«Қазағымның салт-дәстүрлері» "(11)

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ» (11)

«ТҰСАУ КЕСЕР»

 

Жоғарыдағы тақырыпты тараудың бүгінгі парағында сәби балаларымыздың жасаған алғашқы қадамын «Тұсаукесер» тойы ретінде атқаратын, халқымыздың ежелден келе жатқан әдемі салт-дәстүрінің бірі әңгіме етіледі.

Соған орай, бұл ғұрыптың байырғыда қалай атқарылғаны, кәзіргі кездегі тойлануы жайы туралы танымдық мақалалар мен бейнежазбалар, әндер мен әзілдер беріліп отыр. Танысыңдар!

 

 

 

Тұсаукесер

С.СЕРПЕРБАЕВ

Баспасөз беттеріндегі жарияланымдардан жинақталып реттелген.

Тұсаукесер – халқымыздың ежелден келе жатқан әдемі салт-дәстүрлерінің бірі. Өмірге келген бала еңбектеуден өтіп, қаз тұруға, қадамдар жасауға талпына бастайды. Ол оның өзі жасаған алғашқы тіршілігі, өмір сапарының алды болып саналады. Сондықтан да әр қазақ отбасы «балам, тез жүріп кетсін, қадамы нық болсын» деген ниетпен келешегіне ақ жол тілеп оның тұсауын кестіруді өз борышы санаған. Халқымыз «тұсауы кесілмеген бала, сүріншек болады, кесіледі, жолы ашық болады, бақытты боладыIrımdaydı «.

Сол себепті әрбір қазақ шаңырағында міндетті түрде шағын да болса баланың «тұсаукесер» қуанышы атқарылады. Байырғы уақытта «тұсау кесу тойына» ауылдың қыз-келіншектері, апа-әжелер шақырылатын. Тойға келгендер шашуға құрт, мамыр, тәтті тағамдар, балаға ойыншық, асық, сылдырмақ, және т.б.. әкеледі. Бұдан кейін 2 - 3 жасар балаларды жарыстырып, озғандарына бәйге береді. Балаларға өлең, жыр, тақпақ, жаңылтпаш айтқызады.

Егер де тұсаукесерді ауқатты, бай отбасы жасайтын болса, алыс-жақындағы көңіл жетер адамдарын шақырып, F айтарлықтай тойға айналдыратын. Ақсақалдардың батасын, көптің ризашылығын алатын. Ол, бәйге, күрес, көкпар сияқты ұлттық ойындарға жалғасып кететін.

Қазіргі кезде де бұл салт өз мән-мағынасын жойған емес. Әр отбасы өз жағдайларына қарай, тұсаукесу тойларын үйде де, шағын және үлкен мейрамханаларда өткізуде. Тойға алыс- жақын туыстары, ағайындары, достар Азаматтар мен жинау.

 

Қонақтар дастарханға жайғасқаннан кейін, балаға «Тұсау кесер» ырымы жасалынады. Ол үшін алдын-ала арнайы жіп дайындалады. Бұрындары «бай болсын, тоқ болсын» деген тілекпен майлы ішекті пайдаланатын; «көбейіп, көгере берсін» деп ұзын шөппен және tұsap, кестіріп жататын. Ал көбіне бұл рәсімге, ақ пен қара жіпті айқастыра отырып, ала жіп дайындалады. Бұл «ешкімнің ала жібін аттамасын, ақ пен қараны ажырата алсын, өзгенің мал-мүлкіне, дүниесіне қол сұқпасын, адал азамат болсын» деген ұғымнан шыққан.

Тұсау кескен кезде жиылған қонақтарға арнаулы тұсаукесер жырын жырлайтын домбыралы өнер адамы белгіленіп қойылады. Ал қазір үлкен тойларда ол міндет асабаға не әншіге тапсырылады.

 

Баланың тұсауын кесу құрметіне ата-аналарының қалауы бойынша елдің ішіндегі сыйлы, қадірлі адамдардың, немесе жүріс-тұрысының ширақтығы, іске ептілігі мен тезділігі ескеріліп, өздерінің құрмет ететін ағайын-туғандар, дос-жарандарының бірі ие болады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді.

Тұсауы кесілетін бала алдын-ала төселген кілем, кілше, торғын-торқалық аяқжол алдына шығарылып тұрғызылады, не қолтығынан демеп ұсталып тұрады. Дайындалған ала-құла жіп баланың екі аяғына тұсамысша байланады, өткір кездік не пышақ қойылады. Тойдағы сыйлы ақсақалдардың бірінен бата сұралады. Содан соң таңдалған адам, «ер мінезді ұрпақ болсын» деген ақ тілекпен кездіктің жүзін өрге қаратып, астынан үстіне қарай өзіне қарай тартып, «лып» еткізіп баланың тұсауын ортасынан кеседі. Егер пышақтың жүзін төмен қаратып (астынан үстіне қарай) сараңдық, бала жерден басын алмайтын ынжық, өңез болып өседі деп ырымдалады. Тұсалған жіп кесілгенде баланың аяғынан түсіп қалуы керек. Тұсау кесуші кісіге жоралғы бойынша сый-сияпаты, кәдесі табысталады.

Тұсау кесілген жіп ырымдалып, бала көтере алмай жүрген келіншекке немесе «сіздерде де көп ұзамай той болсын» деген ниетпен нәрестелі болған отбасыларға беріледі.

 

Тұсау кесілгеннен кейін екі адам баланың қолынан ұстайды да, кілемнін үстінен жүргізеді, жүгіртеді. Осы кезде балаға асығу şaşıladı. Қонақтар тарапынан дауысталып балаға тілектер айтылады және «Тұсау кесер» жыры шырқалады.

Кей жерлерде кілемнің үстіне кітап, қамшы және т.б әртүрлі заттар қояды. Бала қойылған заттардың бірін таңдайды. Соған қарап баланың болашағына наным жасалады. Міне, осыдан бастап кішкене қазақтың жер бетіндегі алғашқы ізі түседі.

Той соңында қонақтар осындай қуаныштар «жұғысты» болсын деп, «сарқыттар» алып тарқасады.

 

 

Зейнеп апамыз (Ахметов) қалай айтады...

 

* * *

«Қайшымен тұсау кеспеген»

Әңгімелескен Айгүл БОЛАТХАНҚЫЗЫ

«infoportal.kz» сайтынан

 

Бала өміріндегі тағы бір ерекше аталып өтілетін, үлкен той қылып өткізетін салттардың бірі — тұсаукесер. Тұсаукесер бала өміріндегі үлкен белестің бірі. Өйткені баланың бауырын жазып, қаз-қаз тұрып, бір аттап, екі аттаған кезде тұсауын кеседі.

Өзге ұлттың баласының тұсауын кеспесе де жүгіріп кетеді, ал біздің қазақтың баласы тұсауы кесілмесе сүріншек болады екен. Тұсау кесу үшін не себепті ала жіп дайындалған? Тұсауды немен кескен? Баланың тұсауын кімге кестірген жөн? Бұл жайлы айдарымыздың тұрақты кейіпкері Зейнеп апай былай дейді…

АЛА ЖІПТІҢ СЫРЫ

 

Тұсаукесердің әр жерлерге байланысты кішігірім өзгешелігі болмаса, негізгі мән-мағынасы бір, яғни баланың алғашқы қадамына мән беру, тілек тілеу. Баланың тұсауын ала жіппен кеседі. Ақ жіп пен қара жіптің екеуін айқастыра отырып есіп, ала жіп дайындалған. Бұл — өмір-тіршіліктің нышаны. Өмірде барлығы қос-қостан жаратылған әрі ылғи қатар келіп отырады. Айталық, өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, қараңғы мен жарық, ыстық пен суық, ең бастысы, ер мен әйел… Бұлар қатар жүреді, бірінсіз бірі болмайды.Тек бір Алла ғана жалғыз. Ала жіптің негізгі мәні осында. «Кісінің ала жібін аттамасын, ұрлық қылмасын, қиянат жасамасын, жаман жолға түспесін» деген себеппен ала жіп дайындайды» деген түсінік бар. Өкініштісі, мағынасы тереңде жатқан дүниені осылай біржақты түсініп, «біреудің затын ұрламасын» деп қана «тұсау кесіп» жүрміз. Бұл — жаңсақ пікір.

«Жақсылықта асып-тасымасын, жамандық көрсе, жабырқап-жасымасын, қуанышты күндерінде асылық жасамасын, қиыншылық басына түскенде еңсесі түсіп басылмасын, екеуінен тең өтсін» деген тілекпен қос-қостан келетін Жаратылыс заңының белгісі ретінде ала жіп таңдалып, баланың тұсауын кескен.

Қазір тұсауды қайшымен кесіп жүр. Бұл дұрыс емес, өйткені баланың өмірі қайшыланып қалады, ал баланың алғашқы қадамын қайшылаудан бастасақ, ары қарайғы өмірі де күрделеніп, кедергілері көп болуы мүмкін. Сол себепті қайшымен кескенді қазақ қош көрмеген, тек өткір пышақпен шорт кесетін болған. Бұған да мән беріп қарайтын кез келді.

 

ӘЖЕЛЕР ТҰСАУ КЕСПЕГЕН…

 

Қай кезден бастап жаппай үрдіс алғанын білмеймін, бұл күндері қарап отырсаңыздар, тұсауды көбінде жасы үлкен әжелерге, кейуаналарға кескізіп жүрміз. Осыған жете мән беріп көрдік пе? Жүрісі ауырлаған қарт әжеге немесе ілби басатын кейуанаға тұсау кескізгенде, бала қалай жүріп кетеді деп ойлайсыз?! Осындай келеңсіздікті әсіресе телеарналарда көп көрсетеді. Сөз жоқ, ала жіпті көпті көрген, талай немере-шөбере сүйген әжелер әдемілеп ақ батасын беріп, баланың аяғына байлап береді. Ал тұсау кесетін адамды ата-ана алдын ала сайлайтын болған. Қыз бала болса, қимылы ширақ әрі пысық, ақжарқын мінезді, көпке қадірлі, ісін тиянақты әрі тындырымды атқаратын елге сүйкімді келіншектерге, ұл баланың тұсауын «пәленше ағасындай сері болсын, үлкен азамат болсын», «анау ағасындай саятшы, аңшы болсын» дегендей ел аузында, елдің алдында жүрген ер-азаматтарға кескізген. Бір жағынан, халқымыздың ырымшылдығы шығар, бірақ қалай дегенмен өзіміздің ата-бабамыз істеп келе жатқан салттың астарында үлкен мән, әдемі тілек, жақсы ниет жатыр. Ала жіп байланып, баланың тұсауын кесер алдында бір топ баланы жүгіртіп жібереді екен. Сол балалардың алдында озып келе жатқан екі бала таяған сәтте-ақ тұсауын кесіп жіберетін болған. Содан кейін ентігіп жүгіріп келген екі бала екі жағынан баланың алақанын алақандарына түйістіріп, уыстарына толтыра ұстап, дедектетіп ала жөнелген. Өйткені, жүгіріп келген балалардың қаны қызып, күш-қуаты тасып, екпіні артып келді. Алақан арқылы осының барлығы тұсауы кесілген балаға, айталық, екпіні, күші, яғни энергиясы өтеді екен.

ТҰСАУКЕСЕРДІҢ МӘНІ

 

Енді бір сәт сәл шегініс жасап көрейікші, көпті көрген қариялардың ақ батасы… Халыққа қалаулы, елге танымал болып жүрген ер-азаматтың немесе көпке сыйлы болып жүрген келіншектің жақсы ниетімен кесілген баланың тұсауы… Содан кейін күш-қуаты тасып, ентігіп жүгіріп келген балалар, олардың ып-ыстық алақандары… Осының барлығы алғашқы қадамын тәй-тәйлап басқан баланың ендігі жерде сүрінбеуі, басқан қадамының сәтті болуы, бастысы, «аяғын нық бассын, өзінің туған жерінде аяғын нық басып жүрсін» деген тілекке толы ғой. Мінеки, олай болатын болса тұсау кесе салу қалай болса солай өткізе салып, көрер көзді алдайтын «бутафория» емес, яғни тек әйелдер жиналып, тек кейуаналарға тұсау кескізіп жай өткізе салуға болмайды. Бұл — баланың үлкен өмірге алар жолдамасы, тойдың басы, өмірге бастар қадамның алғашқы баспалдағы. Бұл — «баламыз жақсы азаматқа ұқсасын, қадамы сәтті болсын, өмірінде кездесер жақсылық пен жамандықты тең көтеріп өтсін» деген ниет-пейілі бар астары ауқымды, мағынасы терең салтымыздың бірі. Тұсаукесерде шашу шашылып, тұсаукесер жыры айтылады. Бір өкініштісі: Күрмеуіңді шешейік, Тұсауыңды кесейік, Қаз-қаз, балам, қаз, балам, Қадам бассаң мәз болам, Тағы-тағы баса ғой, Тақымыңды жаз, балам, Қаз баса ғой, қарағым, құтты болсын қадамың! — деп басталатын әдемі әуен, игі тілекке толы тұсаукесер жырын қазір көп адамдар, әсіресе жастар біле бермейді…

 

ЫРЫМ ЖАҚСЫ НИЕТТЕН ТУАДЫ

 

Тұсауды тек ала жіппен емес, «іші-сырты майлы, малды болсын» деп тоқ ішекпен, «жайқалып өссін» деп көк шөппен кескен. Әркім өзі білген, қалай болғанда да тілектің артықтығы жоқ. Барлығының ниеті түзу, тілегі бір. Біздің ұлтқа қатысты кез келген жөн-жоралғыны барлық қағидаларын сақтай отырып шын ниетпен өткізсе, қабыл болады. Тіпті ала жіпті де «сондай күнге жетейін» деп алып жатады. Мен 90-жылдардың аяғында үш жылдай Алматы облыстық «Балбөбек» қорын басқарған болатынмын. Біздің қорымыз Жетім балалар үйімен көп байланыс жасады. Жұмыс бабымен Есік қаласындағы сәбилер үйінде болғаным бар. Сол кездегі сәбилердің 80 пайыздайы өзіміздің қазақтың балалары екен. Жаңадан тәй-тәйлап жүрген балалардың тұсауы кесілмегенін тәрбиешілерден білдім. Өйткені сәбилер үйінде ешқашан тұсау кесу, сүндетке отырғызу деген сияқты дәстүр-салттарымыз өткізілмейді екен. Осы жай мені қатты ойландырды. Бұл балалар онсыз да тағдырдың тәлкегіне түскен, тумай жатып ата-анадан ажырап, мейірімге зәру болғандар, ана сүтін татпағандар. Сонда ең болмаса тұсауы кесілмеген балалардың ендігі өмірлері қалай болады? Осындай ойлар маза бермеді. Өйткені өз басым өзгеде шаруам жоқ, қазақтың бүкіл салтына қатты сенетін адаммын. Ауданның басшысы Қайрат деген жігіт болатын. Бұл күнде марқұм болып кетті. Соған кіріп, мән-жайды түсіндірдім. Бүкіл жөн-жоралғысымен аудандағы үлкен бір шара ретінде сәбилер үйінде тұсаукесер өткізсек деген ойды жеткіздім. Бұған қатты дайындалдық. Облыстық, аудандық басылымдарға хабарландырулар берілді. Бастамамыз облыстық әкімшіліктен қолдау тапты. Тұсауы кесілетін 17 сәбидің басына үкілеп тақия, үстеріне ұлттық киім тіккіздік. Алдын ала «тойға атсалысыңыздар, тойға шашу әкеліңіздер» деп хабарланғандықтан, ел құрқол келген жоқ. Кәсіпкерлер сәбилер үйіне қажетті тұрмыстық заттарын көтеріп, ауданның қарапайым жұрты кішігірім сый-сияпатымен келді. Ел ағалары, елдің ықыласына бөленген азаматшалар 17 баланың тұсауын кесті. Әр балаға кейін де қарайласып, көмек қолын созып тұратын өкіл әке, өкіл шеше дайындалды. Олар -аудан әкімдері, іс басында жүрген үлкен азаматтар болатын. Тағдырынан таршылық көрген сол балалардың бірінің өкіл әке-шешесі марқұм Заманбек пен Мақпал болып еді (сол кезде З.Нұрқаділов Алматы облысының әкімі болған)… Заманбек сол кезде сәбилер үйіне шағын автобус сыйға тартты. Қаншама сыйлық, қаншама тілек айтылды. Ұлан-асыр той, әсем ән, төгілген күй, тек балалардың тұсауы кесіліп қоймай, сәбилер үйінің кем-кетігі толықты. Мен мұны мақтанып айтып отырғаным жоқ, бұл көпке үлгі болған игілікті шара еді. Құдайдың құдіреті, елдің тілегі, аталардың берген баталары қабыл болып, тұсауы кесілген сол 17 бала көп өтпей-ақ ата-аналы болды. Бір-бір қазақ отбасысы сол балаларды алып кетті. Міне, бата мен тілектің орындалатындығының, салтымыздың өзімізге ғана жұғысты болатынының бір дәлелі.

 

* * *

 

 

«Тұсаукесер» жыры

Қаз-қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассаң, мәз болам.

Қаз-қаз, балам, қаз балам.

Тақымыңды жаз балам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін,

Қадамыңа қарайық,

Басқаныңды санайық,

Қаз-қаз, балам, жүре ғой…

Балтырыңды түре ғой.

Тай-құлын боп шаба ғой,

Озып бәйге ала ғой.

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың!

Өмірге аяқ баса бер,

Асулардан аса бер.

Жүгіре қойшы, құлыным,

Желбіресін тұлымың.

Елгезек бол, ерінбе,

Ілгері бас, шегінбе.

 

* * *

«Тұсаукесер» салтына арналып шығарылған тағы біраз өлеңдерді мына сілтеме арқылы оқи аласыңдар:

HTTP://bilimdiler.kz/oyin_sayk/kizikti/196-tusaukeser.html

 

* * *

«Тұсаукесер» жырын Жәзира да шырқайды...

жас жігіттер

HE сөз, 5 Мамыр 2017 жыл.

 

 

 

"Тұсаукесер" тойының қазіргі кездегі атқарылу көрінісі:

SINIKAY Абильдина тусау кесу рәсімін өткізуде

Оқиға агенттігі Қызыл күні

18 Мамыр 2018 жыл.

 

 

Тұрсынбек не деп әзілдейді?

«Robotix 2018. Дәстүрлер»

Амангельді Taypakov

жарияланған: 3 Oct. 2018 г.

 

 

 

Жарияланымдар авторы

Желіден тыс 1 күн

Admin

0
Пікірлер: 2қоғамдық: 100тіркеу: 11-07-2018
жаңартылған: 12.08.2019 — 09:27

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған