«Делдал» сайтына жазылуға ұсыныс!

«DЕLDAL.KZ» САЙТЫНА ЖАЗЫЛУҒА ҰСЫНЫС!

 

Сайтымның осы парағымен танысушыға !

Менің осы «DЕLDАL.KZ» атты екінші сайтымның ғаламтор жүйесінде жарық көргеніне 4 ай болды. Осы мерзім ішінде 60-қа жуық парағы шығарылып, 300-дей посттар (жазбалар) жарияланған екен. Солардың бәріне тақырыптары мен мазмұндық сапасы жағынан оқырмандар тарапынан тек оңды пікірлер білдірілуде.

Соған орай, осы сайтымның жазбаларымен танысып-оқып жүрген азаматтарды оның тұрақты ОҚЫРМАНЫ болуға, яғни, САЙТЫМА ЖАЗЫЛУҒА ҰСЫНЫС ЖАСАЙМЫН!

 

 

Сайтқа жазылу үшін қазір осы парақ астындағы «терезешеге» электронды поштаңның адресін енгізсең болды!

Одан ары, өз қалауың бойынша төмендегі біраз ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПТАР сыйлыққа жіберілетін болады.

 

 

Сайттың басты БӨЛІМДЕРІ туралы

 

  1. «ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ», «ҚАЗАҒЫМНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ», ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫ – ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМатты бөлімдерінде өз тақырыптарына сай танымдық-анықтамалық мақалалар, бейнежазбалар жариялануда;
  1. Сайттың жаңадан ашылған „ТОЙ-БАЗАР. KZ“ АЛАҢЫ делінген бөлімі арқылы еліміздің әр түкпірінде той-мерекелер, думандық шараларды өткізуші болып жүрген өнерпаз АЗАМАТТАР және оларға қажет етілетін той қызметтерін көрсетуші ТҰЛҒАЛАР-дың мол ДЕРЕКҚОРЫН құру, одан ары оларды өзара байланыстырып онлайн ДЕЛДАЛДЫҚ жасау көзделіп отыр. Бүгінгі күнге осы АЛАҢДА 30-ға жуық той өнерпаздары туралы деректік-жарнамалық парақтары шығарылды;

 

  1. Осы бөлім ішінде «TOЙ–BAZAR»-дың онлайн — САРҚЫТЫ» деген жеке тарау ашылып, оның парақтарында той тақырыбындағы әндер мен шығармашылықтар, тойлардағы әдемі атқарылған салт–дәстүрлердің бейнетүсірілімдері, небір тамаша асабалық, әншілік-бишілік, т.б. өнерлер мен той үстіндегі көріністер жарияланып отырылады;

 

  1. «ИНТЕРНЕТ-БИЗНЕС МӘСЕЛЕЛЕРІ» деген бөлімде осы тақырыптағы ақпараттық-танымдық, методикалық жазбалар жарияланып отырылады. Осы бөлім арқылы замануи тұрғыдағы ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПТАР туралы мағлұматтар берілуде .

 

  1. «ХАБАРЛАНДЫРУЛАР». Бұл бөлімде қажет етушілердің сұраныс–тапсырыстарына сай әр мазмұндағы хабарландырулар, құттықтаулар, жарнамалық дүниелер жарияланып отырады.

 

Электронды кітаптар сыйға беріледі

 

Құрметті сайт оқырманы!

Мен сайттарымда бұрынықтар да интернет жүйесіндегі сабақтар арқылы электрондық кітаптар дайындау технологиясын меңгергенімді, нәтижесінде солардың бірнешеуін дайындағанымды айтқан едім. Олар:

1.Өзімнің туған ауданым туралы танымдық-анықтамалық мазмұндағы «АҚСУ АУДАНЫ ДЕРЕКТЕРІ» атты алғашқы кітап;

2. Осы Ақсу өңірінің 70-ке жуық танымал ақын-жазушыларының туған жеріне арнаған туындыларынан таңдамалы антологиялық топтама жасалған «АҚСУЫМ–ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТАР ӨЗЕГІ» деген кітап;

3. «АҚСУЫМ ДЕП ӘН ШЫРҚАЛАДЫ». Дайындалу үстіндегі бұл кітапта елімізге жақсы танымал саналатын Ақсулық сазгерлер мен әншілерінің орындауындағы әндер жинақталып жатыр.

 

4. Тарихшы, жазушы, шежіреші Жемісбек Толымбековтың ақынның 165 жылына арнаған «АТАНДЫМ АКЫН САРА» атты кітабы;

 

5. Сайтым оқырманының тапсырысы бойынша дайындалған Наймандар тайпасының және өзінің әулеттік шежіресі көрсетілген «НАЙМАНДАР ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР» атты кітап;

 

 

6. Өзімнің және отбасым мүшелерінің өмір жылдары және ағайын-туыстар туралы мәтіндік-фотоальбомдық түрде деректер берілген «ОТБАСЫЛЫҚ ШЕЖІРЕ» кітабы.

 

7. «ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПТАР ТУРАЛЫ». Бұл кітапшада ғаламтор жүйесіндегі ақпараттық бизнес ұғымы туралы және электронды кітаптарды пайдалану қажеттілігіне байланысты мағлұматтар мен түсініктемелер берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сонымен бірге, сайтымда жарияланудағы жазбалар негізінде шежірелік тақырыптағы, қазақтың салт-дәстүрлері жөніндегі, «туған жер» тақырыбындағы әндердің жинағы сияқты тағы біраз кітаптарды дайындау қолға алынды.

 

* * *

Осы көрсетілген кітаптар, жоғарыда айтылғандай, сайтыма жазылған оқырмандарға және электронды кітаптар дайындауға тапсырыс беретін азаматтарға қалаулары бойынша сый ретінде ұсынылады.

 

 

Электронды кітап дайындатасың ба?

 

Құрметті оқырман! Дайындалған кітаптарды үлгілік ретінде көрсете отырып, қажет етілсе Өзіңе де осындай кітаптарды онлайн түрде дайындап бере аламыз!Көріңдер, ойланыңдар, ТАПСЫРЫСТАР БЕРІҢДЕР!

 

 

Жалпы «Электронды кітаптар дегеніміз не?» деген мазмұндағы, олардың замануи кезеңде аса қажеттілігі мен ерекше тиімділіктері жөнінде, қандай мақсаттарда шығаруға болатыны туралы толық түсініктемелерді жоғарыдағы кітапшадан және сайтымда арнайы жарияланған мақаладан таныса аласыңдар.

 

http://bit.ly/2F7QiGf

* * *

РАХМЕТ, ТҰРАҚТЫ БАЙЛАНЫСТА БОЛАЙЫҚ!

Сайтқа жазылу терезешесі мына төмендегі:

Автор публикации

не в сети 3 дня

admin

0
Комментарии: 2Публикации: 100Регистрация: 11-07-2018
Обновлено: 20.08.2019 — 15:20

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *