«Қазағымның салт-дәстүрлері» (26)

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ» (26)

Бұл парақта осындай ортақ тақырыппен дайындалған «ТАЛ БЕСІКТЕН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІН» және «ҮЙЛЕНУ ҒҰРЫПТАРЫ» атты екі электронды кітап таныстыру мақсатында оқырмандар назарына ұсынылып отыр. Танысыңдар!

«ТАЛ БЕСІКТЕН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІН» ЖӘНЕ «ҮЙЛЕНУ ҒҰРЫПТАРЫ» АТТЫ

КІТАПТАР ТУРАЛЫ

 

Құрметті сайт оқырмандары!

Жарты жылдай болды, осы тақырыппен сайтымда, халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын насихаттауға мақсатталған арнаулы бөлім ашылып жүргізіліп келеді. Содан бері оның 25 парағы шығарылып, 100-ден аса жазбалар жарияланған екен.

Олар тұрақты түрде бірнеше әлеуметтік желілерге шығарылып отырылды. Сол желілер мен сайтым арқылы, олармен көптеген азаматтардың оқып-танысып, ынталы оқырмандары болғандығын және беріліп жатқан тек оңды пікірлер мен комменттерінен қолдауларын байқап отырдым.

Солар да сеп болған шығар, сайт бөлімін жүргізумен қатар, сол оқырмандардың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, жазбаларды қайта реттеп, барынша толықтырып, оларды сериялық тұрғыдағы электронды кітаптарға айналдыруды да қолға алған болатынмын. Тәубе, нәтижесінде бүгінге 2 кітап дайындалды. Соларды жалпылама таныстырайын.

* * *

Ортақ атауы «ҚАЗАҒЫМНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ» болып келетін бұл кітаптардың алғашқысы болып, біраз бұрын ғана «ТАЛ БЕСІКТЕН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІН» дегені шығарылған еді. Бұл кітапта, атауына сай, қазақ халқының БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ, оның дүниеге келген сәтінен есейгенге дейінгі атап өтілетін және де адам өмірінің ең қуанышты сәттері мен жақсылықтарына орайластыратын қазақы салт-дәстүрлер туралы танымдық мақалалар мен жазбалар берілді.

 

 

Осы кітаптың мазмұндық құрылымы және көптеген парақтарымен мына сілтеме арқылы толығырақ таныса аласың: http://bit.ly/33wETe1

 

* * *

Енді міне, салт-дәстүрлердің тағы бір үлкен тобы болып келетін, қазақ халқының БАЛАЛАРЫН ҮЙЛЕНДІРУГЕ байланысты (қыз таңдап, қалыңдық атастырудан бастап олардың үйлену тойларын өткізіп, жеке отау құрып шығарғанға дейінгі) орайластыратын шаралары туралы танымдық жазбалар беріліп дайындалған «ҮЙЛЕНУ ҒҰРЫПТАРЫ» атты 2-ші кітабымды ұсынып отырмын.

 

 

* * *

Осы кітаптарды шығарудағы мақсатым мен олардың осы тақырыптағы бұрындары шығарылғандарынан ерекшеліктері туралы кітаптардың «кіріспелік» тарауларында айтылады. Солардың негізгілері мыналар:

  1. Ең алдымен, кітаптардың электронды форматта даярланғаны. Ал оны пайдаланудың баспалық туындылардан мынандай біршама артықшылықтары және тиімділіктері бар:
  • Қолжетімділік (кітаптар интернет жүйесінде бар болса, бірнеше минуттерде тауып алып оқуға болатындығы);
  • Ықшамдылық, пайдалану қолайлығы (ноутбук, планшет, мобильді телефондарға енгізіп алып, кез келген жерде, кез келген уақытта оқи беруге болатындығы);
  • Жеделдік (электронды пошта, сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы әп-сәтте әлемнің әр түкпіріндегі мың-мыңдаған адамдарға тез тарату мүмкіндігі);
  • Ұзақмерзімділік (ұзаққа сақталуы, бұзылмайтыны, ескірмейтіні және жоғалмайтындығы);
  • Қалың кітап ішінен қажетті сөз-сөйлемдерді, терминдерді, парақтарын тез тауып алуға, белгілер жасауға және т.б. үлкен мүмкіндіктері болуы.

Мен, ғаламтордан қанша іздесем де салт-дәстүрлер тақырыбында дайындалған басқа электронды кітаптарды кездестіре алмадым. Яғни, бұл кітаптарды олардың алғашқысы деуге болатын сияқты;

  1. Жазбалар, кітаптардың тарауларында салт–дәстүрлік тақырыптарға сай жинақталып, рет-ретімен, жүйелі түрде орналастырылды;
  2. Әр мақала, мазмұнына сай басқа да танымдық бейнежазбалармен, әсем әндермен және суреттермен толықтырылып отырылды
  3. Кітаптар екі түрде: PDF-форматта және «парақтап» оқылатыннұсқаларда дайындалды.

* * *

Бұл кітаптар жалпы көпшілікке, ата-аналарға, жастарға арналған. Оларды мектеп ұстаздары мен балабақшалар тәрбиешілері әдістемелік құрал ретінде пайдалана алады. Сол сияқты, ұлттық мазмұндағы тойлар мен мерекелік шараларды ұйымдастырушылардың, асабалардың қажеттілігіне жарайды.

* * *

Төменде кітаптардың мазмұндық құрылымы мен жекелеген парақтары таныстырма ретінде беріліп отыр.

Танысыңдар, көріңдер! Кітаптар қалай болып шықты, оны бағалау сендердің қолдарыңда! Егер осы кітапты алуға ниеттілік туындаса, тапсырыс беруіңе болады! Кітап ақылы және бағасы келісімді!

 

«ТАЛ БЕСІКТЕН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІН» КІТАБЫ БОЙЫНША

Кітап мазмұны

 

Кітап парақтары

 

 

 

 

«ҮЙЛЕНУ ҒҰРЫПТАРЫ» КІТАБЫ БОЙЫНША

Кітап мазмұны

Кітап парақтары

 

 

 

Басқа да кітаптар туралы

 

Сол сияқты, бұл кітаптарға дейін де, әр тақырыптағы басқа да бірнеше электронды кітаптарды дайындап, сайтымның тұрақты оқырмандарына және басқа да қажет етуші азаматтарға сыйлық етіп таратқан едім.

Сонымен бірге, оқырмандардың өз тапсырыстары бойынша да біраз кітаптар дайындалып берілді.

Солармен де қызығушылық ретінде таныссаңдар болады! Ол үшін мына сілтемені бассаң жеткілікті: http://bit.ly/2F7QiGf

 

 

Олармен танысып шыққаннан кейін, егер өздеріңде белгілі бір тақырыпта осындай электронды кітап дайындатып алуға қажеттілік және ой-ниет туындаса, сайт арқылы тапсырыс беруіңе болады!

* * *

Барлықтарыңа ризашылығымды білдіремін! Хабарласыңдар! Амандық-саулық және қуаныштар мен жақсылықтар молынан болсын!

http://deldal.ser-bek.ru

 

 

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 2Публикации: 93Регистрация: 11-07-2018
Обновлено: 11.12.2019 — 13:14

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *