«TOЙ–BAZAR»-дың ОНЛАЙН — САРҚЫТЫ
Құрметті сайт оқырмандары, желідегі достар!
Бүгін сайтымның «TOЙ–BAZAR.KZ» АЛАҢЫ бөлімінде жоғарыдағы тақырыппен жаңа тарау ашылып отыр.
Дүрілдеп өткен тойлардан әр қазақтың сарқыт алып қайтуы, салтымызда қалыптасқан дәстүрлі ырым екені бәрімізге белгілі. Олай болса, сайтымның ТОЙ — БАЗАРЫНАН ДА әрдайым сарқыттар (онлайн түрде) алып отырғандарың жөн болады. Яғни, әр апта сайын осы тарау парақтарында той тақырыбындағы әндер мен шығармашылықтар, ғаламтор жүйесінде байқалған қазағымның өткізген тойларындағы әдемі атқарылған салт–дәстүрлердің бейнетүсірілімдері, небір тамаша асабалық, әншілік-бишілік, т.б. өнерлер мен той үстінде болған ерекше бір қызық та және «шыжық та» көріністер жинақталып жарияланып отырылатын болады...
Бүгін сондай алғашқы жазбалар топтамасы ұсынылып отыр. Қабыл алыңдар, тамашалаңдар! Келесілерін күтіңдер!
Осыған орай, ӨЗДЕРІҢНЕН ДЕ той мазмұндағы қызықты дүниелерді, қолдарыңда бар бейнетүсірілімдерді ұсынсаңдар қабыл аламыз! Олар сайтта өз аттарыңнан жарияланып отырылады. Тосамыз!
* * *
Сонымен бірге, БАРЛЫҚТАРЫҢДЫ және де той-мерекелер, думандық шаралардың ұйымдастырушысы мен жүргізушісі, белсенді қатысушысы болып жүрген өнерлі АЗАМАТТАРДЫ осы сайтыма жазылып, АЛАҢҒА тіркелуді ұсынамын. Сонда сайт жазбаларымен тұрақты танысып және өзің де жеке парақ ашып өнерлеріңді қалың жұртқа көрсете аласың. Ол туралы толығырақ: http://bit.ly/2KoN7z0
Сайтқа осы парақ астындағы терезеше арқылы тез және оңай жазыла аласың! Барлықтарыңа сәттілік, той-қуаныштар тілеймін!
«Той жыры» әні
«Дос — Мұқасан» тобы ( 1-ші құрам)
Давай, құда түсейік!
Құда қарсы алу.
Сүйінші би театры
«Қыздың жолы жіңішке» (ән)
Қыз ұзату тойынан
Қазақтар тойда қатырады ...
Санжар баланың өнері
Не боп кетті өзі?
«Кімсің?» әні
АРАЙ ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ