Ербол ОРАЗБЕКОВ -Асаба

Ербол Мейірханұлы ОРАЗБЕКОВ

 

 

Мен, Ербол ОРАЗБЕКОВ 1976 жылы туғанмын. Қазір Талдықорған қаласының тұрғынымын. Бүгіндергі тұрақты кәсібім – АСАБАЛЫҚ.

Телефоным (vatsap) - 8.747.658.6876;

Электронды поштам адресі: ER.ORAZBEKOV@MAIL.RU

* * *

Ақсуат кіндігімді кескен жерім
Ақсуым азамат боп өскен жерім
Шығыстан Абай сынды абыз шыққан
Елге мәлім ерлерімді ескер елім

Шәкәрім, Мұxтар, Әсеттердің
Еңбегін елге еткен ескеремін
Ақсудан Ілияс, Құдаш, Барлыбек бар
Барлығыда ерлігімен өскен ерім

Молықбай, Маман, Сара, Қуаттарда
Біздер үшін тауқымет кешкен елім
Үлгі етіп ұлы баба іздерімен
Ақырын қадам басып лескен едім

Ақындар мен батырлар жеріненмін
Мен қалай өзгелерге дес беремін
Тек деген бітеді екен топырақтан
Білімменен жетілер ақылмен ес дегенің

Ерболды қайдан шықты десеңіздер
Қасиетті мекенімді тексер елім
Ата баба аруағын құрметтеймін
Бір Алла өзің ғана тек сенерім

Мен анамның сүтінен дарыған қасиеттер арқасында жастайымнан ақындыққа бейім болдым және ән айтумен айналыстым. «Абай ізбасарлары», «Әнші балапан», «Үздік жас термеші» сияқты байқаулардың жеңімпазы болғанмын.

Суырып салар шумақтардан бастап, арнаулар, өлеңдер, кезінде «Ақсудың Түймебасы» атанған сәйгүлікке арнаған поэмалық туындыларыма дейін бар.

Сазгер ретінде «Гүл жеңгем», «Достарым», «Ауылым алтын бесігім», «Нағашыма», «Сезім сыры», «Құрдастар» сынды бірнеше әндердің авторымын. Оларды және басқа да әндерді домбырамен және эстрадамен айтамын.

Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ мерекелік жиындарды жүргізуге бейімделдім, содан асаба болып жүргеніме 27 жыл болды. Биылғы жылы «Евразия» арнасындағы «ТАМАДА BATTLE» жобасының жеңімпазы атандым. Abuja ретінде мерекелік, ұлттық салт-дәстүрдегі думан-жиындарды мәдениетті, интеллектуалды түрде, көңілді де қызықты, әрі есте қаларлықтай етіп жоғары деңгейде өткізіп бере аламын.

Өзіммен әріптес әр жанрдағы әншілер мен бишілердің өнерлерін, шоу бағдарламаларды, және т.б.. замануи көріністерді ұсына аламын! 3D түсіру, Онлайн вебкаст, диодты экран, музыкалық аппаратура, фото-видео түсірілімдер бірге жүргізіледі.

Той түсірілімдерін артынан электронды кітап-альбомға айналдырып береміз.

Өзім және өнерлігім туралы толығырақ интернеттегі «Алты ұям-Ақсуым» деген сайттан мына сілтеме арқылы таныса аласыздар: HTTP://bit.ly/2KjPoeW

 

 

 

 

 

 

 

«Гүл жеңгем» әні

 

 

Үйлену тойын жүргізу

 

 

Қазақ өнерінің танымал азаматтарымен бірге

 

 

 

 

 

 

 

Жарияланымдар авторы

Желіден тыс 9 айлар

erbol.orazbekov

0
Пікірлер: 0қоғамдық: 1тіркеу: 16-06-2019
жаңартылған: 15.07.2019 — 16:30

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған