«Қазағымның салт-дәстүрлері» (12)

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ» (12)

«СҮНДЕТТЕУ». CҮНДЕТ ТОЙЫ.

 

Құрметті оқырман!

Сайтымдағы қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері туралы жүйелі түрде беріліп жатқан жарияланымдар, бұл жолы ұл балалар үшін міндетті және аса қажетті саналаты СҮНДЕТКЕ ОТЫРҒЫЗУ дәстүрі туралы баяндалған танымдық жазбалармен жалғасып отыр.

Оларда СҮНДЕТКЕ ОТЫРҒЫЗУДЫҢ ғұрпы мен тарихы, пайдалылығы, тәсілдері және соған орайластырылатын СҮНДЕТ ТОЙЫНЫҢ бұрындары мен қазіргі кездегі атқарылуы жайы айтылады. Танысыңдар!

 

 

Алдыменен, әдеттегідей тақырып бойынша әдемі ән тыңдап алайық!

Сүндет той (аудио)

Айдар Тұрғанбек.

Agugai, 15 шілде 2019 жыл.

 

 

 

Сүндетке отырғызу

С.СЕРПЕРБАЕВ

Ғаламтордағы жарияланымдардан жинақталып реттелген.

Ғұрпы мен тарихы

Сүндетке отырғызу - ислам дініндегі ер баланың зәр шығару мүшесінің ұшындағы тері бөлшегін кесу арқылы алып тастау ғұрпы. Оны медицина ғылымында «Сүндеттеу» (лат. Circumcisio – дөңгелете кесу) деп атайды. Сүндетке отырғызу – тазалықтың, пәктіктің, мұсылмандықтың белгісі. Иісі мұсылман үшін ұлдарын сүндеттеу— үлкен сауап болып саналады. Бала үшін ол – оның азаматтық өмірге алғашқы қадам басуымен тең.

Сүндетке отыру дәстүрі тым тереңнен басталады, ол – адамзат жаратылысымен бірге астасып жатқан сипаттардың бірі. Бұл дәстүр – Ибраһим пайғамбардан (ғ.s.) бері келе жатқан ханифи дінінің рәмізі. Деректерде басқа да пайғамбарлар сүндетке отырып, дәстүрге айналдырғаны айтылады.

Мұсылман дінінің пайда болуымен, сүндет Мұхаммед пайғамбардың (s.ғ.s.) сүннеті саналған. Сондықтан да, ол Ислам дінінде, мұсылман халықтарында ерекше діни мәнге ие болды. Сүндет әуел бастан араб халқының әдет-ғұрпы болатын. Ғылымда оның біздің заманымызға дейінгі 2500 жылдары ежелгі Мысыр елінде кең қолданғаны дәлелденеді. Оның басты айғағы ретінде, Каир мұражайында сақталған сүндеттелген перғауын бейнесі мен ересектеу екі баланы сүндетке отырғызу рәсімі көрсетілген папирус суреттері көрсетіледі.

Қазақ халқы үшін де сүндет дәстүрі сол мұсылман дінімен, ислам сенімімен байланыстырылады. Одан ары, ол ата-бабаларымыздық ұлттық әдет-ғұрпына да айналған.

 

Сүндеттеудің пайдасы

Ұзақ жылдық медициналық зерттеулік жұмыстары нәтижесінде сүндетке отырғызу әр адамның денсаулығына, тән мен жанының тазалығына, ұрпағының өсіп өнуіне аса пайдалы екені жан-жақты дәлелденген:

  • Сүндеттелген ерлер сүндеттелмегендерге қарағанда, жыныстық қатерлі ісікке (қатерлі ісік) анағұрлым аз шалдығады.

Мәселен, балалардың 10-30 пайызы ғана сүндеттелетін Кения, Замбия сияқты елдерде жыныстық жұқпалы ауруға шалдыққандар жергілікті тұрғындардың төрттен бірін құраған.

Ал, әр бала сүндеттелетін Бенин және Камерун секілді Африка елдерінде жұқпалы ауруларға шалдыққандар 6 пайыздан аспаған;

  • 2000 жылы Американың медициналық ассоциациясы сүндеттеудің несеп қуық жолдарында кездесетін қатерлі, жұқпалы аурулардан, инфекциядан қорғайтындығын мәлімдеді. Бұл аурулар қаупі сүндеттелмегендерде 8 есе жоғары көрінеді;
  • Австриялық зерттеуші ғалымдар үлкен жаңалық (таң қаларлық оқиға) ретінде СПИД-ке шалдыққан ер кісілердің басым көпшілігінің сүндеттелмегендер екендігін дәлелдеді. Өйткені, СПИД вирусы ең әуелі жыныс мүшесінің ұш қабатын зақымдайтын көрінеді. Егер ол тұс микрозақым алса, қаупі жоғары, қабынуы өте тез боладыі екен;
  • Ері сүндеттелмеген әйелдерде жатыр мойыншағының қатерлі ісікке шалдығу қаупі 6 есе жоғары болады;
  • Сексопатологтар да сүндеттелудің қажеттілігін мойындауда. Жыныстық жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі сүндеттелмегендерде 8 есе жоғары. Гигиеналық тұрғыдан сүндет жасату bakteriyalogiyalyқ, stafilokk (іріңді микроб), ар (жыныстық жіңішке ауруы) аурулары микробтарынан таза болуды қамтамасыз етеді. Оған қоса, смегмалардың (қорғаушы ақ түйіршектер) қабынып, жараға айналмауында үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ, fimoz (жыныс үрпісінің жиырылып ашылмай қалуы), paraphimosis, гарднереллезный, баланопостит кеселдерінің алдын алады.

* * *

Осы тұрғыдан келгенде, соңғы статистикалық мәліметтер бойынша дүниежүзі бойынша ер адамдардың алтыдан бір бөлігі сүндетке отырады екен. Солтүстік Америкада профилактикалық әрі гигиеналық мақсатта жас балалардың 90 пайызы сүндеттеледі. Әлем тұрғындарының 1,5 миллиардын құрап отырған мұсылмандарды былай қойғанда, Канада, Аустралия, Жаңа Зеландия, Англия секілді бірқатар мемлекеттерде баланы сүндетке отырғызу бүгінгі күні қалыпты үрдіске айналған.

Сүндеттеу тәсілдері

Cүндеттеу тәсілдері мен оған қажетті құрал— саймандардың ғасырлар бойы әр кезеңдер талабына сай өзгеріп отырған. Nегізгі тәсілдер төмендегідей болып келеді:

  • «Дәстүрлі әдіс». Бұл ықылым заманнан келе жатқан баланы дін мамандарының, молдалардың сүндеттеуі. Онда өткір ұстарамен теріні кесіп, жараға таза күлді кесемен төңкеріп тастап, қанды тез тоқтату амалдары жасала­ды. Содан соң, сүндеттелген балаға жара толығымен жазылғанша кең әрі ұзын «сүндетжейде», «сүндеткөрпе» кигізетін болған.

 

 

Келесі тәсілдер медицина мамандарымен атқарылады

  • «Классикалық немесе еркін әдіс». Хирургтардың дәрілер арқылы жергілікті жансыздандырып, арнайы аспаппен сүндетке отырғызуы және тамырларды тігіп тастау әдісі. Бұл жерде, кей кездерде аллергиялық реакция мүмкін болуынан басқа, айтарлықтай асқыну жоқ.
  • Арнайы құралдар арқылы сүндеттеу. Мұнда соңғы жылдары оған ойлап табылған «Gomco Clamp» пен «PlastiBell» деп аталатын «қоңырау тәрізді» қыстырма құралдар пайдалынылады. Бірақ, балаға бір апта бойы тағылып, терінің өз бетінше түсіп қалуын қамтамасыз ететін олар аса тиімді деп саналмайды.
  • Электркоагулятор құралымен жасалатын тәсіл. Жалпақ тілмен «лазермен» деп те айтылады. Құрал арқылы терінің артық бөлігін кесіп, оны сол заматта күйдіріп, қанын лезде тоқтатады. Бұл тәсілдің артықшылықтары ретінде сүндеттеу уақытының үнемделуі, қан көп шығармайтыны және тігісі аз болатыны айтылады. Тек отадан кейін сүндетке отырған баланың денесін таза ұстап, шыбығының қажалмауы, іріңдеп кетуден, инфекция түсуден қатты сақтану қажет етіледі. Бұл тәсілді негізінен түрік дәрігерлері қолданады.

 

 

  • 1989 жылы АҚШ-тың педиатрлық академиясы жаңа туған нәрестелерге арналған ауыртпайтын әрі қауіпсіз дәрі табылғандығын ресми мәлімдеді.

 

Сүндеттеу

Әрбір ата-ана баласын сүндетке отырғызбас бұрын, ол алдын ала психологиялық тұрғыдан дайындауы дұрыс саналады. «Сүндетке отырғаннан кейін ғана нағыз жігіт боласың» деген әңгімелерге «құлақ құрышы қанған» бала оған іштей дайын болып жүреді.

Біздің қазақ халқында баланы сүндетке отырғызу киелі саналатын тақ санды жас жылдары (3, 5, 7) атқарылады. тым кезде, ұл баланың балиғатқа толатын 13 жасынан кешіктіруге болмайды.

 

Бұрындары қалыптасқан салт бойынша баланы сүндетке ауыл молдасы отырғызатын, оған сәтті күн ретінде сәрсенбі таңдалады. Сүндеттеу алдында баланың көңілін аулайтын түрлі хикаялар, күлдіргі әңгімелер айтып, оны төсекке жатқызады. Молда бала «шүметайының» артық терісін қаз майымен әбден уқалап, жанын кетіреді де кесіп жібереді. Бала оны аңғармай да қалады. Одан кейін ұнның кебегін не таза күл сеуіп, қанын тоқтатады да, үстіне кесе төңкереді. Одан кейін, жоғарыда айтылғандай, балаға жарасы қажалып, қанамас үшін етегі кең, әрі ұзын көйлек кигізеді.

 

Ал медициналық тұрғыда, керісінше, баланың жасына емес, оның неғұрлым ертерек сүндеттелуіне үлкен мән беріледі. Бүгінгі таңда залалсыздандыруға қолданылатын арнайы медициналық аппараттар жеткілікті. Егер ата-анасы рұқсат берсе, бала туыла салысымен, емес 7-10 күн ішінде сүндетке отырғызуға да болады. Жас сәби ауырсынуды сезінбей де қалады, жарасы да тез жазылады.

Ал 7-8 жастан асқан баланың қан тамырлары үлкейгендіктен сүндеттен кейін қан тоқтауы қиынға түседі, әрі оның жазылуы ұзаққа созылады. Сондықтан да, бүгінгі таңда әрбір ата-ана баласын сүндетке неғұрлым ертерек, таза санитарлық, инфек­циядан аулақ және дәрігер бақылауында болатын емханада отырғызғаны дұрыс саналады.

Халқымыз сүндетті жасаушы адамды ерекше құрметтейді, оларға сый-сияпатын жасайды. Бала сүндетке отырғызылған соң көрші-қолаңға қонақасы беріліп, құран оқытылады. Кейбірі сүндет тойын өткізеді ...

 

Сүндет той

 

Қазақ халқы бала өмірге келген кезден бастап жасалатын «шілдехана», «бесік» тойларымен бірге, келесі «сүндет тойына» ерекше мән беріп, оны өзіндік жөн-жоралғыларымен, сән-салтанатымен атап өтуді ұлттық дәстүрге айналдырған. «Ашамайлы атқа міндің, Мұсылмандық таққа міндің, Сүндетке отырғаның — иманды болғаның, Тойын той­лап, думанды болғаның. Ер азамат атандың» деп баланың дәрежесін көтеріп, қуанышын тойлайды.

Мұндайда бай-қуатты адамдар ат шаптырып, көкпар тартқан, балуан күрестіріп ұлан-асыр той жасайтын болған. Сүндет тойында бала үлкен сыйға, ерекше құрметке ие болған.

 

Бұрындары, дәстүр бойынша сүндет тойға қонақтарды баланың өзі шақыратын болған. Осы күні оған бастан-аяқ жаңа киім кигізіліп, екі иығына үкі қадалатын. Баланы ашамайлы тайына мінгізген, оған қоржын салып, тәтті тағамдармен толтырған. Содан кейін қасына сәнді киінген 1-2 дос баласын ілестіріп, ағайын-туғанға қуанышын жеткізуге ауылдары аралайтын, тойға хабар айтатын. Тойға шақырылған ағайын қоржынынан дәм татады. Өз кезегінде, олар тойына шақырып келген балаға шашу шашып, «сүндет жеңіл болсын деген ырыммен» атының жалына орамал, түсті матадан шүберек байлап, қоржынына тәтті салған. Сыйлықтарын да беріп жіберетін. Тіпті, кейбірі сол кезде-ақ балаға мал атап, жетектетіп жіберген.

Ол бала ауылына қайтып келгенде, туыстары «бізді де осы күнге жеткізсін» деген ниетпен, елдің салған шашуынан бөлісіп алады екен.

Той күні келген ағайын-туыстар, жекжат-жұрағат қонақтар балаға міндетті түрде сый бұл әкелді. Тойға барған жерінде балаға шашу шашқан, «сүндетің қабыл болсын!» деп сыйлығын беріп, қоржынына тәттілер салған.

Қазақ салты бойынша, сүндет тойының атқарылуында баланың нағашы жұртының орны бөлек болған. Баланың олардан алатын «қырық серкеш» (кей жерлерде «қырық шұбар тай») делінетін үлесі болады. Соған орай, олар жиенінің сүндетке отыруына орай, ертеңгі күні төлі өсетіндей етіп, осы үлестің бір бөлігін — малын айдап келген. Оны өздеріне міндет әрі үлкен дәреже санаған.

 

Бүгінгі күндерге келсек, сүндет тойын атқарудың түрі өзгергенімен, оның мәні мен қуаныштық маңызы еш жойылған жоқ. Қазір де әр ата-ана өз шама-шарқыларына қарай баласының қуанышын атап өтеді. Ол үй жағдайында атқарылар болса, қуанышқа хабарланған ағайын-туғандар, достар азаматтары «сүндетің қабыл болсын!» деп көрімдік сыйлықтарын әкеледі, жастығының астына ақша салады. Баланың жанында жеміс-жидек пен тәттілерге толтырылған ыдыстар тұрады. Сүндеттелген бала жиналған қаржыны қалауы бойынша өзі жұмсайды.

Жағдайы бар адамдар сүндет тойды мейрамханаларда қазіргі заманға сай етіп жарасымды түрде өткізуде. Асыр-тасыр той жасап жатқан ауқатты адамдар да байқалып жатады. Қалай дегенде, өткізілетін ол күні алдын ала белгіленеді. (Қазақ ғұрпында сүндет тойдың уақытын баланың ата анасы бір күн қалғанда хабарлайды делінеді). Тойға баланың, туыстары жақындары шақырылады.

 

Тойдың ойын-сауық бағдарламасының басқа тойлардан айтарлықтай көп айырмашылығы да жоқ. Той мағыналы, қызық болып өткізу үшін, алдын-ала оның сценарийі жасалып, Asaba мен оған қатысушы өнерпаздар таңдалады. Немесе, тойды бас-аяғына дайын өткізу шараларын міндетіне алатын арнайы той ұйымдастыру орталықтары қызметіне жүгінеді.

тақталар және, сүндет тойының өткізілуінде жаңаша өзіндік өзгешеліктер де болып жатады. Мәселен, сүндеттелген тойға баланың достары, ағайын-туыстың балалары да шақырылып, оларға ертерек, не жеке залдарда ойындық бағдарлама шаралары атқарылуда. Сүндеттелген ұл құрбы-құрдастарымен бірге мәре— сәре болып, өздерінше қызыққа кенеледі.

Сол сияқты, той басында сүндетке отырған баланы атқа мiнгізiп немесе адамдар көтеріп жүретін күймеге отырғызып, ән-би шоуымен ортаға шығару ғұрпы атқарылуда. Балаға той қадірлі үлкендерінің бірі бата береді, ал қонақтар бала жанындағы қоржынға көрімдік ақшаларын салып жатады.

Тойды адамдар тілек айтумен, ән шырқап би билеумен, өткізеді. Қонақтарға жасалатын кәде-жоралғылар да әдеттегідей.

 

 

Соңғы кезде, ел арасында табиғат аясында киiз үйлер тiгiп өткізілген сүндет тойы әңгіме болуда. Далада жайылған дастақандарға, арнайы орындарға ұлттық және басқа да тамақтар молынан, емін-еркін дәм тататындай орналастырылған көрінеді («швед столынан» несі кем?). Арнайы үлкен ас қонақтарға киiз үйлерде берiлiп болған соң, ойын-сауық, ән-би шаралары арнайы дайындалған «алаңшықта» өткізілген, далалық сахнада тілектер айтылып, өнерпаздардың өнерлері тамашаланған. Бәрі емін-еркін! Әркім өз қалауынша тойды тамашалайды, дем алады.

Осыған орай, «сүндет тойын» мұсылмандық сипатта болғандықтан, балаларға, жастарға үлгілік ретінде алкоголды ішімдіксіз өткізу туралы оңды ұсыныс-пікірлер айтылуда. Оның той жасаушылардың қаперіне алынғаны жөн болар еді!

 

* * *

Қалай дегенде де, жас баланың ғұмырында ерекше орын алатын сүндет той қуанышын ұлттық дәстүріміз бен діни танымымызға сай өткізуді үрдіске айналғаны «рухани жаңғырудағы» халқымыз үшін аса қажет-ақ!

Оқырмандар, Сендер қалай ойлайсыңдар?!

 

Сүндет тойдағы бата

Қол жайыңдар халайық, сүндетке арнап,
Құдай құлы Мұхаммед Үмбетке арнап.
Қырық парыздың біреуі осы дейді,
Исламда атқарар міндетке арнап.

Айың жарық, күндерің ашық болсын,
Пәлі-құла Қырық кез қашық болсын.
Жүрегіне Алладан нұр құйылып,
Өміріне жететін несіп болсын.

Бұл сүндет Әлми сақтан порым болған,
Бұл Жұмай ақ тілеуімен орындалған.
Ғайып Ерен, Қырық Шілтен қорғап жүрсін,
Азамат бол Қыдыр ата қолыңды алған.
Әмин, Аллаһу Әкбар!

* * *

Сүндет тойына арналған осы және басқа да біраз баталар топтамасын ғаламтордан мына сілтеме арқылы оқи аласыңдар: www.muslimwomen.kz

 

 

Сүндет той дегеніміз міндет той ма?

Арман Қуанышбаев

Dinislam.Kz, 25 қаңтар 2017 жыл

 

 

Баланы қай жаста сүндетке отырғызған жөн?

пара SHOW. 25 қаңтар 2018 жыл.

 

 

Қазіргі уақыттағы атқарылудағы сүндет тойларының бір-екеуінен көрініс:

Сүндет той

тамаша2 2 ақпан 2015 жыл.

Сәуле

* * *

Дариға

 

 

Жарияланымдар авторы

Желіден тыс 1 ай

Admin

0
Пікірлер: 2қоғамдық: 104тіркеу: 11-07-2018
жаңартылған: 15.08.2019 — 14:21

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған