ғана дайындалған және оқырмандарға ұсынылған «ТАЛ БЕСІКТЕН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІН» атты электронды кітабымда Зейнеп АХМЕТОВА апамыздың қазағымыздың салт-дәстүрлері туралы айтқандарының біразы пайдаланылған еді. ...

Соған орай, егер бұған дейін бұл кітаппен таныспаған болсаңдар, онда оның шығарылу мақсаты мен мазмұны көрсетілген жазбаларды, мына сілтеме арқылы оқи аласыңдар: HTTP://bit.ly/33wETe1

Одан ары, кітапқа қызығушылық туып, алып оқығыларың келсе, осы сайт немесе әлеуметтік желілер арқылы хабарласыңдар!

 

 

ҚЫЗ АЙТТЫРУ

Мәліметтер «Уикипедия — ашық энциклопедиясынан» алынды.

 

«Қыз айттырудың мұндай тәртібі Есім деген ханның бұйрығы бойынша орнаған көрінеді»

(с. Алтынсарин)

«Қыз айттыру» — дәстүр. Әр ата-ана өз ұлының болашақ қалыңдығын ерте ойластырады, өзінің теңін іздейді. «Анасын көріп қызын ал» деген қағиданы қатаң ұстайды. Яғни, болашақ құдасын орынды жерден, жақсы кісілерден, аталы, іргелі ауылдан қарайды. Түқымында, тегінде ауруы бар отбасының қыздарына сөз салмайды. Лайықты деген адамдарына әдейі барып, балаларының болашағы туралы әңгіме қозғайды, өздерінің құда болу ниетін білдіреді. Мұны «қыз айттыру» дейді.

Бұл жолдың да түрлі ереже, тәртіптері бар. Егер балалар (ұл, қыз) жас болса, тіпті іште жатса да ерте келіп сөз байласады. Мұндай адамдар көбіне бірін-бірі жақсы білетін, өте сыйлы, дос кісілер арасында болады. Олар алдымен іште жатқан балаларын бір-біріне (әрине бірі ұл, бірі қыз болса) қосу туралы келіседі. «Атастыру» деген осы. Мұны «бел құда» дейді. Бесікте жатқан балаларды атастырса «бесік құда» дейді. Кейде қыз алған құда енді сол үйге өз қызға беретін болса, мұны «қарсы құда» дейді. Бұрын құда болған кісілер қүдалықты тағы жалғастыратын болса, F «сүйек жаңғырту» деп атайды. Қыз бойжеткен, ұл ержеткен жағдайда екі жасты қосу «құда түсу» арқылы жасалады.

Қазақтың ертеден белгіленген заңы бойынша жеті атадан бері қыз алыспайды. Некелік ережеде әйел күйеуден 8 жас, еркек әйелден 25 жас үлкен болса, қосылуға рұқсат етілмейді. Әрине әмеңгерлік жолда бұл шектеуге қарамайтын жайлар да бола береді. «Қыз айттыру», баталасу жас отаудың беріктігін, сенім мен сыйластықтың негізін қалайды[1]

Дереккөздер: Қазақтың салт-дәстүрлері

* * *

«сезімтал — дәстүрлі ортада неке салтында үлкен мәнді ғұрып. Жігіт жағының құда түспек ниеттерін білдіріп, қыздың ата-анасына, жақын туыстарына сөз салуы».

Жасынан атастырылған қызы жоқ ұлдың ер жеткен соң оны аяқтандырғысы келген ата-анасы баласы мен туысқандырымен ақылдаса отырып, келін болуға лайықты қыз қарастырады. Ежелгі қалыптасқан дәстүр бойынша ұл баланың 3-10 жасы аралығында қыздың қолы бастайды. Болашақ калыңдықты таңдауда екеуінің жас айырмашылығы бес немесе одан көп болуы мүмкін. Яғни жас алшақтығына қарамайды, қалыңдықты әкесінің байлығы мен жағдайына байланысты да таңдайды. Алайда, мұны ұлдың әкесі өзінің материалдық жағдайын жөндеу үшін байлықты көксегендігі деп түсінбеу керек, тек екі жақтың тең болуын қалағандықтан қалыптасқан үрдіс.

Жігіт әкесі өзіне терезесі тең деп санаған үйдің қызының басының бостығын білсе, арнайы адам жібереді немесе өзі барады. Қызын көруге келген адамға қыздың шешесі: «Қызды кім айттырмайды, қымызды кім ішпейді, қызымның басы бос» деген ниетін естіген соң ғана сезімтал қамы жасалынады. Ежелгі салт бойынша, айттырар алдында жігітке қыздың, қызға жігіттің атын ататқан. «сезімтал» сөзі осыған байланысты шыққан болса керек. Қызды айттыруға туыстарымен ақылдасқан күйеу жігіт жағы қалыңдық ауылына жон-жосықты жақсы білетін, сөзге шешен, әзіл-қалжыңға епті жаушы адам аттандырады.

Ол жағымды хабар әкелсе, жігіт жағының туыстары кеңес құрып, құдалық туралы келісуге және қалыңмалдың мөлшерін білуге нақты кімді жіберу қажеттігін анықтап алады. Әдетте, оған күйеужігіттің әкесінің өзі белгіленеді немесе өзінің атынан сенімді ақсақалды нөкерлерімен жібереді. Олар қалыңдық тұратын ауылға келген соң, басқа бір үйге тоқтайды. Ертесіне, келген кісілердің біреуі өздерінің келу мақсатын жеткізу үшін қалыңдықтың әкесінің үйіне барады. Егер қыз әкесі өзінің қызын беруге келіссе, онда ол оған өзінің сапарлас жолдастарын осында шақыруын айтады. Қалыңдықтың әкесі қонақтарын төрге отырғызып, әр нәрсені әңгімелей отырып, соңында өз қызы үшін жігіт жағынан алғысы келетін малдың санын айтады; әдетте, байлар алпыс-жетпіске дейін, тіпті, одан да көп мал санын сұрайды. Бұл төлем халық арасында қалыңмал деп аталады. Қалыңмалға негізі жылқы, түйе мен ірі қара тағайындалады.

интуитивті taisnotāji түркі тектес халықтарға ертеден ортақ үрдіс, ғұрып болғандығы деректерде сақталған. Айттырудан кейін жастардың некелесуіне дейінгі аралық мүмкіндігінше көп уақытқа созылғанын жөн көрген. Өйткені, бұл аралықта түрлі-түрлі қызықтар өтеді: екі жақтың бір-біріне сыйлықтар жасауы, тойға әзірлік, ол; екі жастың өмір бойы естерінде қалатын алғашқы кездесулері деген сияқты. Ата-анасы қызының тұрмыс құруына дейін оның үй шаруасына жәрдемдесуін және өз қалауынша еркін өмір сүргенін қалайды. Неғұрлым осы уақыт ұзаққа созылған сайын, соғұрлым қыздың әке-шешесі, әсіресе, шешесі риза болады. Айттырылған қыз белгілі бір жасқа келгенде, салт бойынша кәмелетке толғанда, яғни он үш жасында, күйеу жігіттің әкесі не өзі қалың малдың бір бөлігін, жартысын немесе 2/3 бөлігін төлеген кезде, әкесі қызын ұзатқан. Егер қыз жағы уағдасында тұрмаса, қыздың ата-аналары жігітке қалың малды қайтарып, салт-дәстүр бойынша, түйе бастатқан тоғыздан айыппұл төлеген.

1868 жылы қабылданган «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарына бағынышты далалық облыстарды басқару жөніндегі Уақытша Ереже» бойынша, қазақ қыздарына, өз қалауы болмаса, бұрыннан айттырылып қойған күйеу жігіттеріне шықпауға ерік берілген және 16 жасқа толмаған қызды ұзатуға тыйым салынған. Алайда, бастапқыда бұл заңды жасырып, 16-ға тола қоймаған қыздың тұрмысқа шыққанын кейін жұртшылыққа жария еткен.

Дәстүрлі қазақы ортада, көбінесе, жігіттің әкесі сыйлас көңіл жетер адамдардың қызы болса, ата-анасымен келісіп өзара сөз байласқан. Үйдің төріне қамшысын іліп, құдалықтың басы осы болсын» деп бір жорға ат байлайды немесе «қызыңа тақақн үкіміз» деп үкі тағар, кей жерлерде «қызға таққан сырғамыз» деп сырға салар ырымын жасайды.

Айттырудың ертедегі тағы бір мағынасы біреудің жолына құрбандыққа арналған мал дегенге саяды. Ол ғұрып ақсарбас атау ғұрпы түрінде сақталған.[1]

Дереккөздер. 1. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. энциклопедия. Алматы: DPS, 2011. — ISBN 978-601-7026-17-2

 

ҚАЗАҚТЫҢ АЙТТЫРУ ЖӘНЕ АТАСТЫРУ САЛТ-ДӘСТҮРІ

Dinislam.Kz

 

Жарияланымдар авторы

Желіден тыс 1 ай

Admin

0
Пікірлер: 2қоғамдық: 104тіркеу: 11-07-2018
жаңартылған: 05.11.2019 — 17:01

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған