«Қазақстан табиғаты – ғажайып әлем» (2)

«ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫ – ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМ»(2)

Сайтымның осы бөлімінің бүгінгі, екінші парағы «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ» тақырыбына арналып, сол туралы энциклопедиялық деректер мен мақала, оны дамыту туралы жарияланған бейнежазбалар топтамасы беріліп отыр. Танысыңдар!

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ»

 

 

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ»

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған

Ð¡Ñ ?? ?? Ñ ÐμÑ ??:Medeo.jpg

Медеу мұз айдыны

 

Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары пайда болды. 1929 жылы Алматы қаласында тұңғыш туристік жорық ұйымдастырыды. Оған Г.И. Byeloglazov Penh F.L. Савин басқарған 17 мектеп мұғалімдері қатысты. Жорық Алматы төңірегінен басталып Есік көлінде (62 км) аяқталды. 1930 жылы Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелік бөлімшесі жұмыс істей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерінен (16 адам) құралған топ (F.L. Савин басқарған) Медеу – Көкжайлау – Үлкен Алматы көлі жағалауына дейін барды. Туризмнің бұл түріне V. Зимин, A.Bergrin, D.Litvinov, Х.Рахимов, G.Byeloglazov, және т.б.. көп үлес қосты. 1931 жылы қаңтарда Алматыдан Зиминнің бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек және қорғаныс” эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты әскер полкінің сегіз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтіп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызстан командасына табыс етті.

Сол жылы Алматыдағы Жетісу губерниясының мұражайдың жанынан Бүкілодақтық пролетарлық туризм мен экскурсия ерікті қоғамының 10 мүшесі бар алғашқы ұясы ұйымдастырылды.

 

Ð¡Ñ ?? ?? Ñ ÐμÑ ??:?? Д Д Д ° Ð½Ð¾Ñ ?? мР° ° ° Ð½Ð Ð¿Ð¾Ñ ?? ?? Ñ Ð «Ð ок Ð¾Ñ ?? г ?? овоÐμ озÐμÑ Ð¾ Ð ?? ?? ?? Ð¾Ñ Ð¾Ð²Ð¾Ðμ.JPG

Бурабай көлі

 

Әуесқой туристердің бастауымен Алатау қойнауындағы Күйгенсай (Horelnyk) шатқалында туристер үшін шағын үй салынды. 1936 жылы бұл жерде республикадағы ең алғашқы 50 кісілік “Горельник” турбазасының шаңырағы көтерілді. 1938 жылы Көкжайлау шатқалында (Алматы маңында) алғаш қазақстандық туристер слеті өтті. Оған 200-дей туристер қатысты. 1943 жылдың басынан “Горельник” турбазасында Кеңес армиясының тау атқыштарын даярлайтын Бүкілодақтық нұсқаушылар мектебі орналасты. Соғыстан кейін “Horelnyk” тау шаңғышылары мен альпинистер кадрларын даярлайтын базаға айналды. Адамдардың белсенді демалысы мақсатында 1952 жылы Қазақстанда Туристік-экскурсиялық басқарма (TEU) құрылды. 1961 жылы Алматыда Республикалық жас туристер станциясы ашылды. 1960 жылы кәсіподақтардың Қазақ республикасының кеңесі жанынан туризм жөніндегі республика басқарма ұйымдастырылды. 1962 жылы Туристік-экскурсиялық басқарма Туризм жөніндегі кеңес болып қайта құрылды. 1965 жылы Қазақстанда республикалық және 5 облысық (Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Орал, Шымкент) туристік кеңес және әр облыста экскурсиялық бюро ашылды.

 

Ð¡Ñ ?? ?? Ñ ÐμÑ ??:IMG 7431-Шарын canyon.jpg

Шарын шатқалы

 

  • 1950 - 60 жылдары Алматы жоғары оқу орындарында тау туризмі, альпинизм (шыңға шығу), спорттық туризм дами бастады. Мұның нәтижесінде туристік нұсқаушылар тобы қалыптасты. Осы жылдары С.Күдерин, Ү.Үсенов, N.Dubitsky, В.Г.. Xomullo, және т.б.. мамандар оқушылар мен студенттер арасында туризмді дамытуда үлкен үлес қосты.
  • 1958 жылы Зиминге тұңғыш рет туризм бойынша KSRO-ның спорт шебері атағы берілді.
  • 1970 жылы құрылған Туризм және саяхатшылықтың республикалық кеңесі туризмнің одан әрі дамуына әсер етті.
  • 1971 - 75 жылдары Қазақстанда туризмнің материалдық базасын нығайып, саяхаттық-туристік ұйымдар көбейді, жаңа туристік базалар мен мейманханалар пайдалануға берілді.
  • 1978 жылы Қазақстанда экскурсия мен туризмнің респ. кеңесі және 14 облыстық кеңес, 17 туристік база мен мейманханалар, 26 саяхат, экскурсия бюролары және шет ел туристеріне қызмет көрсететін 3 кеңсе, Алматы, Орал, Шымкент қалаларында туристік автомобиль базалары құрылды. Туристік базалар мен мейманханалардағы орын саны 7 мыңға жетті.
  • 1988 жылы туризм құрылымында біршама өзгерістер болды. Жаңадан туристік экскурсия қауымдастықтары құрылды. Осы жылдары Қазақстан туризмінің дамуына Н.И. Samojlenko, S.Әbdenbaev, T.Zhezdibaev, A.Chukreev, О.Мазбаев, S.R.. Erdәuletov, және т.б.. үлкен үлес қосты. Тәуелсіздік алған Қазақстанда 1991 жылдан туризм саласы дамудың жаңа сатысына көшті. 1993 жылы Қазақстан Дүниежүзілік туризм ұйымына мүше болды. Осы жылы туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды.
  • 1997 жылы Қазақстан Республикасының Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өрлету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұралар сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы, жалпы туризм дамуының стратегиясы жасалды. 2001 жылы 13 маусымда “Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы” заң қабылданды. содан кейін республикадағы туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі шаралары, туристік қызметті лицензиялау, және т.б.. мәселелер тұжырымдалды. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристік нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкіншілік береді, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бірі ретінде дамытуды қажет етеді.
  • 2002 жылы республикада 430 туристік ұйымдар, фирмалар мен әр түрлі бюролар жұмыс істеді. Оларда 6 мың адам, оның ішінде 1500 кәсіптік экскурсия жүргізушілер (гидтер) қызмет көрсетеді. Қазақстанның туристік фирмалары дүние жүзінің 80-ге жуық елімен қарым-қатынас жасайды. Алматы қаласының 25 фирмасы және 5 облыс орталығы Үндістанға, Түркияға, Біріккен Араб Әмірлігіне, Пәкстанға, Корея Республикасына, Грекияға, Польшаға, және т.б.. елдерге чартерлік әуе рейстерін жолға қойған.

Қазақстанда туризмнің барлық түрлері (танымдық, ойын-сауық, Раса, экология, денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу), және т.б.. бойынша жүргізіледі. Бұл үшін Қазақстан аумағы бойынша 700-ден астам саяхаттық маршруттар белгіленген. Оларға Қазақстанда жиынтық сыйымдылығы 33 мың орынды 372 әр түрлі категориялы қонақ үйлер қызмет көрсетеді. Мысалы, Алматы қаласында қонақтарға “Алатау«, «Қазақстан«, «Достық«, «Есік«, «Отырар«, «Астана«, «Анкара«, «Hyatt Regency Almaty«, «Интурист», және т.б.. қонақ үйлер сервистік қызмет көрсетеді. Астанада 30 туристік фирма және 25 қонақ үй орналасқан. Олардың ірілері: “Окан – Интерконтиненталь Астана”; «Komform - Hotel Astana», «Турист», “Есіл”, “Жібек жолы”, “Алтын дала”, және т.б..

Туризм мамандары Туризм және спорт академиясында, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, Алматы мемлекеттік университетінде, Қазақ Ұлттық университетінде, «Тұран” университетінде, және т.б.. жоғары оқу орындарында дайындалады. ...

 

Қазақстандағы туризм түрлері

Массагет.kz порталы

28 қараша 2017 жыл

 

1993 жылы Қазақстан Дүниежүзі туристік ұйымының мүшелігіне енді. Дәл осы жылы туризмді дамыту бағдарламасы дайындалып, ал 1997 жылы «1997—2003 жылдар кезеңінде Ұлы Жібек Жолының тарихи орталықтарының өркендеуі, түркі тілді мемлекеттердің мәдение мұраларын сақтау және туристік инфрақұрылым құру» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Елімізде туризмнің дамуы үшін барлық қажетті, мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар бар.

Қазақстандағы қандай туризм түрлері бар екенін білесіз бе? Бізде туризмнің бірнеше түрі қарқынды дамып келеді. Олар: ethnotourism, тау туризмі, емдік-сауықтыру туризмі, мәдени-танымдық туризм, аңшылық пен балық аулау, және т.б.. Соларға тоқталып көрейік.

 

1. ethnotourism

ethnotourism – Қазақстандағы елдің бай тарихи өткені мен қазақ халқының мәдениетінің өзіндігіне қызығатын адамдарды тартатын туризмнің бір түрі. Қазақстанның қай аймағында болмасын жолаушылар қазақ этносына тән салт-дәстүрмен, шығармашылық ерекшелікпен танысып, елдің мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін зерттей алады.

2. Тау туризмі

 

Қазақстан тау туризмі үшін қолайлы ел. Мұнда бұл салада барлық жағдай жасалған деуге болады. Қазақстан бойынша турлар белсенді демалысты, жабайы табиғатпен кездесулерді, қарлы тау шыңдарына шығуды, сонымен қатар, жол-жөнекей жұмбаққа толы үңгірлер мен көгілдір терең сулы көлдердің жағаларын зерттеулерді қосады.

3. Емдік-сауықтыру туризмі

 

Дамушы еліміз емдік-сауықтыру туризмі үшін ерекше жер. Себебі, еліміз тек қана емдік табиғи ресурстармен ғана бай емес, сонымен бірге, табиғи өңірлерде орналасқан заманауи шипажайларымен де танымал. Емдік-сауықтыру туризмі Қазақстанның барлық территориясына таралған, сондықтан, сіз елдің қай жерінде болсаңыз да, емделумен демалысты қатар қолдана аласыз. Емдік курорттар түрлі ауруларға ем болатын минералды су, бұғы мүйізімен емдеу, емдік климат және т.б. түрлі емдеу қызметтерін ұсынады.

4. Мәдени-танымдық туризм

Елімізде 25 мыңнан астам ескерткіштер және географиялық көрікті жерлер бар екен. Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасы объектілері ЮНЕСКО әлемдік маңызы бар ескерткіштері болып танылады және осы ұйымның қорғауында. Сонымен қатар мәдени құндылықтардың 2 миллионнан астам бірліктері қазіргі Қазақстан жерінің тұрмыстық мәдениетінің дамуының барлық кезеңдерін бейнелейді.

5. Аңшылық пен балық аулау

 

Ерлердің ең қызығатын әуесқойлылығы – аң аулау мен балық аулау. Бұл адам мен табиғат байланысы мәдениетінің бір бөлігі іспеттес. Нағыз аңшы жануарлар әлемі мен оны белсенді қорғау туралы ақпаратқа әрқашан қызығушылық танытады. Сол секілді балық аулау да жақсы демалыс. Көл жанында әрқашан таза, жұпарлы ауа. Ол жерде адам күнделікті тұрмыс-тіршіліктен бір сәтке босап, сергек күйді сезінеді.

HTTPS://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/49388/

 


ҚАЗАҚСТАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ

Бейнежазбалар топтамасы

Kazakh-tv.kz сайтынан алынған

1

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ

27.07.2017

 

 

2

ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМІН ДАМЫТУ

02.08.2017

 

HTTPS://kazakh-tv.kz/kz/view/news_kazakhstan/page_186517_v-kazakhstane-budet-sozdan-tselyi-kompleks-regionalnykh

3

Қазақстандағы жазғы туризм

05.06.2018 11:48

HTTPS://kazakh-tv.kz/kz/view/society/page_194411_kazakstandahy-zhazhy-turizm

4

Қазақстанның туристік әлеуеті

18.04.2019

HTTPS://kazakh-tv.kz/kz/view/business/page_202463_kazakstannyn-turistik-aleueti

 

Жарияланымдар авторы

Желіден тыс 4 апталар

Admin

0
Пікірлер: 2қоғамдық: 104тіркеу: 11-07-2018
жаңартылған: 07.06.2019 — 12:07

бір қатынасқа

Пікір қосу
  1. Тамаша !

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған