«Қазағымның салт-дәстүрлері» (1)

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ» (1)

Сайтымда жаңадан ғана ашылған «TOЙ–BAZAR.KZ» АЛАҢЫ БӨЛІМІНІҢ осы басты тарауының алғашқы танымдық мақаласын жариялап отырмын.

Бұл парақта «Салт-дәстүрлер», «Әдет-ғұрыптар» туралы энциклопедиялық түсініктемелер, олардың түрлері және осы тақырыптағы бейнесюжет, халқымыздың танымал жазушысы, қоғам қайраткері Зейнеп Ахметовамен жүргізілген аса мағыналы сұхбат бейнефильмін және әдемі әнімізді ұсынып отырмын. Танысыңыздар!

 

 

Алдымен әнді тыңдап алайық!

«Қазағымның дәстүрлері-ай!»

Бейнеклип

Алтынбек Тәшімбетов

Орындаушы: «Тұмар» тобы

 

Қайта оралды қазағыма бүгін дәстүрлері-ай.
Көптен күткен халкымыздың асыл арманы еді-ай
Берекелі қазақ жері — ел мерекелі
Дәстүрлерін жоғалтпаған қазағымның бұл ежелгі.

 

Шілдехана, бесік той,
Тұсау кесер, сүндет той,
Ай, шіркін ай.
Құда түсу, сырға салу,
Беташарым-ай.
Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен,
Қыз-бозбала кең даланы
Әнімен елітіп тербеткен

 

Ер жігітке жарасады озып шықса бәйгеден,
Қыз балаға жарасады алқа, шашбау, сәукеле.
Жоғалмасын дәстүріміз, ұмытылмасын,
Ата-баба көзіндей қылып сактайык қазақ дәстүрін.

 

Салт-дәстүрлер, Әдет-ғұрыптар туралы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәліметтер

Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-кұлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады.[1]

Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалап та отырған. Өткен заманда қазаққоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды. Мысалы, той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу, ерулік ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы — мәдениеттің байлығы. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салт-дәстүрге жатады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі.[2]

Салт дәстүр мәселесі Қазіргі таңда салт дәстүр мәселесі алғашқы орындарды тіреп тұр. Қазақ халқында көптеген салт дәстүрлер мен ырымдар бар. Бірақ өкінішке орай адамдардың көбісі ырым мен салт дәстүрді шатастырады екен. Ата баба өсиеті болып келе жатқан салт дәстүрлердің өзіндік ерекшеліктері болса, ырым жырымдар арнайы тыйымдар үшін қолданылған

* * *

Дәстүр

Дәстүр[1] - (лат. traditio - сабақтастық) — әлеуметтік-мәдени мұраның ұзақ уақыт бойына адамдар атадан балаға қалдыратын, әдетке айналған, сол қоғамның немесе әлеуметтік топтың құндылықтар жүйесі мен ережелеріне ұласқан бөлігі. Дәстүр тек мұраның нысандарын ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік мұрагерлік процесі мен оның әдіс-тәсілдерін де қосып алады.[2] Олар қоғамның барлық салаларынан көрініс табуы мүмкін, олардың діндегі, ғылымдағы, өнердегі, әдебиеттегі және басқа да салалардағы алар орны ерекше. Қоғамдағы даму салдарынан Дәстүр рөлі біршама төмендейді. Олардың қоғамдық қызметтері индустриалды қоғамға қарағанда, индустрияландыруға дейінгі қоғамда едәуір кең болды. Дәстүр - әдет-ғұрыпқа қарағанда ауқымды құбылыс. Дәстүр рөлін әлеуметтік тұрғыда бағалау нақты түрде жүргізілуі керек. Дәстүрді елемеуге болмайды, ойткені ол қоғамның тарихи дамуының сабақтастығының бұзылуына әкеп соқтырады. Сондай-ақ дәстүрді мүлде шексіздендіруге де болмайды, өйткені ол қоғамның ескірген тұстарын сол қалпында сақтап, оны тұралатып, тоқырауға ұшыратады. Саясаттың ғылымы мен өнері дәстүр мен жаңалықты үйлестіріп, оңтайлы жолын табуда жатыр.[3][4]

 

* * *

Әдет-ғұрыптар

"Әдет-ғұрып – белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік ортада пайда болып, оның мүшелерінің мінез-құлқының, тұрмыс-тіршілігінің бұлжылмас қағидаларына айналған жөн-жосық, жол-жоралғы.

Қазақы әдет-ғұрыптар (арабша адәт және урф) көшпелі тұрмыстың дәстүрлі дүниетанымынан бастау алады. «Табиғаттан еншісі бөлінбеген» сахара жұрты өзін қоршаған ортаның ажырамас бір бөлшегі ретінде сезініп, жарық дүниенің жалғыз жаратушысы – Тәңірге табынған; Көк аспан – Қара жердің киесін қастер тұтып, ата-баба аруағына сиынған.

Жүйелі мерзімдік ретпен қайталанып отыратын түрлі табиғи құбылыстардың (күн күркіреуінің, жерсілкінуінің, найзағай ойнауының), маусым алмасымдарының, т.б. сырын анық аңдай алмай, аспан асты, жер үстіндегі күллі тіршілік ағымы, адамзат тағдыры Көк иесінің ырқындағы нәрсе – жазмыш екеніне шүбәсіз сенген.[1]

Табиғат заңдылығын қоғам өмірінің, адам тұрмысының тәртібіне айналдыруға тырысу, кие тұту түйсігі қазақ халқының, жалпы түркі милләтінің түп-тегінде – ғұн, сақтайпаларында болғаны мәлім. Олар көктегі Тәңірді «бабай баба», «Көк ата» атап, оның құдіретіне бас имеу – күпіршілік, ата-баба жолын бұзушылық деп санаған.[2]

Осы түсінік дәстүрлі қазақ қоғамындағы құқықтық мәдениеттің алғышарты – әдет-ғұрыпты адамдар арасындағы қарым-қатынастардың негізгі реттеушісі ретінде қалыптастырады. Ол, негізінен, жеке тұлғаларды белгілі бір әлеуметтік және мәдени тағлымдарға үйретіп, оны ұрпақтан ұрпаққа таратуға жәрдемдесті, жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың мінез-құлқын тәртіпке келтіріп қана қоймай, қауымішілік тұтастық пен ұлттық мүдделікті нығайтуға септігін тигізді. Қазақ тарихында ежелгі мемлекеттілік нышандарының пайда болуына орай табиғат және өмір құбылыстарын тұтас қалпында, әр алуан қағидаға жіктемей зерделеудің немесе тәңіршілік дүниетанымның жемісі – әдет-ғұрып сенімдері бірте-бірте дәстүрлі құқықтық сана-сезімге ұласып, ел билеудің арнаулы заң нормалары мен институттары ретінде қолданыла бастаған.[3]"

 

* * *

Ғұрып

"Ғұрып - ежелден орныққан әдеттік ұстанымдар мен нормалардың, ырымдар мен тыйымдардың социумдық қажеттілікке байланысты дағдылы қалыппен және ретпен атқарылатын ұжымдык іс-әрекет арқылы көрініс беруі. Әдеттік ұстанымдар мен нормаларды өз кезегінде дәстүрлі дүниетанымның ілкімді принциптері мен тәсілдерінің, әсіресе, наным-сенімнің категориялары мен ұғымдарының «қолданбалы» (іс-әрекеттік) модельдері деуге болады. Яғни іс жүзінде әлеуметтік мәнді мәселелерге байланысты ру-қауым мүшелерінің іс- әрекеті мен мінез-құлкының ұстанымдары, принциптері мен нормалары болып табылады. Ғұрыптың социумның барлық салаларына қатысы бар. Оның құрылымдық және функционалдық жағынан алуан түрлі болып келетіндігі сондықтан. Осыған орай мал шаруашылығына қатысты ғұрыптарды, кәсіпшіліктің ұсталық, зергерлік, ершілік, емшілік және т.б. сияқты салаларына байланысты ғұрыптарды, сондай-ақ дәстүрлі календарлық және метеорологиялық ғұрыптарды айтуға болады. Дегенмен этностың тіршілік цикліне байланысты, яғни нәрестенің дүниеге келуіне, келін түсіруге, қыз ұзатуға, өлікті жөнелтуге қатысты ғұрыптарды сонымен бірге отбасында атқарылатын циклдік және ахуалдық ғұрыптар тобын көшпелі этномәдени ортадағы ғұрыптар жүйесінің ядросы ретінде қарастыру қажет. Әрбір ғұрыптың ежелден орныққан өзіндік ұйымдастырылу және атқарылу реті қалыптасты. Мысал ретінде көшпелілердің тіршілік циклі ғұрыптарының ішіндегі ең көрнектісі әрі ауқымдысы ас беру ғұрпының дәстүрлі ұйымдастырылу және атқарылу ретін айтуға болады. Қазақ даласының барлық өңірлерінде ас беру үрдісі жалпы этникалық тәртіппен атқарылып отырғандығын тарихи этнографиялық мәліметтердің барлық категориялары айғақтайды. Ғұрып атаулының негізгі функциясы — қоғамдық қатынастардың ежелден орныққан құрылымдық және функционалдық ритмін қамтамасыз ету. Яғни «ата-баба жолының» ілкімді принциптерінің, нормаларының және ұстанымдарының қалыпты қызметін символдық (ғұрыптық) тәсілмен реттеп отыру болып табылады.[1]"

 

 

Қазақтың салт-дәстүрлерінің жалпы тізімі

 

Тізіммен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар:

http://toibastar.kz/salt/salt-tizim/435-aza-salt-dstrlern-zhalpy-tzm.html

 

Қазақ халқының салт-дәстүрлері

 

 

Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Бейнефильм

Жазушы, қоғам қайраткері Зейнеп Ахметовамен сұхбат.

 

Автор публикации

не в сети 3 недели

admin

0
Комментарии: 2Публикации: 104Регистрация: 11-07-2018
Обновлено: 15.07.2019 — 16:29

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *