«Қазақстан табиғаты – ғажайып әлем»

 

«ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫ – ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМ»

 

Құрметті оқырмандар!

Бүгін осы жаңа сайтымның ақпараттық – танымдық және жарнамалық мазмұнына негізделген жоғарыдағы тақырыптағы бөлімін ашып, алғашқы жазбаларын ұсынып отырмын.

Бұл бөлімде «Рухани жаңғыру» үрдісі талаптарына сай танымдылық тұрғыда және еліміздің туризм саласын дамыту міндеттеріне орайластырып қазақ жерінің ерекше маңызы бар тарихи-ескерткіштік орындарын, небір әдемі жерлерін, көркем табиғатын насихаттау мазмұнындағы жазбалар беріп отыру белгілеген. Олар арнайы тақырыптарға және еліміздің өңірлеріне байланыстырып, мүмкіндігінше жүйелі түрде жүргізілетін болады. Ары қарай, олардың ауқымы толығып, молайып жатса, кейінірек жеке— жеке кітаптарға да айналуы мүмкін.

Осыған орай, Өздеріңнен де осы тақырыптағы, өз туған жеріңнің, өлкенің тарихи орындарын, табиғат әдемілігін көрсететін, насихаттайтын мақалалар-жазбалар, авторлық шығармашылықтарды тосқан болар едік. Ұсыныңдар, «көп түкірсе-көл!«. Іске сәт дейік!

* * *

Кіріспе параққа «Қазақстан табиғаты» деген жалпы атаумен, сол туралы шағын энциклопедиялық деректер, әсем ән мен бейнежазбалар топтамасы берілді.

Көріңіздер, дос-әріптестермен бөлісіңдер!

 

 

«ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫ»

Алдымен ән тыңдап алайық!

 

«Қазақ жері»

Әні: Кентау Назарбектікі

Сөзі: Мұқағали Мақатаевтікі

Орындаушы: Досымжан Таңатар.

 

 

Бәліш! Бәліш! Бәліш! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!

Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға,
Тағзым жасаймын қырларға!
Шүкірлік етемін қашан да
Осы бір Отанда тұрғанға!

Жазы бар жалынмен жандырған,
Қысы бар аязға қардырған.
Көктемі — балауса, балдырған,
Ал күзі — алып бір ақ қырман,
Ақ дәннен ақ нөсер жаудырған,
Күрең нан жаңа алған тандырдан.
Көлденең көлбеген көкжиек
Қыранның қанатын талдырған.

 

 

Қазақстанның табиғаты

Мәліметтер «Уикипедия — ашық энциклопедиясынан» алынған

Қазақстан көп ұлтты тәуелсіз мемлекет. Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырымнан асады. Республика аумағы шығысында Алтай тауларынан басталып, батысында Еділ өзен алабынан, Каспий ойпатына дейін, ал солтүстігінде Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Тянь-Шань тауына дейін созылып жатыр.

 

Жер бедері бойынша Республика аумағының 10%-ы биік таулы өңірлер үлесіне тиеді, қалған бөлігі – ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Оңтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтарға негізінен теңіз деңгейінен 200 - 300 м ғана биік келген жазық жер бедері тән. Оңтүстік-шығысы биіктігі 5000 - 6000 метрлік таулы өңір болып келген. Яғни, республиканың топографиялық жер бедері оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа және шығыстан батысқа қарай аласарады.

Сонымен бірге, Қазақстан жерінде Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі сынды тұйық сулы алаптар, терең ойыстар мен құрғақ арналар баршылық. Қазақстанның ең биік жері – Хантәңірі шыңы (6995 м). Ол республиканың оңтүстік-шығыс бөлігін қамтитын Тянь-Шань тау жүйесінде. Каспий теңізінің шығыс жағалауында құрлықтық бөлігінің ең ойыс жері, теңіз деңгейінен 132 м төмен жатқан Қарақия (Қаракие) ойысы орналасқан

 

Қазақстан аумағын 4 климаттық белдеу (орманды дала, ол берді, шөлейт, көже) қамтиды.

Орманды дала климаттық белдемі республиканың ылғалы ең мол бөлігі. Орташа жылдық жауын-шашын мөлш. 242 - 315 мм-ге дейін, оның 80%-ы жылдың жылы мезгілінде жауады. Ең қысқа жыл маусымы – көктем, ұзақт. 1,5 ай, жаз 3 айға созылады. Қысы ұзақ, қазаннан сәуірдің соңына дейін. Қуаңшылықтың орташа жылдық мөлш. 37 күн, кейбір жылдары 110 - 113 күнге дейін созылады.

Далалық климаттық белдем республиканың солт-ндегі біраз аймақты қамтиды. Жылдық жауын-шашын мөлш. 200 - 300 мм, оның 70 – 80%-ы жаз айларына тән. Тұрақты қар жамылғысы 140 - 160 күнге созылады, қардың орташа қалыңд. 30 см-дей. Дүлей желді күндер көп және эрозиялық процестер күшті дамыған. 10°С-тан жоғары ауаның орташа тәуліктік температурасының жылдық жиынтық мөлш. 2100 - 2300 ° C. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 170 - 180 тәулік. Қуаңшылықтың орташа жылдық мөлш. 69 күн. Орманды дала климаттық белдеміне қарағанда қысы және көктемі қысқа, жазы ұзақ, күзі 1 айға жуық (қыркүйектен басталады).

Шөлейт (шөлейтті дала) климаттық белдем немесе қуаң дала Қазақстанның орта бөлігіндегі жазық өңірді алып жатыр. Жылдық жауын-шашын мөлш. оңт-ке қарай 279 мм-күн 153 мм-ге дейін кемиді, оның 43 – 27%-ы жылдың суық маусымында түседі. Тұрақты қар жамылғысы 120 күндей сақталады. Қар жамылғысының қалыңдығы батыстан шығысқа қарай 20 см-күн 60 см-ге дейін артады. Ауаның орташа тәуліктік температурасы 25°С-тан жоғары күндер саны 30 - 45, 35°С-тан жоғарғысы – 10 - 20 күн. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 170 - 200 тәулік. Қысы қатал, ауа райы құбылмалы келеді, жазы ыстық, радиацияның жиынтық мөлшері тым жоғары. Аңызақ лебі кейбір жылдары айына 27 - 29 күнге созылады.

 

 

Қазақ жерінің тамаша табиғаты

(Бейнежазбалар)

1

 

2

 

3

 

4

 

5

 

6

 

7

Жарияланымдар авторы

Желіден тыс 2 айлар

Admin

0
Пікірлер: 2қоғамдық: 104тіркеу: 11-07-2018
жаңартылған: 07.06.2019 — 12:07

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған