ШЕЖІРЕЛІК КІТАП ДАЙЫНДАЛДЫ!!!

ШЕЖІРЕЛІК КІТАП ДАЙЫНДАЛДЫ! СҰРАНЫСТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ!

Құрметті сайтқа оқырмандары, Ақсу, Сарқандық жерлестер!

Осы сайтым арқылы дайындалған «НАЙМАН-ТӨЛЕГЕТАЙ: МАТАЙ, СӘДІРНІҢ РУПАЛАРЫ » атты шежірелік кітабымыз осы айдың аяғына қарай баспадан шығарылмақшы.

Соған орай, төменде кітапқа мүмкін болар сұраныстар ауқымын (басылымы санын) анықтау мақсатында оның мазмұндық құрылымы таныстырылып және оған тапсырыстар қабылдау жөніндегі жазбалар беріліп отыр.

Танысыңдар!


КІТАП МҰҚАБАСЫ.




ТҮСІНІКТЕМЕ РЕТІНДЕ

«Бұл кітапты дайындау ниеті қалай туындады, не мақсат етілді және ол несімен ерекшеленеді?« деген сұрақтарға сайтымда бұрындары жан-жақты түсініктеме беріліп, әр дереккөздерден жинақталған жазбалар 3 жылдан бері оның парақтарында жүйелі түрде жарияланып келген болатын. Ол жөнінде осы кітаптың «Кіріспесінде де» толығымен айтылады….

Кітап аннотациясынан:

«НАЙМАН – ТӨЛЕГЕТАЙ: МАТАЙ, СӘДІРНІҢ РУПАЛАРЫ ».

Тарихи-танымдық және шежірелік жазбалар. 424 бет.

Құрастырған С.Серпербаев. 2021жыл.

Бұл кітапта жалпы шежіре және оның ішінде қазақ халқының шежіресі туралы түсініктемелер берілді.

Сонымен бірге қазақ халқының НАЙМАН тайпасы мен оның тарихи тұлғалары туралы танымдық мақалалар және оның ТӨЛЕГЕТАЙ тармағындағы МАТАЙ, САДЫР руларының шежірелік таратылымдары жинақталды.

Кітап қалың оқырманға, тарих сүйер қауымға, жастарға арналған.

Кітап «Жамбыл» баспасының компьютерлік орталығында беттелді.

Қалыбы 70х1001/16 (170 х 240мм). Қаріп түрі «KZArial».

Шартты баспа табағы 26.5.

Сонымен қатар осы кітаптың ЭЛЕКТРОНДЫҚ НҰСҚАСЫ да (PDF және «парақтап оқу» форматтарында) қоса дайындалған.

Кітап 3 тараудан тұрады:

  1. ШЕЖІРЕ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ? ;
  2. НАЙМАНДАР ТУРАЛЫ;
  3. ШЕЖІРЕЛІК ТАРАТЫЛЫМДАР.

Кітапта жарияланған жазбалар алынған дерекөздер, олардың авторлары мен ұсынушы адамдардың аты-жөндері тиісті тарауларда көрсетіліп отырылды және жалпы тізбегі кітап соңында берілді.

Құрметті оқырмандар! Жерлестер!

Егер осы кітапты алуға ниеттілік туындаса, тезірек (басылым санының шектеулігіне байланысты) оны алуға сұраныс-тапсырыстар берулеріңе болады.

Егер қажеттілік етілсе, сұраныс беруге ниеттенушілерге кітаптағы өз әулетінің шежірелік тармақтарының жазбаларын алдын-ала таныстыруға болады.

Кітаптың БАҒАСЫ өзара келісімді және ол берілетін тапсырыс санына да байланысты болады (Әр кітап 5,0 мың теңгеге бағаланып отыр).

Кітаптар төлемін қабылдау және жеткізілуі мүмкін болған жолдармен жүргізіледі.

Хабарласу үшін:

Электронды пошта адресі: bekserik-s@mail.ru,

Tелефон – Vatsap: 8 701 685 54 24.

Сөз соңында: Егер кітап көңілдеріңнен шығып жатса, оған қызығушылығы мүмкін болар ағайын-туғандарыңа, достарыңыз бен азаматтарыңызға, өз ортаңдағы азаматтарға да таныстырғандарыңды сұраған болар едім! Рахмет!

Ізгі ниетпен Серікбек СЕРПЕРБАЕВ ағаларың!

ТАПСЫРЫСТАР КҮТЕМІН!


КІТАП МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ЖЕКЕЛЕГЕН ПАРАҚТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ:










Жарияланымдар авторы

Желіден тыс 3 айлар

Admin

0
Пікірлер: 2қоғамдық: 116тіркеу: 11-07-2018
жаңартылған: 24.02.2021 — 17:44

2 комментария

Пікір қосу
  1. Каракерей кайда калды?

  2. Ассалоумағалейкум , Секе!

    Мен Каипов Бидахмет Шаяхметұлы, БІКЕН руынан, Сіздің осы кітабыңыздан екі дана алсам деп едім. Алайда , онда менің шежірем көрсетілгеніне көз жеткізсем деп едім. Мүмкін болса, «Бікен» руының таратылуы туралы бетінің(соңғы бетінің) көшірмесін(фотосурет) жеке почтама немесе вацапқа салып жіберсеңіз болар ма екен? Алдын ала алғысымды білдіремін, рахмет!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған