ХАБАРЛАМА РЕТІНДЕ

 

ХАБАРЛАМА РЕТІНДЕ

 

Құрметті сайт оқырмандары, желідегі осы топтың мүшелері!

Егер байқаған болсаңдар, соңғы уақытта менің жүргізіп отырған «Алтын ұям-Ақсуым» және осы сайтымның жұмыстары біраз саябырсып, оларда беріліп жататын жазбалардың сиректеніп қалған жайы бар. Оның басты себебі бір ғана жағдай: менің біраз шығармашылық жұмыстармен тікелей айналысып жатқандығым! Атап айтқанда, биылғы жылы атап өтілетін ауданымыздың (Ақсу ауданы Алматы облысы) 90 жылдығына арналған кітаптарды дайындауға кіріскендігім; дайындалу үстіндегі шежірелік кітапты аяқтау қажеттігі және де «Интернет-Жарнамашы» делінетін онлайн – мамандықты меңгеріп жатқандығым.

Осыларға байланысты өздеріңді хабардар етейін дегендерім:

  1. Әрине, сайттар жұмысы тоқтамайды. Дайын болған жазбалар, оқырмандар ұсынған дүниелер жариялана беретін болады.
  2. Негізгі жобасы дайындалған «НАЙМАН-ТӨЛЕГЕТАЙ: МАТАЙ-САДЫР РУЛАРЫ» электрондық кітабым туралы таяу арада жеке хабарлама беріледі.
  3. Енді дайындалудағы «АҚСУ АУДАНЫ — 90» тақырыбындағы кітаптар туралы бірер сөз:

« Ауданымыздың 90-жылдығына байланысты өткізілер шаралар ауқымында дәстүр бойынша биыл да арнайы «мерейжылдық кітаптар» шығару белгіленіп, аудан басшылығы тарапынан жасалған қолқа-ұсынысқа сай, олардың шығарылуын ұйымдастыруға, дайындауға және басты орындаушылығына келісім беріп, соған кірісіп жатқан жайым бар. Оған негіз болған — менің ауданның бұрындарғы да мерейлік шараларына арналған кітаптар дайындаудағы тәжрибем, ұзақ жылдар бойы қолымда жинақталған деректер, әсіресе, соңғы жылдары «АЛТЫН ҰЯМ – АҚСУЫМ» сайтымда жарияланып жатқан жаңа да тың материалдардың болуы. Оның үстіне барлық жазбалардың компьютерде терілуін, кітапқа жинақталуын, дизайндық безендірілуін және баспалық нұсқасын дайындалуын атқара алатындығым...

* * *

Кітаптар 2 томдық болады деп белгіленіп отыр. Біріншісінде ауданның әкімшілік құрылымы, ауылдық округтер мен елді мекендері, кәсіпорындары-мекемелері, табиғаты-жағрафиясы туралы және басқа да ресми деректер беріледі.

Ал екінші кітап, тың дүние ретінде, Ақсу жерінің атақты тарихи тұлғаларынан бастап. ауданымыздың экономикалық-әлеуметтік, мәдени тұрғыда өсіп-дамуының әр кезеңдерінде, әр салаларында, әр деңгейде өзіндік қосқан үлестері айрықша аталатын, сол орайда елі-халқы ерекше ардақтайтын, жоғары деңгейдегі мемлекеттік басқару орындары мен Үкімет тарапынан арнайы құрметтелген-марапатталған азаматтарды енгізуге арналады. Ол АУДАННЫҢ өзіндік алғашқы және тарихи «ЭНЦИКЛОПЕДИЯЛЫҚ КІТАБЫ» болып шықпақшы. Сонда ол, одан ары қарайғы кезеңдерде дүркін-дүркін толықтырылып, алдағы ұрпақтармен бірге ұзаққа жалғасатын құндылық дүние болсын деген ниеттен туындаған.

Бұл «Аудан ардақтылары» кітабына есімдері енгізілетін азаматтарды анықтауға байланысты қойылар талаптық шарттар мен Ережесі, оларды анықтайтын аудандық комиссия құрамы белгіленген. Кітапты дайындау мерзімі 2 айдың іші деп белгіленіп отыр...

Осыларға орай, кітап дайындауға байланысты туындаған өздеріңнің нақты да құнды ой-пікірлерің болса, бөлісулеріңе болады.

* * *

Айтылғандарға қоса, ауданның 90 жылдығына арналған эмблема–логотиптерді көрсете кетейін.

 

РЕСМИ БЕКІТІЛГЕН АУДАНДЫҚ НҰСҚАСЫ:

 

Осы кітаптарға, сайтымда, жазба-мақалаларда пайдаланатын өзіндік нұсқаларым:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

* * *

Әзірге осы! Ортақ ісімізге сәттілік тілейік! Құрметпен С.СЕРПЕРБАЕВ ағаларың!

 

 

 

 

 

 

Автор публикации

не в сети 2 недели

admin

0
Комментарии: 2Публикации: 101Регистрация: 11-07-2018
Обновлено: 20.06.2020 — 06:07

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *