«Найман-Төлегетай: Матай, Садыр рулары» шежірелік кітабы дайындалды!

«SER-БЕК» ИНФОСТУДИЯСЫНАН:

«НАЙМАН-ТӨЛЕГЕТАЙ: МАТАЙ, СӘДІРНІҢ РУПАЛАРЫ »
ШЕЖІРЕЛІК КІТАБЫ ДАЙЫНДАЛДЫ!


Құрметті оқырмандар! Ақсу, Сарқан жерінің азаматтары!

Сайтымның 2 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан «ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» деген бөлімінің жазбалары негізінде, жоғарыдағы кітаптың баспалық нұсқасы дайындалған. Оны Жаңа жылға дейін шығару жөнінде баспаханамен келісім бар.

Соған орай, осы кітапқа қызығушылық бар болса, назарларың төмендегі жайттарға аударылады:

  1. Осы парақта кітаптың дайындалуы жөнінде түсініктеме берілетін «Кіріспелік» тарауы, мұқабасының нұсқалары, құрылымдық мазмұны, жекелеген парақтарының үлгілік түрлері және пайдаланылған еңбектердің иегерлері тізімі беріліп отыр. Танысқандарың жөн болады!
  2. Әлі де болса өз аталары-әулетінің шежірелік деректерін кітапқа енгізуге ниет етушілердің деректерін қосымша жинақтап алу мақсатында баспаға дейін 1 айдай мерзім белгіленіп отыр. Соған орай, қажетті санасаңдар, өзіндік деректеріңді жеделдетіп жіберіңдер, үлгірулеріңе болады. Және де ол үшін, әркім кітапқа енгізілген өз аталық шежірелік тармақтары деректерімен алдын-ала танысып алуларына мүмкіндік алады.
  3. Кітап жеке қаражатқа дайындалатындықтан, оған қаншалықты сұраныстар болатынын анықтау, сауалнама жүргізу қажеттілігі туындайды. Яғни, алдағы уақытта баспадан шығарылар осы кітапты алуға ниеттілер, өздерінің аты-жөнін, қанша дана кітап керектілігін, электронды поштасы адресін және басқа да сұрақтарын ВАТСАБыма (8701-685-5424), поштама (deldal-s.18@mail.ru) жіберулері керек немесе әлеуметтік желілердегі хабарламалық парақтың астындағы комменттерге жазуларына болады.

Сөз соңында: Өздеріңнен осы шежірелік кітапты ағайын-туғандарыңа, достарыңыз бен азаматтарыңызға, әріптестеріңе таныстыру және әлеуметтік желілердегі ортаңа таратуларың өтініш етіледі!



КІТАП МҰҚАБАСЫНЫҢ НҰСҚАЛАРЫ



КІТАП КІРІСПЕСІ

Шежіре дегеніміз - белгілі бір халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы. Ол тек аталардың аты-жөнін білу ғана емес, ол әр кезеңдегі тарихи тұлғалардың қоғамдағы орнын, халық мүддесі үшін атқарған ерен ерліктері мен ерекше еңбектерін айқындайтын, жете танып-сезіне білуге көмек ететін құнды деректер.

Ғасырлар бойы қалыптастып келетін халқымыздың шежіресі, небір аңыздар, жырлар сияқты халық ауыз әдебиеті және әр кездердегі ел арасында рулар мен тайпалар тарихын өте жақсы біліп, жадына түйіп, таратып отыратын “шежіре адамдардың” айтулары арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіліп келеді. Әрине, нақты шежірелік деректер қажет етілгенде, ең алдымен, өткен ғасырлардағы қазақ тарихын зерттеуші ғұлама ойшылдардың жазып қалдырған еңбектері негіз етіліп алынады. Өз кезегінде, сол еңбектерді талдай-зерттей отырып, оларды басқа да тарихи дереккөздері арқылы толықтырып, жүйеге келтіріп, баспалық дүниелер арқылы жалғастырып жатқан кейінгі заманның тарихшы ғалымдарының еңбектері де молшылық. Мәселен, қазақ руларының шежірелері тақырыбында жарияланған кітаптар тізімімен (300-ге жуық) ғаламтор бетінен мына сілтеме арқылы танысуға болады: HTTP://bit.ly/35SeclB

Олардан басқа да, еліміздің әр түкпірлерінде жекелеген адамдардың да өз ынталарымен белгілі бір тайпалық-рулық шежірелерді дайындап, кітапшалар ретінде баспадан шығарып таратып жататындарын білеміз, байқаймыз. Алайда, басылымдық айналымы (тиражы) өте аз болатындықтан, олар «құмға сіңгендей», қолжетімсіз болып, қалың бұқара олардан хабарсыз қалып жатады…

* * *

Құрметті оқырман! Бүгіндері тәуелсіз мемлекетіміз аясында атқарылу үстіндегі «Рухани жаңғыру» үрдісі кезеңінде халқымыздың өз төл тарихын, соның ішінде асыл мұралық шежірелік дүниелерін, рухани құндылықтарын қайта жаңғыртуға және әркімнің өзінің «жеті атасын», ата-әулеттерінің шежірелік таратылымын жете танып-білуге деген қызығушылықтары мен ықыластарының ерекше артқаны байқалып отыр.

Соған орай,қып–танысып отырған менің осы кітабымды да, халқымыздың шежірелік дүниелерін насихаттауға мақсатталған сондай бір шағын дүние ретінде қабылдарсың! Соған орай, «бұл кітапты дайындау ниеті қалай туындады, не мақсат етілді және ол несімен ерекшеленеді?« деген мүмкін болар сұрақтарға түсініктеме бергенім жөн болар.

«АЛТЫН ҰЯМ – АҚСУЫМ» сайтымды жүргізу барысында, оның мақсаты мен мазмұнына қарай болса керек, оқырмандар тарапынан халқымыздың шежіресіне байланысты жазбалар жариялау, жеке тарау ашу туралы ұсыныстар түсе бастады. Шежіре жасау мен оны жүргізудің өте қиын жұмыс екенін, ол үлкен жауапкершілікті, ұзақ ізденіс пен зерттеушілікті, уақыт пен төзімділікті қажет ететін жақсы түсінетінмін. Ол жеке адам үшін ғана емес, тіпті біріккен адамдар тобына да оңай шаруа болмағандықтан, бастапқыда жүрексініп, одан бойымды аулақ ұстауды жөн көрдім. Алайда, байыптай келсем, бұл жұмысты жүргізуге ғаламтордың, ондағы менікіндей сайттардың мүмкіншілігі зор екені байқалды. Соған орай, осы жұмыспен айналысу қажеттілігі жөніндегі ой–ниетіммен, сайт арқылы сол оқырмандардың өздерімен және де сыйластықтағы біраз шығармашылықкер азаматтармен пікірлестім. Нәтижесінде, батылдық етіп, 2018 жылдың тамыз айынан бастап сайтымда «ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» деген атаумен жеке бөлім жүргізуді қолға алдым.

Оның алғашқы бастаулық мақаласында мынандай ойлар айтылған еді: «…Сайтымда қолға алынып басталған осы шежірелік жазбаларды жүргізудегі басты мақсатым – еліміздің әр түкпіріндегі отандастарымыздың еліміз тарихына деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал ету, ал шежірелік дүниемен бұрыннан айналысып жүрген немесе қолдарында сондай деректер бар азаматтарға интернеттің, сайттың мүмкіншілігін ұсына отырып, «зерттеулік еңбектеріне» насихаттық қолдау көрсету деп анықтадым.

Бұл қолға алған шаруаның өміршеңдігі қалай болатындығын алдағы уақыт көрсетеді. Бұл жерде, әрине, көпшіліктің (оқырмандардың) қызығушылығы мен қолдауы-демеуі қажет етіледі!

Яғни, шежірелік жазбалар сайтқа ұсынылып-түсіп жатса, олар жинақталып-топтастырылып, мүмкіндігінше реттеліп, жүйелі түрде сайтта жарияланатын болады. Солай-солай, «көп түкірсе – көл» дегендей, әркімдерден «бұлақтай» болып, мәлімет-жазбалар жиналып жатса, олар неге «шежірелік теңізге» айналмас-қа? Содан ары, түбінде оның әр тармақтар бойынша да ортақ шежіре қоры жасалатын да болар ..

Тәубе, міне содан бері, сайт бөлімінде шежірелік жазбалар үзілмей жарияланып келеді. Оның 40-қа жуық парақтары шығарылып, 100-ден аса тақырыптық жазбалар жүйелілікпен жарияланды. Олардың көпшіліктің көңілінен шығып жатқаны, сайттың және әлеуметтік желілерде топтасқан тұрақты оқырмандардың оңды пікірлерінен, комменттерінен байқалып отырылды. Сондай қолдауларды сезініп және тағы да сол оқырмандардың ұсыныстары түрткі болып, сайтымда жарияланған жазбалар мен оның мұрағатында жиналып тұрған материалдарды негізге ала отырып, оларды жеке кітапқа айналдыруды қолға алдым.

Оның шежірелік мазмұндағы тақырыбына, өзімізге жетене таныс, деректері біршама қолжетімді болып келетін осы МАТАЙ, Садыр тайпаларынан хабарлар қабылданды. Өз кезегінде, кітап алдыменен, оның деректерін әрдайым толықтырып, орын алған қателіктерді түзетіп реттеп, дүркін-дүркін жаңалап отыруға үлкен мүмкіндіктер беретін электронды форматта дайындалған.

Кітап «Шежіре туралы не білеміз?«, «Наймандар туралы» және «Шежірелік таратылымдар» деген 3 тараудан тұрады.

Шежірелік жазбалар, қолжетімді болған бұрындары шығарылған кітаптар мен басқа да баспалық туындылардан, ғаламтордағы «Тумалас» (tumalas.kz) сайтындағы деректерден және өңіріміздегі тарихшы–шежіреші саналатын танымал азаматтардың ұсынған жазбаларынан жинақталып құралды. Одан ары, олар жекелеген сайт оқырмандарының жіберген өздерінің аталық-әулеттік жазбаларымен толықтырылып, сәйкестендіріліп отырылды. (Оларды ұсынушылардың аты-жөні шежірелік тарауларда көрсетіліп отырылды және жалпы тізімі кітап соңында берілді).

Шежірелік таратылымдар тармақтары әр «аталар» бойынша ең арғы бабаларынан бастап бүгінгі ұрпақтарына дейін рет-ретімен, аралары үзілмейтіндей жасалып, әртүрлі түстермен айшықталып отырылды.

Сөз соңында ерекшеленіп айтылатын бір жайт, бұл кітап терең ғылыми еңбек немесе жан-жақты қамтылған толыққанды туынды болды деп саналмайды. Ол мүмкін де емес, өйткені шежірелік ілімнің елдік деңгейде ортақтаса мойындалған жүйесі қалыптаспағандықтан, оның жазбалары тарихи әр кезеңдегі және әрқилы қолжетімді болған дереккөздерден, жекелеген әуесқой, ынталы болған азаматтардан, олардың қолжазбаларынан жинақталғандықтан, ұрпақтар тармақтарын тарату арасындағы «үзілістер, белгіссіздіктер», адам аттары мен әріптеріндегі сәйкессіздіктер, аталуындағы алшақтықтар мен қателіктер орын алып жататындығы, керек десе бір-біріне керағар болатындағы көпшілікке түсінікті жайт. Оларды мүмкіндігінше реттеу, сәйкестендіру және түзету, негізінен әр ата-әулет тармақтарының бүгінгі ұрпақтарының өз ниеттеріне байланысты. Сол сияқты, шежірелік жазбаларды жүргізу – өмірмен бірге үзілмей жалғаса беретін үрдіс. Сондықтан да, осындай шеңберлік ауқымда жинақталып дайындалып, жұртшылық назарына танымдылық-насихаттық тұрғыда ұсынылған бұл кітапты да жеке бір шығармашылық дүние, «ортақ терінің бір пұшпағы» ретінде қабылданғаны жөн. Солай десек те, егер көпшілік оқырмандар тарапынан қазақ халқының осы бір жеке рулық (МАТАЙ, SADIR) шежірелік таратылымына қызығушылық пен сұраныстар туындап жатса, бұл жұмысты ары қарай жалғастыра беруге, кітап басылымдарын барынша толықтырып, дүркін-дүркін жаңалап отыруға замануи мүмкіндіктер өте мол. Әрине, ол алдағы уақыттар еншісінде…


КІТАП МАЗМҰНЫ



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ЕҢБЕКТЕР



КІТАП ПАРАҚТАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ













Жарияланымдар авторы

Желіден тыс 1 сағ

Admin

0
Пікірлер: 2қоғамдық: 107тіркеу: 11-07-2018
жаңартылған: 13.11.2020 — 05:53

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған