«SER-БЕК» ИНФОСТУДИЯСЫ ҰСЫНАДЫ (3)

«СЕР-БЕК» АҚПАРАТТАРЫ

электронды кітаптар дайындайды!

Бұл парақта электронды кітаптар және олардың тиімділіктері, кімдерге қажеттілігі бар екендігі туралы түсініктемелік жазбалар берілді.

Танысыңдар!


Электронды кітаптар дегеніміз — кітаптық құралдарды қазіргі таңдағы цифрлық, жоғарғы технологиялық уақыт талап-сұраныстарына сай дайындау мен оқудың заманауи технологиясы мен нұсқасы, цифрлық түрдегі электрондық түрі, шығармашылықтар файлдары.

Электронды кітаптардың

ерекшеліктері мен тиімділіктері:

Дайындау жеңілділігі, жеделділігі және арзандылығы.

Егер қағази кітаптарды баспахана арқылы шығару үшін көп уақыт, мол қаржы және жүйкелік шыдамдылық қажет етілсе, электронды кітаптар тез дайындалады және бағасы да өте арзан болады.

Және де, әрбір адам өзінің авторлық немесе басқа да қажет етілетін шығармашылық дүниелерді электронды кітап ретінде өзі дайындап немесе дайындатып ала алатындығы.

Қолжетімділігі.

Кез келген адам Интернет жүйесінде бар өзіне қажетті кітаптарды бірнеше минуттерде тауып алып оқуларына, көшіріп алуларына болады.

Сол сияқты, шектеулі ғана данамен шығатын қағаз кітаптар қалың оқырманға жеткіліксіз және қолжетімсіз болып жатса, дайындалған электрондық кітапты интернет (электронды пошта, сайттар мен әлеуметтік желілер) арқылы әп-сәтте әлемнің әр түкпіріндегі жүздеген-мыңдаған адамдарға тез таныстыра, жарнамалай және тарата (сыйлауға, сатуға) алады;

Ықшамдылығы, жинақылығы

Электронды кітаптарды Nоутбук, планшет, смартфондарға қалағанша жүйелеп-реттеп енгізіп алып, кез келген мерзімде және жерде оқи беруге болады. Кітаптар парақтарының саны да қажеттілігінше болады.

Сақталу ұзақмерзімділігі

Электронды кітаптар бұзылмайды, ескірмейді және жоғалмайды. Оларды бірнеше дана етіп көбейтіп, көп уақыттарға сақтап қоюға және де көшіртпеу үшін құпиялауға болады.

Осылайша, дайындап қойылған электронды кітаптар, егер қажеттілік болса, кез келген уақытта баспаға ұсынуға дайын тұрады.

Басқа да қосымша мүмкіндіктері тосқын.

Кітап парақтарында қалағанша медиа (бейнелік, аудио) жазбаларды енгізуге, фото-суреттермен безендіруге, жарнамалар жасауға, белгілер қоюға болады.

Cілтемелер жасап, қалың кітап ішінен қажетті сөз-сөйлемдерді, терминдерді, парақтарын және де сыртқы дереккөздерді де тез тауып алуға болады.

Сол сияқты, кез келген уақытта кітапқа толықтырулар енгізуге, қателіктері мен кемшіліктерін түзетуге болады.


Электронды кітаптар кімдерге қажетті саналады?

Электронды кітаптарды төмендегідей мақсаттарда және нұсқаларда дайындатуға болады:

  • Шығармашылық адамдары өздерінің авторлық туындыларын (өлең-әндер, әңгімелер, зерттеушілік-журналистік еңбектер, т.т.) жүйелі түрде (тақырыптары, томдары, шығарылу мерзімдері, т.с.с.) жеке-жеке емес сериялық тұрғыда кітап (кітапшалар) етіп дайындап сақтап қоюларына; одан ары оларды оқырмандарына таныстыруға, таратуға және баспаға дайындап қоюларына болады;
  • Өнер адамдары (суретшілер. артистер, және т.б.) өз туындыларын бейнелік және фотолық нұсқадағы электронды кітаптар ретінде дайындап, ары қарай оларды насихаттай және тарата алады;
  • Мұғалімдер мен ұстаздар, қарайітапхана қызметкерлері өздерінің ұстаздық іс-тәжрибелерін, авторлық және методикалық еңбектерін, атқарған көпшілік шараларын, және т.б.. өзіндік дүниелерін, кітаптарға айналдырып, ары қарай барынша насихаттай алады;
  • Кәсіпкерлер мен іскер адамдар электронды кітаптар арқылы өздерінің кәсіптік істеріндегі жетістіктерін, озық тәжрибелері мен технологиясын, шығарған өнімдерін жарнамалай алады.
  • Мемлекеттік қызметкерлер өздерінің қызметтік жылдарында атқарған, ұйымдастырған маңызды көпшілік шараларын, кездесулерін, мақалалары мен жазбаларын жинақтап – реттеп, фотоальбомдық, бейнежазбалар түрінде дайындап сақтап қоюларына болады;
  • Жеке адамдар, отбасылар өздерінің әулеттік шежіресін, отбасылық өмірін және балалар-немерелерінің қызықтарын кітап ретінде дайындап, келешекке сақтау; ағайын-туғандарына сыйлыққа тарту үшін дайындайды.

Әулеттік шежірелік» тақырыптағы кітаптарды дайындату туралы хабарламамен және олардың үлгілік нұсқаларымен мына сілтеме бойынша толығырақ танысуға болады: HTTP://deldal.ser-bek.ru/ser-bek-infostudiyasy/elementor-2439. )

  • Сол сияқты, әркім өз қалауына байланысты электронды кітаптарды басқа да тақырыптарда дайындата алады.


Жалпы, электронды кітаптар туралы толыққанды танымдық-методикалық мазмұндағы мына кітапша арнайы дайындалған.

Қажет етілсе, кітап оқырмандарға сый-сияпат немесе бонус ретінде жіберіледі.

Алыңдар, танысыңдар!

Рисунок1


Инфостудия кітаханасынан

Оқырмандар назарына студияда дайындалған электронды кітаптардың біразы үлгілік түрде көрсетіледі:


ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ МАЗМҰНДАҒЫ КІТАПТАР

(Алматы облысы Ақсу ауданының әр жылдардағы мерейтойлық шараларына арналып дайындалған)




ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ ТУРАЛЫ



ШЕЖІРЕЛІК КІТАПТАР



Электронды кітаптарды дайындау туралы


Кітаптарды дайындау шаралары

  • Кітапқа тапсырыс берушімен оның тақырыбын, мазмұндық құрылымын, безендірілуін (дизайнын) және т.б. шарттарымен келісу;
  • Кітаптың дайындалған мәтіндерін, иллюстацияларын (қажетті фото-суреттері, диаграмма, және т.б.) қабылдап алу;
  • Кітаптың мәтіндерін орналастырып (верстка текста), оның электрондық PDF– форматындағы және «парақтап оқу» түріндегі жобалық нұсқаларын тапсырыс берушіге таныстыру (тексерту, келісу);
  • Кітапты қорғау шараларын (құпиялау, пароль қою) жасау (автор келісімімен);
  • Кітапты дайындау ақылық төлемін қабылдау;
  • Кітапты интернетке, әлеуметтік желілерге жүктеу (қажеттілік болса және автордың өз шешімімен);
  • Кітапты тапсырыс берушіге жіберу.

Кітапты дайындау мерзімі оның мазмұндық көлемі мен құрылымдық күрделілігіне қарай 10-15 күн аралығында болады.

Кітаптарды дайындау бағасына оларды дайындаудың ғаламтор нарығында қалыптасқан тарифтері негізге алынады. Бірақ, ол негізінен өзара келісіммен анықталады және тапсырыс берушіге қарай ыңғайланады

Басқа да туындауы мүмкін мәселелер дайындау жұмысы барысында шешілетін болады.


ӘҢГІМЕ ТҮЙІНІ

Сонымен, құрметті оқырман, шығармашылық адамдары!

Егер, белгілі бір тақырыптағы және нұсқадағы электронды кітап дайындатуға қызығушылық туса және қажеттілік болса, осы студия арқылы оларға ТАПСЫРЫСТАР беріп, ДАЙЫНДАТА аласыңдар!

Студия жетекшісіСерікбек СЕРПЕРБАЕВ.

Барлықтарыңызға аманшылық, үлкен жақсылықтар мен қуаныштар тілеймін!

КІТАПҚА ТАПСЫРЫСТАР КҮТІЛЕДІ !!!

Өзара байланысу үшін: сайтқа: HTTP://ser-bek.ru;

Электронды пошта: bekserik-s@mail.ru; телефон: 8701 685 5424.

Жарияланымдар авторы

Желіден тыс 2 күн

Admin

0
Пікірлер: 2қоғамдық: 113тіркеу: 11-07-2018
жаңартылған: 24.01.2021 — 12:46

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған