Қуанышбаев Жұмабек туралы

 

Қуанышбаев Жұмабек туралы

 

 

Осы хабарландыруды жариялай отырып, Ақсу жерінің азаматы, уақытында Жетісу өңіріне спортшы-палуан, үздік жаттықтырушы, көрнекті ақын ретінде жақсы танымал болған, туғанына биыл 80 жыл болып отырған, марқұм ҚУАНЫШБАЕВ ЖҰМАБЕК туралы сайтым оқырмандарына таныстыру мақсатында оның өмірдеректерін және өзінің 1-2 шығармашылық туындыларын беріп отырмын. Танысыңдар!

Жүкең туралы танымдық жазбалар алдағы уақыттарда тағы да берілетін болады

 

ЖЕТІСУДЫҢ ПАЛУАН АҚЫНЫ

 

 

Өмірбаяны

 

Жұмабек Қуанышбайұлы спортшы-палуан, жаттықтырушы, ақын. ҚР Журналистер одағының мүшесі, ҚР білім беру ісінің үздігі.

1939 жылы Алматы облысы Ақсу ауданы Қаракөз ауылында дуниеге келген. Лепсі ауылындағы орта мектепті, Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын «мұғалім- жаттықтырушы (жаттықтырушы)» мамандығы бойынша бітірген.

1963 жылдан Ақсу ауданы мектептерінде мұғалім, аудандық спорт комитетінің төрағасы, содан кейін 25 жыл Ақсу аудандық спорт метебінде «күрестен» аға жаттықтырушы болып қызмет атқарады. Осы жылдар аралығында тәжірибелі спортшы-ұстаз, жаттықтырушы ретінде ауданда спорт саласын өркендетуде елеулі еңбек сіңіреді. Оның тәрбиелеген көптеген шәкірттері— спортшылары халықаралық, республикалық және облыстық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып отырған. Ақсу ауданындағы бір ғана «Мамания» (бұрынғы Ы.Алтынсарин атындағы) мектебінің ол жаттықтырып-тәрбиелеген 53 шәкірті ұстазы жолын қуып, «дене тәрбиесі» факультеттерін бітіріп, кәзіргі таңда еліміздің әр жерлерінде спорттың өсіп–дамуына үлестерін қосуда. Сонын ішінде бір оқушысы— Пекин Олимпиадасының дзю-до күресінен күміс жүлдегері Асхат Житкеевтін алғашқы жаттықтырушысы (тренері) болған, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Саят Қудайбергенов.

Өзі де күрес спортының дамуына қосқан үлкен үлесі үшін аудандық, облыстық, Республикалық түрлі дәрежедегі Дипломдармен, Алғыс хаттармен медальдармен марапатталған.

Жұмекең үлкен өнер иесі, дүлділ ақын ретінде де елге жақсы танымал. Ақсу ауданының «Бас ақыны» атанған. Оның «Ақсу жырлап ағады», «Қыран қиага самғайды», Жарақаттануына «, «Аққу мүсін», «Сулулық саған гашықпын», «Туғыр» атты кітаптары жарық көрген. Көптеген өлеңдері «Жайдарман», «Мөлдір бастаулар», «Шабыт», «Қарындасым қарлығашым», «Жетісудың жаңа әуендері», «Жетісу жырлайды» сияқты жазба ақындарының жинақтарында жарияланады. Сол сияқты шығармашылық өлендері газет басылымдары үнемі жарияланып отырылды.

Ол ауданның қоғамдық жүмыстарына белсене араласады. Ауылдық, аудандық кеңестердің және Ақсу аудандық мәслихатының алғашқы шақырылымының депутаты болып сайланған. Ақсу ауылындағы «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болады.

2002 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққаннан қайтыс болғанға дейін Ақсу ауданында, Талдықорған қаласында жас ұрпақты спортқа, салауатты өмір салтын насихаттауға, Отаншылдыққа тәрбиелеу шараларын белсене араласты. «Еңбек ардагері» медалінің иегері.

Жұбайы, Білісбаева Шариза Бекқалиқызы мектептерде мұғалім болған, қазіргі кезде зейнеткер. Қазақстан (KazSRO) Оқу министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақсуым

Жұмабек Қуанышбайұлы

Жасыл ну жағаң саялы,

Жолдарым жатыр баяғы.

Жағаңа келсем толқының,

Кұшағын маған жаяды.

Жүземін болмай менде Эрик,

Кайығың болып тербеліп.

Жадырап бойың. Oh сергіп,

Сіз маған дем алып ба беріп.

Жағаңнан жайлап ескен леп,

Тарайды бойға төске өрлеп.

Көгіңе аунап жыр өрем,

Толқыныңнаи дестелеп.

Ырысы елдің алтын дән,

Суыңа қанып шалқыған.

Сәбиің тұрса нан ұстап,

Кернейді бойды шалқьт әN.

Көрмеген елі tatiy Kun,

Несібең нұры жақсының.

Бос арқалап кайтпаған,

Балықшы, аңшы қапшығын.

Ѳзіңсің жырдың қайнары.

Kaynarы гүлдің аумақ.

Өзіңде ақын Sarai,

Толғанып пісті ойлары.

 

Жасыл сондай-ақ ханымғаң саялы,

Жолдарым келіп.

Жағаңа келсем толқының,

Кұшағын маған жаяды.

 

 

 

 

Жарияланымдар авторы

Желіден тыс 4 апталар

Admin

0
Пікірлер: 2қоғамдық: 104тіркеу: 11-07-2018
жаңартылған: 11.06.2019 — 16:10

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған