«Шежіре жүргіземіз» — 20

«ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» -20

 

ЖОҢҒАР-ҚАЗАҚ СОҒЫСТАРЫ (жалғасы)

 

Өткен жолы осы тақырыппен қазақ елінің өз тарихындағы зор қайғы-қасіретті басынан кешірген, ұзақ ғасырларға ұмытылмастай болып қалған ерекше ауыр кезеңі туралы танымдық-деректік жазбалар берілген болатын.

Бүгінгі парақта, оқырмандар сұраныс-тілектеріне орай, соларды толықтыратын қосымша тағы да энциклопедиялық, танымдық жазбалар, «Елім-ай» әнін және сол кезең туралы түсірілген фильмдер туралы мақала беріліп отыр. Танысыңыздар!

* * *

Құрметті оқырмандар, желідегі достар! Назар аударыңыздар!:

  1. Осы «Делдал» атты сайтым жаңадан ашылып жатқандықтан, оған жазылып тұрақты оқырмандары болсаңдар! Ол үшін парақтың астындағы терезешеге электронды поштаңыздың адресін енгізсең болды.
  2. Сайтқа әр кірген сайын оның сол жағындағы көрініп тұрған жарнамалық баннерлермен танысып отырсаңдар! Олар сайтымның интернеттегі танымдық— жарнамалық рейтингісін көтеруге көмектесер еді. РАХМЕТ!

 

 

Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қазақ халқының күш біріктіре бастауы

 

Жоңғар шабуылының салдарынан қазақтардың басына түскен аса ауыр жағдай оларды қалайда күш біріктіруге мәжбүр етті. Осылай ету қажеттігін үш жүздің өкілдері түгел түсінді.
Жауға соққы беруді ұйымдастыру жөнінде бастама көтерген Кіші жүздің ханы Әбілқайыр болды. Ол 1723 жылы 20 мың жауынгері бар жасақты бастап, жоңғарлардың қандас одақтасы Еділ бойындағы қалмақтарға қарсы бірнеше жеңісті жорық жасады. Өз тылын осылайша қауіпсіз еткен ол қалың қолын бастап, Сырдария бойына қарай бет алды. 1724 жылдың көктемінде Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласына жетіп, оны тікелей шабуылмен азат етті. Қаланы бір жыл бойы өз қолында ұстап тұрды. Бірақ жаудың еселенген көп күшінің тегеурінді қысымымен Түркістанды және сол аймақтағы басқа да қалаларды тастап шықты.
1725 жылы құрамында 50 мың жауынгері бар бірлескен қазақ-карақалпақ әскерінің қолбасшысы болды. Сөйтіп жоңғарларға қарсы бірнеше сәтті жорық жасады. Осы кезде оның ұйымдастырушылық таланты, ірі әскери қолбасшы ретіндегі қабілеті, жеке өз басының қаһарман ерлігі айқын танылды. Жауға неғұрлым жылдам әрі күйрете соққы беруді ұйымдастыру қажеттігі бүкіл қазақтың күш-жігерін біріктіруді талап етті. Осы мақсатпен 1726 жылдың күзінде Ордабасы тауында (қазіргі Шымкент қаласының батыс жағында) Бүкілқазақтық Құрылтайболып өтті. Оған қазақтың хандары, үш жүздің сұлтандары, билері, батырлары келді. Қазақ халқының ең таңдаулы өкілдерінің бас қосқан бұл жиынында жауға күйрете соққы беруді, орталықтандырылған күшті басшылықты қалай ұйымдастыруды шешу керек болды.
Қазақтар бір-біріне барынша берілген, адал болуға осы Ордабасыда ант берісті. Құрылтайға қатысушылардың бірауыздан ұйғаруымен Әбілқайыр хан бүкілқазақтық әскери жасақтың бас қолбасшысы болып сайланды. Бүкілхалықтық әскери жасақтың бас сардарбегі болып батырлар арасынан Қанжығалы Бөгенбай бекітілді. Ордабасыдағы осы Құрылтай жиналысының шешімдері қазақ халқының жоңғар басқыншылығына карсы азаттық күресінде өте маңызды рөл аткарды. Қазақ қоғамының бүкіл күш-жігерін нақты іс жүзінде біріктіру қолға алынды. Әрбір ру өзінің жауынгерлік жасақтарын құрып, бүкілқазақтық үлкен жасаққа алып келіп қосуды қасиетті міндетіміз деп білді.
Ұлт-азаттық қозғалысыньң жетекшілері және оған қатысушылар.
Басқыншы жауға карсы күреске бүкіл қазақ халқы көтерілді. Ірі-ірі әскери жасақтарды Әбілмәмбет, Барақ, Сәмеке, Әбілқайыр, Сұлтанбет сияқты хандар мен сұлтандар , Шыңғысханның басқа да көптеген ұрпақтары басқарды.

Олжабай батыр
Жас сұлтан Абылайдың беделі тап осы кезеңде көтерілді. Ол кейін қазақтың аса құрметті, беделді де айбынды ханына айналды.Азаттық күресіне идеялык басшылық жасауды қазақтың үш жүзінің аса көрнекті үш биі өз міндеттеріне алды.Басқыншыларға қарсы қарулы карсылықты ұйымдастыруда қазақтың әр түрлі рулары мен тайпаларынан және жүздерінен шыққан Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек, Жасыбай, Есет, Малайсары, Баян, Олжабай, Қожаберген, Түгел, Бөлек, Шақантай, Қошқарбай, Байболат сияқты басқа да көптеген батырлары маңызды рөл атқарды. Батырлар жеке дербес жасақтарды басқарды және оларды қанды шайқаска, ерен ерлік көрсете отырып, өздері бастап кірді. Олардың бәрі де Әбілқайыр хан мен Бөгенбай батырдың жалпы басшылығымен, қатаң жауынгерлік тәртіпті сақтай отырып, үйлесімді ұрыс қимылдарын жүргізді. Жоңғар басқыншыларына қарсы шайқасқа әйелдер де белсене қатысты. Атап айтқанда, Олжабай батыр. Абылай сұлтанның қызы Айтолқын, Бұланбай батырдың қызы Айбике және басқалары жаумен қаһармандықпен шайқасты. Ал Қабанбай батырдың әйелі Гауһар батыр барлаушылар жасағын басқарды. Ол барлық ірі шайқастарға да қатысты. Кейінірек балалы болып, босанғаннан кейін соғысқа өзінің үлкен қызы Назымды жібереді. Қазақ ауыз әдебиетінде Гауһар батыр айтыпты деген мынадай сөз сақталған: «Атаңның ұлы болып тума, еліңнің ері болып ту».Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің интернационалдық сипаты болды. Онда ортақ жауға карсы қазақтарға тілі, діні, ділі жағынан да дәстүрлі мәдениеті жағынан да туыс қарақалпақтар мен қырғыздар аянбай соғысты.

 

Сұрапыл шайқастың алғашқы кезеңіндеп қатыгез қырғындардағы жеңіліс қазақ халқының ұнжырғасын түсірген жоқ. Олар жеңіске жетеміз деген рухы мен ерік-жігерін сақтай білді. Халықтың жаппай ерлік көрсетіп, қаһармандық танытуы, өздерін ар-намыс жолында құрбан етуге дейін баруы арқасында қатыгез жаудың ойранды әрекеттеріне төзе біліп, төтеп беріп қана қойған жоқ, жоңғар басқыншыларын тас-талқан етіп жеңіп шықты. Ол кезеңнің «Қазақ батырлығының алтын ғасыры» деп аталуы тіпті де тегін емес.
Айрықша атап айтуға тұрарлық нәрсе — қазақ батырлары басқыншыларға қарсы кең-байтақ Қазақстан аумағының барлық жерінде бірдей шайқасты. Бұл соғыстың барысында қазақ халқы жүзге, тайпаға және ру-руға бөліну дегенді ұмытты, жауға қарсы жұмылған жұдырықтай ауызбіршілік танытты. Қазақтың халық жырауы Тәті-қара үш жүздің өкілдері бір кісідей ұйымшылдықпен ерлік көрсеткенін былай деп суреттейді: «Қамыстың басы майда, түбі сайда, Жәнібек Шақшақұлы болат найза. Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда, Ер жігіттің ерлігі осындайда.
Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы, Деріпсәлі, Мандайды айт Қыпшақтағы, Өзге батыр қайтса да, бір қайтпайтын Сары менен Баянды айт Уақтағы.
Ағашта биікті айтсаң, қарағайды айт, жігіттік ерлікті айтсаң, Бөгенбайды айт, Найзасының ұшына жау мінгізген Еменәлі Керейде ер Жабайды айт».
Қазақ батырларының ерен ерлігін біздің заманымызға дейін өз шығармалары арқылы жеткізген жырау-ақындар Үмбетей, Ақтамберді, Тәтіқара, Қожаберген, Бұқар, Көтеш және басқалары болды. Олардың көпшілігі сұрапыл соғысты өз көздерімен көрген куәлар ғана емес, сонымен қатар ерлікпен шайқасқа түскен жалынды жау жүрекжауынгерлер де болды.
Бұланты шайқасы
Жоңғар хандығына қарсы ұзаққа созылған күресте 1728 жылы Ұлытаудағы Бұланты өзенінің бойында, Қарасиыр деген жерде қазақ жасақтары тұңғыш рет ірі жеңіске жетті. Бұл шайқасқа қазақтар мен қырғыздар да белсене қатысты. Біріккен күштердің құрамындағы жауынгерлердің жалпы саны 60 мың адамға жеткен еді. Қанды шайқас болған жердің аты «Қалмаққырылған» деген атаумен де қазақ халқының есінде тарихи атау ретінде мәңгі сақталып қалды. Сол шайқаста жоңғарлардың он мыңға жуық жауынгері қаза тапты. Бұланты өзенінің бойындағы жеңістің баға жетпес зор маңызы болды. Ол Қазақ жауынгерлерінің моральдық рухын әлдеқайда күшейтті. Жоңғарлардың жер қайысқан қалың қолы жеңілістің не екенін білмейді деген жалған аңыздың күлін көкке үшырды. Оның есесіне қазақ жауынгерлерін жігерлендіре түсті. Бұланты шайқасындағы жеңіс жалпы халықтың жүрекжарды қуанышына ұласты, қаһарлы жауға қарсы күресте бүкіл халықтың күш-жігерін өлі де біріктіре түсіп, нығайта беруге деген ұмтылысына тың серпін берді.
Қазақ жауынгерлерінің Бұланты өзені бойындағы жеңісінің стратегиялық маңызы да зор болды. Ол алдағы Аңырақай шайқасында жауға есінен тандыра, ойсырата соққы берудің сенімді кепіліне айналды.

Аңырақай шайқасы

 

Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі барысындағы өте елеулі оқиға — Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жылғы көктемде Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағындағы Итішпес Алакөл деген жерде болды. Шайқасқа Кіші жүздің ханы Әбілқайыр тікелей басшылық етті. Оған қазақтың үш жүзінің жасақтары қатысты.
Аңырақай шайқасы дәстүрлі жекпе-жек ұрысқа шығудан басталды. Оған жоңғар жағынан әскербасы Шарыш, қазақ жағынан жас батыр Сабалақ (болашақ Абылай хан атанған Әбілмансұрдың жасырын аты) шықты. Сабалақ қарсыласына «Абылай! Абылай!» деген жауынгерлік ұранмен атой сала ұмтылды. Жекпе-жекте қазақ батыры жеңіп шықты. Мұның өзі қазақ жауынгерлерін арқаландырып, олардың жігеріне жігер қосты. Жау жағының берекесі қашып, қатты абыржыды.
Жоңғарлардың рухы төмен түсіп кетті. Осы жекпе-жек шайқастан кейін Сабалақ Абылай атанып кетті. Аңырақай шайкасында қазақтар жоңғарларға естерінен тандыра күшті соққы берді. Шайқас даласында жоңғарлардың есеңгіреген, жеңіліске ұшырап, аңырап қалған жері Аңырақай деп аталып кеткен кәрінеді.
Үш жүздің хандары мен сұлтандары бұрынғы алтыбақан алауыздықты қойып, күш біріктірудің арқасында қаһарлы жауға жұмыла күресіп, тамаша жеңіске жетті. Бұл жеңіс үш жүздің күш-жігер біріктіруінің әбден қисынды әрі заңды нәтижесі болды. Жүз жылдан астам уақытқа созылған қазақ-жоңғар соғысында түбірлі өзгеріс жасалды, енді біржола түбегейлі жеңіске жететін күн де жақын қалды. Жоңғарлар қазақтардан тартып алған жерлерін алды-артына қарай алмай, тастай қашты. Олар бұдан былай қазақ жеріне шапқыншылық жасамауға ант ішті.
Қазақ жасақтарының кезекті тамаша жеңіске жеткеніне қарамай, жау жағы әлі де күшті, әлі де қауіпті еді. Сондықтан да бүкіл қазақ халқының ұзақ уақыт бойы жоңғарларға қарсы жанқиярлықпен күрес жүргізе беруіне тура келді.

 

Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы

Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің интернационалдық сипаты болды. Онда ортақ жауға карсы қазақтарға тілі, діні, ділі жағынан да дәстүрлі мәдениеті жағынан да туыс қарақалпақтар мен қырғыздар аянбай соғысты.
Сұрапыл шайқастың алғашқы кезеңіндеп қатыгез қырғындардағы жеңіліс қазақ халқының ұнжырғасын түсірген жоқ. Олар жеңіске жетеміз деген рухы мен ерік-жігерін сақтай білді. Халықтың жаппай ерлік көрсетіп, қаһармандық танытуы, өздерін ар-намыс жолында құрбан етуге дейін баруы арқасында қатыгез жаудың ойранды әрекеттеріне төзе біліп, төтеп беріп қана қойған жоқ, жоңғар басқыншыларын тас-талқан етіп жеңіп шықты. Ол кезеңнің «Қазақ батырлығының алтын ғасыры» деп аталуы тіпті де тегін емес.
Айрықша атап айтуға тұрарлық нәрсе — қазақ батырлары басқыншыларға қарсы кең-байтақ Қазақстан аумағының барлық жерінде бірдей шайқасты. Бұл соғыстың барысында қазақ халқы жүзге, тайпаға және ру-руға бөліну дегенді ұмытты, жауға қарсы жұмылған жұдырықтай ауызбіршілік танытты. Қазақтың халық жырауы Тәті-қара үш жүздің өкілдері бір кісідей ұйымшылдықпен ерлік көрсеткенін былай деп суреттейді: «Қамыстың басы майда, түбі сайда, Жәнібек Шақшақұлы болат найза. Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда, Ер жігіттің ерлігі осындайда.
Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы, Деріпсәлі, Мандайды айт Қыпшақтағы, Өзге батыр қайтса да, бір қайтпайтын Сары менен Баянды айт Уақтағы.
Ағашта биікті айтсаң, қарағайды айт, жігіттік ерлікті айтсаң, Бөгенбайды айт, Найзасының ұшына жау мінгізген Еменәлі Керейде ер Жабайды айт».
Қазақ батырларының ерен ерлігін біздің заманымызға дейін өз шығармалары арқылы жеткізген жырау-ақындар Үмбетей, Ақтамберді, Тәтіқара, Қожаберген, Бұқар, Көтеш және басқалары болды. Олардың көпшілігі сұрапыл соғысты өз көздерімен көрген куәлар ғана емес, сонымен қатар ерлікпен шайқасқа түскен жалынды жау жүрек жауынгерлер де болды.

 

Билік үшін бақталас күрес және біртұтас халық майданының ыдырай бастауы

 

Аңырақай шайқасынан кейін жауды түбегейлі біржола жеңудің ауылы алыс қалған жоқ еді. Бірақ тап осы кезде Жоғары мәртебелі Ұлы хан Болат кенеттен қайтыс болды. Ол орыннан үміткерлерарасында тақ таласы басталды. Бүкіл қазақтың Ұлы ханы болудан Әбілқайыр мен Сәмеке дәмелі болатын. Бірақ қазақ ақсүйектерінің тобы бұл ең жоғары лауазымды орынға іс жүзінде ешқандай айтулы қызметімен көзге түспеген Әбілмәмбетті сайлауды лайық деп тапты. Өйткені аймақтық билеушілерге билік басында күшті тұлғаның отыруы керек емес болатын. Сондықтан қазақтың біріккен әскери күштерінің бас қолбасшысы, Кіші жүздің ханы Әбілқайыр мен Орта жүздің ықпалды ханы Сәмеке әлгі шешімге риза болмай, өздерін қорлағандық санады да, әлі соғыс қимылдары жүріп жатқан аумақтан өз әскерлерін алып кетті. Сөйтіп Қазақстанның Ресеймен шекаралас жақтарына — бірі солтүстікке, бірі — солтүстік-батыс жаққа қарай көшті.
Өкінішке қарай, зор қиындықпен құрылған жалпықазақтық әскери жасақ аяқ астынан ыдырап шыға келді. Қалыптасқан қиын жағдайдан шығудың ендігі жолын әр жүз өздерінше жеке-жеке іздестіруге көшті. Мәселен, Ұлы жүз жоңғарларға әлі де уақытша бағына тұруға мәжбүр болды. Оларға аманат беріп, жыл сайын алым-салық төлеп тұрды. Жоңғар шапқыншылығының зардабын бәрінен де көп тартқан Орта жүздің жауға қарсы күресті одан әрі жалғастыра беруіне тура келді. Ал Кіші жүз үшін мүлде басқаша жағдай қалыптасты. Ол жан-жағындағы халықтардың қатерлі тығыз қоршауында қалып қойды. Олар хиуалықтар, түрікмендер, Еділ қалмақтары, Жайық Қазақтары және башқұрттар еді. Өйткені бұл кезде олардың қай-қайсысымен де қарым-қатынаснашарлап, шиеленісіп тұрған болатын.

 

Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінің тарихи маңызы
Сонымен XVIII ғасырдың екінші ширегінің бас кезінде қазақ халқы өз азаттығы жолындағы Отан соғысын жүргізді. Жалпы-қазақтық біріккен әскери жасақ жоңғар басқыншыларына ұйымдасқан түрде үсті-үстіне соққы бере бастады. Мұның өзі көбінесе қазақтың үш жүзінің, бүкіл қазақ халқының күш-жігер біріктіруінің арқасында мүмкін болды. Қазақ халқын түгелдей қырып жіберу қаупі ел билеушілерін бұрын болған алтыбақан алауыз ырың-жырынды ұмытуға, бас қоса бірігіа, жоңғар әскерлеріне үсті-үстіне соққы беруге мәжбүрлікпен жұмылдырды.
Қазақтың билеушілері, билері мен батырлары қазақ мемлекеттілігін қалай да сақтап қалуға күш-жігерін барынша аямай жұмсады. Бұланты және Аңырақай шайқастары қазақ сарбаздарының жауынгерлік рухын күшейтіп, аспандата биікке көтерді. Ол шайқастардағы жеңіс халық болып топтасқанда кез келген күшті жауды жеңіп шығуға болатынын айқын көрсетіп берді. Оның үстіне, қазақ сарбаздары жоңғар әскерлерінің жеңіліс атаулыны білмейтіні жөніндеп жалған аңыздың күлін көкке ұшырды.
Бұл соғыста қазақ халқының туыскан қарақалпақ және кырғыз халықтарымен жауынгерлік одағын құрудың негізі қаланды. Соны-мен қатар бұл кезде, XVIII ғасырдың 30-жылдарының бас кезінде, билік жолындағы тақ таласы қазақтардың күшін ыдыратуға тағы да алып барып соқты, олар ақыр аяғында елдің тәуелсіздігінен айырылып тынды.[1]

 

Дереккөздер
  1. Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамұра, 2008. — 352 бет, суретті, карталы. ISBN 9965-34-816-2

 

 

Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы

Алаш айнасы
13.05.2019

Ал жүздер арасында татулық пен саяси байланыс нашар болды. Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы тіптен ауыр еді. Батыс жақтан Еділ қалмақтары мен Жайық казактары шапқыншылық жасаса, солтүстіктен Сібір казактары, Жайықтың ар жағынан башқұрттар, оңтүстіктен Бұхар мен Хиуа хандықтары үнемі қысым көрсетіп отырды. Ал басты қауіп шығыстан, яғни Жоңғар хандығынан төніп тұрды.
Жоңғарлар— тарихи деректерде қалмақ немесе ойрат деген атаумен белгілі болған тайпалар. Жоңғарлар чорос, dörbyent, khoshout, торғауыт сияқты батыс моңғол тайпаларының XVI ғасырдың II жартысында құрылған одағы болатын. Ал XVII ғасырдан бастап Жоңғар хандығы ретінде Орталық Азияның тарих сахнасына шыққан еді.
Қазақтар мен жоңғарлар арасындағы байланыстардың тарихы тереңде жатыр. Екі ел де көшпелі мал шаруашылығымен айналысқандықтан олардың арасында қақтығыстар да жиі болып тұрған. Соның ішінде қалмақтардың Қазақ хандығына бағынған кездері де болған. Өйткені, Тәуекел хан «қазақ және қалмақ ханы» ретінде мойындалғаны белгілі. Дегенмен, Қазақ хандығы мен жоңғарлар арасындағы күштің ара салмағы тең болғандықтан өзара қырқыстардан ары аса қоймаған еді. Алғашқы кездерде қақтығыстар бейбіт жолмен шешіліп отырды.
Жоңғар хандығы құрылар қарсаңында 1627 жылы ойрат одағы құлап, Хоңырлық бастаған 50 мың шаңырақ пен 250 мың адамды құрайтын торғауыт тайпалары Солтүстік Қазақстан арқылы төменгі Едіп бойына қоныс аударған болатын. Сөйтіп, олар қалмақ деген атауға ие болады және XVII ғасырдың 30-жылдарында Еділ бойында Қалмақ хандығын құрған еді. Ал Оңтүстік пен Батыс Сібір жерінде қалып қойған ойраттар мен чоростар Батыр қоңтайшының (1635—1653) басшылығымен Ертіс жағалауында 1635 жылы Жоңғар хандығын құрды. 1640 жылы Батыр қонтайшының бастамасымен жоңғар ақсүйектерінің құрылтайы өткізіліп, онда «Дала жинағы» деген атауға ие болған заңдар жинағы қабылданады. Бұл жинақта Жоңғар хандығының күші мен ұлылығы паш етілді. Батыр қоңтайшы кезінде жоңғарлар мен қазақ хандығы арасында қақтығыстар шиеленісіп, үздіксіз соғыстарға ұласа бастады. Батыр қоңтайшы қазақтарға қарсы бірнеше рет басқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Бірақ Қазақ хандығын Салқам Жәңгір хан билеген кезде, 1643 жылы Орбұлақ шайқасында жоңғарлар ойсырай жеңілгені белгілі. Батыр қоңтайшы өлгеннен кейін қазақ— жоңғар соғыстарында үзіліс болған еді. Өйткені, билікке талас кезінде Жоңғар хандығы саяси бірлігінен айырылып қалған болатын. Алайда, билік басына Ғалдан Бошақты қоңтайшының келуіне байланысты (1670—1697) қазақ жеріне шапқыншылық жасау қайтадан жанданды. Ал Жоңғар хандығын Цеван Рабтан билеген кезде (1697—1727) қанды жорықтар өзінің шарықтау шегіне жетті.
Цеван Рабтан қоңтайшы өзін шебер дипломат әрі мықты қолбасшы ретінде танытты. Ол Қытаймен тікелей қақтығыстардан құтылып кетіп отырды. Цеван Рабтан Жоңғар хандығының қол астына миллионға жуық жоңғарлар мен жарты миллионға жуық әр түрлі халықтарды біріктіріп, елінің әскери әлеуетін біршама нығайтып алады. Оның Қазақ хандығына шапқыншылығы 1698—1699 жылдары Ертіс, Есіл өзендері мен Жетісу аймағына жүргізіпді. Ал 1702—1703 жылдары Ертіс бойында қазақтар нәтижелі соғыстар жүргізді. Біраз үзілістен кейін, 1708 жылы жоңғарлар шапқыншылығы қайта жалғасты. Олар-дың Қазақ хандығына жасаған қанды жорығы 1710 жылы болды. Бұл жорық қазақ халқын үлкен шығындарға ұшыратты. Ол қазақ билеушілерін 1710 жылы Қарақұм маңында үш жүздің құрылтайын шақыруға мәжбүр етті. Құрылтайға сұлтандар мен билер, ру басшылары және үш жүздің белгілі батырлары қатысты. Онда қаралған ең негізгі мәселе үш жүздің біріккен әскерін жоңғар шапқыншылығына қарсы жасақтау болды. Тәуке хан бір орталыққа біріккен мемлекет құру және оны нығайту үшін сұлтандардың билігін шектеп, жүздерді басқаруда билердің саяси ықпалын арттырды. Жоңғарларға қарсы соғыста алдыңғы қатарға қазақ батырлары шықты. Олардың қатарында Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Райымбек, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет сынды батырлар бар еді. Олардың ішінен ерек­ше көзге түскені Бөгенбай батыр болды. Ол шешуші шайқас алдында қазақ сарбаздарының жауынгерлік рухын мына сөздерін арнау арқылы көтерген: «Таланған көштің, тұтқындалған бала-шағаның, бейшара бақылаушысы болып отырман. Жаудан кек аламыз, өлсек, қару ұстап өлеміз! Қыпшақ даласының сарбаздарының жалтарған кезі болды ма?.. Жаудың зұлымдығына шыдап отыра алман!? Жауға мінер тұлпар құрып па?! Сұр жебе толы қорамсақ қаңырап бос қалып па?!«
Құрылтайға қатысушы барлық батырлар мен халық Бөгенбай батырдың сөзіне тоқтады. Ол қазақтың біріккен әскерінің қолбасшысы болып сайланады. Қазақ жүздерінің бірігуі өз нәтижесін бере бастады. Біріккен халық жасақтары жоңғарларға тойтарыс беріп, оларды шығысқа шегіндіріп тастады. Жау қолында болған жайылым мен қыстақтарды қайтарып алды. Сонда да жүздер арасындағы дау тоқтамады. Бұл жағдай жорыққа шығар алдында көліспеушіліктер мен өзара бәсеке туғызып, алауыздыққа ұшыратты.
Қазақтар арасындағы алауыздықтарды жақсы пайдаланып отырған жоңғарлар 1713 жылы Қазақ хандығына тағы да басып кірді. Ондай жорық 1716 жылы да қайталанды. Ал, 1717 жылы Аягөз өзені бойында үш күндік шайқас ауызбірліктің жоқтығынан қазақ жасағының жеңілуімен аяқталды. 1718 жылы жоңғарлар Жетісуға баса көктеп кіріп, одан әрі оңтүстіктегі Арыс, Бөген, Шаян өзендері бойында жойқын соғыстар жүргізді. Олардың негізгі мақсаты Қазақ хандығының ордасы— Түркістанды басып алу еді.
1723 жылы қазақ-жоңғар қатынасында қазақтар үшін аса қиын кезең басталды. Өйткені Қытай императоры Кансидің қайтыс болуын пайдаланып, жоңғарлар Қытаймен бітім жасайды. Осылайша жоңғарлар өздеріне Қытай тарапынан жасалып отырған қысым мен қауіпті тоқтатып, бытыраңқы қазақтарға қарсы барлық күштерін жұмылдыруға мүмкіндік алды. Бұл қазақ халқының тағдырындағы ең қасіретті кезең— «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» (1723—1728) нәубетіне алып келген еді. Қазақ жұртының басына түскен нәубет жөнінде Шәкәрім Құдайбердіұлы былай дейді: «... 1723 жылы қазақ, қалмақ болып жиылып соғысқанда, қалмақтың бастығы Цеван Рабдан қазақтың көбін қырып, қалғанын қуып жіберген. Сонда қазақтар аш-жалаңаш, жаяу шұбап бір көлдің басына келіп, көлді айнала сұлап жатыпты. Сонда бір ақсақал кісі айтыпты: балалар, адам бастан кешкен жақсылықты қандай ұмытпаса, жаманшылық көргенін де сондай ұмытпау керек, біздің бұл көрген бейнетіміздің аты Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама болсын», — дейді, мағынасы «табанымыэ ағарғанша жаяу жүріп, көлді айналып жатқан күн» дегені және сол жолда айтылған қазақтың ескі өлеңі мынау:

 

Қара таудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Қарындастан айырылған қиын екен,
Қара көзден мөлдіреп жас келеді.
Мына заман қай заман, қысқан заман,
Басымыздан бақ-дәулет ұшқан заман.
Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,
Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман.
Мына заман қай заман, бағы заман,
Баяғыдай бола ма тағы заман.
Қарындас пен қара орын қалғаннан соң,
Көздің жасын көл қылып ағызамын.
Көктемде тұтқиылдан басталған жоңғар шапқыншылығынан қазақтар есін жинай алмай, еріксіз Ходжентке, Самарқанға, Хиуа мен Бұқараға қарай үдере көшуге мәжбүр болды. Олар үйлерін, мал-мүліктерін тастап қашты. Жоңғарлар Ташкент пен Түркістанды басып алып, талқандады. Бұл нәубеттен қазақ халқының үштен екі бөлігі қырылды.
Бірақ 1723 жылғы жеңіліс қазақ халқының еңсесін түсіре алмады. Ел билеушілері мен батырлар азаттық күреске жұмыла бастады. Қазақ халқының бірлігін нығайтуда елге беделді үш жүздің билері— Төле би (Төле Әлібекұлы (1663—1756), Қазыбек би (Қазыбек Келдібекұлы (1667—1764), Әйтеке би (Айтық Байбекұлы (1644—1700) белсенді қызмет атқарды. Олар бір орталықтан басқарылатын Қазақ хандығын қалыптастыру жолында табанды күрес жүргізген мемлекет қайраткерлері болатын. Олардың ең басты мүддесі— қазақ халқы мен жерінің тәуелсіздігін сақтау еді.
Сол тарихи сын сағатта Кіші жүз ханы Әбілқайыр (1693—1748) ерекше көзге түсті. 1724 жылы Әбілқайырдың қолбасшылығымен қазақтар алғашқы жеңіске жетті. Сондай-ақ, оның 1725 жылғы жоңғарларға қарсы жорығы да нәтижелі болды. Ол кезде жоңғарлардан Отырар, Шымкент, Түркістан, Сайрам қалалары азат етілген болатын.
1726 жылы күзде жоңғарларға қарсы азаттық күресті ұйымдастыру мәселесін талқылауға жалпы қазақ құрылтайы шақырылды. Құрылтай Ордабасы тауында еткізілді. Оған хан, сұлтандар мен билер, үш жүздің батырлары, ру басылары қатысты. Құрылтай жалпы қазақ әскерінің қолбасшысы етіп Әбілқайыр ханды сайлады.
Құрылтайдан кейін күтілген аса маңызды жеңіске қазақ әскері 1728 жылы көктемде жетті. Ұлытаудың етегіндегі Бұланты өзені маңындағы «Қара сиыр» деген жерде қазақ әскері жоңғарларға ойсырата соққы берді. Бұл шайқас халық жадында «Бұланты шайқасы», ал соғыс даласы «қалмақ қырылған» деген атпен қалған еді. Осынау маңызды жеңіске қол жеткізуге қолбасшы Әбілқайырмен бірге Қабанбай, Жәнібек, Наурызбай, Бөгенбай, Eset, Малайсары сынды т.б. көптеген халық батырлары зор үлес қосты.
Қазақ халқы жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күрестен екінші тарихи жеңіске 1730 жылдың көктемінде жетті. Бұл оқиға Балқаш көлінен 120 шақырым оңтүстік-шығысқа қарай жатқан Алакөл маңында өткен Аңырақай шайқасында болған еді. Шайқаста Әбілқайыр хан қолбасшылық етті. Ұрыс батырлар жекпе-жегімен басталды. Шәкәрім Құдайбердіұлы оны былайша суреттейді: «...қазақ пен қалмақ екі төбеге жиылып, ортасында қалмақтың Қалдан-Церен ханының күйеу баласы Хоңтажы деген әскербасының баласы Шарыш деген батыр, қазақтан жекпе-жекке батыр сұрап жүр екен. Әбілмансұр Әбілмәмбет ханға барып: «Тақсыр, бата берсеңіз мынаған мен барайын» дегенде, хан бата берген соң, Шарышқа қарай «Абылай, Абылай» деп ұран салып барып, Шарышты өлтіріп, басын кесіп алып, жау қашты деп айғай салған соң, қалмақтар қашыпты. Бір мезгілде Әбілмәмбет Әбілмансұрды қасына отырғызып. «Шырағым, сен кімсің, Абылайлап шапқаның қалай?«, — десе: «Мен қанішер Абылайдың немересі едім, соғыста жолы болған атамның атын ұран қылдым», — дейді. Шарышпен болған жекпе-жектегі жеңістің құрметіне халық оны Абылай атап кетті.
Аңырақай шайқасында майдан даласы 200 шақырымға дейін жетіп, қазақтар ұлы жеңіске жетті. Алайда, осы жеңістерді қазақ халқы одан әрі жалғастыра алмады. Оған қазақ қоғамының саяси элитасы арасындағы бақталастық кедергі жасады. Оған Болат хан қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығында ұлы хан болу үшін саяси күрестің басталуы себеп болды. Ұлы хан болуға бірден-бір үміткер қазақтың біріккен әскерінің бас қолбасшысы, Кіші жүз ханы Әбілқайыр болатын. Бұланты мен Аңырақай шайқасындағы тарихи жеңістерден кейін Әбілқайыр ханның беделі мен саяси салмағы да арта бастаған-ды. Бірақ ұлы хан бола алмайтынын білгеннен кейін ол өз әскерімен Кіші жүздеп ордасына көшіп кетті.

e-history.kz

 

Елім-ай

Халық әнмен

Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,
Елім-ай, Елім-ай.
Ел-жұртынан айрылған жаман екен,
Қара көзден мөлтілдеп жас келеді,
Елім-ай, Елім-ай.
Мына заман қай заман? Бағы заман,
Баяғьідай болсайшы тағы заман,
Елім-ай, Елім-ай.
емес Атадан, енеден қыз айрылды,
Көздің жасын көлғылып ағызамын,
Елім-ай, Елім-ай.
Мына заман қай заман? Қысқан заман,
Бақыт құсы алаштан үшқан заман,
Елім-ай, Елім-ай.
Көк аспаннан топырақ, шаң борады,
Күні суық қаңтардан, қыстан жаман,
Елім-ай, Елім-ай

Қазақ-жоңғар соғысы туралы 5 фильм

 

Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілқайыр ханнан бөлініп шығып, өз алдына жеке мемлекет құрған күннен бастап жас хандықты жаулап алуды мақсат тұтқандар аз болмады. Алтайдан Еділге дейін созылған кең далаға иелік етуді аңсаған сондай сыртқы жаулардың бірі – ойраттар еді. Ғасырларға созылған текетіресте олардың арманы кейде орындалуға шақ қалып, кейде бас көтерместей жеңіліп, жекелеген тайпалары қазақ хандарының қол астына кірген кездері де болды. Көшпелі дәстүрді ұстанған екі халықтың арасындағы соғыс XVIII ғасырдың 2-жартысында Жоңғар хандығын Цин империясы жұтып алғанға дейін жалғасты. Қос бөрідей айқасқан қазақ-жоңғар жаулығы – Ұлы даладағы үлкен қасіреттердің бірі болар. Бірнеше ғасырға созылған соғыстардың нәтижесінде екі ел де әлсіреді. Құрып кетуге шақ қалды. Осы аралықта халық ішінде түрлі батырлық жырлар мен ерлікке қатысты аңыз-әпсаналар тарады, болашақ ұрпаққа үлгі болар тарихи оқиғалар орын алды. Ауыздан ауызға беріліп бүгінгі күнге жеткен осынау мұраны болашақ ұрпаққа көрсетудің жаңа әдістері пайда болған заманда қазақ-жоңғар соғысы жайында бірқатар кино туындылар түсірілді. Бүгін біз сіздерге жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты ұялататын сол фильмдердің бестігін ұсынбақпыз.

«Батыр Баян»

1993 жылы. Режиссер – Сламбек Тәуекел.

 

Бұл фильм бүкіл ғұмырын жауға қарсы өткізген Баян Қасаболатұлының тағдырынан сыр шертеді. Кезекті бір шапқыншылық кезінде қалмақтардан қалың мал барымталап, қыздарын тұтқындаған батыр тұтқындағы Құралай есімді сұлуға ғашық болып, оны жар етіп алуға ниеттенеді. Алайда, қыз батырға тұрмысқа шығудан бас тартады. Тіпті, өзіне қол жұмсаудан тайынбайтынын да байқатады. Қырсықтығы уақыт өте басылар деген үмітпен Баян ешқайда асықпайды. Қыздың ағасы Доржы болса, осы аралықта қарындасын бірнеше мәрте жау қолынан алып кетуге тырысады. Бірақ оның әрекеттері еш нәтиже бермейді. Қазақ арасында жүрген Құралай Баянның інісі Ноянға ғашық болып қалады. Ноян да қызды ұнататынын жасырмайды. Бұл елде жүріп қосыла алмайтынын білген екі жас Баян аңшылыққа кеткен кезді пайдаланып, жоңғарлар жаққа қашады. Бұл жайтты ауылға келе сала естіген батыр інісін сатқынға балап, оларды жарты жолда қуып жетеді де мерт қылады.

 

«Сардар»,

2003 жылы. директоры - Болат Қалымбетов.

Бұл туынды қазақ-қалмақ аңызына негізделе түсірілген. Жаугершілік заманда тұтқынға түскен әкесін елге қайтару үшін қасына жан досы Ақбердіні ерткен Құлжа жау қосына аттанады. Жолай екі дос талай шытырманға тап болып, ақыры өздері де тұтқынға түседі. Бала кезде бір-біріне қандай жағдайда да адал болуға серттескен олар бұл жерде қалмақ қызы Сарымтанаға ғашық болады. Сарымтана да қолбасшы Шонайдың тұтқыны еді. Ол өзін құтқарған жанға өмір бақи адал болып өтуге ант береді. Қызға деген сезімнен екі дос та оны құтқаруға ұмтылады. Алайда, ғашықтық жолындағы жанкештілік олардың арасына от салады. Фильмде махаббат хикаясы мен туған жерге деген сүйіспеншілік тақырыптары қатар өрбиді.

«Көшпенділер»

2005 жылы. Режиссерлер – Сергей Бодров, Талғат Теменов, Иван Пассер.

 

Фильм Ілияс Есенберлин жазған «Көшпенділер» трилогиясының екінші кітабы – «Jantalastıŋ» желісі бойынша түсірілген. Мұнда XVIII ғасырдағы қазақ даласында болған оқиғалар сипатталады. Сәби күнінде анасынан айырылып, өзі секілді жетімдердің арасында Ораз есімді ұстаздың қол астында тәрбиеленген, бала кезден жоңғар басқыншыларына қарсы соғысқа аттануды аңсап өскен Әбілмансұр кезекті шайқас кезінде қалмақтың қас батыры Шарыштың басын алады. Осы кезде ол өзінің Төре тұқымынан екенін біледі. Бұл жайт оның басына қосымша қауіп төндіреді. Қол бастар баһадүрлерінен айырылған жоңғарлар ендігіде Абылай атана бастаған Әбілмансұрды өлтіріп, қазақтардан кек алмақ болады. Сол мақсатта олар еш уайымсыз серуенде жүрген жас сұлтанды тұтқынға түсіреді. Бірақ жас кезінен соғыс өнеріне машықтанған ол басына түскен қауіптен аман-есен құтылады. Әбілмансұр елге оралған шақта жоңғарлар Түркістанды қоршауға алады. Қазақ әскеріне басшылық етіп, қасиетті қаланы жаудан аман алып қалу жүгі жас сұлтанның мойнына артылады.

«Жаужүрек мың бала»

2012 жылы. директоры - Ақан Сатаев.

Арал теңізінің маңында жасақталып, 15 жасар Сартай батырдың қолбасшылығымен жоңғарларға қарсы соғысқан мың бала жайлы аңыз ежелден бар. «Жаужүрек мың бала» туындысы сол аңыздың негізінде түсірілген. Фильм желісі бойынша, айлар, Таймас пен Қорлан бала күнінде ауылдарын жау шауып, жетім қалады. Оларды Назар есімді қария құтқарып, өзімен бірге тауға алып кетеді. Кішкентайынан жоңғарларға кектеніп өскен үшеуі өсе келе тауда тығылудан шаршап, жазыққа жиі түсіп, жолай кездескен жау сарбаздарын өлтіріп, аттарын барымталауды әдетке айналдырады. Балалардың бұл қылығына уайымдаған Назар ақсақал оларды тиюға тырысады. Бірақ жалындаған жастар бой бермей, өз дегендерін істейді. Олардың аты айналадағы қазақ ауылдарына таралып, жауға қарсы соғысуды мақсат тұтқан жастың бәрі Сартайдың жанына жиналады. Өстіп жүріп жауға төтеп берер жасаққа айналған олар енді тиіп-қашып соғысуды қойып, шын соғысқа қатысуды ойлайды. «Алмас қылыш», 2016 жылы. Режиссер – Рүстем Әбдіраш. XV ғасырдың екінші жартысында орын алған тарихи оқиғалар баяндалатын бұл туынды қалың көрерменге ел тәуелсіздігінің 25 жылдығында ұсынылды. Фильм екі нұсқада шықты. Бірі – толықметражды фильм ретінде, екіншісі – телехикая ретінде. Туындыдағы бас кейіпкерлер – Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек сұлтандар. Бұл Дешті-Қыпшақ даласында Шайбанидтер әулетінен шыққан Әбілқайыр хан билік құрып, кең даладағы бітпейтін соғыстың кесіренен халық әбден тозған кез еді. Елдің жағдайы нашарлағанына, Әбілқайырдың ойраттармен болған кезекті шайқаста жеңіліс тапқанына ашуланған Керей мен Жәнібек одан бөлініп, жеке мемлекет құруды ойластырады. Бірақ жаңа мемлекет құру ешқашан оңай болмаған. Керей мен Жәнібек бұл жолда талай кедергіге тап болады. Өздерімен бірге көшкен елге қоныс болар жер іздеп, бірнеше рет ойраттардың шабуылына ұшырап, әрең дегенде аман қалады. Соған қарамастан, олар өз ойларына адал болып, дегендеріне жетеді.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/kino/47798/

Жарияланымдар авторы

Желіден тыс 3 апталар

Admin

0
Пікірлер: 2қоғамдық: 104тіркеу: 11-07-2018
жаңартылған: 07.06.2019 — 12:07

2 комментария

Пікір қосу
  1. Құтты болсын! Өте пайдалы материалдар, рахмет, сайтыңызға кіріп оқып тұрайык!

  2. «Елім— ай» әнінің авторы Толыбай сыншының баласы Қожаберген жырау . Негізі «Елім— ай» үлкен дастан.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған