«Электронды кітаптар туралы» -6

 

«ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПТАР ТУРАЛЫ» — 6

 

 

Құрметті сайт оқырмандары, әлеуметтік желідегі азаматтар, достар!

Таяуда ғана жаңадан ашылған осы «ДЕЛДАЛ» атты сайтымның бүгінгі парағында шежірелік тақырыптағы электронды кітаптар дайындау туралы әңгіме жүргізбекшімін.

Сол мақсатта «ШЕЖІРЕ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?« деген үлкен танымдық, энциклопедиялық және «ШЕЖІРЕЛІК МАЗМҰНДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПТАР» дайындау қажеттілігі туралы арнайы мақалалар беріп отырмын. Танысыңдар!

«АТА-БАБАЛАР МЕН ӘУЛЕТІҢНІҢ ШЕЖІРЕЛІК КІТАБЫН»

ШЫҒАРАСЫҢ БА?

.

 

ШЕЖІРЕ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Уикипедия — ашық энциклопедиясы бойынша: «ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ - тарих ғылымындағы халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы. Шежіре қазақ, түрікмен, қырғыз, моңғол және т.б. халықтар арасында ауызша сақталған. Бұл халықтардың көне тарихы жөнінде айтылатын мағлұматтар “шежіре«, «Taira«, «тарих«, «seedzher«Т.б.. болып әр түрлі айтылғанымен “сақтау” деген мағынаны, ал семит-араб тілдерінде “ағаштың бұтағы” деген ұғымды білдіреді. Яғни, арабтар шежірені ата санаумен тікелей байланыстырса, түркілер көнені есте сақтау – тарихты айтумен, тарихпен бір деп түсіндіреді.

 

demek, шежіре біздің аталарымыз үшін тарих қызметін атқарған. Шежірешілдік көшпелі қоғам туғызған қажеттілік және көшпелілердің әдет-ғұрып, салт-санасының негізінде туған. Ол халықтың этник. құрылымын анықтауға, тұтастығын көрсетуге мүмкіндік беретін төл тарихымыздың нұсқасы, ұлттық рухани мәдениеттің құрамдас бір бөлігі.

Ел арасында өткен өмір тарихын өте жақсы білген “шежіре адамдар” болған. Олар қазақтың ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрін, заңдарын, әдет-ғұрпын, ай-күн есептерін жақсы білген, көшпелілердің дүниетанымын жете түсінген, небір аңыз-әпсана, жырларды жадында сақтаған. Егер қазақ мәдениеті біртұтас дейтін болсақ, онда шежірені де осылай қарастыруымыз керек. Яғни, шежіренің ішінде аңыз бен шындық та, ертегі мен әпсана да, өнер мен ғылым да бар, ал дәстүрлі қазақ мәдениетінен осылардың біреуін жеке дара бөліп алып қарастыру мүмкін емес. ...

Ru, бау, іргетас, тайпа, тұқым, тек, арыс, жүз, жұрт, El, отан сияқты халықтың тарихын көрсететін мағлұматтар - шежіренің негізгі өлшемдері, тұтас этнос, халық тарихының сырын ашуға бірден-бір қажет деректер. Қазақ халқының ата шежіресі ерте кезден сақталған. Оған “Жеті атасын білмеген жетесіз”, “Жеті атасын білген ер – жеті рулы елдің қамын жер, Жалғыз өзін білген ұл – құлағы мен жағын жер” деген аталы сөздер дәлел бола алады.

Жеті ата – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы әркімнің ата жағынан тегін таратудың нақтылы жүйесмен. Қазақ баласы өзінен бастап әкесі, әке, бабасы, және т.б.. жеті атасының нақты есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Әр ұрпақты шартты түрде 25 жастан есептесек, ол 175 жылды қамтиды. Сөйтіп, адамның жеке басының тағдыры арқылы, ата тегінің терең тамырларынан мағлұмат береді.

Шежіре зерттеушілер: туыстас немесе көршілес бірнеше отбасы бір қоныста отырса – ауыл, ауылдас, көрші; іргесі алшақтау болса – жерлес. Жеті атадан құралғандар (бір атаның кіндігінен тарағандар) – қандас; бір ата 13 атадан асса – RU; бірнеше ру қандастықпен, не ортақ мүддемен біріксе – тайпа; өзара қоғамдасып, жүз болып қауымдасқан тайпалар біріксе – халық немесе ел, оның ішінде өзге ұлт, ұлыстармен саяси теңдігі болса – ұлыс, дербес шекара, саяси-экон. тәуелсіздікке қолы жетсе – мемлекет, тілі мен дәстүрі, мәдениеті, жері, әлеум. қозғалыс, жігері, ETN. ерекшелігі ортақтасып, дараланса – ұлт болады деген тұжырымға тоқтаған.

Сол сияқты «жеті ата«, «пайда болу«, «немере ағайын«, «жамағайын«, «қалыс ағайын” деген атаулардың да нақты анықтамасы бар.

Жеті ата: әке, әке, әз ата (бұл үшеуі аталар), әже, тектік, төркін, тұқиян (бұл төртеуі бабалар). Осы жетеуі бірігіп «Әкелер» аталады. Ал 3 ағайын, 15 ұрпақ былайша жіктеледі:

мен) Немере ағайын: бала, немере, шөбере, шөпшек, Obere;

ә) Жамағайын: tuajat, jürejat, жекжат, жұрағат, жамағат;

B) Қалыс ағайын: өркен, әулет, zәuzat, азамат, қалыс.

15 буынды бұлайша бөлу қазақтардың өзін, әулет, өткен күнін, болашағын өмір бойы қадағалап, анықтап отыратынын көрсетеді. Қ. ш-нде рулар жүзге барып тіреледі. Жүз - тарихи-әлеум. санат. Ол, біріншіден, байтақ қазақ сахарасында ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі шаруашылықтың жер ыңғайына қарай орналасуына байланысты экон. мұқтаждықтан туған. Әрбір тайпалық одақ қыс қонысын, жаз жайлауын көшпелі тіршіліктің өзіндік ерекшелігіне орайластырған. Екіншіден, El, отан, жер қорғау мүддесінен туындаған. Үшіншіден, жеті атаға дейін қан араластырмай, тұқым тазалығын сақтау арқылы этностың генетик. қорын аман алып қалуға бағытталған. Сөйтіп, ол белгілі бір геогр. шеңберде, белгілі бір ортада ортақ халықтық бақылауға алынған. Үш жүз бола отырып, қазақ елінің тәуелсіздігін, қазақ жерінің тұтастығын қорғаған. Ортақ тіл, актілер, атамекен халықтың бірлігіне, мүдде бірлігіне қызмет еткен. Қ. ш-ндегі аңыздар жеке тұлғаны қасиетті, киелі етіп көрсетеді. Бұл Қ. ш-нің тек тарихи дерек қана емес, сонымен қатар өскелең ұрпақты ұлтын ұлықтау үшін тәрбиелік мәні болғандығын да аңғартады.

Шежіре — бұл халқымыздың ата тегінің таралуын, шығу тегін дәлелдейтін маңызды ақиқаттық жол.

Қазір қазақ шежіресін білетін адамдар өте аз, әсіресе мына біз жастармыз. Сондықтан, мен төменде көрсетілгендей қазақ шежірелерін көрсетіп отырмын. Достар, әрдайым қазақ шежіремізді біліп, жеті аталарымызды ұмытпайық

Бұл мақаланы толығымен мына сілтеме бойынша оқуға болады:

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%88%D0%B5%D0%B6%D1%96%D1%80%D0%B5%D1%81%D1%96

 

 

«ШЕЖІРЕЛІК МАЗМҰНДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПТАР» ТУРАЛЫ

 

Жоғарыда айтылғандай, шежіре — жалпы халқымыздың ата тегінің және әр әулеттің таралуын, шығу тегін білу, сол арқылы халықтың, елдің, ағайын-туғанның ынтымағына, береке— бірлігіне қызмет ететін ұлттық рухани мәдениеттің құрамдас бір бөлігі; тек тарихи дерек қана емес, сонымен қатар өскелең ұрпақты ұлтын ұлықтау үшін тәрбиелік мәні мол рухани құрал.

Осы аса маңызды міндеттерді атқарудың басты насихаттық құралы— Wежірелік жазбалар, кітаптар болып табылады. Сонау ғасырлардың терең қойнауларынан бергі әр тарихи кезеңдерінде талай ғұлама бабаларымыздың айтып-жазып кеткен осы тақырыптағы еңбектері молынан жетіп артылады. Алайда, солардың мазмұндық құрылымы, тарихи шындылығы, сапалылығы жағын сөз ету, бүгінгі біздер, қарапайым азаматтар үшін өте қиын шаруа. Ондай мүддеден шыға білу, шежірелелікпен айналысушы, ізденістегі адамдардың өздерінен зор білімділік пен ғылыми біліктілікті, терең зерттеулік жұмыстарды, үлкен шыдамдылық пен табандылықты, көп уақытты, және т.б.. іс-қимылдарды қажет етеді.

Ал, ондай бар еңбектердің өзіне қызығушылық танытушы қатардағы оқырмандар үшін қолжетімділігін айтар болсақ, ол да бір аса күрделі дүние! Ол үшін мұрағаттық мекемелерге барып ізденіс жасау немесе ел қолындағы жазба көздерін тауып, зерттеу де мүмкін бола беретін дүние емес, Сол сияқты, баспалар арқылы шығарылған жеке азаматтардың қағаздық форматтағы шежірелік кітаптарына да қол жеткізу қиын шаруа. Олар тиражы өте аз болып жататындықтан және насихаттау-таныстыру мүмкіндігінің тарлығынан қалың көпшілікке белгісіз және қолжетімсіз болып жатады. Олардың жақын ағайын-туыстарына, дос-жарандарына ғана таратылады да, одан арты «құйымшақтанып», «жоғалып» кетіп жатады. Ал, көптеген «таза шежірешілердің» қолжазбалық— «дәптерлік» нұсқалары қаржылық тапшылығынан біржолата «сандықтары түбінде» қалып жатады. Содан «жарық көрмей» қаншамалары жоғалды да! ...

 

Енді міне, бүгінгі интернет заманында, инфотехнологиялар барынша дамыған жағдайда осындай олқылықтардың орнын толтыруға, қиыншылықтарды ерекше жеңілдетуге, шежірешілердік еңбектерді барынша насихаттауға, жариялауға, жеке әулеттерге өздерінің ата-бабалық шағын шежірелерін дайындатып алуға үлкен мүмкіндіктер туып отыр. Оның басты жолы— соларды электрондық түрғыдағы кітаптарға айналдырып дайындау!

Осыған орай, шежірелік жазбаларды электронды кітаптар арқылы дайындаудың басты тиімділіктерін сөз етсек, олар:

  • Бұрындары шежірелік дүниелерді баспахана арқылы кітапқа шығарту үшін көп уақыт, мол қаржы және жүйкелік шыдамдылық қажет етілсе, электронды кітап өте тез, жедел дайындалады;
  • Дайындалған электрондық кітапты интернет пен электронды пошталар, сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы әп-сәтте мың-мыңдаған адамдарға таныстыруға, жарнамалауға және қажет етушілерге таратуға (сыйлауға, сатуға) мүмкіндік мол;
  • Электронды кітаптарды қалаған көлемде және бет-парақтары санымен дайындауға болады. Олар бұзылмайды, ескірмейді және жоғалмайды. Бірнеше дана етіп көбейтіп, ұзақ мерзімдерге сақтап қоюға және көшіртпеу үшін құпиялауға болады;
  • Кітаптарды дайындату бағасы да өте арзан.

Солай десек те, осы айтылғандарға дәйек ретінде ғаламтор жүйесінен қазақ шежіресі тақырыбына байланысты дайындалған электронды кітаптарды біраз іздестірсем де көре алмадым. Содан кейін осы бағытта талпыныс жасап, шаруаны қолға алмақ болдым. ...

 

* * *

Жалпы, ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПТАР ТУРАЛЫ, олардың қажеттілігі, тиімділіктері мен артықшылықтары; оларды кімдерге, не мақсатта және қандай мазмұнда шығаруға болатындығы туралы бұрынғы сайтымда бірнеше танымдық мақалалар жарияланған болатын. Солардың бастысымен мына сілтеме бойынша таныса аласыңдар: http://bit.ly/2F7QiGf

Сонымен бірге, осы тақырыппен, «ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПТАР ТУРАЛЫ« атты арнайы жеке кітапша да дайындап, оқырмандарға сый ретінде таратқан болатынмын.

Ал шежірелік дүниелерге-жазбаларға Мен келіп, сайтымдағы сол «ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ» деген арнайы бөлімінің бүгінге дейінгі 18 мәселесі, 50-ден астам көлемді энциклопедиялық, ілімдік мақалалар мен бірнеше рулық, ата-бабалық шежірелік жазбалар жарияланыпты.

Соларға қоса шежірелік тақырыптағы 2 электронды кітап Мен тағайындалды. Біріншісі — өз әулетім мен отбасылық мазмұндағы өмірдеректік кітап. Сол кітапта жеке бөлім ретінде рулық және ата-бабалық шежіре берілді. (Ол сайтымда жарияланды да).

Екіншісі – Шығыс Қазақстан өңірі, Күршім жеріндегі сайтым оқырмандарының бірі, Нұрғайни деген азаматшаның тапсырысымен дайындалған кітап. Онда жалпы Наймандар туралы құнды тарихи деректерге қоса, Қаракерей— Bajtorы - ... болып таратыла беретін бір үлкен әулеттің шежіресі берілген.

Бұл кітаптарды дайындатуға, тапсырыс беруге ниеттенген азаматтарға үлгі ретінде көрсетуге болады болады. Сол мақсатта, сәл төменде олардың мұқабалық, мазмұндық және біраз парақтарын көрсетіп отырмын.

 

КІТАПҚА ТАПСЫРЫС БЕРІҢІЗ!

Сонымен, әңгіме түйіні!

Егер, шежірелік мазмұндағы (өз қалауыңа сай басқа да тақырыптарда) электронды кітаптарды дайындатуға қызығушылық туса және қажеттілік болса сайтымыз арқылы ТАПСЫРЫСТАР беріп, ДАЙЫНДАТА аласыз!

Кітаптарды дайындау ақылы болады, шарттары өзара келісіледі және олар тапсырыс берушілерге қарай ыңғайланады. КҮТЕМІЗ!

 

* * *

Шежірелік кітаптардың «үлгілік» парақтары

1

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарияланымдар авторы

Желіден тыс 40 мин

Admin

0
Пікірлер: 2қоғамдық: 107тіркеу: 11-07-2018
жаңартылған: 12.11.2020 — 17:01

3 комментария

Пікір қосу
  1. Электрондық кітапты дайындаған Серікбек Серпербаев ағамызға көп рахмет!"Наймандар туралы деректер"электронды кітабымды 1 апта ішінде дайындар берді.Әлі де тапсырыстар беретін боламын Кітапты безендіруі ,өңдеуі де ұнады.Бағвсы да қымбат емес.Ағамыздың дені сау болып,тарихымызды түгендеп жүрген еңбегі жемісті болсын, алар асу шығар шыңы биік болсын! Нұрғайни Манапқызы

    1. Салеметсіз бе?! Құтты болсын кітабіңіз! Қалай қол жеткізуге болады,электронды нұсқасын алға бола ма?

      1. кешіріңіз, алуға

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған