Рубрика: "ҚАЗАҒЫМНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ "

«Қазағымның салт-дәстүрлері» (18)

  «ҚАЗАҒЫМНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ» (18)   ҮЙЛЕНУ ОҢАЙ МА? ҮЙ БОЛУ ШЕ?   Сайтымның осы бөлімінде бұған дейін қазақ қалқының салт-дәстүрлері туралы, оның ішінде «жақсылықтар нышанындағы» және «бала тәрбиесіне» байланысты жазбалардың беріліп келгенін тұрақты оқырмандар жақсы біледі. Сондай тақырыппен жеке электронды кітап та дайындалып, өткен жолы көпшілік назарына ұсынылды. Енді, ары қарай, қазақ жастарының отау құруына […]

«Қазағымның салт-дәстүрлері» (16)

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ» (16) БАТА ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?   БАТА БЕРУ дәстүрі — халқымыздың тағылымы мол салт-дәстүрлерінің ең қастерлісі, рухани темірқазығы, ажырамас бөлігі және ұлтының, ұрпағының жарқын келешегі үшін жүрекжарды ізгі тілектерін жеткізудегі алтын көпірі. Шынында да ол туралы бәріміз жақсы білеміз бе?.. Соған орай, сайтымның бүгінгі парағында тақырыптық танымдық мақала мен оның мазмұнын толықтыратын бейнежазбалар, «Ақ бата» […]

«Қазағымның салт-дәстүрлері» (15)

  «ҚАЗАҒЫМНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ» (15)   СҮЙІНШІ. КӨРІМДІК ПЕН БАЙҒАЗЫ. ШАШУ.   Қазіргі уақытта алыс-жақындағы өзге елдердің көпшілігі қазақ халқының ерекше қонақжай, ақкөңіл, меймандос екенін танып–біліп қалды деуге болады. Соған қоса, дана халқымыз бойында қалыптасқан ағайын-туғандары, дос жарандарының қайғылы жайларын ортақтасып атқаратын, қуаныштарын бірге бөлісе тойлайтын қасиеттері де ұлттық сипатқа ие. Жақсылық хабарды жарыла күтетін, қуанышты […]

«Қазағымның салт-дәстүрлері» (14)

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ» (14)   «ТІЛАШАР» Сайтымның осы тақырыпты бөлімінің бүгінгі парағында халқымыздың жас балаларға қатысты ерекше мән берілетін дәстүр-ғұрыптарының бірі  — «Тілашар» туралы танымдық мақала мен оның қазіргі кезде қалай атқарылып жатқаны туралы той бейнетүсірілімдері беріліп отыр. Танысыңдар!   «ТІЛАШАР» дәстүрі туралы Мақала ғаламтордағы осы тақырыптағы жарияланымдардан жинақталып реттеліп жазылды.     «ТІЛАШАР» - қазақ халқының ежелден үзілмей келе […]

«Қазағымның салт-дәстүрлері». (13)

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ» (13) «БӘСІРЕ БЕРУ». «АШАМАЙҒА МІНГІЗУ». «ҚҰЛАҚ ТЕСУ» Құрметті оқырмандар! Өмірге келген нәрестелер сәл өсіп, сәбиліктен балалық шаққа өтер кездерінде, оған дейін құлын-тайдай тебісіп бірге ойнап жүрген құралпас ұлдар мен қыздар, жыныстық жағынан жіктеліп, бір-бірінен бөліне бастайды. Міне, осы кезеңде бала өсіру мен тәрбиелеуге қатысты ұлтымызда қалыптасқан біраз салттық дәстүрлер атқарылатын болған. Мәселен, ұлдарға […]

«Қазағымның салт-дәстүрлері» (12)

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ» (12) «СҮНДЕТТЕУ». CҮНДЕТ ТОЙЫ.   Құрметті оқырман! Сайтымдағы қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері туралы жүйелі түрде беріліп жатқан жарияланымдар, бұл жолы ұл балалар үшін міндетті және аса қажетті саналаты СҮНДЕТКЕ ОТЫРҒЫЗУ дәстүрі туралы баяндалған танымдық жазбалармен жалғасып отыр. Оларда СҮНДЕТКЕ ОТЫРҒЫЗУДЫҢ ғұрпы мен тарихы, пайдалылығы, тәсілдері және соған орайластырылатын СҮНДЕТ ТОЙЫНЫҢ бұрындары мен қазіргі кездегі […]

«Қазағымның салт-дәстүрлері» (10)

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ» (10) «СҮЙІНДІРУ». «БАЛАНЫ БЕСІККЕ САЛУ»   Бұл жолы сайтымның кешегі парағында әңгіме болған «СӘБИДІ ҚЫРҚЫНАН ШЫҒАРУ" рәсімінен кейін, іле-шала атқарылатын «БАЛАНЫ БЕСІККЕ САЛУ» салты туралы танымдық және оның да қазіргі уақытта қалай өткізіліп жатқандығы туралы жазбалар беріліп отыр. Танысыңдар!     Алдымен, әдеттегідей әсем ән тыңдап алайық! «Бесік жыры» Мейрамбек БЕСБАЕВ        […]

«Қазағымның салт-дәстүрлері» (9)

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ» (9) «БАЛАНЫ ҚЫРҚЫНАН ШЫҒАРУ» Сайтымның осы тарауының бүгінгі парағында, міндетті түрде рәсімделіп және мерекеленіп аталып өтетін, қазақ халқының өзіне ғана тән ерекше ұлттық салттарының бірі — «СӘБИДІ ҚЫРҚЫНАН ШЫҒАРУ" жөніндегі танымдық және оны қазіргі заман жағдайында өткізілуі туралы жазбалар беріліп отыр. Танысыңдар!     «Баланы қырқынан шығару» ONTUSTIK TV 21 Шілде 2015 жыл.    […]

«Қазағымның салт-дәстүрлері» (8)

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ» (8)   «ШІЛДЕХАНА» мен «ҚАЛЖА» туралы   Сайтымның осы тақырыппен басталған тарауы парақтарын, бұл жолы қазағымыздың ұлттық салттарының ішіндегі терең мәнді, салтанатты түрде аталатын «ШІЛДЕХАНА» тойы мен «ҚАЛЖАЛАУ» дәстүрі туралы танымдық жазбалар жалғастырып отыр. Танысыңдар!   Шілдехана   Шілдехана туралы «Уикипедия — ашық энциклопедиясында» мәлімет былай деп беріледі: «Шілдехана, шілделік, шілде күзет – […]

«Қазағымның салт-дәстүрлері» (7)

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ» (7) КІНДІК ШЕШЕ ДЕГЕН КІМ? (жалғасы)   Бүгінгі парақта осы тақырыппен өткен жолы сайтымда жарияланған жазбаларды біршама толықтыратын, қазағымыздың осы дәстүрінің қазіргі заманда атқарылуы туралы ой-пікірлер берілген және қазақ жұртына танымал біраз өнер иелерінің кімдердің «кіндік шешелері» болғандығы туралы айтылған мақалалар беріліп отыр. Танысыңдар! Ал, алдыңғы парақ жазбаларын мына сілтеме арқылы оқи аласыңдар: […]