ӘУЛЕТТІК ШЕЖІРЕЛІК КІТАПТАР ТУРАЛЫ

«SER-БЕК» ИНФОСТУДИЯСЫ

ӘУЛЕТТІК ШЕЖІРЕЛІК КІТАПТАР ДАЙЫНДАУҒА

ТАПСЫРЫСТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ!

Сайтымның өткен жолғы парағында баспаға дайындалған «НАЙМАН-ТӨЛЕГЕТАЙ: МАТАЙ, САДЫР РУЛАРЫ» атты шежірелік кітапты таныстырған едім. Бұл жолы сол тақырыптың жалғасы ретінде шежірелік мазмұндағы жеке әулеттік электронды кітаптар дайындау, олардың қажеттілігі мен тиімділіктері туралы жазбалар беріліп отыр. Танысыңдар!


ШЕЖІРЕЛІК ЕҢБЕКТЕР ТУРАЛЫ

Шежіре дегенімізбелгілі бір халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы.

Шежіре қазақ халқы үшін де ғасырлар бойы зор мағынаға ие болып келеді:

Ең алдымен, белгілі бір ру қауымдастығының, әр әулеттің ата-бабалық шығу тегін танытып-білдіретін, оның ғасырлар бойы өсу-таралу үрдісін айқындайтын деректер мен мағлұматтар жиынтығы ретінде, ол тарих қызметін атқарған;

— Екіншіден, ұзақ тарихи мерзімде көшпелі қоғамда өмір сүрген халқымыздың этникалық құрылымын анықтауға, тұтастығын көрсетуге мүмкіндік беретін ілімдік дүние. Қазақ халқына ғана тән, оның әдет-ғұрып, салт-санасының негізінде туған, қан араластырмай, тұқым тазалығын сақтау арқылы этностың генетикалық қорын аман алып қалуға бағытталған әркімнің өз тегін жеті атаға дейін таратудың нақтылы жүйесі.

Жеті атаны жіктей білуі, одан ары руларға, жүздерге топтасуы арқылы ғасырлар бойы қазақ елінің кең байтақ сахаралық кеңістікте баянды тіршілік ету, көшпелі шаруашылықты ұтымды жүргізу, елін, отанын, жерінің тұтастығын қорғау, ортақ тіл, діл, атамекен бірлігін сақтау сияқты мүдделік мақсат-міндеттері орындалып отырған.

— Ең бастысы, шежірелік дүниелер — өскелең ұрпақты өз ұлтын ұлықтауға, олардың бойына ұлттық құндылықтарды, жоғары адами қасиеттерді сіңіруге мақсатталған тәрбиелік мәні мол рухани құрал, сол арқылы үлкен қауым елдің, ағайын-туғандардың ынтымағына, береке-бірлігіне қызмет ететін ұлттық рухани мәдениеттің құрамдас бір бөлігі.

Осы тұрғыдан келгенде, сонау ғасырлардың терең қойнауларынан бергі әр тарихи кезеңдерінде талай ғұлама бабаларымыздың айтып-жазып кеткен шежірелік дүниелері молынан табылады. Алайда, солардың мазмұндық құрылымы, тарихи шындылығы, сапалылығы жағын сөз ету, бағалай білу, бүгінгі біздер, қарапайым азаматтар үшін өте қиын шаруа. Себебі, ғалымдардың ірі еңбектерінен бастап, әр өңірдің «шежіреші ақсақалдарының» ауызекі аңыз-әңгімелерінен, «дәптерлік қолжазбаларынан» жинақталған сол молшылықтарды талдап-игере білу, кімнен болса да зор білімділік пен ғылыми біліктілікті, терең зерттеулік жұмыстарды, үлкен шыдамдылық пен табандылықты, көп уақытты, т.б. іс-қимылдарды қажет етеді. Әрине, сондай талаптар деңгейінен көріне білген тарихшы ғалымдарымыз да баршылық. Мәселен, ғаламтор бетінен қазақ руларының шежірелері тақырыбында жарияланған 300-ге жуық кітаптар тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады: http://bit.ly/35SeclB.

Бірақ, бұл кітаптардың да қолжетімділігі қатардағы оқырмандар үшін күрделі мәселе! Ол үшін кітапханаларға, мұрағаттық мекемелерге барып ізденіс жасау немесе ел қолындағы жазба көздерін тауып, зерттеу, олар үшін мүмкін бола беретін дүние емес. Ал баспалар арқылы шығарылған шежірелік кітаптар, таралымының аздығынан, насихатталуының кемшіндігінен қалың көпшілік сұранысын өтей алмайды. Ал, «таза шежіреші» азаматтардың қаншама қолжазбалық нұсқалары қаржылық тапшылығынан «сандықтары түбінде» жарық көрмей қалып жатты, жоғалды да! …

* * *

Солай десек те, бүгінгі интернет, инфотехнологиялар дамыған заманда осындай күрделілікті барынша жеңілдетуге, шежірешілдік-шығармашылық еңбектерді насихаттауда, олардың қалың көпшілікке қолжетімді болуына үлкен мүмкіндіктер туып отырғанын айтуға болады. Оның ең ұтымды жолы – жазбаларды электрондық нұсқада дайындау!


ЭЛЕКТРОНДЫ ШЕЖІРЕЛІК КІТАПТАРДЫҢ (ЭШК) ТИІМДІЛІГІ МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Олар жөнінде бұған дейін жекелік сайтымда бірнеше танымдық мақалалар жариялаған болатынмын, жеке кітапша да дайындағанмын. Солардың негізгілері төмендегідей болып келеді:

Шежірелік кітаптарды баспалар арқылы шығаруға көп уақыт, мол қаржы және жүйкелік шыдамдылық қажет етілсе, электронды нұсқасы тез, жеңіл дайындалады және бағасы да өте арзан болады;

— Шектеулі данамен шығатын баспалық кітаптар қалың оқырманға жеткіліксіз болып жатса, электрондық нұсқалары қалаған көлемде дайындалып, интернет арқылы әп-сәтте әлемнің әр түкпіріндегі мыңдаған адамдарға таныстыруға, жарнамалауға және таратуға (сыйлауға, сатуға) болады;

— Электронды кітаптарда әр әулет-отбасы өздерінің «шежірелік ағашына» арғы ата-бабаларынан бастап, қазірге дейінгі барлық «бұтақтарын қадап» шыға алады. ЭШК-тың мазмұндық құрылымын, деректерін, мәтіндерін қажет етілген кез-келген мерзімде өзгерту, толықтырып және алмастырып отыру, қателерін түзету мүмкіндіктері бар. Соған орай, әулеттің келесі ұрпақтары кітапты өз деректерімен толықтыра отырып, оларды алдағы ұзақ кезеңдерге үздіксіз жалғастыра, «қалыңдата» бере алады. Олар еш бұзылмайды, ескірмейді және жоғалмайды.

ЭШК-тарды тек шежірелік форматта ғана емес, оларды әулеттің әр мүшесінің өмірлік-қызметтік жолдарын, оның әр белесіндегі маңызды оқиғаларын, жетістіктерін баяндаулармен, әр кезеңдегі фотосуреттермен, бейне-аудиолық жазбалармен толықтырып, деректік, фотоальбомдық мазмұнда да дайындауға болады. (Төменде сондай бір кітаптың үлгісі көрсетіледі).

— ЭШК-тардың ішінен қажетті парақтарын, рулық-аталық тармақтарын тез тауып алу, оларға белгілер жасау, басқа дереккөздерге сілтемелер қою, жарнамалар жариялау сияқты қосымша мүмкіндіктері мол. Оларды ноутбук, планшет, смартфондарға енгізіп алып, қажетті уақытта оқи беруге болады.


ДАЙЫНДАЛҒАН ЭШК-тар ҮЛГІЛЕРІ

Рас, өзім ғаламтордың қазақ тілді кеңістігінен қазақ шежіресі тақырыбына байланысты дайындалған электронды кітаптарды біраз іздестірсем де көре алмадым. Ал, өз тарапымнан соңғы жылдары дайындалған 10 шақты электронды кітаптардың 3-уі шежірелік тақырыпқа арналған. Олар:


1

Дайындалып, баспаға берілу алдында тұрған (сайтымның өткен жолғы парағында таныстырылған) «НАЙМАН-ТӨЛЕГЕТАЙ: МАТАЙ, САДЫР РУЛАРЫ» атты кітап. Сілтемесі: https://cutt.ly/SgNRinA


2

Сайтым оқырмандарының бірі (Нұрғайни деген азаматша) тапсырысымен дайындалған кітап. Мұнда Наймандар руы туралы құнды тарихи деректер беріліп, Қаракерей — Байторы —... болып таратылатын үлкен бір әулеттің шежіресі берілген.


3

Менің өзімнің өмірдеректік және отбасылық-әулеттік шежірелік жазбалар беріліп дайындалған фотоальбомдық кітап. Міне осы еңбегімді өздерінің ШЕЖІРЕЛІК кітаптарын дайындатуға ниеттенген азаматтарға үлгі ретінде ұсынуға болады.


ӘҢГІМЕ ТҮЙІНІ

Құрметті оқырман! Егер, құнды отбасылық, ескерткіштік дүние ретінде, өз әулетіңнің осындай шежірелік электронды кітабын дайындатуға қызығушылық және ниеттілік болса, осы сайтым арқылы оған ТАПСЫРЫС бере аласың! Кітапты дайындау ақылы, бағалары келісімді болады.

ТАПСЫРЫСТАР КҮТЕМІЗ!


ШЕЖІРЕЛІК КІТАПТЫҢ ҮЛГІЛІК ПАРАҚТАРЫ







Автор публикации

не в сети 5 дней

admin

0
Комментарии: 2Публикации: 108Регистрация: 11-07-2018
Обновлено: 17.11.2020 — 14:39

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *