«Шежіре жүргіземіз»-19

"ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ" -19

Құрметті оқырман!

Бүгін осы жаңа сайтымның алғашқы тақырыптық парағы ашылып, бірінші мақаласы жарияланып отыр. Өткен жолғы «КІРІСПЕ» мақаласында айтқандайын, «АЛТЫН ҰЯМ-АҚСУЫМ» атты сайтымда жүргізіліп келген жоғарыдағы атаудағы жеке бөлімін, енді осы жерге көшіріп әкеліп отырмын. Бұған дейін оның 18 мәселесі тақырыпқа сай 50-Aces күні танымдық тұрғыдағы энциклопедиялық, ілімдік, ғылыми-зерттеулік мақалалар мен қазақ елінің рулық және жекелеген азаматтардың аталық-әулеттік шежірелік жазбалары жарияланған екен. (Егер олар қызықтыратын болса, мына сілтеме бойынша бойынша таныса аласыздар: HTTP://bit.ly/2Ctfx5I

Енді міне, солардың арасын үзбей, ары қарай жалғастырып отырмын. Оның бүгінгі тақырыбын— қазақ елінің өз тарихындағы зор қайғы-қасіретті басынан кешірген, ұзақ ғасырларға ұмытылмастай, өшпестей болып қалған ерекше ауыр кезең— ЖОҢҒАР-ҚАЗАҚ СОҒЫСТАРЫНА арнадым. Соған орай, оған энциклопедиялық деректер, сайттың тұрақты қатысушысы Ж.ТОЛЫМБЕКОВТЫҢ ілімдік мақаласы және тақырыптық шағын бейнежазба енгізіліп отыр. Танысыңдар!

 

ЖОҢҒАР-ҚАЗАҚ СОҒЫСТАРЫ

«Жоңғарлар шапқыншылығы»

Алдымен осы бейнежазбаны көріп алыңдар!

 

 

Жоңғар шапқыншылығы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жоңғар шапқыншылығы, жоңғарқазақ соғыстары (Отан соғысы деп те аталады) – Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, 18 ғасырдың 50-жылдарына дейін оның аумағына ойраттардың бірде өршелене, бірде беті қайта жасаған шапқыншылықтары. Қазақ халқы ойраттарды алғашқыда қалмақтар, кейін жоңғарлар деп атаған (қ. Жоңғар хандығы). 15 ғасырдың 50-жылдары ойраттардың қалмақ тайпасының билеушісі Үз-Темір тайшы өздерімен іргелес жатқан қазақ даласына шабуыл ұйымдастырады. Дешті Қыпшаққа баса-көктеп кіріп, Ақ Орданы ойрандады. Сыр бойына жетіп, қазақ ұлыстарын оңтүстік-шығысқа қарай ығыстырып, Түркістанды, Ташкентті түсіру үшін алды. 15 ғасырдың 70-жылдары ойраттар шабуылдары жиілей түсті. Қазақ ханы Taһir (таяз) ойраттардың жолына кедергі жасау мақсатында Жетісуда ірі Жатан бекінісін салдырды. 16 ғасырдың екінші жартысында Akˌnazar Хан тұсында қазақ әскері ойраттарға қарсы тойтарыс беріп, үлкен жеңістерге қол жеткізді. Тәуекел хан билік еткен тұста да қазақ жасақтары жау әскеріне қарсы күйрете соққы берген. Ойраттар Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып алғысы келді. Бұлай жорамалдауға ағылшын көпесі әрі саяхатшысы Дженкинсонның келтірген мәліметтері негіз бола алады. Ол 1557 жылы Орта Азиядан Қытайға өтпекші болғанда, оған қазақтар мен ойраттардың Ташкент қаласы үшін жүргізген соғысы кедергі жасаған.

 

Қазақ хандығының Ойраттармен қақтығысы

16 ғасырдың орта шені мен оның 2-жартысында қазақ хандары ойрат билеушілеріне қарсы күресте едәуір басым түскен. Өйткені бұл кезде ойрат нояндары Моғолстанға қарсы күрес және ойрат қоғамының өз ішіндегі алаауыздық салдарынан біршама әлсіреген болатын. Орыс патшасы Иван IV-нің Ноғай ұлыстарына жіберген елшісі Данила Губин Мәскеуге қазақтардың күштілігі және олардың ойраттарды бағындырғаны жайында хабарлаған. 1594 жылдың басында Мәскеуде болған Тәуекел ханның елшісі Құлмұхаммед те осындай мәлімет келтіреді. Ол Тәуекелдің інісі Шах-Мұхамедтің қалмақтарға хан болғанын патша сарайында болған әңгімесінде баяндаған. Жоңғар хандығына біріккен төрт ойрат тайпасының шабуылдары, әсіресе, Батыр қонтайшының тұсында өрши түсті. Соның ішінде 1635, 1643 – 44, 1651 – 52 жылдары қазақ жеріне жасалған жорықтардың зардаптары ауыр болды. 1643 жылы Батыр қонтайшының туы астында 50000 жоңғар әскері Жәңгір хан бастаған қазақ жасағына қарсы ірі жорық ұйымдастырды. Қазақтарға қарсы бұл қанды жорыққа халха тайпасының билеушісі Алтын ханның баласы Омбо Эрдени әскері де ат салысты. Кейбір деректерге қарағанда бұл жорыққа Еділ қалмақтары да қатысқан. Жәңгір хан бастаған 600 ғана қазақ әскері (кейбір зерттеушілер, бұл мылтықпен қаруланған сарбаздар саны, ал қазақ әскерлері бұдан әлдеқайда көп болған деп есептейді) қорғаныс ұйымдастырып, жедел көмекке келген Жалаңтөс баһадүр сарбаздарымен тізе қосып, 10 мыңдық жау әскерінің шабуылын тежеген (қ. Орбұлақ шайқасы). 1681 – 84 жылдары қалмақ қонтайшысы Севан Рабдан Қазақстанның оңт. аудандарына басып кірді. Қазақ ханы Тәуке хан шайқаста жеңіліске ұшырап, оның баласын ойраттар тұтқынға алды. 1684 жылдары ойраттар қазақ жеріне тағы да жорық жасады. Сайран қаласын талан-таражға салды. Қазақтардың әлсіреген халін пайдаланған Аюке бастаған Еділ қалмақтары да қазақтар мен оларға одақтас болған түрікмен, қарақалпақтардың біріккен әскеріне шабуыл жасады.

 

Ойрат-қытай соғыстары

1690 – 97 жылдары ойрат-қытай соғыстары Жоңғар хандығы әскерлерінің бір бөлігінің оңтүстік майданға кетуіне мәжбүр етіп, олардың қазақ жеріне шабуылдарының қарқынын біршама бәсеңдетті. Осыны пайдаланып Тәуке хан 1698 жылы ойраттарға да, Еділ қалмақтарына да күйрете соққы берді.

 

Жоңғарлардың жаңа шабуылының басталуы

17 ғасырдың 80-жылдарында Тәуке жоңғарлардың қолында қалған баласын қайтаруды талап етті. Баласымен бірге еріп келген 500-ге жуық жоңғар жауынгерлері Тәуке ханның шешімімен өлтірілгеннен кейін қазақ-жоңғар қатынасы одан әрі шиеленісе түсті. 1708 жылы жоңғарлардың жаңа шабуылы басталды. Бұл шапқыншылық Қазақ хандығының оңтүстік аудандарына айтарлықтай нұқсан келтірді. 1710 – 11 жылдары Жоңғар шапқыншылығы қазақтар мен оларға одақтас қарақалпақтарды Ташкентке қарай ығысуға мәжбүр етті.

 

Жоңғар сарбазы

Үш жүздің бірігуі

1710 жылы Үш жүздің басын қосқан Қарақұм жиынында жауға қарсы күш біріктіріп тойтарыс беру жөнінде шешім қабылданды. Бөгенбай батыр біріккен жасақтың қолбасшысы болып бекітілді. 1711 – 12 жылдары 50 мың адамдық Қазақ хандығының әскері Жоңғар хандығына басып кірді. Бұл қыста болған жорықты ойраттар күтпеген болатын. 1713 жылы ойраттардың 3000 адамы бар әскер күшінің қарсы шабуылы жеңіліске ұшырады. 1715 – 23 жылдары ойраттардың негізгі әскери күші Цин империясы әскерлеріне қарсы соғысып жатыр еді. 1722 жылы Цин императоры Кансидің өлімінен соң Севан Рабдан енді басты күшті Қазақ хандығына бағыштады. Кенеттен жасалған шабуылды күтпеген қазақ қолы соғысқа дайын емес болатын. Әскер күшін біріктіріп үлгермеген қазақ хандары елдің орталық аудандарына шегінуге мәжбүр болды. 1723 жылы Севан Рабданның 100 000 адамдық жасағын бастаған оның балалары Қалдан Серен мен Шоно қазақ ауылдарына басып кіріп, ойран салды. Мұндай қанды жорықтар 1723 – 27 жылдары аралығында тағы да бірнеше рет қайталанды. Бұл тарихта “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” деген атпен қалған ел басына күн туған ауыр кезең еді. Тек 1726 жылы Қазақ хандығының хандары мен сұлтандары, билері мен батырлары Күлтөбеде бас қосып, ойраттарға қарсы күресті қайтадан ұйымдастыруға мүмкіндік алды. Қазақ халқының үш жүзінің әскери күшін топтастыруда Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер үлкен рөл атқарды. Бұланты – Білеуті өзендері аралығындағы жазықта болған жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста қазақ жасақтары жау әскеріне күйрете соққы берді (қ. Бұланты – Білеуті шайқасы). 65 000 қазақ қолы шамамен 40 мыңдық ойрат әскерлерін талқандап, ірі жеңіске қол жеткізді. Қазақ жасақтары құрамында қырғыздар, қарақалпақтар да ерлікпен шайқасты. Сыр бойына жеткен ойраттар қарақалпақ ауылдарын да шапқыншылыққа ұшыратып, осының салдарынан қарақалпақтар төменгі және жоғарғы болып екіге бөлінді.

 

Болат ханның үш жүздің басын косуы

1726 жылы Жоңғар шапқыншылығы қазақтар мен оған көршілес жатқан Орта Азия халықтарының шаруаларына ауыр зардаптарын тигізді. 1726 жылы Болат хан үш жүздің хандары (Жолбарыс, Сәмеке, Әбілқайыр), билері мен батырларының, сұлтандарының басын қосып, Ордабасыда өткен жиында Әбілқайыр хан бас қолбасшылыққа тағайындалып, жауға қарсы жаңа стратег. шабуыл ұйымдастыру келісілді (қ. Ордабасы). Әскери күшін біріктірген үш жүз жасақтары

Аңырақай шайқасы
1728 жылдан бастап жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресте түбірлі бетбұрыс жасаған Итішпес көлінің маңындағы ауыр шайқасқа даярлана бастады (қ. Аңырақай шайқасы). Аңырақай шайқасы (1729 сол., кей деректерде 1730 сол.) — біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі.

 

Аңырақай шайқасы
Жоңғарлардың Қазақ хандығына шапқыншылығы оқиғалары
Күн-айы 1729 (1730)
Болған жері Аңырақай
Нәтижесі Аңырақай шайқасындағы жеңіс жоңғар соғысында бетбұрыс жасаған, қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін бекітті
Соғысушы жақтары
Қазақ хандығы Жөңғарлар
Қолбасшылары
Әбілқайыр хан,
Жолбарыс хан,
Қанжығалы Бөгенбай,
Қабанбай батыр,
?
Пәрменді күштері
? ?
Құрбандары мен қаза тапқандары
? ?
Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 ж. бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде жоңғарлар қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды.

 

Төле би

Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында, Сұңқар тауында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталды) жиналды. Шайқас солтүстігі Балқаш, оңтүстігі Отар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы жерлерде өткендігін осы өңірлерде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Аңырақай аталатын да осы өңір. Бұл шайқаста (40—45 күн) қазақтар ірі жеңіске жеткен.

 

Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін бас қолбасшы Әбілқайыр хан жүзеге асырды. Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, Орта жүз қолын қанжығалы Бөгенбай, шақшақ Жәнібек, Қабанбай, Кіші жүзді тама Есет, шекті Тайлақ т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Шайқасқа болашақ қолбасшы шапырашты Наурызбай да қатысқан.
Бұл шайқаста көптеген батырлар жекпе-жекке шықты. Бұл соғыста көптеген атақты батырлар қаза тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты.
Қазақтар бұл соғысты әрі қарай дамыта алмады. Оған шайқастың соңында Болат хан жараланып, қайтыс болғаннан кейін басталған тақ үшін талас кедергі келтірді. Көпшілік Болат ханның баласы жас Әбілмәмбетті қолдады. Бұған наразы болған Әбілқайыр майдан даласын тастап, Кіші жүздің қолын Ырғыз арқылы батысқа алып кетті. Орта жүз қолы Сәмеке хан соңынан солтүстікке бет алды. Бірақ Аңырақай шайқасындағы жеңіс қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін бекітті.
Халқымыз үшін Аңырақай шайқасының маңызы орыстардың Бородино даласындағы, Еуропаның біріккен қолының Ватерлоо, КСРО халықтарының Ұлы Отан соғысындағы Сталинград түбіндегі жеңістерімен бірдей.

 

Абылай хан

1738 - 41 жылдары қолбасшы Сары Манжаның 30 мыңдық әскерінің шабуылы–ойраттардың қазақ жеріне жасаған соңғы ірі шапқыншылықтарының бірі. 1745 жылы Қалдан Серен қайтыс болғаннан кейінгі Жоңғариядағы билік үшін өзара тартыс олардың саяси жағдайын әлсіретіп жіберді. Осыны пайдаланған Абылай хан басқарған қазақ әскерлері жоңғарларға шешуші соққылар беріп, Жетісу мен Шығыс Қазақстанды қайтарып алды. 1755 - 58 жылы жоңғарлар Цин әскерлерінің шабуылынан кейін тас-талқан етіліп, дербес ел ретінде өмір сүруін тоқтатты. Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін 1757 - 58 жылы Қазақ хандығы өзінің жаңа көршісі Цин империясы әскерлерімен соғыс жағдайында болып, кейіннен бітімге келді. Қытайлар Жоңғарияны толық жаулап алды, ал қазақтар өздерінің ежелгі ата мекені Жетісу, Тарбағатай, Алтай өңірлерін иеленіп, шығыстағы шекарасын бекітті.

 

Абылай хан
Хан
Билік жылдары
1771—1781
Таққа көтерілуі
1771
Толық аты
Уәлиұлы Әбілмансұр
Дүниеге келді
1711
Қайтыс болды
1781 23 мамыр
Ізашары
Әбілмәмбет хан
Әулеті
Орыс хан үйі
Әкесі
Көркем Уәли
Кейіннен 1771 жылы батыста бөлініп қалған қалмақтар да Еділ – Жайық арасындағы қоныстарын тастап, қазақ жері арқылы Жоңғарияға ауды (қ. Шаңды жорық). Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте Сәмеке, Жолбарыс, Болат, Әбілмәмбет, Әбілқайыр сынды хандар қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін оятқан, әскери біліктілігімен танылған тарихи тұлғалар ретінде ел жадында қалды. Көрнекті мемлекет қайраткері, есімі жауынгерлік ұранға айналған, даңқты қолбасшы, дарынды дипломат Абылай хан бастаған еркіндік пен ерлік рухы биік, соғыс даласында тегеуріні мықты Қабанбай, Бөгембай, Баян, Наурызбай, Саурық, Бөлек, Малайсары, Шоқантай, Жауғаш, Сәмен, Өтеген, Райымбек, Қарасай, т.б. батырлардың өшпес ерлігі тәуелсіздікті аңсаған қазақ халқының тұтастығын, бірлігін сақтап қала алатындығын дәлелдеді.[1]

Жоңғар мемлекетінің әскери күш-қуатының нығаюы

1635 жылы Батыр коңтайшы бастаған Жоңғар хандығы құрылды. Ол Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағында еді. 1640 жылы жоңғарлар «Далалық жарғы» деген атпен әскери және азаматтық заңдар жинағын шығарды. Жоңғарлардың бірлігі нығайды, әскери күш-қуаты арта түсті. Соғыс жағдайы кезінде жоңғарлардың әрбір рулық бөлімшесі өте қысқа мерзімнің ішінде жауынгерлік бірлік тобына айналып шыға келді. Жоңғар хандығы жауынгерлерінің жалпы саны 100 мыңға дейін жететін қуатты атты әскер шығара алатын еді. Олардың 60 мың жауынгері бар тұрақты әскері болды.
Жоңғария өзімен көрші мемлекеттердің жерін тартып алуды көксеген, барынша әскерилендірілген мемлекетке айналды. Жоңғарлықтардың рухани бірлігін қамтамасыз етуде Тибет ламалары елеулі рөл атқарды.
Жоңғарларда әскери іс-қимылдар жасаудың ерекше тактикасы қалыптасқан болатын. Олар ашық кең далада соғысуға машықтанған еді. Оқ-дәріні селитра мен күкірттен өздері қолдан жасап алатын. Олардың қолынан қылыш, сауыт, дулыға және басқа қару-жарақ түрлерін жасау да келетін. XVII ғасырдың аяқ жағына қарай жонғарларда білтелі мылтық пайда болды. Жоңғарлар тіпті зеңбірек жасауды да үйреніп алды. Зеңбірек құюды оларға тұтқын болып қолға түскен швед Иоган Густав Ренат үйретті. Жоңғарларда шекаралас жатқан мемлекеттердің аумағында жүріп, қүпия ақпараттар жинаумен айналысатын жансыздардың — тыңшылардың кең жүйесі құрылды.
Жоңғария тұғындары да қазақтар сияқты көшпелі және жартылай көшпелі халық еді. Негізінен мал шаруашылығымен айналысатын. Халқының саны 1 миллионға жуықтайтын. Жоңғарлар аз ғана уақыттың ішінде Алтайда тұратын көптеген ұсақ Ұлыстарды бағындырып алған еді. Олар алым-салық төлеп тұрды, әскер қатарын толықтырып отырды. Жоңғарияның өзімен көрші мемлекеттерге күшті қауіп төндіргені соншалық, XVIII ғасырдың бірінші жартысында тіпті Қытайдың сыртқы саяси кызметі негізінен осы мемлекетке қарсы күрес жүргізіп, оны әлсіретуге бағытталды.

 

Жоңғарлардың Қазақстан аумағында басқыншылық соғыс жүргізуінің себептері

Қазақ хандығының аумағы Жоңғария билеушілерін бұрыннан қатты қызықтыратын. Оның себебі, біріншіден, Жетісу мен Сырдария өңірін басып алатын болсақ, онда Жоңғарияны Ресей мемлекетімен, Сібірмен, Орта Азия хандықтарымен байланыстыратын аса маңызды сауда жолдарының торабын өз бақылауымызда ұстаймыз, одан әрі Ауғанстанға, Иран мен Закавказьеге жол ашылатын болады деп үміттенді. Екіншіден, Қазақстанды жаулап алсақ, өз хандығымыздың солтүстіктегі шекарасын әлдеқайда нығайтамыз, бағынған халықтан қосымша алым-салық алып тұрамыз деп ойлады. Үшіншіден, басқыншыларды қазақтың кең-байтақ даласындағы шұрайлы мал жайылымы мен Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік- шығысындағы сауда-қолөнер орталықтары қызықтырды. Төртіншіден, Қазақстан аумағын жаулап алу жоңғарлардың Еділ мен Жайық аралығында көшіп-қонып жүрген қандас тайпалары құба қалмақтарымен кедергісіз тікелей байланыс орнатып, қарым-қатынас жасауына жағдай туғызатын еді. Ақыр соңында, бесіншіден, Жоңғар мемлекетінің қазақтарды кұл етіп ұстаудың мол мүмкіндігіне ие боламыз деп дәмеленді. Жоңғарлардың Қазақ хандығына қарсы басқыншылық соғысты күшейте түсуінің, міне, осындай себептері болды.

 

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»

XVIII ғасырдың 20- жылдарының бас кезінде жоңғарлардың Қазақстан аумағына кезекті ірі жорық жасауына қолайлы жағдай қалыптасты. 1722 жылы жоңғарлармен ұзақ уақыт бойы соғыс жүргізіп келген Қытай императоры (боғдыханы) Канси қайтыс болды. Сөйтіп қалмақтардың Қытаймен бейбіт келісім жасасуға колы жетті. Жоңғар хандығының шығыс шекарасы ендігі жерде қауіпсіз болды. Жоңғар билеушілері Еділ бойындағы қалмақтардың ханы Аюкеге елші жіберіп, қазақтарға қарсы бірлескен соғыс қимылдарын жүргізу мақсатын көздеді. Ертіс бойында жақында ғана бой көтерген әскери бекініс желісін нығайтумен әуре болып жатқан Ресей Жоңғар мемлекетіне бәлендей қауіп төндіре алмайтын еді. Оның үстіне, Ресей көрші жатқан екі көшпелі мемлекеттің өзара қарым-қатынасына байланысты бейтарап саясат ұстауға тырысты. Қазақ мемлекетінің де, Жоңғар хандығының да өзара шайқаста әбден әлсіреп, қансырағанын күтті. Өйткені оған осылай болғаны тиімді еді.

 

1723 жылдың көктемінде алдағы болатын жойқын соғысқа мықтап әзірленген, әрі қазақ хандықтарының алтыбақан алауыз болып ыдырап бара жатқанын пайдалана қойған Цеван-Рабтан өз әскерінің қалың қолын Қазақстанға қарай аттандырды. Жау жеті бағытта шабуылға шықты. Жоңғар шапқыншылығының алғашкы соққысына ұшыраған Жетісу мен Ертіс бойының қазақтары болды. Жоңғарлар ауылдарды өртеді. Малды айдап әкетті, бейбіт халықты қара шыбындай қырып салды. Өйткені жоңғарлардың шабуылы күтпеген жерден бірден төтенше басталған болатын. Сондықтан да амалы қалмаған Қазақтар малына да, үй-жайларына да, дүние-мүліктеріне де қарай алмай, бас сауғалап қашуға мәжбүр болды.
Жау әскерлерінің сан жағынан тым басым болғанына қарамай, қазақ жауынгерлері кескілескен ұрыс салып, қатты қарсылық көрсетті. Жау қолына ешкімнің де берілгісі келмеді. Әр қазақ өзімнің туған жерімді, туған-туыстарым мен жақындарымды жауыз дұшпаннан қорғауға міндеттімін деп ұқты. Қазақ жауынгерлері шегіне түсіп, қорғаныс соғыстарын жүргізді. Олар әйелдерді, балаларды, карттарды жаудың өкшелеп қууынан құтқару үшін қырғын соғыс салды. Ташкент қаласының тұрғындары қазақ әскери жасақтарының басшылығымен қаланы жаудан бір ай бойы дерлік қорғады. Жоңғарлар Ташкенттен кейін Сайрам, Түркістан сияқты басқа да қалаларды басып алды. Жаудың жойқын соғыс қимылдарын жүргізуі нәтижесінде Қазақстанның шөлді және таулы аймақтарынан өзге бүкіл аумағы іс жүзінде жоңғарлардың қолына қарады. Салыстырмалы түрде алғанда Қазақстанның батысындағы алыс аймақтар ғана аман қалды.
Бұл кезең (1723—1727 жылдар) қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен аталады. Оның қазақ халқына тигізген зардабы — қайғы-қасіреті, аштығы мен қайыршылық халге душар етуі өте-мөте ауыр болды. Мың-мындаған адам қырылды немесе тұтқын ретінде айдалып кетті. Жүздеген, мындаған ауыл қатты күйзеліске ұшырады, мал-мүлік талан-таражға түсті, бір кезде гүлденіп тұрған қалалар жау қолында қалып, аяусыз қиратылды. Қазақтар қырғыннан аман қалу үшін елдің батыс аймақтарына қарай жылжып, Жайық бойына дейін жетті. Қазақтардың жаппай қоныс аударуы Ресей империясын және оның қол астындағыларды — башқұрттар мен қалмақтарды едәуір мазасыздандырды. Патша үкіметі өзіне бодан болған халықтарды қорғау үшін бірқатар кешенді шаралар қабылдады: шекара күзеті күшейтілді, Орал аймағында жаңадан әскери бекіністер салу шаралары қолға алынды. Қазақтардың едәуір бөлігі Орта Азия мемлекетінің аумағына қарай ойысты. Мәселен, Сырдария өзенінен өтіп кеткен Орта жүз руларының көпшілігі Самарқанд қаласының төңірегіне, ал Кіші жүз қазақтарының едәуір бөлігі Хиуа мен Бұхар хандықтарына көшіп кетті. Қазақтар басынан кешірген сол бір орасан ауыр қайғы-қасіреттің символы «Елім-ай» атты зарлы жыр болды. Оның мәтіні мен әуенін ақын, әрі жауынгер Қожаберген жырау шығарған деп те айтылады: Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді, Ел-жұртынан айрылған жаман екен, Екі көзден мөлтілдеп жас келеді. Мына заман қай заман, бағы заман, Баяғыдай болар ма тағы заман! Қарындас пен кара орман қалғаннан соң, Көздің жасын көл қылып ағызамын.
Жоңғар шабуылының өрт-жалыны өзбектерді де, қырғыздарды да, қарақалпақтарды да шарпығанымен ең ауыр соққы қазақтарға берілді.

 

Қазақтардың жеңілу себептері

Қазақтардың жеңіліп, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» душар болуының бірнеше себебі бар. Біріншіден, қазақ жүздері ыдырап, Қазақ хандығының басшылығында ауызбірлік қалмады. Екіншіден, жоңғарлар бұл шабуылға өте тыңғылықты әрі мұқият әзірленген еді. Оның үстіне, шабуылдың басталатын уақыты Қазақ ауылдарының бір-бірінен алыс, қыстаудан көктеуге көшіп шығар абыр-сабыр кез болатын. Үшіншіден, 1723 жылы қазақтар қатты жұтқа ұшыраған-ды. Жорыққа мінетін жөні түзу ат жетіспеді. Төртіншіден, аймақта қалыптасқан осындай гео-саяси жағдайды қалмақтар дұрыс әрі мұқият ескере білді. Қытаймен бейбіт келісім жасасты. Таяуда ғана аяқталған орыс-швед соғысынан кейін әлі ес жиып үлгере алмаған Ресейдің күрделі жағдайы да еске алынды. Бесіншіден, шабуылдың күтпеген жерден, түтқиылдан жасалу факторы да қазақтарға қолайсыз әсер етті. Ақыр соңында, алтыншыдан, жоңғарлар жақсы қаруланған болатын, әрі соғыс қимылдарын қалай жүргізудің мол тәжірибесіне де қанық еді.

 

Жоңғар агрессиясының салдарлары

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» қазақ қоғамына тигізген зардабы орасан зор болды. Далалықтардың көші-қон бағдарламаларының быт-шыты шықты. Қазақтар шұрайлы мал жайылымдарынан айырылды. Жетісудағы және Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы бір кезде гүлденіп тұратын жасыл жазиралар енді қараусыз қаңырап бос жатты. Көршілес мемлекеттермен сауда-саттық байланысы да уақытша үзіліп қалды.
Бірақ ең ауыр азапты қайғы-қасірет туған-туыстар мен жақын жандардың қазасы болды. Шәкәрім Құдайбердіұлының келтірген деректері бойынша, қазақтардың үштен екі бөлігі қырғынға үшыраған. Енді бір бөлігі құлдыққа сатылып кеткен. Халық ашаршылыққа душар болды. Өлмей аман қалу үшін қайыңның сөлін ішкен. «Қайың сауған» деген сөз содан қалған. Тірі қалғандар басқыншыларға шектен тыс ауыр алым-салық төлеп тұрған. Қазақ хандығының халқы елдің әр түрлі алыс аймақтарына, тіпті шекаралас жатқан шет мемлекеттерге де тарап, босып кетті. Қазақтардың батысқа қарай жаппай ағылуы қарақалпақтармен, түрікмендермен, өзбектермен, башқұрттармен және қалмақтармен жерге таласқан дау-дамайларға алып барды. Қазақтардың Орал Қазақтарымен де, Батыс Сібірден орыстармен де өзара қарым-қатынастарын шиеленістіріп жіберді. Міне, мұның бәрі әбден әлсіреп, қожыраған Қазақ хандығын Ресей империясының оңай олжа ретінде отарлап алуымен аяқталды.[2]

HTTPS://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%BE%D2%A3%D2%93%D0%B0%D1%80_%D1%88%D0%B0%D0%BF%D2%9B%D1%8B%D0%BD%D1%88%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D2%93%D1%8B

Қалмақ – Жоңғар жойқыны

Жемісбек Толымбеков

Қалмақ пен Жоңғар 1399—1408 жылдар аралығында дәуірлейді. Қазақты Керей елінен бастап шауып, 1430 жылы Ыстық көлге дейін жетеді. 1447 жылы Өзбектерді бағындырады. ХІV ғасырдың соңына қарай Моңғолдың Шорос, Қошауыт, Торғауыт, Хайыт рулары бірлесіп «Ойрат» деп, ал мұсылманша «Қалмақ» деп аталады. күзгі tayshы бастап Моғолстанды шабуылдап, Іле, Ыстық көл, Сырдария өңірлеріне дейін алады. Моғолстан ханы Бейіс (1418—1421 JJ) Қалмақпен көп соғысады. Қалмақ Қазақ пен кішігірім Моңғол ұлыстарының езгісінен құлап тынады. Шығыстағы Қалмақты 1455 жылы Қытай жеңеді. 1472 жылы Жетісуда Амансанжы тайшы басқарған Қалмақтар пайда болады. Ол Іледегі Жүніс ханды жеңіп, үш жылдан соң келген Шығысына қайта оралады. Жүніс хан Сыр бойына кетеді. 1521 жылдан бастап Қалмақтар Қазаққа тұрақты шабуыл жасап тұрады. Орыс патшасы Иван ІV-нің Ноғай ұлыстарына жіберген елшісі Данила Губин: «1536 жылы Қазақтар Ойраттарды жеңіп бағындырды», — деп патшасына хабарлаған.
«Сарыарқа тарихында» Мәшһүр Жүсіп Көпеев: «Он сан Ноғай бүлген соң, Орманбет би өлген соң» Сарыарқаны қара Қалмақ Қатысыбан жұрты иеленді», — деп жазады. Шығыс Элют (өлу) империясының ханы Baturdan Қазақ ханы Тәуекел жеңіліп, Ташкентке қашады. Ол онда жақтастар тауып, қол құрап, Жетісуды Қалмақтан тазартады.
Сол кезеңде Ресей империясы күшейіп, 1552 жылы Қазан хандығын, 1557 жылы Астрахан хандығын қарамағына қаратып, 1581 жылы Ермак Сібірді басып алады. Ермактың қол астындағы шоқынған әскері Қазақтар '' деп аталады. Көбі ХІV ғасырда орыстанып шоқынған, Хазарлық түркілер болады. Олар Сібір ханы Көшімді жеңеді. Казактар ХV-ХVІ ғасырларда Ноғайларды қымсырып, маза бермейді. 1560 жылы Қазақтың Хақназар ханы Моғолстанды ойсырата жеңеді. Тәуекел хан көрегендікпен 1594 жылы Орыс патшасы Федор Ивановичпен екі жақты татулық келісім жасайды. Қазақ елшісі Құлмұхаммед 1595 жылы Оразмұхаммед сұлтанмен әңгімесінде: «Тәуекел хан інісі Шаһмағанбетті Қалмақтарға хан етіп отырғызды», — депті.
Тәуекел хан 1598 жылы Ташкент пен Түркістан қалаларын алады. Ол қалалар 1723 жылға дейін Қазақ хандығының орталығына айналды.
Орыс патшасы күшейіп келе жатқан Қазақтарға күдікпен қарап, қулыққа салып, 1588 жылы қыста Тәуекел ханның немересі Ондан сұлтанның ұлы, он алты жастағы Ораз-Мұхаммед сұлтан мен Сібір ханзадасы Сейдақты (Сейітахметті) ықтиярсыз, аң аулап жүрген саятынан, орыс әскерінің басшысы Даниил Чулков Ертіс бойында, Тобыл қаласының маңында тұтқындап, кепілдікке Московияға әкетіп, он жыл Москвада ұстайды. Онда Ораз-Мұхаммед сұлтан Орыс әскерінің қатарында Шведтерге, Қырым хандығына қарсы жорықтарға қатысып, ерліктер көрсетеді. Ораз-Мұхаммед сегіз жасында атасы Шығай ханнан, он үш жасында әкесі Ондан сұлтаннан айрылып, біраз таршылықтар көріп, Сібір ханзадасы Сейдақ (Сейітахмет) бидің иелігінде жүрген еді. Орыс патшасы Борис Годунов ерлік істерімен жорықта таныла білген Ораз-Мұхаммедті 1598 жылы Керман шаһарының ұлығы етіп тағайындайды. Қызметі жағып, ісі жақсы ұнаған соң 28 жастағы Ораз-Мұхаммедті Борис патша Московия (Қасымов) ханы қылады. 1605 жылы Поляктар Москваны басып алады. Көре алмас, қызғаншақ орыс дворяндары мен боярлары Ораз-Мұхаммедті Поляк жағына көмек етті деп айыптап, сол жылы Лжедмитрий аңға алдап шығарып өлтіреді.
ХV ғасырдың соңына қарай Жетісуда Тойжы-Есен бастаған Қалмақтар пайда болады. Оларды Қазақтың Ахмет ханы ойрандап жеңеді. 1599 жылы Еділ бойындағы Қалмақтар үй жай, бала-шағасын Орыстар қарауына қойып, Қазақ жеріне жан-жақтан от қойып, шабуыл жасайды. Жоңғар-Қалмақтың Қазақтарды жаулап алмақ болған шабуылы олардың Алтан ханынан басталып, 1607—1608 жылдары Қазаққа деген жаулығы өрби түседі. Ертістің шығыс жағын мекен етіп жатқан Жоңғарлар 1616 жылы батыс қонтайшысы Қото-Қойсынның қолбасшылығында Қазақ даласына шабуыл жасап, Қазақтардан жеңіліп, кері қайтады.
Жыл сайын үдеп отырған шабуылға 1620 жылы Есім хан қатты соққы беріп тоқтатады. 1620 жылы Ноғай мен Қазақ қолдары бірігіп, Жоңғарларды Тобыл өзенінен ығыстырады. 1620 жылдың бас кезінде Торғауыт князі Хо-Ұрлық 40 мың үймен Сібірдің оңтүстік шекараларына келіп, одан Оралдан өтіп, Еділ өзенінің сағасында Қалмақ хандығын құрады. Олардың дені Oyrattardan құралып, өздерін «Қалмақ» деп атайды. 1624 жылы Ойрат тайпалары мен Қазақ ханы Есім мен Тұрсын сұлтан біраз татулыққа келісіп, бітім жасасады. 1627 жылы «Ойрат» одағы ыдырап тынады. 1627 жылы Хазар теңізінің елсіз, масалы қамысты жерінде Қазақ пен Қалмақ соғысы өтеді. Соғыс 83 күнге созылады. Ұрыстың бір жарым айы батырлардың жекпе-жек арпалысымен болады.
1630 жылдың басында Шорос тайпасының басшысы Қарақұла ыдыраған Ойраттарды біріктіріп, сыртқы жақтағы Халха мен Моңғол тайпаларының билеушісі алтын Outlook «Қазақ хандығына қарсы шапқыншылық күресті баста» деп қолдау қылады. 1635 жылы Жоңғарлар Қазақ жеріне жорық жасап, Жәңгір сұлтанды қолға түсіріп, ол олардан қашып құтылады. 1635 жылы Қарақұланың ұлы Батурдың (1635—1653 JJ) тұсында Ойраттар едәуір күшейіп, «Жоңғар» одағы қалыптасады. Батур «хоңтажы» болғанына той жасағанда, оған аралас жатқан Қазақ елінен кісілер қатысады. Солардың ішінде Найман, Матай, Төртқара Toқymtay би болып, ат мініп, тон киіп қайтады. Тоқымтай бимен қатарлас барған Дәулет би мен Арғын Нұрғожа би былай шыға ойға түйгендерін ақылға салады. Олар «Батур Қазаққа қайта ұрыс салатын түрі бар» деп аңғарады. Исі Қазаққа қамсыз болмауларын ескертіп, астыртын хабар жібереді. Жоңғар хандығы 1635—1758 жылдар аралығында батыс Моңғолиядағы феодалдық мемлекет болған.
Жоңғар Батур хан иелік жерлері Жоңғар Алатауының бойы, Алтынемел, Қойбын, Іленің солтүстігі, Көктерек, Кеген, Шарын, Šelek, Ыстық көлдің оңтүстігі, солтүстікте Көксу, Ақсу атрабтары болады. Ол империя тарихта бір ғасырдан астам жасады. Elyut (өлу) Жоңғарлардың тірі қалғандары Тарбағатай мен Жоңғар Алатауының бөктерлеріне орнығып, артынан Қытайға өтіп, соларға сіңеді.
Тарбағатайдан қозғалған Хорлуқ ноян басшылығымен Қалмақтар Есіл, Тобыл өзені жоғарғы сағасымен Сібір бойына келіп 15 жыл тұрақтайды. Қалмақтар 1636 жылы атқа қонып, Еділ бойына Ноғайлармен қанаттас орналасып, Ертіс, Іле, Балқашты басып, Қазақ даласында қанкешті соғыс салады. Оларға бұл соғыс оңайға түспейді. Еділге 33 мың түтіннен 169 мың адамдары ғана аман жетеді. Хорлуқтың соңынан 3 мың отбасымен Алтайдан Байдоғыз ханның інісі Хондулен Уваш атқа қонады. Қазақ даласын көше таптап, негізгі шайқастар Жетісу мен Арқада өтеді.

 

Ð Ð¾Ñ ?? ?? ожÐμÐμ DD·Ð¾Ð ± Ñ Ð ° жÐμниÐμ ??

1637 жылы Тобыл воеводасы М.Годунов пен елші Д.Черкасов: «Қалмақтар Қазақ жерінде жан-жаққа бағыт алып, Талой тайшы бастаған Жоңғарлар Алатау маңында тұр», — деп патшаға хабарлайды. Қызыл архив. Патшалық Ресейдің қазақтармен қарым-қатынастарының тарихында бастап 18 ғасыр (құжаттар жинағы) құпия. Санкт-Петербург.
Жинақта: «Жоңғар хандығы 1630 жылы орнаған. Lustful Willmore Ubuşi орнатқан. Жоңғарлар Қазақтың кең даласын иемденуге керемет қызыққан. Екі аралық текетірес, taitalas 150 жылға ұласқан. Ең алғаш Есім ханның ұлы Жәңгір хан 1643 жылы 50 мың қолды бастаған Жоңғар ханы Тайцза Батурға қарсы тұрып, 50 мың қолды тас-талқан етті», — делінген.
Батур Қарақұланың ақылымен бытырап жүрген Моңғол тайпаларын біріктіріп, 1640 жылы «Дала ережесін» шығарады. Осы Батур Қазақтың Жәңгір ханымен 1643 жылы соғысады. Соғыстың үшінші күні Жалаңтөс батыр екі түмен қолмен Самарқаннан Алакөлге жетіп, Жәңгір ханға көмек жасайды. Онда Қазақтар Жоңғардың 50 мың қолын кейін Шығысқа шегінуге мәжбүр қылады. Орта жүзден Керей Даулен батыр балаларымен, Ертісбай, Наурызбай, Матай Жарлықамыс т.б. батырлар сол соғыста жанкешті ерліктер көрсетеді.
1652 жылы Қазақтар Жоңғарлар шабуыл-соққысынан ойсырай жеңіліп, Қазақтың ханы Жәңгір опат болады. Ш.Уәлихановтың жазбаларында бұрынғы Талдықорған облысындағы Андреевка ауданы, қазіргі Қабанбай мекеніне қарасты «Үйгентас» деп аталатын шоқыдағы тас үйіндісі қалған жер, осы Батурдан қалған ескерткіш делінеді. Батур 1653 жылы өлгеннен кейін, таққа Khoto khochin отырады. Ол елімен Алтай өңіріне көшеді. Қытайлар оларды солтүстік Elyutter деп атайды. Хото-хочин төрт ұлды болған. Бәйбішесінен туған Галдан мен Сенга әкесінің тағына таласып, Сенга жеңіп шығып, Басқару элементтері империясы. Тибет абайлап Walk, «лама» болып тұрады. Империяның ішкі іріткісінен жиі шектігістер туындап, 1671 жылы Батур қоңтәжінің екінші әйелінен туған Цецен мен Батур атты ұлдары түн жамылып келіп, Сенганы ұйықтап жатқанында буындырып өлтіреді. Билік тоқалдан туған інілеріне қалады. Оны естіген Галдан 1672 жылы Тибеттен еліне қайтып оралып, билікті алу ісіне кіріседі.
1679 жылы бүкіл Элюттар ұлысын өз билігіне бағындырып, 26 жасында өрт Boshkotu (Бошақты) хан болады. Солтүстіктегі Элюттер Галданға бағынғысы келмей, Орыс пен Қытайдан көмек сұрайды. Галдан батыстағы елді билігіне ерікті бағындыру үшін ислам дінін қабылдайды. Иелік жерлері Керөлең өзенінен бастап, Құлжа, Іле, Балқаш (Sihoy) көлі өңірлері болады. өрт 1673—1678 жылдары Жетісу Қазақтарын бағындырады. 1678 жылы Галдан Шығыс Түркістанды түгел жаулап алады. 1683 жылы ставкісі Құлжадан алыс емес, Күре өзенінің бойына орнығады. 1681—1683 жылдарда Сайрам, Қарамұрат, тағы бірнеше қалаларды жаулап алады. 1681—1685 жылдарда Жоңғарлар оңтүстік Қазақ жеріне бірнеше рет шабуыл жасап, Сайрамды қиратып күйретеді. 1684 жылы Жоңғар әскері Қазақ жеріне жойқын шабуыл жасап, Ташкент қаласын иеленеді. 1685 жыл 1696 жылға дейін Галдан Моңғолдың Халха руымен соғысып, көп арпалысқа түседі. Халха руының жартысы Амур өзені аймағына, жартысы Гобиге барып паналайды. Ақырында олар Орыс пен Қытайға қарайды. өрт туралы 1685 жылы Ферғана аңғарына жетеді. Галдан бауыры Сенгадан қалған үш ұлдан сезіктеніп, оларды өлтіруге бұйрық береді. Екеуін өлтіріп, үшіншісі Цеван-Арабтан қашып Бұратолаға, одан Зайсанға өтіп, өлімнен құтылады. Сол жақтан Қытайға қараған Ойрат Қалмақтарының басын құрап, қосымша Қытай императоры Кансиден көмек сұрап алып, Галданға қарсы шығады. 1691 жылдан бастап Қытайлар Цеван-Арабтанға көмегін аямайды.
1695 жылы Жоңғарлар Қазаққа ұрыс салып, оңтүстік жерлерді қаратады. 1697 жылы Цеван-Арабтан Қытайлар көмегімен Тұл өзенінің бойында Галданның әскерін тас-талқан етеді. Галдан Қырғыздарға қашып, 1698 жылы құсалықтан у ішіп өледі. Сол кезеңде қазақ Шаншар батыр Сырдан қалың қол жинап келіп, Қарқаралы өңіріндегі Балқан тауын мекендеген Қалмақтың Едірей, Бедірей, Мыржық дейтін батырларымен соғысып жеңеді.
Билікке келген Цеван-Арабтан бұрынғы Элют империясының атауын ататтырмай, «Жоңғар хандығы» деп ататады. Цеван Қытай және Орыспен ара қатынасты жақсартады. Халха Моңғолдарын Қытайдан бөліп әкету әрекетімен Қытаймен татулық орнатады. Әуелі Бурят, Татарлар тең talқandap, сосоң Қазақ жеріне ауыз салады. «Елім-ай» жырында ұлы жырау Қожаберген:
«Бұл қырғын көп ұзамай Қазаққа ауды,
Наймандар тастап қашты Алтай тауды.
Жалайыр, сегіз, Қоңырат, Қарақалпақ,
Қиналды тоқтата алмай келген жауды.
Бостырып Жалайыр мен Наймандарды,
Алтай мен Алатауды Қалмақ алды», — деп деректейді.
Цеван-Арабтан иелік жерін кеңейтіп, Алтай, Балқаш, Шығыс Түркістан, Тұрфан, Қашқар, Бұхара, Самарқан, Ыстық көл аймақтарына билігін жүргізіп, оларға алым-салық, зекет төлеттіреді. Ставкасын Бұратоладан көшіріп, Іле бойына әкеп орнатады. Цеван Бұруттардың (Қаракырғыз) бір ұлысын бағындырады. Цеван бүкіл Жетісу өлкесін иеленіп, оған Самарқан мен Бұқарадан қолға түскен тұтқын елдерді әкеп, егіншілікпен айналыстырып, қалалар да салдыртады.
1698 жылы Жоңғарлар 40 мың қолмен Қазаққа жойқын ұрыс салады. Ол соғыс алты жылға ұласқанымен Қазақтардың рухын жасыта алмайды. Соққының ең ауырын Найман мен Керей елі көтереді. Қазақтар Жоңғарлармен бітімдесуге келісіп, 1703 жылы көктемде Қазақ елшісі Бөкей Жоңғарлармен бітім жүргізіп, жылымық келісімге қол жеткізеді. 1709 жылы Ойрат-Жоңғардың қалың қолы Шу, Талас аңғарынан, Алатау қырқаларынан қаптай асып Қазаққа шабуыл жасайды. Бөгенбай батыр басшылық еткен Қазақ қолының жасақтары оларды Цебан-Арабтан отырған Іле басындағы ордасына дейін қуып тығады.
Цеванның солтүстік иелігіне жақын Аюке хан бастаған Торғауыттар кеп орнығады. Цеван күйеу баласы болғанына қарамай, оған қарсы соғыс ашады. Олар батысқа Каспий, Орал, Волга төңірегіне кетіп, ақыры Орысқа тәуелді болады. Цеван Тибетті алмақ болады. Ол кезде Тибет Қытайға қарап, Шыңғыс хан есімді далай лама басқарады. Оның баласы бұрынғы Галданның күйеу баласы екен. Цеванның Тибетті алу соғысы 1710 жыл 1722 жылға дейін созылып, ақыры жеңіс әкелмейді.
Жоңғар-Қалмақтың Қазаққа Іледен Аякөзге дейін үлкен жорық жасауы 1710 жыл. 1711 жылы Абдолланың ұлы Әбілқайыр Тәуке хан әскерінің ханзадасы, әскер қолбасшысы Қанжығалы Бөгенбай батыр болады. «Жоңғар мемлекетінің тарихы» кітабында И.Я.Златкин: «Жоңғарлар Қазақ жеріне 1711—1712, 1714 және 1717 жылдары тұтқиылдан басып кіріп, талай ойран салды», — деп жазады. 1715 жылы біріші айдың 15-ші күні Торғауыттарға, қазіргі Томск жеріне барған, Цин патшалығының елшісі Тулишен: «Қазақ мемлекеті осы жерде Орыспен шекаралас», — жазбаша, Қытай ғалымы Су Суң «Батыс өлкедегі дариялар мен өзендер» атты еңбегінде: «Қазақ пен Жоңғардың шекарасы Зайсан көліне қосылатын Налин мен Бұқтырма өзендерінің аралығы. Ертістің батыс жағы түгел Қазақ жері», — дейді.
Жоңғарлар Алтайдағы Бие, Абақан, Қатын өзендері тұсынан Қазаққа 1716 жылы ене бастайды. 1717 жылы Ұлы жүздің біраз жері, Жетісу өлкесі Жоңғарлар табанында қалады. 1718 жылдың көктемінде Аякөз маңында Жоңғар әскерлері Қазақ жасақтарымен үш күн соғысып, Жоңғарлар жеңіске жетеді.
Швеция Иоганн Густав Ренат Орысқа 1709 жылғы Полтава соғысында тұтқынға 20 мың әскер құрамында түседі. Орыстар оны Жоңғарға қару жасау үшін жібереді. Орыстар Иоганн Густав Ренатты Ертіс өзені бойында 1715—1716 жылдары Жоңғарға тұтқын болды деген дақпырт таратады. Ол 22 наурыз 1733 жылға дейін Қалмақтарда тұтқында болып, 17 жылда көп көмегін тигізеді. Негізінен қару-жарақтар жасап, Қалмақтың әскерін қаруландырады. Осы салдардан Қалмақтардың күші өрбіп, 1723 жылы жойқын күш, қаруымен Қазаққа аттанады. Иоганн Густав 62 жасында 1744 жылы қайтыс болған. Патша Петр І – шіден артилерия офицері граф Иван Унховский Жоңғар қоңтайшысы Сыбан Рабтанның ставкісінде Иоганн Густавпен бірге жұмыс атқарады. Орыстың жасырын, айлакер саясаты Қазаққа зор нәубет тудырады. Нәтижесі Жоңғар 1718 жылы Аякөз өзеніне дейін жетеді. Мұнда Әбілқайыр мен Қайып сұлтандар 30 мың жасақпен Жоңғарға қарсы тұрып, екеу ара бақталастықтың арқауында Қазақ қолы жеңіледі. Қаракерей Қу дауысты Құттыбек би Орыстың елшісі Брянцевтен көмек сұрайды. Көмек болмайды. Осы мерзімге дейінгі Қазақ пен Жоңғар арасындағы қатынастар шиеленісіп, 187 жылға созылған еді. Абдолла хан 1721 жылы өлген соң, Әбілқайыр әкесінің орнына таққа отырады. Ол «қарт Әбілқайыр» деп аталады. Ұлы жүз халқы жерінен ауа көшкенде қарт Әбілқайыр өзінің әскери тәжірибесін елдің азаттық күресіне арнайды.

 

Цеван-Арабтанды үлкен ұлы Галдан-Церен 1722 жылы, оның жас тоқалы Еділдегі Қалмақ-Торғауыттың ханы Аюке елшілерімен бірігіп, у беріп өлтіріп, ішінде өгей шешесінен туған Лоузан Шоно деген інісі бар, бүкіл билікті иеленеді. ХVІІІ ғасырдың басында Галден-Цереннің иелік жерлері Жоңғар Алатауы, Алтынемел мен Қойбын, Іле, Көктал, Көктерек, Кеген, Шарын, Šelek, кетпен (Кеген) тауы, Ыстық көлдің оңтүстігі, Қойсу, Ақсу, Шу, Қарғыты болып, орталық ставкасы Құлжада орнайды.

 

1723 жылы қыста Қазақ жерін жұт басқанын, Қалмақтар зекет төлеп, бағынышты болған Қытайдың боғды (баршаның) ханы Қанси қайтыс болуын жақсы пайдаланған Жоңғарлар 70 мың әскерімен жеті тұстан, Қазаққа жорыққа аттанып, «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жасайды. Бірінші шепті Себан Арабтанның өзі бастап, Іле өзенінің батысын бетке алады. Екінші шепті Арабтанның ұлы Галдан Церен бастап, Балқаш көлі арқылы Қаратауға беттейді. Үшінші шепті Арабтанның інісі Құлан Бату бастап, Алтай мен Еміл арқылы Көкталға шүйіледі. Төртінші шепті Араптанның немересі Әмірсана бастап, Нұра өзенінің алабын сыдырады. Бесінші шепті Қалдан Цереннің 18 жасар ұлы Церен Доржы бастап, Шелек өзеніне шеру жасайды. Алтыншы шепті Қалдан Цереннің ұлы Лама Доржы бастап, Ыстық көл өңіріне қудилайды. Жетінші шепті Araptannıŋ Brothers NAP Dorje бастап, Шу бойындағы қалың елге қынадай тиеді. Жоңғарлар 1723 жылы Түркістанды басып алады. Кіші жүз Ембіден өтіп оң жағына көшіп, Оралға дейін орнығады. Ресей казактарымен кезігеді. Орта жүз Ұядан жылжып, ол жердегі Башқұртты батысқа ысырады. Сонымен Қазақтың батыс пен солтүстіктегі жауы Қалмақ, Башқұрт, Орал казактары және жөйіт Жоңғар болады. Үлкен орда (Ұлы жүз) толығымен Жоңғар қол астына қарап, салық төлеп тұрады.

 

Ð Ð¾Ñ ?? ?? ожÐμÐμ DD·Ð¾Ð ± Ñ Ð ° жÐμниÐμ ??

 

Қазақтардың көрген бейнеті тарихта «Ақтабан шұбырынды–алқакөл сұлама» деп аталады. Қазақтың ескі өлеңінде:

«Мына заман қай заман, қысқан заман,

Басымыздан бақ, дәулет ұшқан заман.

Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,

Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман», — деп айтылады.

Халық жазушысы Сафуан Шаймерденов: «Алқа көл – арап сөзі (әл қуқыл), қазақша мағынасы – қаталау, шөліркеу. «Алқакөл» деген түйенің ауруы бар. Түйе қаталап, шөліркеп ауырады. «Алқакөл»— жер немесе көл атауы емес. Босқан ел алқаланып, қораланып отыра қалысып көз шырымын алған соң айтылған сөз. «Шөліркеу, тұздықтар, аңқасы кебу, құрағыту» деген мағына береді. «Алқакөл сұлама» болатын себебі босқан жұрттың түйелері аңқасы кеуіп, әр жерлерде сұлап-сұлап қалған«, — деген түсінік береді.

«Ақтабан шұбырынды» туралы Шаһкерім Құдайбердіұлы:

«Осы жол – бар Қазаққа белгі жол,

«Ақтабан шұбырынды» дегенің сол.

Жаяу жүріп табаны аппақ болып,

Қорлық көріп Қазақтың шұбырғаны ол.

Сырдан Қалмақ қуған соң біздің елді,

Күні, түні шұбырып Шуға келді.

Табан тиіп жүре алмай, хәлі құрып,

Сұлап жатты айнала Саумал көлді», — деп баяндайды.

Жаяу-жалпылы босқан ел Сыр бойына, Ташкент, Түркістанға дейін шұбырып баруға мәжбүрленеді. «Ақтабан шұбырынды» Қазақтың Кіші жүзі арасында «Сауран айналған» деген атпен әйгілі. Себебі, Кіші жүз Қазақтары Сауран қаласын айналып, Шиелі, Қызылорда тұсынан Хиуаға бет алған. Қазақтар топ-тобымен шұбырып, Сырдарияның төменгі сағасына, Тобыл өзеніне, Ресейдің көмегі қамқорлығынан үміт етіп, орыс-казак шептеріндегі қоныстарға жақынырақ жерлерге босып барған. Ахмет Байтұрсынов «Еңлік-Кебек» шығармасында «Ақ табан шұбырынды, алқа қол сұлама» деп ең алғашқы айтқан Шақшақұлы Жәнібек тархан дейді. Себебі: адамдардың шұбырғанынан табандары таздың басындай ағарған, ал «алқа қол» дегені қалған малдарын дем алғанда ортаға алып, қолдарын жая алқалап ұйықтаған дейді.

 

Қазақты Қабанбай, Бөгенбай, Малайсары, Саурық, Тайлақ, Eset, Бердіқожа, Жәнібек, Бөрібай бастарын құрап, Жоңғарларға қарсы біріккен күш құруға ұмсындырады. Қазақтың бас көтерерлері 1724 жылы жан-жаққа сауын айтып, Қазақ қолдары бастарын құрайды.

«Қазақ хандары» нұсқа мәтінінде Мәшһүр Жүсіп Көпеев: «1723 жылы Қазақтан бақ тайған соң, Ұлы жүз – Қожантқа, Орта жүз – Самарқанға, Кіші жүз – Хиуаға қорғаланды. Бірақ, Қазақтың Қазақ болғанынан ата қонысы, көбі Сарыарқаға ауа бастады. Орта жүз бөденесі жоқ, қырғауылы жоқ, есегі бар сарт күнелткен жерде өмір сүре ала ма? Арқаға қарай ауды«, — деп жазады. Орта жүз Сарысу өзені бойына барып тыншиды.

1723 жылы 12 желтоқсанда Auke Хан ордасына Ресей шекара үкіметінен грамота жетеді. Онда Қазақ пен Қарақалпақтың 40 мың қол әскері Қалмақ хандығымен соғысуға бара жатқаны хабарланады. Бұл соғыс туралы тарихта көп жазылмаған. Бірақ, Аюке қолы қатты күйрегені байқалады. Бұл жойқын тойтарысты жасаған Сәмеке мен Әбілқайыр хандар басқарған Орта және Кіші жүздің біріккен қолдары. Auke Хан 1724 жылы 55 жасында қайтыс болады. Содан Қалмақтар өздері Қазақпен келісімге келіп, туған балалар ат жалын тартып, ұрысқа даяр болғанынша соғыспауға шарт жасайды. Бұл мөлшермен 15-17 жыл шамасы. Бұл тойтарыс соғыс болмағанында Жоңғар мен Қалмақ қолдары бірігіп қауышса, Қазақты жер бетінен жоқ қылуға бар еді. Ол кезде Жоңғар қолы Шұбар теңіз маңындағы Бұланты, Бөленті өзендерінің бойына шоғырланған екен.

1723 жылғы «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жасалған жойқын соғыс туралы Цеван-Арабтанның нояны Қашқа: «Қазақтарды 1723 жылы соғыста жеңдік. Олар ұлы Шона Добаға бағынды. Қалалары Ташкент, Сайрам, Қарамұрт», — депті. Қазақтардың Жоңғарлардан жеңілісі туралы 1724 жылы 15 сәуірде сыртқы істер алқасына жеткізген хабарында Николай Минер: «Жоңғарлар Қазақтардың Сыр өзеніне дейінгі барлық жерлерін және Бұқара жағынан Қожентті басып алды«, — делінеді.

Оқиғаны көзімен көрген куәгерлерден жазған Ресей тарихшысы О.Д.Чехович: «Жеті жыл бойы үзбей жасалған шабуылдан Самарқан мен Бұқара аралығындағы егін салынған аймақ жұрдай етілді. Әму мен Сырдария аралығында аштық жайлап, өліктер көмілмей қалды. Дүние астаң-кестең болды. Адамдар беті ауған жаққа босып кетті», — дейді. Шекарадағы Орынбор экспедициясының басшысы И.К.Кириллов: «Қазақтар Ташкентті бір ай бойы қорғады. Олар Жоңғарлардың 70 мың сайлауыт, от қарулы жауынгерлерінен жеңіліс тапты», — деп патшайым Анна Ивановнаға баяндап, хат жолдаған. Кіші жүз ханы Әбілқайыр мен Рамадан Алшынбай батыр бастаған Қазақ қолы 1724 жылы күзде Ташкент қаласына және іргесіндегі ауылдарға шабуыл жасап, Түркістанды, Ташкентті Жоңғарлардан қайтарып алып, алты ай бойы ұстап тұрып, тек 1725 жылы көктемде Бұқараға қарай амалсыз шегінеді.

1726 жылы Сәмеке, Әбілқайыр хан, Барақ, Есім сұлтандар бастаған 10 мың Қазақ жасағы Церен-Дондук пен Доржи Назар иеліктеріне басып кіріп, соққы беріп қырады. Ол соғыс «Қалмақ қырылған» деп аталады. Төрт тәулікке созылған ауыр шайқас болып, 30 мың әскер қолы бар Қалмақтар Қазақтан келісім сұрауға мәжбүр болады. Екі жақ сол кезде туған жас бала ержетіп, ат жалын тартып мінгенге дейін жауласпасқа ант етіседі. Бұл келісім батыстан келетін Қалмақ шабуылынан Қазақты босатады.

1727 жылы Цэван-Rabdandı екінші әйелі Сетерджеб өлтіреді. Оның баласы Шона Лаузан (ұл) 1723 жылы бүкіл Жоңғар әскерін Қазаққа қарсы шапқанында басқарған болатын. Шона Лаузан жазалаудан секемденіп, Қалмаққа қашып кетеді. 1732 жылы Шона Лаузан қайтыс болады.

1728 жылы Қазақ жасақтары Шұбар теңіз маңында Жоңғардың зор жасақ күшімен бетпе-бет келіп, Қарасиыр, Сарысу өзені жағасындағы сұрапыл соғыста тегеурінді соққыға төзбеген Жоңғарлар Шығысқа шегінеді. Қазақ елі еңсесін көтере бастайды.

1728—1729 жылдары Балқаш көлі өңірінде Қазақ қолы Жоңғарға қайтарма шабуыл жасап, оларды Қазақ сахарасынан шегіндіреді.

1730 жылғы жаздың басында ұлы Аңырақай шайқасы Хан тауы мен Аңырақай тауының ортасындағы жазықта, Іле өзенінің тау қойнауынан арқырап шыға жусан даланы бөктерлеп ағатын Аңырақай сарқырамасы тұсында болып, 30 мың Жоңғар-Қалмақ әскерін Әбілқайыр бастаған Қазақ қолы жеңеді. Күнделігінде Ресейдің Тобыл қаласынан келген дворянин Максим Этыгеров: «Аңырақайдағы айқаста ойраны шыққан Ойраттардың ұнжырғасы түсіп кеткеніне куә болдым», — деп жазады.

М.Тынышбаев Қазақ қолын басқарған қарт Әбілқайыр деп жазады. Қазақ қолын қай Әбілқайыр басқарғаны және Аңырақай соғысы 1729 немесе 1730 жылы болған ба? Ол әлі нақты анықталмады. Тарихшы Болатбек Нәсенов қол басқарған Кіші жүз ханы Әбілқайыр дейді. Қарт Әбілқайыр 1730 жылы қанды шайқаста мерт болып, сүйегі Ахмет Яссауи кесенесіне қойылады. Жеңілген Жоңғарлар Орыстармен одақтас болмақ болады. Орыстар екі жақтың соғысына араласқысы келмейді. Қазақтар азғындалған Сары-Арқаны толық Жоңғарлардан босатып алады.

Аңырақай соғысы 1730 жылы өткені туралы шыққан кітапта: «Аңырақай соғысы Жоңғар мен Қазақтың он бір күндік жекпе-жек ұрысымен басталып, Қазақ батырлары айқын басымдық танытты. Он екінші күні, кейін екі айға созылған кескілескен майдан басталды. Нәтижесінде Жоңғарлар негізгі күшінен айырылып тынды», — делінеді.

Советхан Ғаббасов: «Аңырақай шайқасы екі мәрте өткен. Біріншісі Құйынды деген жерде, екіншісі 1746 жылы Итішпес-Алакөл деген шағын көлдің төңірегінде. Ол Балхаш көлі мен Алакөлдің арасындағы жазық», — дейді. Осы деректер тарихқа және халық айтуына дәл келеді.

Galdi-Шипалы өлген соң, оның ұлы Түркістаннан 20 мың қол Шығысқа жіберіп, оған 60 мың қол қосуды жүзеге асырмақшы болады. Осы кезде Қазақ жасақтарын Абылай хан, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай бастап біріктіріп, қалың қолдың жолын кесіп, үлкен шайқас жасайды. Екі жақтан мол адам шығыны болып, нәтижесінде Қазақ қолы жеңіске жетеді.

1731—1733 жылдары Жоңғарияда болған Ресей елшісі Л.Угрюмов: «1731 жылы күзде Қазақтар Ертістің сол жақ саласындағы Шар өзені мен Тарбағатай тауының теріскей баурайындағы Жоңғарларды талқандап, Жоңғария ішіне тереңдеп, ойран салды», — деп жазады. 1732 жылы жеті мың қолмен Жоңғар әскері Орта жүз Қазақтарына шабуыл жасап, Жоңғарлардың маңдайы тасқа тигендей талқандалады.

1735 жылы Galdi-Шипалы Қазақ жеріне 20 мың, Қырғызға 10 мың жауынгер қол аттандырады. 1735 жылы жазда Жоңғарлар Жетісудағы, Шудағы, Talastaғı, Арыстағы, Келестегі Қазақ елі жайлауларына басып кіріп, Ташкент пен Сайрамды қайтадан басып алады. Осы жылы Жолбарыс хан қарамағындағы Ұлы жүз Қазақтары Қалмақтарға түгел бағынады. Жоңғар қонтайшысы Галден Церен Қазақтарға санақ жүргізіп, түтін салығын салдыртады. Ұлы жүз Қазақтары Қалмақтарға 1740 жылы, Тұрсынның ұлы Абдолла сұлтанның ұрпағы, Әбілқайырдың баласы Жолбарыс ханды сарттар жарып өлтіргенінше тәуелді болады. Шұбай мен Мансұр Арсалановтардың 1742 жылғы дерегінде: «1739 жылы Ташкенттің ханы Жолбарыс Төле бимен билікті бөлісе билеген. Жолбарыс хан өлтірілген соң, билік Төле биде қалып, ол салық жинады», — делінеді.

Tarihshy A.Levshin: «Төле биді 1739 жылы Ташкенттен Қусақ бек қуып шыққаннан кейін, ол өзін биліктен кетірмеу үшін әмбе амалы қалмағандықтан, Оренбургқа елшілер жіберіп, Ұлы жүз Қазақтарының Ресей қарауына бодан болатынын білдірді», — деп жазады.

Бұхар жыраудың:

«Ақтың жолың күзетпей,

Жамандықты тұтқан жұрт.

Мамыр асып, бай болып,

Байсал тауып жортқан жұрт.

Ханға тізгін салмады,

Хан жарлығын алмады,

Баяғыдай баршыңдап.

Бір ауызды болмады,

Қас тұрпайы болған жұрт», — деуі бекерден емес.

Заматында Тұрсын ханды Есім хан өлтіреді. Тұрсын ханның ұлы Абдолланы Есім хан ұлы Жәңгірдің тәрбиесіне береді. Тәуке хан тұсында Абдолла Ұлы жүз ханы болады.

1739 жылы қыста Жоңғарлар Қазақ жеріне екі мәрте жойқын жорық жасайды. Бірі Церен-Донбаб тайшы басқарған 24 мың қолмен Қарауыл, Атығай, Уақ, Керей елдерін шабады. 1739 жылы Қазақ қолы соғыста үлкен жеңіске жетіп, Қарсақбасы, Торғайдан Жоңғарларды кетіреді. 1739 күзде Өрт-Tsyeryen отыз мың қолмен Сарыарқаға басып кіреді. Қазақ әскері ығыса соғысып, жауды қайтарады. Галдан-Цереннің атақты қолбасшысы сары Саусақ бастап, Қазақпен соғысқа түседі. Қазақтардың қорғанысы қыс бойы созылады. Жеңіске жете алмаған Сары Манжы кері қайтады.

1740 жылда Қазақ жеріне Жоңғарлар тағы да жорықтар жасап, Ташкентті қайта алып, Қалмақ қонтайшысының әмірімен Ташкентті Қырғыз биі Қарашораұлы Кәкім билейді. 1740 жылы қаңтар айында Сары Маңжы әскерлері Сыр бойынан, Септен әскерлері Тобыл, Есіл бойынан, бәрі 35 мың қол болып, Қазаққа қарсы шығады. Осы кезде Қазақ ханы Әбілмәмбет пен сұлтан Абылай Орынборға барып, ақ патшамен одақ болуға мемлекеттік актіге қол қояды.

Galdi-Шипалы 1740 жылы он бес мың қолмен Ертіс пен Есіл бойында көшіп жүрген Керей мен Уақтың жерінде отырған Әбілмәмбет ханды шабады. Осы жылы Сентен мен Галдан Цереннің үлкен ұлы Лама Доржы басқарған отыз мың қол Сарыарқаға кіреді. Абылай хан майдан ашып, Есіл мен Тобыл бойынан Жоңғарды шегіндіріп талқандайды.

1741 жылы Қыркүйек, Лама Dorzi бастаған 30 мың әскер Есіл өзені бойынан Ташкенттен Сарыарқадағы Қазақ ауылдарын шабуға бір мезгілде шығады. Әбілмәмбет хан көкірекше, Жайық бойына шегінеді. 1741 жылы Жоңғарлар Сары Манте қоңтайшының басшылығымен, он мыңнан үшке бөлінген, жалпы 30 мың әскерімен Орта жүз Қазақтарына шабуыл жасайды. Үш топтың бірі Торғай өңірінен, ал екеуі Сарыарқаның шығыс бетінен тоқтатылады. 1740—1742 жылдары Жоңғарлар бір мезетте Есіл, Ырғыз, Елек өзендерінің бойына бұзып-жарып кіреді. 1742 жылы Жоңғарлардың Сырдарияның орта саласына жасаған жорығын Абылай хан бастаған Қазақ әскерлері тойтарады. 1742 жылы Жоңғарлар 20 мың қолмен Орта жүз Қазақтарына тағы шабуылға шығады. Орта жүз Қазақтары Жоңғарларға шебер ұстамдылықпен қарсы тұрады.

Абылай сұлтанды отыз бес адамымен Ұлытауда саятта жүргенде қапыда қолға түсіреді. Абылайды сойылған бұзау терісімен қаптап, аптап ыстық күн көзіне қақтап тастайды. Шарыштың шешесі күнде келіп Абылайды қарғайды. Бір күні Абылай: «Сендей күңнен туған жаман бала қай жерде өлмеген», — деп ханымның бетіне түкіреді. Абылай ұзақ уақыт жүргізілген келіс сөздерден кейін 1743 жылы тұтқыннан босайды. 1743 жылы 30 тамызда Орта жүзге барып қайтқан Иван Лапшин: «Абылай Жоңғарлардан үлкен сый-сияпатпен оралды. Олары: алтынмен көмкерілген киіз үй, паршадан тігілген ішік, жиналмалы темір шатыр, және т.б., заттар. Абылайдың орнына кепілдікке Әбілмәмбет хан Малайсары деген баласын аманатқа берген«, — деп естелігінде жазады. Өрт-Tsyeryen 1745 жылы қайтыс болады. Ішкі іріткіден ұрпақтары тақ үшін бірін-бірі өлтіріп, ақыры таққа Галдан-Цереннің үлкен ұлы Дорджи отырады. Оны інісі Ламадорджи өлтіреді.

Билікке ұмтылып, Шағышақ аймағынан 1 мың үйден билеген Davadzi (Дауашы) мен Әмірсана шығады. Давадзи хан тұқымы, Шорос ұрпағынан болғанымен ел басқаруға икемсіз, Әмірсана хан тұқымы делінгенімен, нақты хан ұрпағына жатқызылмай, биліктен шеттетіледі. Ол ел басқарудан көрі, төселген, икімді қолбасшы еді. Әмірсананың шығуы туралы қазақ арасына таралған сөзде: Галдан ханның әйелі, Әмірсананың шешесі Қытай Ежен ханының қызы. Оны аларында Галдан өзі бармай, бірталай сый-сияпаттарымен сенімді адамдарын жібереді. Ежен хан қызын қыста ұзатқан. Жолда боран соғып, қызды ұзаттырып алып шыққан керуен адасып, Алатауда жол тосып жатқан Ұлы жүздің Төлеки есімді батырына кезігеді. Төлекимен қыс өткенше бірге тұрып, қыз Төлекиден жүкті болып қалады. Бұған сенсек Әмірсана Ұлы жүз нәсілі Төлекидің ұрпағы болады.

1745 жылы Жоңғарлар тұтқиылдан Орта жүз Қазақтарына шабуыл жасап, Нұра өзеніне дейін жетеді. Осы жылы Цин Қытайлары бақталастық жасаған Жоңғарларды тас-талқан етеді. Жоңғарлар сол кезеңдегі жер иеліктерін Қытай тарихшысы Вэй Юань: «Жоңғарлар әлі қуатты. Олардың төрт хандығының орталықтары: Şoroştar— Іле өзенінің бойында, Үрімшіде – Хошоуыттар, Ертісте – Дүрбенттер, Тарбағайда (көмек) – Торғауыттар орналасқан», — деп жазады.

Давацимен бірге болған Самтан Цембели деректерін капитан Яковлев: «Қарақұладан Хантайша (Батур), Байтан, BADEMIR, одан Сентем – оның бес ұлын Лама Дорчж тұншықтырып өлтірген. Байтаннан Черендук, одан Пайдаш (Даши) — өлген, Даши черен – баласы жоқ, Байджук – екі ұлы Қалмақтардың ордасында. Paydaştan Lyubaçm, оның екі інісі өлген. Khantaishadan: Shun, өрт Chirin (Шипалы), Аджан (өлтірілген), Лама Dorje, Киокуша – жер аударылған. өрт Tsyeryen 1745 жылы өлген. Оның үш ұлы: Цэван Dorcho-Nyamgala (Pecha Шаған, Аджан), Kiokusha (Kieküş), заңсыз ұлы Лама-Дорчжу (тұтқындағы Бұрыңқы руы күтуші әйелден). Галден Церен орнына Цеван Дорчжи бес жыл қожалық етті. Лама Dorje Sayynbөlekpen 100 киіз үй бөлімшесімен бөлек кетіп, күш жинап, ақыры Цеван Дорчжиді өлтіреді. 1750 мемлекетті қолына алады. Киокушты соқыр қылып жер аударады. Бадемирдің бес ұлын тұншытырып өлтіреді. Басқа бақ талас туыстарын да солай етеді. Қол астындағылардың бәрін ауыстырады. Халқына жағымсыз, қатал, сұмырай атанады. Мемлекет үшке бөлінеді. Бір бөлігі Лама Дорчжиге қалса, екіншісі— Қытайға, үшіншісі— Сібірге көшеді. Лама Дорчжи Давациди тұншықтырып өлтірмек болады. Даваци қызының қызы Хон-Хайдзия (күйеуі Жалба), Амурсана (Amursyanyan), Байджурмен Сібір шекарасына кетеді. Қарауларында Давациде 5 мың, Amursanada 1 мың, Байджурда 900 отбасы болады. Ол бұрын сонда тұрған екен. Олар көше бастаған кезде Лама Дорчжи әскерімен шабуыл жасайды. Ақыры Орта жүзге қашып барады», — деп деректейді.

1751 жылы Арқадан Оңтүстік Қазақстанға Барақ сұлтанның үлкен ұлы Ханбаба жорық жасайды. Ұлы жүзден 2 мың жасақ қосылады. Сыр бойы, Шымкент, Сайрам, Ташкент қалаларын Жоңғардан тазартады. Шыршық өңірінде Жоңғарияға айдалып бара жатқан мыңдаған Қарақалпақтарды құтқарады.

1752 жылы екі түмен Қаракерей Қабанбай мен Барақ сұлтанның үлкен ұлы Ханбаба бастаған қол Арқадан шығып, оларға Ұлы жүз қазақтары қосылып, Шымкент, Сайрам, Сыр бойын Қалмақтан тазартып, Ташкентті алады. Қаракерей Қабанбай батыр Ташкентте Төле бидің билік басына қайта келуіне көмек қылады.

Тарихта Жоңғар мен Қазақтың үлкен соғыстары 1750 жылы өткен Шорға, Ласты соғысы мен 1752 жылы өткен Тосын құмы шайқасы делінеді. Шорға соғысы 80 күнге созылады. Шілік арасынан шығып жатқан су «шор-шор» деген дыбыс шығарғандықтан, ол жер «Шорға» деп аталады. Ежелден шилі, шеңгелді, ұсақ тал, шыбықты өлке екен. Шорғаның қысы аязды, жазы әмісе ыстық болады екен.

Жоңғарлар Қазақтан кек алмақ болып, көп қосынмен Шыңғыс, Көгілдір тауларына келеді. Қазақ қолы Қоңыршәулі тауында болады. Жоңғардың батысқа бет алғанын сезеді. Матай Şöŋkey (Ер Тоқпанбет) батыр жүйрік атқа мініп, Жоңғар қолы қайда екенін іздезтіреді. Біресе тауға, одан жазыққа шауып жүріп, Жоңғар қолына білінгісі келеді. Жоңғарлар оны байқап қалып, артынан қуа бастайды. Сол тұста Қазақ қолы Жоңғарға бүйірден тиіп, қырғын қылады. Жоңғарлар шығыны үш мыңға жетеді. Қазақтың шығыны бәр-жоғы 500 ғана жауынгер болған екен. Оған қоса бір төре, тоғыз жауынгер шейіт болады. Енді Қазақ қолы Ұржардан бастап, Қатынсудан асырып, Емілге шейін жоңғарды шабады. Сол жорықта Жоңғардың ханы Қандыжаптың ауылы шабылып, хан өледі. Қандыжаптың қызы Шаған ханымды ақ тулы Барақ сұлтан алады. Барақ өлгеннен кейін, Шаған ханымға қызыл тулы Әбілпейіз сұлтан үйленеді.

Алтайдағы Алқабек-Білезікке бекінген Жоңғарлар мол жасақпен келіп, алдымен Орқашарда жатқан Тама батыр мен Назарғазы батырдың 2 мың үстіндегі жылқыларын алады. Жоңғарлар бірнеше жылқышылар қатарында Тама батырдың ұлы Байқонысты өлтіріп, тыныш жатқан Қазақ еліне лап қояды. Ел ес жия алмай Қалба тауына қарай босып, Тарбағатай өңірін Жоңғарлар басып алады. 90 жастағы Тама батыр қасына Кенже, Дәулетбай, Назарғазы батырларды ертіп, кек алмаққа аттанады. Бақтыда тұрған Қаракерей Қабанбайға Дәулетбайды хабаршы етіп жібереді. Қабанбай батыр жан-жақтағы Қазаққа хабарлап, шабармандар шаптырады. Тама батыр елімен Сауыр тауына шығады. Тама батыр Көтеш пен Атымал батырды Орқашар-Еміл өңіріндегі Жоңғарларға, нақты жағдайды білу үшін тыңшы етіп жібереді. Екі батыр Жоңғардың екі қызына кез болып, мән-жәйді солардан біледі. Екі батыр қос қызды аттарына мінгестіріп, өз аузынан естісін деп, Тама батыр алдына әкеледі. Қаракерей Қабанбай батырдың шақыруына Абылай хан мен Бөгенбай батыр бастаған Қазақ елінің 27 бас батырлары қостаған қол жетеді. Олар Жоңғарларға тұс-тұстан шабуыл жасап, Жоңғарларды бір-біріне күш алуға қостырмай тықсырады. Сөйтіп, Қазақ қолы Қалбадан Шорғаға дейінгі жерді қайтарып алады. Одан Құлыстайға асып, Қара Еміл, Сары Емілден өтеді. Осындай бір соғыста Тама, Назарғазы, Кенже батырлар бастатқан он алты батыр Жоңғарлардың жасырынған жасақ қолына түсіп қалып, бәрі мерт болады. Жоңғарлар Қазақ қолдарының қуғанына бой бермей, ну жыңғылдар мен шилерге тығылғанда, Қазақ қолдары өрт салады. Түтінге қақалып, жалынға шарпылған Жоңғар жасақтарының есі, бей-берекеті шығып қашады. Шорға соғысының ақырында Тарбағатай, Құлыстай өңірлерін Қазақтар кері қайтарып алады. Бұл соғыс туралы Бұқар жырау жырлаған.

Әмірсана мен Давадзи екеуі бірігіп, Ламадорджиға қарсы шығып жеңіліп, Қазақтар ішіне қашып, Сарыарқада 1751 жылдың күзінен бастап бір жылға жуық уақыт өткізеді. Шоқан Уәлиханов Әмірсананың Найман арасында бой тасалағанын, қол астында Наймандардың бір руын ұстағанын айтады. Әмірсанаға Байжігіт елінің Байбура деген батыры кезі келіп, оны өлтіріп тастай жаздайды. Әмірсана үш нөкерімен қашып құтылады. Жоңғарлық Кошдзи, Бугджхан дегендерді қолға түсіріп, Қытайға жөнелтеді.

Әмірсана мен Давадзиді Абылай ханнан Кіші жүз Малайсары би қайтаруды талап етіп, қысым қылады. Абылай олар өздері келді деп көнбейді. Арты ауыр болатынын сезген Абылай хан игі Қазақты жинап, Ұлытауда съезд өткізеді. Съезге әр рудан 70 старшын келеді. Әмбе 1752 жылы Ташкентті билеп тұрған, бұрынғы Жоңғар васалы Төле би Жоңғарға барып, ішінде бүлік басталып, 9 мың отбасы Қытайға көшкенін Абылайға жеткізеді. Бұған кектенген Лама Дорджи, Сайын-Бөлек, Willmore Ubaşı 1752—1753 жылдары Қазақ хандығына шапқыншылық жасайды. Оған қарсы Абылай хан Баянаулада қол жасақтап, бес қол Қазақ әскерлерін Давадзиға жасақтап беріп, Ламадорджиға қарсы аттандырады. Ламадорджи қол астындағы Дүрбіттерді қатты күйретеді. Қулампаз, айлалы Әмірсана ең мықты Қазақтардан 1500 жауынгер қол жасақтап алып, күндіз тығылып, түнде жүріп отырып, Ілеге жетіп, Ламадорджидің ставкісіне астыртын білдіртпей кіріп, оны өлтіреді. Davadzydi Хан тағына отырады. Әмірсана бүкіл іс билігінің құзырын қолында ұстап, маңайына мықтыларды шоғырландырады. Давадзи оның астыртын, жасырын қылықтарын біледі. Әмірсананы Іле өңірінен қумаққа, соғысқа дайындалады. Әмірсанаға көмекке Қазақ қолы келеді. Орыс әскерінің прапорщигі Веревкин 1753 жылғы 31 желтоқсанда Әмірсанаға жәрдемге бара жатқан мың аттылы Қазақ қолына кезіккені туралы жазғаны тарихта бар.

Абылай хан 1754 жылы қазан айында Әмірсананы қолдап, Іле өңіріне дейін жорық жасап, 10 мың қолдан астам әскерімен Бұратола өңіріне килігіп, ол арадағы 3 мың Ойраттарды айдап әкетеді. 1755 жылы екінші айда Давадзи Қазақ хандығына қарсы жорық жасайды. Қазақтар үлкен қол жинап қайтарма шабуылға шығады. Абылай хан Әмірсананың бауыры Батум-Церенмен одақтасып, 10 мың қол жасақпен Бұратоладағы Давадзи иеліктерін талқандайды.

Жоңғар елін басқарушы Давадзи мен Әмірсананың, екеуі де Сыбан Рабтанның Тибет билеушісіне ұзатылған қызынан туған жиендер, бақталастық пиғылдарынан қорыққан сол тұстағы Жоңғардың ең мықты Дүрбіт, Ubaşı, Мұқда ұлыстары Қытай императорының құзырындағы жерлерге астыртын көшіп, Давадзи басқарған иелікті тастап, қашып кетеді. Давадзи Қытайдан ол ұлыстарды қайтаруды өктемдікпен талап етеді. Ол өктемдікке ыза болған Қытай императоры Давадзиге қарсы 150 мың әскермен Панти деген генералды аттандырады. Бес ай ішінде генерал Панти Давадзи басқарған Жоңғар империясын жеңіп, Балхаш көліне дейінгі жерді Қытай иелігіне қаратады. «Тазкиран хожаған» деген еңбегінде Махмұд Қашғари: «Қытай империясынан қашып жүрген Давадзиді Ұйғыр байы Хожасибек Үшүйдегі ордасына қонаққа шақырып, алдап қолға түсіріп, Әмірсанаға апарып тапсырған», — деп жазады. Әмірсана Давадзиді Қытайға жіберіп, олар оны өлтіріп тынады.

1755 жылы Қытай императоры Әмірсанаға «уаң» деген дәреже беріп, Жоңғар империясына хан етіп тағайындайды. Қытай императорының сенімін ақтамай, Әмірсана қол астындағы бүкіл әскерімен Цин патшасына қарсы шығып, Қытайдың Хами өлкесін басып алады. Цин патшасы қол жинап Әмірсанаға қарсы шабуыл жасап, Әмірсана жеңіліп, жан сауғалап Абылай ханға барады. Абылай хан Әмірсананы қамауда ұстап, F 30 сарбаз күзетеді. Ресей патшасы мұны біліп, Әбділ Қасенов деген адамын Абылайға жіберіп, Әмірсананы сұратады. Абылай Әмірсананы Орыстарға бермей, олардың елшісін бос қайтарады.

1756 жылдың күзінде Әмірсана Тарбағатайға кетіп, келесі жылы Іледе Цин патшалығына қарсы қозғалыс ұйымдастырып, көтеріліс жасайды. Әмірсана Қытаймен 1755 жылдан бастап, үш жыл төңірегінде маза бермей, соғыса арпалысады. Оның істеріне ыза болған Қытай императоры бір миллион қол жасақ жасақтап, оған қоса Бұрут, Қырғыз, Mancuƶur, Қазақ қолы күштері көмегімен, Әмірсана басқарған Жоңғар империясын 1757 жылы талқандап, ныспы жояды. Қуғындалған Әмірсана қашып Қазақ ханы Абылайға келіп, одан Орысқа кетеді. Сол жақта Орыстар көмегімен қол жинап, қалған Қалмақты өзіне қаратпақ болғанында, Тобылда қара шешекпен ауырып, өмірден өтеді. Қытайлар оның өліміне сенбей, үлкен қол жіберіп, Әмірсананың моласын аштырып, басын мүрдеден кесіп алып, Бейжіңдегі Шиян Лұң патшаға жеткізеді. № 10 іс қағазында Дмитрий Лазарев: «Әмірсананың сүйегін 1763 жылы, 10 қаңтарда берген», — делінеді.

Әмірсанаға байланысты қазақтар арасында:

«Әмірсана таусылмас жырың болды,

Соны қорғап бұл Қазақ жырым болды.

Қудаласа көрді де ашқызатын,

Қытайға ноян өліп, тыным болды», — деген сөз қалған.

Жоңғар империясының аман қалған жауынгерлерінің көбі Қытайға бұрын қараған Шүршіттердің малын бағуға жалданады. Баянауыл сілемі мен Ертіс аралығында «Қалмақ қырған» деген тау бар. 1756 жылы Қазақ пен Қалмақ соғысының соңғы шайқастарының бірі осы тауда өтеді. Ол кезде бұл тау Серектас деп аталған. «Сібір казак әскерінің тарихы хронологиялық тізімі» kіtabynda, орыс шежірешісі Н.Г.Путинцев: «Қазақтар Жоңғарларды Ертіске жеткізбей аямай қырды. Өз еріктерімен берілгендерін күңдік пен құлдыққа әкетті. Қазақтар қолына мол олжа түсті», — деп жазады. Жаңабатырұлы Жанақ ақын «Баянтау» дастанында Қазақтардың Жоңғарлармен Серектас соғысындағы ұрысын, бас қолбасшы Олжабай батыр бастаған, Жауғаштыұлы Шоқпар батыр қостаған, оның тоғыз ұлы Жоңғарлармен соғыста мерт болғанын, ғажап өлеңмен жырлайды.

1757 жылы Абылай 10 мың сарбазбен Қашқария жерінде қалған Торғауыттарды қырады. Басқарған батырлар: Арғын – Атығай Күлеке 2 мың сарбазбен, Керей Мерген батыр 2 мың сарбазбен, Көкжал Барақ 2 мың сарбазбен, Абылай сұлтан 2 мың сарбазбен, Қаракерей Қабанбай 2 мың сарбазбен Қалмақтың бірін қалдырмай тұтқындап, Қазақ жеріне құлдыққа әкеп таратады. «Бөрі найман» кітабында Қ.З.Даукеев: «Кезінде бүкіл Қазақ халқын қан қақсатып, құртып жібермекші болған Жоңғар хандығының ақырғы демін Наймандар алды», — деп түйеді.

Әмірсана билеген Жоңғар империясын Қытайлар 1757 жылы жойғаннан кейін, ол жерлерге Қытай иелік еткенімен, көп жерлері бос қалады. 1771 жылы Алтайға қоныс аудармақ болған Еділ бойынан Қалмақтар көш түзейді. Бұл көш «Шаңды жорық» деп аталған. Олар Волга мен Орал жағалауларына 58 жыл бұрын келіп, 1731—1732 жылдары Дон казактарының мыңнан астамын Еділ мен Илі (Иловля) маңына ығыстырған болатын. Қазақтың Тәуекел ханының күшімен ығып кеткен 30 мың Ubaşı бастаған Қалмақ-Торғауыттар қыс айынан бастап көшіп, сегіз ай жол қасіретін тартып, талай тоналып, 15 мың адамы қырғын тауып, тірі қалғандары Балқаш көліне жетіп, Іле өзені бойымен Қытайға жетеді. Қытайлар оларды қош көріп, қарсы алып, Іленің басындағы Құлжа провинциясының Текес жазығына орналастырады.

Убашы Қалмақтары Орыстардың отарлау саясатына қанша қарсылық қылғанымен түк ете алмай, ақыры 1771 жылы 5 қаңтар күні Алтайға қарай бет түзеп көшеді. Олардың бұл ісіне қарсы Орыстар Орск бекінісінен генерал-майор Трауренберг бастаған әскер шығарады. Бұл әскер Нұралы, Қайып, Есім, Пірәлі басқарған Қазақ қолдарымен бірігіп, кері қайтқан Қалмақты шауып, тонап отырады. Қалмақтар алған беттерінен қайтпайды. Мойынты өзеніне жеткенде Қалмақтарды Абылай хан, Нұралы, Орыс, Әділ басқарған қолдар қоршауға алады. Алтайға барар жол кесіледі. Торғауыт ханы Абылайға елшілер жібереді. Бодандық, қоңыс сұрайды. Абылай кесімді үш күннен кейін беретінін айтады. Бірақ, үшінші күні түнінде Қалмақтар күтпеген жерден Қазақтарға тап беріп, одан Балқаш көлінің батысына қарай бет алып, арып-ашып, мол шығынданып Қытайға жетеді. Осы жолғы олжа еншіден Абылайға тиген Қалмақ қызынан Кенесары ханның әкесі Қасым туады.

D D ° Ñ ?? ?? ?? Ñ Ð Ð¸Ð½ÐºÐ¸ по·Ð ° Ð¿Ñ Ð¾Ñ ?? ?? ?? Ñ Ð ?? O ?? Ð¾Ò £ Ð ° Ñ ?? ?? Ñ Ð ° Ñ Ð¿Ò ?? ?? ?? Ð½Ñ ?? Ñ Ð «Ñ Ñ ?? O ?? ??

Қазаққа «ортаңғы немесе екінші ақтабан» 1739 жылы желтоқсанында басталып, 1742 жылға дейін жалғасқан. Үшінші «ақтабанды» тарих Лама Доржи ханның 1752 жылғы Қазаққа деген шабуылымен байланыстырады. Лама Dorzi 1752 жылы 9 қыркүйекте Орта жүзге Сайын-Бөлек, Şaxdor, Батур Убашылар бастаған 20-30 мың қол аттандырғаны деректі шындық.

Жоңғар империясын Қытай-Шүршіттер 1757 жылы жойып тынады. Сол соғыста бір мың еркек кіндікті Жоңғарлар, көбі Ойраттар, тарих мәліметінде қырғынға ұшыраған. Қалмақ-Жоңғар жойқыны Құрбанғали Халид дерегінде 1757 жылы Лай судағы (Мамыр су) «Қандыжап» келісімімен бітеді. Сонда орта есеппен Қалмақ-Жоңғардың Қазаққа жойқыны 1521 жыл 1757 жылға дейін, 236 жылға ұласқан болды.

«Ресей және Орта Азия» кітабында Жапон ғалымы Зокота: «Орта Азияда Жоңғар ірі патшалығы болды. Оларға Ұйғырлар қарсылықсыз бағынды. Қырғыздар сұрапыл тегеурінге төтеп бере алмады. Ұзақ жылдар табан тіріскен Қазақтар ғана болды», — деп жазғаны әділдік.

 

 

 

 

 

Жарияланымдар авторы

Желіден тыс 23 сағ

Admin

0
Пікірлер: 2қоғамдық: 93тіркеу: 11-07-2018
жаңартылған: 14.05.2019 — 19:21

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған