«Қазағымның салт-дәстүрлері» (15)

 

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ» (15)

 

СҮЙІНШІ. КӨРІМДІК ПЕН БАЙҒАЗЫ. WАШУ.

 

Қазіргі уақытта алыс-жақындағы өзге елдердің көпшілігі қазақ халқының ерекше қонақжай, ақкөңіл, меймандос екенін танып–біліп қалды деуге болады. Соған қоса, дана халқымыз бойында қалыптасқан ағайын-туғандары, дос жарандарының қайғылы жайларын ортақтасып атқаратын, қуаныштарын бірге бөлісе тойлайтын қасиеттері де ұлттық сипатқа ие. Жақсылық хабарды жарыла күтетін, қуанышты бөлісуде кәделік сый-сияпаттарын аямайтын адами құндылықтар да бойына әбден сіңіскен. Оның жарқын көрінісін ежелден қалыптасқан, осы күнге дейін үзілмей келе жатқан сүйінші, көрімдік пен байғазы беру және шашу шашу сияқты дәстүрлік ғұрыптары арқылы жақсы байқауға болады. Бүгінгі мақалада солар туралы танымдық мағлұматтар мен бейнежазба беріліп отыр. Танысыңдар!

 

Сүйінші

 

«Сүйінші» – қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық«. Қазақ елінің бұл дәстүрі, адамның туған кезінен бастап өмірі бойында орын алар жақсылықтары мен қуаныштарының алғашқы жаршысы, той-мерекелерінің алғы шарты болып табылады.

 

 

Қазақтың әр үлкенді-кішісі аса мәнді жақсылық хабарларды, жаңалықтарды, қуанышты сәттерді әрқашанда елеңдей тосып, жұртымен бөлісуге дайын тұрады. Оларға, мысал ретінде, дүниеге сәбидің келуі, баланың мектепке баруы, оқу орнын бітіру, қызметте өсу, жоғары атаққа, үлкен марапаттарға ие болуы, келін түсуі, алыстағы көптен сағынған адамның келуі, жоғалған малдарының, қымбат дүниелерінің табылуы, солар сияқты өмірде болып жататын т.б. көптеген қуаныштарды нағыз сүйінші дәмететін жаңалықтарға жатқызуға болады. Оларға әркімнің өз ортасындағы, қоғамдағы, жаппай елді қуантатын жағдайларды қосыңыз.

Бұл дәстүрлік ғұрып, сондай қуанышты жайттарды алғаш жеткізуші адамның «сүйінші-сүйінші» деген дауыстап келіп, хабар беруінен басталады. Мұндайда ауқаттылар мен атымтай жомарттары ат мінгізіп, -Even шапағат, басқалары «қалағаныңды ал» деп, хабар әкелуші риза болатындай ақша, бағалы заттар ұсынады, не оның өзі қалаған сыйлығын береді. Сүйіншінің құны айтылған хабардың маңыздылығына қарай бағаланып жатады. Оны сұрау да, алу да еш әбестікке саналмайды. Сіз айта қажет,, бұрындары сүйінші берілмеген жағдайда, не хабарлаушы қалағанын ала алмаса, басқа бір құнды зат-бұйымдарды былай-ақ алып кете беретін болған. Тіпті, қазақта сүйінші кәдені алмаған жағдайда, биге жүгінуге де құқылы болған.

Қалай дегенде де, халқымыздың сүйіншілік дәстүрі ағайын-туыстар арасын одан ары жақындатып біріктіру, қуаныштарға өзара ортақтасу, бірге бөлісу мақсатында қалыптасқан ерекше мәнді де сәнді жоралғы. Күні бүгін де дәстүрдің жас ұрпақтың санасында лайықты орнын тауып, салтанатпен жалғасып жатқаны үлкен ұлттық құндылығымыз.

 

Шашу

 

 

Шашу шашу — қазағымыздың ертеден бергі және бүгіндер де бар, адами қуаныштарды бөлісуге орайластырылып атқарылатын тағы бір әдемі, көңілді және салтанатты дәстүрмен. Ол өзімізға ғана тән, ізгі ниетті, ақ тілекті білдіретін ерекше ұлттық ғұрып.

Өйткені, қазақтың қай шаңырағында болмасын орын алған әр қуанышты сәттері, жақсылықты күндері, тойлары және басқа да ортақ мерекелік шаралардың барлығы шашу шашусыз өтпейді. Қазақ нанымында ол жақсылық пен қуаныштар жиналған қауымға, басқаларға да жұғысты болсын деген мән-мағынаға ие ырымдар.

Шашуды ақ жаулықты әже- аналарымыз, жасы үлкен әйел адамдар атқарды. Олар ізгі тілектерін дауыстап айта отырып, ыдыстарға молынан салынған тәттілерді, құрт-ірімшіктерді елге қаратып шашады. Кей мезеттерде күміс теңгелер де шашылады. Оларды қуанышқа жиналған үлкенді- кішілер таласа–тармасып теріп алады. Ырым қылып балаларына апарып береді.

 

 

Көрімдік пен Байғазы

Көрімдік деп отбасы тұрмысында орын алған аса қуанышты жайттарда, жаңа бір дүниелерді алғанда, белгілі бір жетістіктерге қол жеткізгенде ағайын-туыс, дос-жолдастарының беретін кәделік сыйларын атайды. Сүйінші сияқты, көрімдікті сұрау да сөкет саналмайды, оған қысылып, ұялуға болмайды. Өйткені ол туыс-жақындар арасындағы жақсы, үлгілі қарым-қатынастың, адами сыйластықтың, жомарттықтың белгісі ретінде қабылданады.

 

 

Байғазы - қазақ салтында көрімдік берумен қатар аталатын тұрмыс-салт қағидасы, ғұрып. Ол, негізінен отбасы үлкендерінің, туыс-жақындардың кішілерге, балаларға, бойжеткен қыздар мен бозбалаларға беретін сыйлығы болып келеді.

 

 

Жасөспірім балалар, көбінесе, жаңа киім кигенде, жаңа заттар, бұйымдар алғанда сол үлкендерден байғазы сұрай алады. Қазақ салтында баланың меселін еш қайтармайды. Керісінше, оларға қуаныш сыйлау, мақтанышқа бөленуі үшін ізгі тілектерін айтып, ақшалай немесе заттай сыйлықтар береді. Сол мезетте, өздерінде ештеңе болмай қалса, қолына тәттілер ұстатып, «байғазың мойнымда» деп, уәдесін білдіреді. Кейіннен міндетті түрде қомақты сыйлықтарын беретін болған.

Байғазы сыйлығын алу (беру) балалардың көңілін серпілтіп, мерейін өсіреді, отбасындағы үйлесімділікті, адамдар арасындағы сыйластықты арттырады.

Өмірде көрімдік пен байғазы қатар қолданылады. Алайда, түр-сипаттары ұқсас болғаынымен, өзара айырмашылықтары да бар. Олар қуаныштың сипаттарына байланысты. Көрімдік, негізінен адам өміріндегі оқиғаларғаға қатысты беріліп жатса, байғазы көбінесе жаңадан алынған заттарға, жансыз дүниелерге қатысты аталады

 

Байғазы мен көрімдіктің айырмашылығы неде?

Dinislam.Kz

 

* * *

Сонымен, жоғарыда әңгіме қылған қазақтың ұлттық ғұрыптарының себептері мен орындалуы сипаттары әртүрлі болғанымен, мағынасы — әр қуанышты көпшілікке жария ету, ортақтаса бөлісу және өзара жұғысты болуына ниет ету, ағайын-туыс, дос-жарандар арасындағы татулық пен бірлікке дәнекер болу дегенге келіп саяды. Осындай дана дәстүрлеріміздің ары қарай да мән-маңызын жоғалмауы, жандануы, келер ұрпаққа қызмет етуі бәрімізге ортақ маңызды шаруа.

 

Жарияланымдар авторы

Желіден тыс 4 апталар

Admin

0
Пікірлер: 2қоғамдық: 104тіркеу: 11-07-2018
жаңартылған: 13.09.2019 — 08:26

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған