«ДЕЛДАЛ» қазақ сайты» туралы

«ДЕЛДАЛ» қазақ сайты» ТУРАЛЫ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!

Жаңадан ашылып отырылған сайтыма ҚОШ КЕЛДІҢ!

Олай болса, сайттың осы бірінші парағындағы оны ашу мақсатым мен мазмұндық құрылымы туралы алғашқы мақаламен толық танысқаныңды сұраймын!

 

 

КІРІСПЕ РЕТІНДЕ

Қазіргі заманда ғаламтор жүйесінде орныққан миллиондаған сайттардың басым көпшілігі (ресми, ақпараттық-танымдылық мазмұндағыларынан басқалары) бизнес жасау мақсатында құрылатыны бәрімізге белгілі. Олар белгілі бір заңды (компаниялар, бірлестіктер, кәсіпорындар, мекемелер, т.б.) немесе жеке тұлғалардың интеллектуалдық, тауарлық, т.б. өнімдерін жарнамалау және тарату; онлайн сауда-саттықты ұйымдастыру; әртүрлі инфоқызметтер көрсету арқылы қаржылық пайда табу мақсаттарында құрылады, жұмыс жасайды. ...

Бүгін, 19 сәуір күні мен де өз тарапымнан интернет-бизнес тақырыбына арналған жаңа сайтымды ғаламтор кеңістігіне енгізіп отырмын. Бұл сайт 1.5 жылдан бері жүргізіп отырған «Алтын ұям–Ақсуым» атты сайтымдағы «ДЕЛДАЛ» атты тарауының негізінде құрылды.

 

«Алтын ұям–Ақсуым» сайтымен таныс емес азаматтарға оның адресі http://ser-bek.ru/ екенін көрсетемін. Таныса аласыңдар!

 

САЙТ АВТОРЫ ТУРАЛЫ

 

Яғни, сайттың авторы мен — СЕРПЕРБАЕВ СЕРІКБЕК. Кешегі мемлекеттік қызметкер, бүгінгі зейнеткер. Алматы облысы Ақсу ауданының тумасымын. Бүткіл дерлік өмірлік және қызметтік жылдарым туған ауданымда өтті. Ұзақ жылдар аудан басшылығы қызметтерінде болдым.

 

Біраз шығармашылық дүниелерім бар. Ал зейнетке шыққаннан кейін негізінен шексіз интернет кеңістігі ішінде «жүрмін». Сайттар ашып жүргізумен қатар, бірнеше электронды кітаптар дайындадым, дизайндық өнермен айналысамын, полиграфиялық өнімдер шығарудамын, ...

Енді міне интернет-бизнес шаруасын қолға алдым!

Егер қызығушылық болса және қажет етсеңдер, мен туралы толық мағлұматтармен мына сілтеме бойынша таныса аласыңдар: http://bit.ly/2 жасауu2ehll

 

САЙТТЫҢ АШЫЛУ МАҚСАТЫ

ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСҚАЛАРДАН ЕРЕКШЕЛІГІ

Осы екінші сайтым замануи талап-мүдделерге, сұраныстарға сай және интернетті пайдаланушы қазақ тілді азаматтардың қажеттілігіне қарай инфобизнес мазмұнындағы ақпараттық-танымдық жазбалар беріп отыру және онлайндық тұрғыда бірнеше бағыттағы жарнамалық, делдалдық-фрилансерлық қызмет көрсету мақсатында құрылып отыр.

Әрине, жоғарыда айтылғандай, осындай қызмет атқарудағы сайт-биржалар ғаламтор жүйесінде жетіп артылады. Осы орайда, қазақстандықтар негізінен Ресей (ру) кеңістігінде орналасқан сайттарды пайдаланады, ал «саусақпен санарлықтай» өз еліміздікі делінетіндері де, негізінен сол орыс тілінде жүргізіледі. Ал, таза қазақ тіліндегілері жоқтың қасы (өз басым кездестірмедім).

 

Бір жағынан ол түсінікті де! Басты себебі, онлайн-бизнес кеңістігіндегі оларға деген сұраныстардың тым аздығы және қаржылық тұрғыда ақталмайтындығы. Екіншіден, өз кезегінде қазақ жұртшылығының әлі де болса туған тілге деген немқұрайдылығынан, оның өміршеңдігіне сенімсіздігінен туындап жатады.

Сондықтан да, мен де осы сайтымның бірден дамып, аса танымал және пайдалы болып кетпейтіндігін жақсы білемін! Соған қарамастан, оны жарыққа шығаруым, жоғарыдағыдай олқылықтардың орнын толтыру, ғаламтор жүйесінде қазақ тіліміздің қолдану аясының кеңейінуіне аз да болса үлес қосу ниетімнен туындады!

Және де таяу болашақта ана тіліміздің қолдану аясының барынша кеңейетініне (латын әліпиінің енгізілуіне де байланысты) деген үміт те, сенімділікте бар. Әйтеуір «пионер» болып біреу жол бастау керек қой!

Осы тұрғыда интернеттік және әлеуметтік желілердегі «иісі қазақ» азаматтардың, ниеттес-тілектестердің тарапынан жан-жақты, нақты қолдау көрсетіліп, жазбалар-мақалалар ұсынылып жатса, қызметіне сұраныс-тапсырыстар молынан болып жатса, уақыт өте келе сайтымыз неге белгілі бір сұранысқа ие болмасқа?! Мәселен, осыдан бір жарым жыл бұрын «қалай болар екен?» деп, бір ауданның ғана тарихы мен тіршілігіне арналып ашылған «Алтын ұям-Ақсуым» сайтымның бүгіндері «аяғына тұрғаны», қалыптасқаны алдағы іске біршама жігер беріп отырған жайы бар.

Қалай десек те, онлайндық бизнес- қызмет көрсетуге бейімделген осы жаңа сайтымның қазақ жұртшылығына, көпшілікке қажеттілігін, өміршеңдігін алдағы уақыт көрсетеді ?!

 

САЙТТЫҢ МАЗМҰНДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

 

Сайтымның құрылымын әзірге төмендегі тақырыптық айдарлармен (рубрикалар) құрып отырмын:

 

ИНТЕРНЕТ-БИЗНЕС МӘСЕЛЕЛЕРІ.

Оның «Бизнес жаңалықтары», «Бизнес сабақтары» және «Компьютерлік сауаттылық» деген тарауларында тақырыптарына сай ақпараттық, танымдық, методикалық мақалалар-жазбалар жарияланып отырылады.

ХАБАРЛАНДЫРУЛАР.

Бұл сайттың басты және үлкен бөлімі болып саналады. Онда жарияланатын жазбалар екі бағытта жинақталады:

1. Еліміздегі заңды және жеке тұлғалардың сұраныс–тапсырыстарына сай :

  • әр өңірдегі және әр деңгейдегі аса маңызды саналатын саяси, мәдени-көпшілік шараларының өткізілуі туралы;
  • шығармашылық салалардағы (ғылым, әдебиет-өнер, ұстаздық, т.б.) азаматтардың авторлық туындыларын насихаттау;
  • құттықтаулар;
  • іздеу салу
  • және басқа да мазмұнда ұсынылған жарнамалық — хабарландырулық дүниелер жарияланып отырады.

2. Онлайн сауда–саттық жасаушыларға делдалдық қызмет көрсету мақсатына арналады. Оның әр тарауында қажет етушілерге белгілі бір дүниелерді сату және сатып алу туралы қажетті мағлұматтары мен шарттары көрсетілген хабарландыруларын жариялап, олардың іске асуына қолғабыс жасалады.

ФРИЛАНСЕРЛІК ҚЫЗМЕТ.

Осы бөлім арқылы белгілі бір фрилансерлік қызмет түріне (полиграфиялық өнімдер шығару, сайт жасау, электронды кітаптар дайындау, копирайтерлік қызмет, т.т.) сұраныс-тапсырыстар қабылдап, оларды сол істің басқа бір шеберлеріне орындатуға делдалдық жасалатын болады.

 

Картинки по запросу баннерлер, билбордтар

 

«ШЕЖІРЕ ЖҮРГІЗЕМІЗ».

Делдалдық тақырыпқа мазмұндас болғандықтан бірінші сайтымдағы осы аттас шежірелік жазбалар беріліп отырылған бөлім енді осы жерде жалғастырылады.

 

«ҚАЗАҚСТАН – МЕКЕНІМ»

Танымдық тұрғыда және елімізде туризм саласын дамыту бағытына сай қазақ жерінің ерекше маңызы бар тарихи-ескерткіштік орындарын, небір әдемі жерлерін, көркем табиғатын көрсететін, насихаттайтын сайт бөлімі.

 

«ЛАТЫНҒА КӨШЕМІЗ».

Сайтымның таза қазақ тілінде жүргізілетінін «астын сызып айтқандықтан» және алдағы уақытта латындық әліпбиге көшуімізге байланысты атқарылудағы дайындық жұмыстарының барысын, оны пайдалану тәртібі туралы жазбалар жариялауға ойластыра ашылған бөлім. Әрине, бұл жерде, оны сауатты жүргізу үшін арнайы мамандардың қолдауы мен қатысқандары қажет етіледі. Сондай ынталы азаматтардан хабар тосамын!

Сонымен бірге, алда уақытта сайтта жарияланатын жазбаларды шағындарынан бастап, бірте-бірте толығымен латын әліпбиіндегі мәтіндеріне көшіру ойда бар.

 

 

* * *

Р.S. Жаңа сайтымның осы көрсетілген тақырыптық бөлімдерінің алғашқы парақтарында, олардың мазмұны және жүргізілуі жөніндегі толығырақ түсініктемелік мақалалар берілетін болады.

Және де қажеттілікке сай сайтта басқа да бөлімдер ашылып жүргізілуі мүмкін.

 

ҚОРЫТҚАНДА:

 

Құрметті сайтыммен танысушы азаматтар! Осы жаңа сайтым және оның тақырыптық бөлімдерінің мазмұндары туралы, оларды дұрыс және тиімді жүргізу жөніндегі пікір-ұсыныстарыңды жазған болсаңдар, мен оларды үлкен ықыласпен және ыждағаттықпен қабылдайтын боламын.

 

Ең бастысы, қолдауларыңды сезінгім келеді! Ол дегенім:

  • Сайтқа тұрақты жазылыңдар!

  • Өзіндік жазбаларыңды (посттар) беріңдер, басқаларына пікір- комменттер жазыңдар!

  • Жарнамалық дүниелерге көңіл бөліңдер, өздерің де ұсыныңдар,!

  • Инфоқызметтерге тапсырыс беріңдер!

  • Таныстарыңа, әріптестеріңе сайтты насихаттаңдар, оның жазбаларымен әлеуметтік желідегі барлық достарыңмен «поделиться».

Барлықтарыңызға үлкен құрметпен: СЕРІКБЕК СЕРПЕРБАЕВ

 

Автор публикации

не в сети 2 недели

admin

0
Комментарии: 2Публикации: 101Регистрация: 11-07-2018
Обновлено: 22.04.2019 — 15:32

2 комментария

Оставить комментарий
  1. Серікбек аға,жақсы іс бастапсыз! Табысты да танымал сайт болсын! шын жүректен тілектеспін!

    1. Үлкен РАХМЕТ Өзіңе! Тек жақсылықтар тілеймін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *