Delden

Басқа WordPress сайты

Асаба абыройы— әдептілікте !

АСАБА АБЫРОЙЫ - ӘДЕПТІЛІКТЕ !

Құрметті оқырмандар!

Сайтымның соңғы парағындағы жарияланған «АСАБАМЫЗ ҚАЛАЙ, АҒАЙЫН?» деген жазбаларды бүгін осы тақырыппен жалғастырып отырмын. Мұнда ол АСАБАЛАРЫНЫҢ бүгінгі уақыт талаптарына сай қажет етілетін мәдениеттілік, тағылымдық, әдептік міндеттері туралы сөз етіледі. Танысыңдар!

 

Тәрбие мектебі

 

Балтабай СЫЗДЫҚОВ,

ҚР Журналистер Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері,

«Сарыарқа самалы» газеті, 24 Қаңтар 2019 жыл

 

 

ол – өткендегі ізгіліктер мен жақсылықтарды, озық салт-дәстүрлерді жаңғыртып, жалғастырып отыратын тәлімді мереке. ол— аға буын мен өскелең ұрпақ арасындағы дәне-кер көпір. Қазақта ең көп айтылатын ақ тілек – «Тойың тойға ұлассын». Осы бір ғана сөздің аясында қаншама мағына жатыр. Той жасаушы тойға барын салады. «Тойым қызықты да, көңілді, тартымды өтсе екен, қонақтар риза боп кетсе екен»- деп, біресе тамағы үшін, біресе табағы үшін, біресе көпшілік-тің қабағы үшін алаңдап, той тарағанша дамыл таппайды.

 

Ras, кей тойларға барғанда шаршап, жабырқап қайтамыз. Той шақырған уақыт-тан 2-3 сағатқа, кейде одан да кеш баста-лады. Қонақтардың бәрі бірін-бірі қайталап сөйлеп біткенше мазаң кетеді. Амалсыздан той тарқағанша шыдайсың.

Баршамызға белгілі бүгінде асабалар той басқаруды табыс көзіне айналдырды. «Пәлендей теңге бермесеңіз, тойыңызды басқара алмаймын» дейтіндері бар. Осыдан келіп, «қымбат», «арзанқол» асабалар деген ұғым орын алған. Кейбіреулер тойларын мүмкіндіктеріне қарай «арзан» асабаларға басқартып, ал олар болса тойдың берекесін кетіріп, қайта-қайта «шапалақ-шапалақ» деп айқайлап, мағынасыз жаттанды сөздермен мазаңды алады.

Асабаның басты қаруы— сөз. Сондық-тан асаба сөйлеу мәнеріне, сөз мағынасына сақ болуы керек. Көпіріп көп сөйлеудің де қажеті жоқ. Сөз мағыналы, сөйлем қисынды, теңеу тартымды болып, ән мен әзіл, ойын мен күлкі, ақ тілек пен арнау араласа өріліп тұрса қандай жарасымды. Той деген еркін, қозғалысты, думанға толы болса ғана қызық. Құда күй тартып, құдағи ән салып, құдаша би билеп берсе, тойға байланысты мақал-мәтелдер айтылып, ұлттық ойындар ұйымдастырылса қандай жақсы! Тойға келгендердің бәрі сөйлеуі мүмкін емес. Асабаның мынаны ескергені жөн: бұрын сөйлеген ұтпайды, мығым сөйлеген ұтады. Сондықтан қонақтардың қысқа да, тағылымды сөйлеуін, алдыңғы тілектің қайталанбауын айшықты сөзбен жеткізе білгені абзал.

Үйлену, қыз ұзату тойларында екі жақтың немесе үстелдер арасында би жарыс, ән-күй жарыс, айтыс, мақал-мәтел, жұмбақ айту жарыстары өтсе қызықты болар еді. Жоғарыда айтқаны-мыздай, асаба қонақтардың бәрін сөз сөйлеуге қатыстыру мақсатында үлкені–кішісі бар, 15-20 адамды орнынан тұрғызып ортаға шақырып алып, «іштеріңізден 1-2 адам ғана сөйлеңіз» деп, ескерту жасағанына қарамай, барлығы тілек айтуға тырысып қаншама уақытты алады. Асаба олардың бәрін ортаға шақырмай-ақ әр үстелдегі қонақтардың аты-жөнін, туыстық қарым-қатынасын айтып, араларынан бәрінің атынан тілек айтатын 1-2 адамға сөз берсе, ешкім де наразы болмас еді.

Asaba той иесімен бірге сценарий жасағанда алдымен үлкендерге, ең қадірлі адамдарға сөз беріп, сол адамға арнап ән айтылып, күй шертілсе, арасында мәдениетті, баршаға ортақ күлдіргі сөздер айтып, ұлттық ойындар ойнатып, оған қонақтардың көпшілігін қатыстырса той қызықты болар еді. «Жылқы жылында» өткен бір тойда асаба ойыншыларды, «жылқы қылып кісінетіп», соларға сыйлық бергеніне жұрттың бәрі мәз болып, естері шыққан келеңсіз жағдай үшін асабаға ескерту жасағаным бар. Үйлену тойларында жастарды әрбір сөйлеген адамдар үшін орнынан тұрғызып қоюдың да қисыны жоқ. Жасы үлкен адамдарға, ата-аналарға, алыстан келген ағайын– туыстарға орындарынан тұрып, ізет білдірсе жеткілікті.

Той иелеріне айтарымыз: өміріңізде қайталанбас қуаныш— тойыңызды ақшаға құныққан белгісіз біреулерге басқартпай, көпке танымал, өнерлі, тәжірибелі асабаға басқартсаңыз, мәртебеңіз асқақтап, мерейіңіз өсіп, қуанышыңыз арта түсері сөзсіз. Осы мақаланы жазу себебіміз— той өткізудің, асаба болудың аса жауапты міндет екенін, уақыт талабына сай бүгінгі рухани жаңғыру аясында ұлттық құндылықтарды, сауықшыл, dumanshyl, тойшыл халқымыздың атадан балаға жалғасып келе жатқан озық салт-дәстүрлерін сақтау мақсатында той иелеріне, той басқаратын асабаларға ой салу еді...

HTTP://saryarka-samaly.kz/index.php?ID = 2404

 

 

Жақсы асаба қандай болуы керек?

Massaget.kz сайтынан

 

D D ° ?? О ?? ?? Ñ Ñ ?? Ð ° Ñ ?? Ð ° Ð ± Ð ° Ð ° O ?? нÐ'Рй ° D ± оР«Ñ Ñ ?? ?? кÐμÑ ?? Ðμк?

 

Той десе қу басы домалайтын қазақ халқының бақыт үшін, қуаныш үшін аянып қалған кезі жоқ. Ұлан-асыр той жасау – қанға сіңген әдет. Бірі ұят болады десе, бірі екіншісінен қалмайын дейді. Енді бірі бір көрер қуанышым деп барын салады. Той қамы мен қонақ шақырылуы бір бөлек, тойдағы тізгінді алушы асабаның жайы тағы бар.

Тойдың жақсы өтуі – асабадан.

Асаба – өнер адамы. Ол халық алдында сөйлеуге шебер, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіп айтатын, жиналған жұрттың басын бір арнаға тоғыстыра білетін, әзілі өтімді, сөзі сүбелі, мәдениетті тұлға. Құдалық, үйлену тойы, қыз ұзату – қандай той болса да, асаба барлығына бірдей тыңғылықты дайындықпен келгені жөн. Екі сөздің басын қоса алады екенмін деп, қамсыз келген асаба тойдың шырқын бұзады.

 

 

Асабаның міндеті:

– Төрт-бес сағатқа созылатын тойдың бас-аяғын ойша жүйелеп алу;

- Той иесі туралы, руы, елі, тарихы, бабалары жайында мағлұматы болуы маңызды. Бұл той арасында әулеттің абыройын асқақтатып отыру үшін керек;

- Сөздік қоры бай, өлең-жырмен сусындаған, жаттанды, жеңіл-желпі сылдыр сөзден аулақ, аталы, мағыналы сөзге жүйрік болуы тиіс;

– Ел тойға барын салып келіп отырғаннан кейін, оларға иіліп қызмет көрсету – негізгі міндет. Тойдың тізгінін ұстадым деп билік жүргізу әбестік болады.

- Халықты тыныштықта ұстай отырып, шаттыққа бөлеуі тиіс;

– Аз уақыт ішінде жұрт ән айтып, би билеп, көңіл көтеретіндей жүйелі сценарийі болғаны жөн;

– Қандай көлемде ақша төленсе де, бір әулет бар қызығын асабаға табыстап отырғаннан кейін, ол ең бірінші жауапкершілікті сезінуі шарт.

- Әр әзілдің орнын білу керек. Кез келген жастағы адамға қаратып әзілдеу – мәдениетсіздік. Ескеру керек. Ақсақалды ортаға шығарып әзілдеймін деп аузы күймес үшін, баталы сөз айтатын қарияға аталы тілекпен жауап қайтаруы мың артық.

 

 

Тойыңыз дүркіреп өтсін десеңіз... Асабаның жақсысын таңдау үшін ең бірінші оның келбетіне мән беріңіз. Жұрт сүйсінетіндей болсын.

Той бағдарламасына үңіліңіз. Әншілері, бишілері қандай, жалпы бағдарламасы қандай екенін білгеніңіз өзіңізге жақсы.

Асабалардың көбі қалтаны қампайтып алғаннан кейін арзан бишілер мен әншілерді алып келіп, тойыңыздың сәнін кетіреді. Бұл жағдай орын алмас үшін алдын ала тексеріңіз, мүмкін болмаған жағдайда суретпен есебін алыңыз. Талап етіңіз!

Сахнада танылған жұлдыздарға қарағанда, қарапайым халық арасында жүрген, еңбектеніп ысылған асабалар мықты болады. Дегенмен, қалтаңыз көтерсе, думан жасау сіздің қолыңызда.

https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/43458/

 

 

Той тәлімді болу үшін тамада тағылымды болуы шарт

«Тaglym.kz» веб-сайттар, 3 Тамыз 2017 жыл

 

Атақты Досбол шешеннен «Қол бастау қиын ба, әлде жол бастау қиын ба?» деп сұрағанда: «Қол бастау қиын емес – көк найзалы ерің болса, жол бас­тау қиын емес – соңыңнан ерген елің болса, бәрінен де сөз бастау қиын, тауып айтсаң мереке қылады, таппай айтсаң келеке қылады» деген екен.

Тойдың көңілді әрі мазмұнды өтуі асабаға байланысты дейтініміз де осыдан. Күлдіретін де, бүлдіретін де, иә zhylatatyn, жұбататын да – тіл. Тойдағы дастарқанның сәні де, мәні де асабаның шеберлігіне байланысты екені рас. Ұshқyr ші, ұтқыр сөз, жарасымды әзіл-қалжың, тәрбиелік мәнді айшықты әңгіме қонақтарды жа­лықтырмайтыны белгілі. Бүкіл ғұмырын, тарихын сөзбен жасаған, жауын да, дауын да сөзбен тоқтатқан, халықтың ұрпағы үшін сөз мәніне ерекше ден қою заңдылық.

ТОЙ ТІЗГІНІН ҰСТАУШЫ АСАБАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ҚАНДАЙ?

Қай халықтың да ең қадірлі тойла­рының бірі – үйлену тойы. Ата-ана барын шашып, ағайын-жекжат пен дос-жаранның басын қосып, дүркіретіп той жасайды. Тойдың шаруасы әркімнің жеке ісі екені даусыз. Дегенмен, әдет-ғұрып, салт-дәстүріміздің заман өзгерісіне сай озығын алға шығарып, тозығын толықтырып, өзімізге тиімді тұстарын бірлесіп бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып жетілдірсек, тәрбиелік мазмұнын мұ­қият­тасақ қалыпқа түсіп, қажеті­мізге жарайтыны белгілі. Соңғы кезде той басқаратын аса­балар­дың көбі әзіл-қалжың айтуға бейім. Бірақ күлкінің де реті бар. Күлдіре отырып білдіруге де, бүлдіруге де болады. Жеңіл, мазмұны мәнсіз күлкі де, езу тартып-ақ елді аузына қарататын,мағынасы терең астарлы күлкі де бар. Өңкей әзіл айта беру де отырыстың дәмін кетіріп, қонақтарды мезі ететінін көріп жүрміз. Керек жерінде қысқа да нұсқа айтылған әңгіменің қандай орында да бағасы басым.

АСАБАЛАР НАЗАРЫНА:

1) Сөзге шеберлік, суырыпсалмалық, ұтқырлық - асабаға жарасымды қасиет­тер. Қонақтар мен той иесінің арасын әдемі жымдастырып жарасымды үйлес­тіріп отыру асабаның шеберлігіне тән. Асабаның мимикасы, тұрысы, қимыл қозғалысы, ишаралы сөзі тойдағы қауымымен байланысына үлкен әсер етеді. Әсіресе, сөз қолдың алуан ишарат қимылмен (ым) үйлескенде өте тартымды шығады.

2) Тойдың тізгіні қолға тиген бойда бірден сөйлеп кетпей, сәл үзіліс жасаған тиімді. Жұрт бұл уақытта асабаның сыртқы келбетімен, дидарымен, киімімен көз жүгірте танысып алғашқы деректер алады. Сондықтан, той жүргізушінің сыртқы бейнесінен қашанда жинақылық сезіліп тұрғаны жақсы.

3) Тойға жиналған қауымның көтеріңкі көңіл-күйі асабаның сөзінен заңды жалғасын тауып жатса, ол тек тойдың сәнін кіргізе түседі. Асабалық міндет жүктелген соң қанша жүйрік болса да, азды көпті дәрежеде сөйлеу техникасынан хабары болған дұрыс.

4) Бүгінгі тойларымызға қазақы өзгеріс керек сияқты. Оны өзіміз жасамасақ, ешкім жасап бермейтіні белгілі. Асабалардың сөздері мағыналы әрі сөздік қоры мол болуы үшін көркем әдебиетті көбірек оқығаны абзал. Тойды жүргізу барысында әзілдеп қана қоймай, ұмыт болып бара жатқан мақал-мәтелдер мен ата-бабаларымыздан қалған қанатты сөздерді шешендікпен тілге тиек ете отырса тойдағы қауымның жадында қалуына да себепші бола алады. Асабалардың қалтасын­дағы қалжыңдары, қоржынындағы ойындары бірсарынды өрбіп, тойға жиналғандарды жалықтырып жібе­ретін тұстары да аз емес.

Шыны керек, соңғы кездері қазақы мәдениетіміз, салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз ұмыт қалып, қазақтың тойы өзіндік мәнін де, мағынасын да жоғалтып бара жатыр деушілер аз емес. Ұлттық әдет-ғұрыптарымыз бен салт-дәстүрлеріміз халқымыздың талай жылғы тәрбиелік тәжіри­бесінен тұрмысқа енген. Ozıғın, тозығын тастап, ұлт дәстүрлерінің өркениетке икемделген тұстарын жетілдіре пайдалансақ, сонда ғана тойдан өзіндік өнеге алып қайтамыз. Қосыла салып айырылысып жатқан бүгінгі жаста­рымыздың санасына ұлттық дәс­түріміздің ұлағатты үрдістерін үйлену тойының үстінде де үлгі ете білсек, аз да болса пайда берері анық.

Асабаның 7 әдебі

«Аsyldin.kz» веб-сайттар, 26 Маусым 2019 жыл

 

 

Асаба болу деген тек сөзге шешен болумен шектелмейді. Тойдың тізгінін алып, сөз бастау – дүйім жұртты өзіңе қарату, бір әулеттің абыройын арқалап, жауапкершілігін сезіну деген сөз.

Кезінде Досбол шешеннен «Қол бастау қиын ба, жол бастау қиын ба, әлде сөз бастау қиын ба?» деп сұрағанда, шешен: «қол бастау қиын емес, көк найзалы ерің болса, жол бастау қиын емес, соңыңнан ерген елің болса. Бәрінен де сөз бастау қиын— тауып айтсаң мереке қылады, таппай айтсаң келеке қылады» деген екен.

Сол секілді Asaba бұл — жалғыз өзі бірнеше адамның қызметін атқаратын тойдағы ең маңызды әрі жауапкершілігі зор тұлға.

Ol - идеологы

Ол – ұстаз

Ол – тойдың үйлестірушісі

Ол – тойдағы пікір қалыптастырушы.

Ендеше, ел алдында сөз бастап, халықтың жанашырына, еркесіне айналып жүрген жауапты тұлғалардың ескеруі тиіс кейбір әдептерін санамалай кетуді жөн көрдік.

Құрметті, Asaba! Екі елді жарастырып, олардың тату өмірге қадам басуына сеп болып жүрген тұлға ретінде мына кеңестерді ескере жүріңіз:

1. АЛЛАНЫҢ РАЗЫЛЫҒЫН ОЙЛАҢЫЗ

«Тек ақша алсам болды» деп емес, «ақшаны да алайын, оған қоса елге пайдалы нәрсе айтып, жақсылықтың таралуына қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да үлес қосайын» деп ниеттеніңіз. «Тәрбиелік мәні бар кештердің жүргізушісі болайын», «Беріп сөз, «қоғамда жақсылықтың көбейіп, жамандықтың азаюына өз үлесімді қосайын», «бас қосулардың тағылымды болып өтуіне сәл де болса ат салысайын» деген секілді ниет болса, амалыңыз да сол ниетке қарай жемісін беретіні кәміл.

2. ҮЛКЕНДЕРГЕ ҚҰРМЕТПЕН, КІШІЛЕРГЕ ІЗЕТПЕН ҚАРАҢЫЗ

Той тізгінін ұстаған кей тамадалардың күлдірем деп бүлдіріп, елді күлкіге қарық қыламын деп, қарттардан сөз естіп қалып жататынын жиі байқаймыз. Сондықтан әзілдің де өз орыны болатынын, жасы келген адамдарды елдің алдында масқаралаудың әдепсіз көрініс екенін естен шығармаңыз. Орынсыз сөйлеп, қариялардың көңілдеріне келмеуге тырысу, оларды мазақ етпеу – сіздің ой өреңіздің биіктігінің, тектілігіңіздің көрінісі.

Иә, кейде жұртты қыран-топан күлкіге қарық қылып, сөзіңіз өтіп жатуы мүмкін. Алайда, үлкендерді келеке ету ары қарай сізге ешқандай абырой әпермейді.

3. ЕЛДІ КҮЛДІРЕМ ДЕП ӨТІРІК АЙТПАҢЫЗ

Әзілдеп болса да өтірік айтпайтын адам Жәннаттың шетінен болса да, орын алады. Пайғамбарымыз ﷺ әзілдеп болса да, өтірік айтпаған. Шындықты айтып та қағысты қалжың айтуға, жұртты күлдіруге болады. Бұл тамаданың өз тапқырлығына, білім, тәжірибесіне байланысты. Сондықтан өтірікті суша сапырып, ойдан қиюластырғаннан гөрі шындыққа жақын болыңыз. Сол кезде ғана сөзіңіздің нәрі, жүзіңіздің әрі (ұяты) сақталып, сөзіңіздің салмағы болады.

4. ОТЫРЫСТЫҢ, ЖИЫННЫҢ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАП АЛЫҢЫЗ

Тойдың егесімен алдын-ала ақылдасып, келетін адамдардың жас ерекшеліктерін, деңгейін анықтау өте маңызды рөл атқарады. Ауылдың адамдары ма, әлде қаланың адамдары ма, қандай қызметтегі, қай ортадағы адамдар екеніне мән беру, сөзіңізді соған сай өлшеп қолдану – кештің берекелі өтуіне себеп болады. Қонақтардың ой өресі жетпейтін немесе керісінше оларды қызықтырмайтын тақырыптарды, жеңіл дүниелерді айтып, оларды мезі қылып алмауды ойлауыңыз керек.

5. ЖАҚСЫ ДҮНИЕЛЕРДІ КӨП АЙТЫҢЫЗ

Жақсылықтың насихаты көбейген сайын, жамандық (жағымсыз) өзінен-өзі ысырылып қала береді. Жақсылықты айта беру арқылы елді ізгілікке жетелейсіз, құлағын үйретесіз, оны елдің жүрегіне орнықтырасыз. Жамандықты жамандай беру арқылы елдің одан алыс болуына, жиренуіне, жақсылыққа ұмтылуына сеп боласыз. Мысалы, жақсылық дегеніміз – ата-ананы құрметтеу, Отанды сүю, имандылық, және т.б.. Ал жамандық дегеніміз – араққұмарлық, зинақорлық, ажырасу, және т.б.. Елге тәрбиелік мәні бар тұшымды сөз айту, кеш арқылы бір адамның болсын санасына ізгілікті сіңіріп қалу – сіздің ең басты мақсатыңыз болуы керек.

6. АРАҚ ҚОЙЫЛАТЫН ТОЙЛАРДАН, ДАСТАРХАНДАРДАН АЛЫС БОЛЫҢЫЗ

Себебі, қанша «ақша керек болып тұр» деп өз-өзіңізді ақтасаңыз да, арағы бар ортада, арамдық араласқан табыста береке болмайды. Айналдырған 4-5 сағатта теріңізді бір бұрқ еткізіп, нәтижесінде мол несібеге белшеңізден батып, олжалы қайтуыңыз мүмкін, бірақ мұндай жағдайдағы сөзіңіз егесін таппайды, Алланың алғысы жаумайтын, тілектер қабыл болмайтын, Алланың ашуы түскен ортаға келгеніңіз сізге абырой әпермейді. Арақ жүрген жерде періштенің болмайтынын, періште болмаған соң ол жерде әлбетте азғырушы шайтанның болатынын ескергеніңіз дұрыс.

7. ТОЙДЫҢ ЕГЕСІНЕН, ТІЛЕК АЙТУҒА ШЫҚҚАН АДАМДАРДАН, ҚҰДАЛАРДАН ҚОСЫМША АҚЫ, СЫЙ-СИЯПАТ КҮТПЕҢІЗ

«Құдалар жомарт шығар, қалталарыңыздан асабаға атып жіберіңіздер», «ағамыз маған да бірдеңе ұстататын шығар» деп әзілдеп ақша табу, біреудің қолына жалтақтау, қонақтың қалтасын қағу – адамның сыйын кетіретін, құрметін қашыратын дүние. Сондықтан мұндай арзан істен бойыңызды барынша аулақ ұстаңыз.

Міне, бұл асабалар ескеруі тиіс әдептердің тек бір парасы ғана. Ал сіз той тізгінін ұстап жүрген ағаларымызға қандай ұсыныс, тілек айтар едіңіз? Төменге өз пікіріңізді жаза отырыңыз.

asylarna.kz

HTTP://asyldin.kz/article/view/id/15677.html

 

 

Дайындығың қалай, Asaba?

 

Мұхамбеткәрім ҚОЖЫРБАЙҰЛЫ, Маңғыстау облысы

«Ана тілі» газеті,

 

 

Қоғамда жиі сөз болып жүрген тақы­рыптың бірі – асабалар мен той мәдениеті. Осы мәселеге бірер ой қоса кетуді жөн көріп, қолыма қалам алдым. Менің байқауымша, кей аса­балар басқаратын тойына мүлдем дайындықсыз барады. Көп жағдайда той иесінің салғырттығынан той­дың бағдарламасы жасалмайды. Асаба той басталуға жарты сағат қалғанда, той иесінен қонақтардың тізімін алып жатады. Көбіне бір асабаның бас­қарған тойы, өткен тойдың аумаған көшірмесі болып шығатынын бәріміз де көріп жүрген болармыз.

Бұл ретте айтайын дегенім, асабалардың бұл мәселені назарға алып, той басқаруға арнайы дайындалып барғандары жөн болады. Кәсібіне адал қарайтын кәнігі асабалар үнемі солай жасайды. Олар күні бұрын той иесімен кездесіп бағдарламасын жасамай, дайындықсыз той басқаруға бармайды. Сондықтан мұндай асабалар елге де сыйлы болады.

Өкініштісі, тойларда ата салтымыз, дәстүріміз, суырыпсалма ақындық, шешендік сөздер, бүкіл той қонақтары болып қосылып айтатын халық әндері, Terme, күй сияқты ұрпаққа үлгі болатындай өз ұлттық өнерлеріміз қолданыстан қалып барады. Асабалар батыстық той өткізу қағидасына өте үйір. Бастан аяқ селкілдеген батыстың биі. Құлақ жаратын қатты дауыс. Қазақи мәдениетке мүлдем қайшы: анайы сөйлеп, тұрпайы анекдоттар айтып, ерсі ойындар өткізгенде, кейде ұялғаннан жерге қарайтын күйге жеттік.

Тағы бір байқағаным, асабалар той өткізу бағасын шектен тыс шарықтатып жіберген. Жұрттың айтуынша 300-500 мың, тіпті оданда жоғары кездеседі. Қарапайым халықтың жағдайын бір сәт ескерсе деп ойлаймын. Әрине, бұдан өзге айтар түйткілдер баршылық. Ел боламыз десек, сауатты асабалар даярлау мәселесін қолға алуымыз керек. Жалпы, менің ойымша, мықты асабалар әлеуметтік желіде арнайы жазбалар жазып, сайт ашып асабаларға той өткізу жөнінде кеңес, тіл мәдениетінен сабақ, қазақтың той өткізу салтынан ақпараттар беріп отырулары керек. Осындай асабалар өзіне сай шәкірттер дайындаса, нұр үстіне нұр болар еді.

Тамада болу деген көп сөйлеу емес, дөп сөйлеу!

Asaba курс

«КӨПЕН КЕЛЕ ЖАТЫР» продюсерлік орталығы

21 Қараша 2017 жыл.

 

 

 

Жарияланымдар авторы

Желіден тыс 2 апталар

Admin

0
Пікірлер: 2қоғамдық: 101тіркеу: 11-07-2018
жаңартылған: 09.08.2019 — 10:39

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

рұқсат
*
*
тіркеу
*
*
*
Құпия сөз ұрпақ